жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқушының тәрбиелік диогностикасы
Оқушылардың тәрбиелік диогностикасының мазмұны.
Жоспары:
1.Оқушылардың тәрбиелік деңгейінің өлшемдерінің
көрсеткіштері.
2.Оқушылардың тәрбие жұмысының диогностикасы.
3.Оқушылардың тәрбиелік диогностикасының мазмұны.
1.Тәрбие – адамзат тарихының біте қайнасқан, ажырамас бөлігі. Тәрбиенің нәтижесінде талай ғасырлардан қалыптасқан ұлттық сана, іс – тәжірибе, салт - дәстүр асыл мұра ретінде осы күнге дейін жетті.
Тәрбие – қоғамдық құбылыс, оның негізгі қозғаушы күші, өркениетті елді қалыптастыратын берік «құрылыс материалы». Сондықтан адам баласы қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің тиімді үрдісін жасауды басты назарда ұстаған.Тәрбиенің тиімділігін арттыру ісін жүзеге асыру әрбір қоғамдағы мемлекет мұқтаждығына, талаптарына тәуелді. Өйткені мемлекет талаптарының, мұқтаждығының өтелуі, оның саяси – экономикалық күш – қайратын шыңдап, бекіте түседі. Сол себепті ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты шарт – мемлекет талаптарынан туындайтын тәрбие жүйесін құру, мақсаты айқындау. Бүгінгі күннің сұранысы – сапалы біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, белсенді, шығармашыл, өркениетті болашақ үшін күресуге барын салатын, жоғары мәдениетті, адамгершілік түсініктері берік бекіген, кез - келген ісінде патриоттық сезімі көрініс тапқан ұрпақ. Мұндай ұрпақты тәрбиелеу ісінде мемелекет, білім беру мекемелеріне зор талаптар қойып, үлкен сенім артады.Тәрбие - педагогикалық жүйеде өзіндік бағыты, мазмұны, ұйымдастырылу ерекшелігі, формалары, әдіс – тәсілдері бар өте маңызды процесс. Сол себепті педагогикада тәрбиені ұйымдастырудың негізгі жүйесін, жолдарын, бағыттары мен ұстанымдарын, заңдылықтарын белгілейтін, педагогтің тәрбиелік функцияларын айқындайтын – тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі қалыптасты.
Тәрбие ісімен айналысушы әр педагог өзінің тәрбиелік функцияларын біліп қана қоймай, оны жүзеге асырудың жолдарын, тәсілдерін жан – жақты іздестіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауы тиіс. Өзінің тәрбиелік міндеттерін оқушылардың жас және жеке ерекшелігінің спецификасын, олардың арасында пайда болған қарым-қатынасты ескере отырып, ұйымдастырғаны жөн.
Педагогтың тәрбиелік іс - әрекетіндегі басты мақсат – жеке тұлғаның өздіндік дамуына көмектесу, оның шығармашылық потенциалын жүзеге асыру, оқушының әлеуметтік – экономикалық мұқтаждықтары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, оқушыларды жеке даралыққа үйретіп, өз проблемаларын шешудегі белсенділіктерін арттыруға қажетті және жеткілікті жағдай жасау.
Тәрбие деңгейлері:
1) Өте төмен деңгей: адамгершілік жағынан тәрбиесіздік, педагогикалық әсермен түзелуі өте қиын, өзін -өзі ұйымдастыруы, peттеyi дамымаған.
2)Төмен деңгейі: тәрбиеліктің жақсы жақтары аздап білінеді, бірақ, тұрақты емес, өзін-өзі ұйымдастыруы, peттeyi тек үлкендердің ескертуімен жүзеге асады.
3)Орташа деңгей: тәрбиеліктің жақсы жақтары басым, өзін-өзі ұйымдас-тыруы, реттеу қабілеті бар, бірақ белсенділігі аз байқалады.
4)Жоғары деңгей: тәрбиеліктің жақсы жақтары тұрақты, өзін–өзі ұйым-дастыруы, реттеу, белсенділігі өте жоғары.
Зерттеу әдістері:
1.Байқау.
2.Әңгімелесу.
3.Шығарма.
4.Сұрақ-жауап.
5.Тест.
6.Социограмма т.с.с.
2. Ұстаз еңбегі психологиялық педагогикалық
тұрғыдан ғана емес, мұғалімнің әдістемелік даярлығында тұрақты
жетілдіруді талап етеді.
Іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің
педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды игеру
дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне,осыдан келіп педагогикалық
процестің өту барысымен кезеңдер нәтижелері әрі қорытынды
көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің
педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы
қажеттігі туындайды. Сондықтан педагогикалық диогностика мазмұнында
психологиялық процестерді оқып үйрену оқушылардың тұлғалық
қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.
«Диогноз» грек тілінен аударғанда танып білуді білдіреді. Бұл
ғылымға ортақ термин. Психологиялық – педагогикалық зерттеулерде
құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика
бағыттары анықталды. Б.С. Кобзарь, Л.И. Катаева, Е.А. Берулава,
Б.П. Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған
көрсеткіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық
диагностиканың негізгі міндеттерін анықтап берген. Білімдену
процесінің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады.
Диагностика жәрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты
орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті
тиімді басқару мүмкін емес.
Диагностика-бұл дидактикалық процестің нәтижесін анықтау. «Диагностика» түсінігінің мәні «білім,ептілік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. «Тексеру» нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңғартады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диакностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады, диагностикалық процестің бағдар-бағытын, ілгеріні не кері қозғалысы анықталады.Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін,бағытын және жобалауын қамтиды. Диагностикалаудың маңызды бөлігі бұл -қадағалау.
Қадағалау-білім,ептілік және дағдылықтың игеру процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады.
Тексеру-бұл білім, ептілік және дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет-қимылдар жүйесі. Мән-мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылар-дың оқу әрекеттерінің нәтижесі жөніндегі мәліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Окытушы өз шәкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екенін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байланыстырады. Қадағалау нәтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қаншама дәрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процесс мүмкіндіктерін оқыту- оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады. Бақылау,қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмысының нәтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен оқулық-тарының пән бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тәртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез,ерік сапаларын дамытады. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері. Жеке түлғаның қасиеттері туралы әр түрлі ілімдер бар. Солардың ішінен шындыққа жақыны және бұл жөнінде арнайы тәжірибе арқылы зерттеп оның мәнісін анықтауға із салған неміс психолог К.Левин ілімі. Бұл ғылыми тұжырым бойынша адамның әр қилы істері мен мінез-құлық ерекшеліктері оның мүддесі мен қажеттілігін анықтайды. Қасиеттілікті қанағаттардыру мен оған қатысты заттар арасындағы байланыс та өзгермелі сол байланысты адам өзінің іс-әрекеті арқылы өзгертеді. Адамды іс-әрекетке ұмтылдырушы – қажеттілік десек, қажеттілік – адам бойындағы күш-қуат. Дене күші қажет-тілікке қанағаттандыру-дың екі тәсілі аталған. Біріншісі – адам басқа адамдармен салыстырғанда қандай да бір дәрежеге ие болғысы келетіндігі және өзін қоршаған ортада өзіндік орын алуға ұмтылуы. Екіншіде, адам бір сарынды іспен шұғылданса, онда оның қызығуы таусылады.
Бұл тәсілдер адамның жеке
басының қасиеттерін зерттеуге арналған.
Әлеуметтік құбылыстарды зерттеу тәсілін “социометрия” – әлеуметтік
өлшеу – деп атайды. Бұл тәсілдің негізін салушы психолог Дж.
Морено. Бұл әдіс арқылы топтағы адамдардың өзара қатынасындағы
наразылығын не татулығын тиісті әдістерге сүйене отырып өлшеуге
болады. Мұндай қатынасты зерттеу үшін топтағы адамдарға сұрақ-жауап
анкетасы даярланады. Анкетадағы қалауға байланысты мазмұн екі түрге
бөлінеді: біреуі – сол кісі өзге кісімен қаншалықты дос, оны шынайы
ұната ма, ұнатпай ма, соған байланысты келеді. Екінші түрі – өзге
адамның жеке басының қасиеттерін қалайды. Тапсырмада социометриялық
тәсілдің сәтті болуы -зерттеліп отырған адамдардың шынын айтуға
байланысты. Сыналушы анкета ұсынарда зерттеуші біздің сырымызды
біліп алғысы келеді – деп қаймығуы мүмкін. Бұл іске бөгет жасайды.
Төменгі сыныптағыларда қаймығу деген болмайды, сондықтан зерттеу
көбінесе солармен өткізілгенде сәтті
болмақ.
Қиындық туғызатын оқушының тәрбиелік деңгейінің диагностикасы Оқушының аты –жӛні: __________________________ Бағалау ӛлшемдері Тәрбиелік белгілері Баға Эрудициясы Білімі қанағаттанарлық, қосымша білім кӛздерін пайдаланбайды, сӛйлеу мәдениеті, зеректілігі, тапқырлығы қанағаттанарлық. Ынтасы Ұмтылыс жоқ, жауапкершілігі тӛмен, ӛзіндік әрекеттері жоқ, бірақ ӛзара кӛмекке келуге даяр, зейіні тӛмен. Еңбек сүйгіштігі Жалпы жинақы, еңбекті жақсы кӛреді, еңбек қауіпсіздігін сақтайды, еңбегі ӛнімді, еңбек тәртібін сақтайды. Адамгершілілігі, саналылығы Адамгершілігі бар, адамдық қарым – қатынасы дұрыс, мейірімді, мәдени мерекелерге баруды ұнатады, мінез – құлық ережелерін орындайды, бірақ мектеп жарғысын орындамайды. Табиғатқа қатынасы Жерге, табиғатқа, ӛсімдікке, жануарға аялы кӛзқараспен қарайды. Эстетикалық талғамы Сырт пішіні жинақы, таза, ұқыпты киініп жүреді, жазуы таза, әдемі. Ӛзін - ӛзі жетілдіру дағдылары Ӛзінің мінез – құлқын реттей алмайды, уақытын тиімді пайдаланбайды, денсаулығын күтпейді, жеке бас тазалығы орташа, ӛзін - ӛзі жетілдірмейді. Экономикалық санасы Экономикалық сауаттылығы тӛмен, қоғамдық істерге белсенді болғанымен саналы әрекет жасай алмайды. Азаматтық санасы Пікірталасқа түсе аламайды, мақсат қоймайды, ӛз әрекетіне ӛзі баға бермейді. Құқықтық санасы Құқықтық білімі ӛте тӛмен.
Оқушылардың тәрбие деңгейлерін бағалау
Оқушылардың тәрбие деңгейлерін бағалау
Оқушының аты жөні: ____________________________________ Сынып:____
|
Жауапкершілік және парыз |
||||||
|
1 |
Менің сыныбымның ұжымы жақсы жұмыс істеу үшін өзім соған ұмтылу керек |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
2 |
Сыныптың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгіземін |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
3 |
Сыныпта жеке іс-шараларды өзім ұйымдастырамын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
4 |
Сыныптың жұмысын қорытындылауды өткізуге қатысамын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
Ұқыптылық |
||||||
|
1 |
Қітапханалық кітаптарына ұқыптылықпен қолданамын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
2 |
Мектеп жиһазына ұқыптылықпен қараймын (сызбаймын, парталарды шимайламаймын) |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
3 |
өз киімдеріме ұқыптылықпен қараймын (тазалап, қадағалап отырамын) |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
4 |
Табиғи ресурстарды үнімдеймін (электроқуатты, су, қағаз, дәптерді аяғына дейін қолданамын) |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
Тәртіптік |
||||||
|
1 |
Мектеп жарлығында жазылған ережелерді білемін, қадағалаймын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
2 |
Сабақты назар қойып тындаймын, мұғалімнің түсіндіргенде басқаларға бөгет жасамаймын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
3 |
Сыныпта (мектепте) өткізілген сыныптан тыс іс-шараларға қатысамын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
4 |
Сыныптың ұжымдық жұмыстарының нәтижелеріне жауапкершілікпен қараймын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
Оқуға жауапкершілікпен қарау |
||||||
|
1 |
Мектепке үй жұмысын орындап келемін |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
2 |
Үй жұмысын орындағанда үлкендерден көмек сұраймын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
3 |
Қосымша әдебиеттерді қолданамын (ғаламтормен қолданамын) |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
4 |
Ұқыптымын, жауапкершілігім мол, өз сөзімде тұрамын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
Қоғамдық еңбекке қатынасым |
||||||
|
1 |
Маған берілген тапсырмаларды уақытында орындаймын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
2 |
Еңбек рейдтеріне қатысамын (мектептің, сыныптың, мектеп ауласын жинауға көмектесемін) |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
3 |
Ата-анам берген тапсырмасын орындаймын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
4 |
Парыз тапсырмаларды ұқыпты орындаймын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
Ұжымдастыру, жолдастық сезім |
||||||
|
1 |
Менің жолдастарымның басқа сынптастармен қарым-қатынасына қанағатымын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
2 |
Мектептің барлық ұжымының қызығушылықтарына қол ұшын беруге дайынмын (қоғамдық ұйымдарда және басқа ұйымдарда) |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
3 |
Үлкендердің тапсырмасын немесе сыныптастарымның үй жұмысын орындауға көмектесемін |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
4 |
Жұмысымның нәтижелеріне және жолдастарымның жұмысының нәтижелеріне атап өтуге дайынмын. |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
Мейірімділік және ұжымдастыру |
||||||
|
1 |
Басқа оқушыларға көмектесуге ұмтыламын, қиындықтар туындағанда кішілерге көмектесемін |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
2 |
Ұлкен адамдармен сыпайымын, үлкен адамдарға орын беремін |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
3 |
Кішілерге қамқормын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
4 |
Маған әрқашан көмекпен келуге болады |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
Адалдық және әділдік |
||||||
|
1 |
Оқушы өз әрекеттері үшін жауапты деп ойлаймын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
2 |
Егер бір жамандық жасасам, міндетті түрде мойындаймын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
3 |
мен жоқта менің іс-әрекетім туралы үлкенге айтқан жолдасымды сөз қыламын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
4 |
Кез келген ұжымның алдында өзімнің пікірімді анық және басқа жерде айтамын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
Қарапайымдық |
||||||
|
1 |
өзімнің табыстарымды айта кетіп, жолдасымның табысы туралы да ұмытпаймын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
2 |
Адамды ақшамен емес сыйлайды деп ойлаймын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
3 |
Кейде мақтануды жақсы көремін |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
4 |
Басқа ұлттың ұлдарымен және қыздарымен дос бола аламын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
Мәдени деңгей |
||||||
|
1 |
Айына 1 рет мұражайға, театрға, көрмелерге барамын |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
2 |
Теледидарлық бағдарламалардың арасынан оқу- танымдық фильмдерді қараймын. (жануарлар және өсімдіктерді дүниесі туралы, жазушылардың, кино әртістердің өмірі мен әрекеттер туралы бағдарламаларды. Қазіргі заманғы музыка мен эстраданы ғана емес, сонымен қатар классикалық музыканы тыңдаймын) |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
3 |
өз сөзімді қадағалаймын, мен болған жерде дөрекі сөздерді қолдануға жол бермеймін |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
|
4 |
Қоғамдық жерлерде тәртіп ережелерін қадағалаймын (сонын ішінде көлікте) |
4 |
3 |
2 |
1 |
0 |
Әр пункт бойынша есептеуін шығару.
Балаларға айту: «Сауалнаманың сұрақтарын оқу, көп ойланбау, өзіңіздің жауаптарыңызды 5 балдық шкаласы бойынша бағаландар»
«0» - әрқашан жоқ немесе ешқашан
«1» - өте сирек, кездейсоқ.
«2» - «иә» жауабынан гөрі «жоқ», кейде есіме түсіремін
«3» - «жоқ» жауабынан гөрі «иә», кейде ұмытып кетемін
«4» - әрқашан «иә», үнемі
Әр пунктің нәтижесін қосып 16-ға болу керек (ұпайдың жоғарғысы), (3+4+3+4)/16, содан кейін барлық пунктердің нәтижесін қосып 9-ға болу (1+0,9+0,7+0,6+0,5+1+1+1+0,2)/9
0,5 дейін- тәрбиенің төмен деңгейі
0,6- тәрбиенің ортадан төмен деңгейі
0,7-0,8- тәрбиенің орта деңгейі
0,9 дейін- тәрбиенің ортадан жоғарғы деңгейі
1- тәрбиенің жоғары деңгейі
Содан кейін әр оқушының көрсеткіштерін қосып оны оқушы санына бөлу керек осылай сыныптың тәртіп деңгейі анықталады.
Пән мұғалімдерді 9 пункт 5 балдық шкала бойынша оқушыларды қосымша сұрақсыз бағалайды.
Солай ата-аналарды бағалайды.
Содан кейін көрсеткіштерді тең қойып шешімдерін жасайды:
-
Төмен деңгей: әлсіз, тәртіп нашар
-
Орта деңгей: «өзіндік» білімі бар, қоғамдық жұмыстарға жауапкершілігі жоқ
-
Жақсы деңгей: тәртібі де, әрекеттері де сәйкес келеді, өз бетінше жұмыс істей алады, қоғамдық позициясы жақсы
-
Жоғары деңгей: тәртібі де, әрекеті де нық орнаған, өз бетінше жұмыс істей алатын, қоғамдық және азаматтық позициясы белсенді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген