Дөңгелек
үстел тақырыбы: Оқушыны бағалау қалай
жүзеге асады?
Мақсаты:Мұғалімдерге
өзара тәжірибе алмасу арқылы оқушыларды
бағалау қалай жүзеге асатындығы туралы
жаңа мәліметтерді игерту;
Міндеттері:
-
бағалаудың мазмұны, мақсаты, мәнімен
таныстыру;
-оқушыларды
бағалау қалай жүзеге асатынын анықтау;
-
мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына
ықпал жасау;
Көрнекіліктері:
слайдтар, бағалау түрлері парақшалары,
сыр - сұхбат сұрақтары т. б.
Әдіс
- тәсілі:
баяндау, сұрақ - жауап, пікірлесу,топтық
жұмыс.
Барысы:
І
бөлім:
Психологиялық
ахуал:
Мұғалімдерге
өзара тәжірибе алмасу мақсатында бағалау
жүзеге асырылады(алдын ала жазылған
әріптесіне баға береді: жаңартылған
білім мазмұны бойынша/ дәстүрлі сабақ
үдерісі бойынша бағалайды).
Топқа
бөлу:
бағалау сандары бойынша топқа
бөлінеді(5,4,3)
«Болжау»
стратегиясы бойынша бүгінгі дөңгелек
үстел тақырыбын анықтайды(Қатысушы
мұғалімдер өз ой пікірлерімен бөліседі).
ІІ
бөлім:
Дөңгелек
үстел тақырыбы «Оқушыны
бағалау қалай жүзеге асады?»:
Бағалау
–
одан арғы оқу туралы шешім қабылдау
мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі
түрде жинақтауға бағытталған қызметті
белгілеу үшін қолданылатын термин.
Бағалау
мақсаты:
Оқудағы
қиыншылықтарды анықтау;
Кері
байланыс;
Уәж;
Болжау
және сұрыптау;стандарттарды бақылау
және орындау;
Оқыту
бағдарламасының мазмұнын және оқыту
стилін бақылау.
Бағалаудың
мәні:
Қадағалау;
Интерпритация/логикалық
қорытынды;
Қорытынды.
Оқышыларды
қалай бағалау керек?
Оқушының
өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу
деңгейін ересек немесе “маңызды”
(ықпалды) адамның көмегімен қамтамасыз
етудегі рөлі туралы жазды. Мұндай
оқудың әлеуеттік көлемі “Жақын
арадағы даму аймағы” – ЖАДА ретінде
анықталады.
Қолдау
көрсететін адам “Рефлексивті агент”
ретінде жұмыс жасайды. Оқушының
әрекетіне жауап береді, дамуын
қамтамасыз етеді. Оқудың дамуы барысында
қолдау көрсетушінің түрі мен деңгейі
өзгеріп отырады. Бағыттаушылық, түрткі
болу, дамудың тиімділігін арттыру
мақсаттары жүреді, түрленіп отырады.
Бұл
үдеріс “көпіршелер тұрғызу” деп
аталады.(Жером Брунер) Бұл жетекшінің
оқушыларды тапсырманы аяқтауға
итермелеуі, қолдаудың үнемі ұлғайып,
артуы.
ІІІ
бөлім:
әр топ «Оқушыны бағалау қалай жүзеге
асады?» сұрағына
І
– топ: Блум таксономиясына байланысты
«Білім пирамидасын»;
ІІ
–топ: «Блум тұймедағын»;
ІІІ
– топ: «Білім баспалдағын» толықтырып,
өз ойларымен бөліседі.
(Жұмысты
орындауға 7 минут, жұмысты қорғауға әр
топқа і минут уақыт беріледі).
Мұғалімдер
Блум таксономиясын пайдалана отырып
оқушыны қалай бағалау керектігі туралы
Білу;
Түсіну;
Қолдану;
Талдау/синтез;
Жинақтау;
Бағалау.
Деңгейлеріне
сала отырып, дөңгелек үстел тақырыбын
талқылайды. Әр топ мұшедһлері өз
пікірлерін стикерге жазып, топ спикері
қорғайды. Өзге топ мүшелерінде сұрақтар
немесе айтар пікірлеріне арнайы уақыт
бөлінеді.
ІІІ
бөлім: рефлексия
«Блоб
ағашы»: мұғалімдер
бүгінгі дөңгелек үстелден меңгерген
білімдері мен дәстүрлі және жаңартылған
білім беру ұһүдерісіндегі бағалау
айырмашылығын қаншалықты меңгергенін,
қолдана алатынын, өз – өзін бағалайды.
Қорытынды:
Адамзат табиғатының терең қасиеттерінің
бірі адамдардың өз дәрежесінде бағалануына
деген құштарлық болып табылады – деп
өз пікірін У.Джеймс білдірген болатын.
Сондықтан да әр оқушыны, әріптестерімізді
өз дәрежесінде, өз біліміне, еңбегіне
сай бағалай білейік. Бағалау – білім,
тәжірибе нәтижесі. Нәтижелі жұмыс жасап,
шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін !
Жауапты:
ІІІ деңгей бойынша сертификатталған,
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кенжеғалиева Р.А