Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Оқушының құқықтары мен міндеттері" 2 сынып тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы материал оқушыларға,студенттерге,мұғалімдерге қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:.................

Мектебі:...............................

Сыныбы: ..............

Сынып жетекшісі:.......................

Машықкер: ...........

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Оқушының құқықтары мен міндеттері»

Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.

  2. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

  3. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі:сұрақ-жауап,іздену,жинақтау,көрнекілік.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:тақырып бойынша суреттер,тақтаға арналған безендірулер,мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме,балалар!Көңіл күйлерің қалай?Бүгінгі сабақты өткізетін мен.........................Ал,балалар сабағымызға дайын болсаңдар бастайық.

Психологиялық дайындық: Сабағымызды бастамастан бұрын шаттық шеңберіне тұрып,бір-бірімізге ыстық тілектерімізді айтайық.Шеңберге тұрғызу.

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді. Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық.

(Танысып болған соң): Олай болса,оқушылар , барлығымыз орнымызға жайғасайық.

I.Кіріспе бөлім:

Балалар,құқық бұзушылық,тәртіп бұзушылық дегенді білесіңдер ме?

-Қандай бала тәртіп бұзады?

-Ал тәртіпсіз бала деп,қандай баланы айтар едіңдер?

(Оқушылар жауаптары тыңдалады)

-Өте жақсы.Дұрыс айтасыңдар.Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек .

II.Негізгі бөлім:

Мұғалім сөзі:Бұлардың бәрін қарастыратын –заң.Ал,заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Әнұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.

Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.

Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Заңның мықтылығы – адалдығы мен әділдігінде.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.

Тәртіпті бала - сүйініш, төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала – күйініш, төмендеп басың кетеді.

Ұрыншақ бала жаныңда: ұрыс пен керіс, айқай – шу.

Ұстамды бала маңынан ұнамды қылық байқайсың.

Сұрақ: Балалар,сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс? (Оқушылар ойын тыңдау)

-Мен мектепке баруға,оқуға,хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.

-Мен қыста сырғанауға,ойнауға, сурет салуға,бестік баға алуға құқықтымын.

-Мен демалуға құқықтымын.

-Мен ауырып қалсам,дәрігер шақыруға,емханада жатып емделуге құқығым бар.

-Мен өз елімнің еркін азаматы болуға,мектепке баруға,өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар.

-Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға,серуендеуге құқығым бар.

Көріп отырмын өз азаматтығы жайында көп біледі екенсіңдер.Сендер мұны кітаптан емес,өмір тіршілігіне нені істеуге болатынына,неге рұқсат етілгеніне қарап білесіңдер.

Балалар күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтары жайында айтып отырсыңдар.Қалай ойлайсыңдар,оқушының міндеттері қандай болу керек?

Оқушының міндеттері:

  • Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

  • Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

  • Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

  • Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

  • Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

  • Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

  • Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

  • Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

  • Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.

Жарайсыңдар, тамаша!

Бүгінгі «Оқушының құқықтары мен міндеттері» туралы таныстық.Ал енді кезекті сайысымызға берейік:

1-сайыс: «Сөзжұмбақ» ойыны.




Қ

А

З

А

Қ

Т

І

Л

І




А

С

Т

А

Н

А




П

Р

Е

З

И

Д

Е

Н

Т



Е

Л

Т

А

Ң

Б

А







Қ

Р











1.Мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)

2. Елордамыз? ( Астана )

3. ҚР кім басқарады? ( Президент )

4. Мемлекеттік рәміздеріміз? ( әнұран,ту,елтаңба )

5. Біздің мемлекет? ( ҚР )

Сергіту сәті(Видео арқылы)

2-сайыс: «Сәйкестендір» ойыны.

1-топ:

1Shape2 Shape1 .Заңның құрығы анық бас

2Shape4 Shape3 .Өш алғаннан гөрі өнер жастан

3.Ақырын жүріп кешірген жөн

4.Асыл тастан бәрінен ұзын

2-топ:

1Shape6 Shape5 .Ұрлық түбі отбасынан басталады

2Shape8 Shape7 .Әдепті бала арты игі

3.Тәрбие арлы бала

4.Әділ істің қорлық

3-топ:

1Shape10 Shape9 .Ақырын жүріп бәрінен ұзын

2Shape12 Shape11 .Асыл тастан қорлық

3.Ұрлық түбі өнер жастан

4.Заңның құрығы анық бас

3-сайыс: «Құқық сөзінің кілті »ойыны.

Құқық сөзінің кілті 
Қ-азақ
Ұ-лты
Қ-айырымдылықты
Ы-ымырашылдықты
Қ-олдайды
Бәріміз бірге оқиықшы.Хормен оқыту.

4-сайыс:«Не істеу керек?» ойыны.

-Үлкен кісіні  …………………………..( сыйлау керек)

- Үлкеннің  ……………………………..( тілін алу крек)

- Үлкендерге ………………………….( сәлем беру керек)

-  Кішілерге ………………………………….( қамқорлық жасау керек)

-  Аналарды, апаларды ………………….( сыйлау керек)

-   Оқу құралдарын  ………………………( күтіп ұстау керек)

Өте, тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер!

Өздеріңе қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің еліміздегі бала міндеттерін білесіңдер. Ал, енді сендер оқушы ретінде өз құқықтарыңды білесіңдер ме?

Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?

  • Қамқорлыққа

  • Дәрігерлік көмек алуға

  • Дем алуға және бос уақытын пайдалануға

  • Білім алуға

  • Отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге

  • Ақпарат алуға

  • Есім мен азаматтық алуға

Сергіту сәті(Видео арқылы)

III.Қорытынды.

Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?Егер ұнаса, мына смайликтерге өз тілектерінді жазып,тақтаға жапыстырыңдар!

Тамаша!

Балалар сендер бүгінгі сабаққа белсене қатыстыңдар.Өздерің ақылды,әрі әдемі сынып екенсіңдер!Бүгінгі сабақта сендер өз міндеттерің мен құқықтарың мен таныстыңдар.Енді әрдайым өз құқықтарыңды сақтап,міндеттеріңді орындай жүріңдер.Мен өз сөзімді қорытындылай келе,Қазақстан Республикасының ақылды әрі үлгі тұтар азаматтары мен азаматшалары болып өсе беріңдер.Сау болындар!





Әдіскер:

Мұғалім:

Баға:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2018
8000
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11