15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқыту мен оқу үдерісін бірлесіп жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілін пайдалану.
|
|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнур Муслимбековна |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Оқыту мен оқу үдерісін бірлесіп жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілін пайдалану. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы мақсаты: |
Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study-ді ұсына отырып, мұғалімдер топтарының арасында тәжірибені жетілдіру құралы ретінде Lesson Study-ді қалай пайдалануға болатынын көрсету. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мұғалімдер үшін оқу нәтижесі: |
Мұғалімдер
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Коучингта туындайтын негізгі идеялар: |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сессияның өтілу барысы: |
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин): «Жаңылмаймын» ойыны арқылы жұптастырып, ережесін дайындату. Топ мүшелері шеңбер жасап тұрады да, рет-ретімен санай бастайды, 3-ке еселі санның орнына «жаңылмаймын» деп айтуы керек, Жаңылған ойыншы шеңберден шығады. Осылай І және ІІ шыққан ойыншылар 1 жұп болса, қалған екеуінен ІІ жұп шығады. Пайда болған жұптар, өздерінің ережесін шығарады және осы ережелер негізінде «алтын ереже» құралады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
І. Кіріспе |
Ой шақыру: 1. "Индивидуальный подход" бейнесюжеті арқылы ой шақыру (10 минут) 1. Осы бейнесюжет туралы өз ойларыңыз. 2. Үзіндідегі ұсатаз бен шәкірттің әрекеттерін қалай түсінер едіңіздер? 3. Осы үзіндіні білім жүйесіне қалай келтірер едік? 4. Тағы нені байқадық? 5. Бұдан қандай қорытынды шығарамыз? Презентация және бейнесюжет арқылы көрсетілетін кіріспе сөз: 1.«Lesson Study тарихы» таныстырылымы; 2.«Lesson Study тиімділігі» атты қысқа бейнежазбаны қарау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
ІІ. Негізгі бөлім |
Мағынаны тану : Тапсырма (постер жасау - 20 мин): Топтық пікірталас: Төмендегі мәселелерді талқылау:
Топтар «Lesson Study бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ережесін» жасайды да, постер түрінде ресімдейді. Төрт топ та өз ойларын постер арқылы бейнелеп, айтып болған соң сараптау үшін
Бағалау (5 мин) 4 топ бір-бірін төмендегі критерийлер бойынша бағалайды.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сергіту: |
"Өзінің жұлдызыңды тап". (5 минут) Тақтағы әртүрлі түстегі және түрдегі жұлдыздар жапсырылады. Шарты: Көздеріңізді жұмып, әркім өзіңіздің қалаған қалыпыңызды сақтап бос отырыңыздар. Терең тыныс алып және тыныс шығарыңыздар. Көз алдарыңа менің айтқанымды елестетіңіздер.
Түн. Аспан толы самсаған жұлдыздар! Маңай қап-қараңғы жұлдыздардың көптігі сондай қолмен ұстағыңыз келеді. Жұлдыздардың бірі үлкен, бірі кішкентай, бірі жарық, бірі қараңғы. Біреулеріңіз үшін бұл бір немесе бірнеше жұлдыз, ал енді басқаларыңыз үшін – көптеген жарқыраған нүктелер. Бұл жұлдыздар бірде сізге жақындайды, бірде сізден алыстайды. Ал, сіз сол жұлдыздардың ішінен өзіңіздің ең жарық, ең әдемі жұлдызыңызды таңдап алыңыз. Ол сіздің де, сіздің де, ең жарық, ең әдемі жұлдызыңыз, тек қана сіздікі! Ол мүмкін сіздің бала күнгі арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін сізге ең бақытты, көңілді, жетістікке жеткен сәттерді есіңізге түсіретін шығар. Тағы да өз жұлдызыңызға сүйсіне қарап, оған қолыңызды созып жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізбен жетуге тырысыңыз! Және сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға жетесіз.Оны аспаннан алып,өз алдыңызға қойыңыз,жақынырақ қараңызшы,ол қалай көрінеді? Түсі қандай екен? Осы ең әдемі ең жарық жұлдызды алақаныңызға қойыңыз да ішіңізге жұтыңыз, жүрегіңізге қондырыңыз. Ол сізге үлкен күш, қуат әкеледі. Аппақ ақ адал жұмысты бастауға, алдағы мақсаттарыңызға жетуге күш береді. Терең тыныс алыңыздар, мен 5 деп санағанда көзіңізді ашыңыз. 1, 2.. сіз дүниедегі ең мықты, ең дарынды мұғалімсіз. 3, 4 ..сіздің жетістіктерге жетуге барлық күшіңіз, жігеріңіз де жетеді. 5. Ал енді көздеріңізді ашып, тақтадағы жұлдыздардың ішінен өз жұлдызыңызды тауып алыңыз да, сүйсіне қараңыз. Бұл жұлдыздар біздің әрбір кездесуімізде жарқырап, жылылық, мейірімділік, достық, жақсы қарым-қатынас сыйлап тұрады. Ал, кездесуден соң оны өздеріңізбен бірге алып кетесіздер. Ол сіздерді табыс жолында бастап барлық сынақтар мен өмірде жетелеп бірге жүреді. Жұлдыздарға қараңыздаршы олардың ешқайсысы бір-біріне ұқсамайды. Олар әр түрлі біз бен сіздер сияқты. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
ІІІ.Қорытынды |
Ой - толғау (10 минут): 1. Сергіту жаттығуынан кейінгі әсерлеріңіз қалай? 2. Бүгінгі коучинг ұнады ма? 3. Lesson Study үдерісі бойынша қай кезең маңызды деп ойлайсыздар? 4. Оқыту мен оқу үдерісін жақсартуда Lesson Study тәсілі тиімді деп ойлайсыздар ма және оны өз мектебіңізде қолданып көруге дайынсыз ба?
Lesson Study тәсілін өз мектебіңізге енгізуде еш кедергінің сіздер үшін болмайтындығына сенім білдіремін. Сау болыңыздар! |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дереккөздер |
http://kk.wikipedia.org/ Lesson Study UK www.lessonstudy.co.uk |
||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген