Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушының тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған әдіс- тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерді оқушының тілдік дағдыларын дамытуға арналған әдіс-тәсілдердің түрімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Шеберлік-сыныбының жоспары


Тақырыбы

Оқушының тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған әдіс- тәсілдер

Өтілген орны, жауапты адам


Оспанова Ляйля Токабаевна.

Семей қаласы «Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін орта мектеп» КММ

ШС мақсаты мен міндеттері


Мұғалімдерді оқушының тілдік дағдыларын дамытуға арналған әдіс-тәсілдердің түрімен таныстыру

  • Ұсынылатын әдіс-тәсілдермен танысады

  • Олардың өтілу әдісімен өздері жұмыс жасайды

  • Оның оқушыға қаншалықты қажеттілігін айқындайды

  • Ұсынылған стратегияларды сабақтың қай тұсында жүргізуге болатынын айқындайды

Күтілетін нәтижелер


Мұғалімдерді оқушының тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған әдіс-тәсілдердің түрімен танысады. Оның өтілу әдісін өздері жасап үйренеді. Оның тиімді тұстарын пайдалана алады. Өзінің кәсіби білімін үздіксіз жетілдіріп отыруының маңызын ұғынады.

Аудитория

Мұғалімдер

ШС барысы

Ой шақыру, мағынаны ажырату, рефлексия

Әдістер мен тәсілдер

Психологиялық дайындық, топқа бөлу, постер дайындау

Құрал-жабдықтар

Таныстырылым.

Дидактикалық материалдар

Плакат, маркерлер.

Жұмыс кезеңдері

Кезеңдер мазмұны

Қатысушылар әрекеті

уақыты

Ресурстар

Кіріспе бөлімі. мақсаты - қатысушыларды жағымды атмосферамен топқа бөлу.


1-қадам

Бағыттау қадамы

1.Бір-біріне жағымды тілектер айту, сәттілік тілеу. Психологиялық жағымды ахуал орнату.


Жапон тілі алфавитін пайдалана отырып, өз есімдерін айтады. Танысады.

3 мин


Кеспе карточкалар

2-қадам. Топқа бөлу.

Қолдарындағы карточка формасына қарай бөлініп, 3 топқа отырады. Әр топ өз тобына ат қояды және оны түсіндіреді.

1-топ « »

2-топ « »

3-топ « »

2 мин

карточка




«Танымдық үрдісі» бөлімі. 

Мақсаты - психологиялық тапсырмалар арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету

3-қадам

«Алақанға жан бітір» жаттығуы


Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынамын. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Алақанға ерекше есім ойлап тауып жазу керек. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру

Топ мүшелеріне «Кімнің алақаны?» деген сұрақ қоямын. Өйткені бұл әдіс арқылы топ көшбасшысы анықталады. Қайсысы бірінші қойды сол – көшбасшы.

3 мин

парақтар

«Назар аудару» бөлімі. Мақсаты- педагогті нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету.


.

4-қадам «Оқушының белсенділігін арттыру» моделі

Тілдік дағдыларды дамытатын жаттығу жұмыстарын орындау.
























6-қадам.

Еркін үй тапсырмасы.

Топтық жұмыс. Әр топқа жеке тақырыпша беріледі, бірақ сынып бойынша ортақ бір мәтін беріледі.


Тапсырма.

1-топ: Осы мәтінді мәнерлеп оқиды. Тірек сөздерді табады. Оны синониммен ауыстырады. Қайта мәтін құрады.

Дескриптор:

- тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды;

- болжамының себебін түсіндіреді.


2-топ: Осы мәтінді басшылыққа алып, инервью дайындайды. Көтерілген мәселені анықтайды. 7-8 сөзден тұру керек.

Дескриптор:

- көтерілген басты мәселені анықтайды;

- негізгі мәселеге қатысты өз ойын айтады.


3-топ: Бұл топ та осы мәтінді басшылыққа ала отырып, диалог құрастырады.

Дескриптор:

-Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай алады;

-Негізгі ақпараттарды басшылыққа ала отырып, диалог құра біледі.


Түсіндірме жұмысы. Бұл стратегияның пайдасына 1-2 сөзбен тоқталып өтемін. Осы мәтінмен жұмыс істеу барысында оқушылардың тілдік дағдаларының қайсы дамығанын, қандай жұмыс түрлері жүргенін қатысушылар талдай отырып, қорытынды шығарады.



Өтілген тақырып бойынша оқушыларға еркін үй тапсырмасы ұсынылатындығы айтылады.Пайдасы: оқушы өз еркімен таңдағандықтан, тапсырманы орындап келуден еш проблема туындамайды.

20 мин























5 минут












2 минут








Плакат, қағаздар, маркер

Рефлексия



Шығу парағын толтыру


3 мин



Ұсынылған мәтін:



Қонаққа бару мәдениеті

Қонақжайлылық - қазақ халқының бет-бейнесін ашар ерекше қасиеттерінің бірі. Бұл қасиет адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті арттыра түседі. Адамды тіліне, дініне, ұлтына қарамастан алаламай ас-дәм беру – қонақжайлылықтың белгісі.

«Шақырған жерден қалма» деген ұстанымды ұран еткен жұрт қонаққа барғанда мына кеңестерді естен шығармағаны абзал. Сізді қонаққа шақырды делік, алып баратын сыйлығыңызға қоса үй иесіне арнап, гүл алуды да ұмытпаңыз. Шақырған жерге ерте немесе кешікпей дәл уақытында бару - мәдениеттіліктің белгісі. Өйткені тым ертерек болмаса кешігіп келу үй иелеріне де басқа қонақтарға да ыңғайсыз жағдай тудырады. Әрі мұны сыйламау деп түсінуі мүмкін. Дастарқан басында дұрыс отыра білу де тәрбиені көрсетсе керек. Айтылар әңгіме ортақ болуына да көңіл бөлген жөн. Осындай бас қосуда үлкен кісілер көрген-білгендерін жастарға өнеге ретінде ортаға салады.

Кейде қонақтан ертерек кетуге тура келеді. Ондайда басқалардың көңілі бөлінбес үшін рұқсат сұрап, елеусіз шығып кеткені абзал. Қоштасарда үй иелеріне рақмет айтуды ұмытпаған жөн.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2019
932
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12