жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп:
Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп:
Қазір біз жаһандану әлемінде өмір сүріп жатқандықтан, өзімнің оқыту және оқу тәжірибеме үлкен өзгертулер енгіземін. Ендеше қай уақытта да мұғалім заман ағымына қарай білімін жандандырып отыру керек. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде, заманауи тәсілдерді, технологияларды меңгеріп қана қоймай, оны оқушылармен жұмыс істеу тәжірбиесінде бастысы нәтижеге қол жеткіземін. Ал нәтиже дегеніміз – оқушылардың алған білімдерін жәй ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударамын. Сол себепті Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген бағдарламалар нақты және күрделі жағдайларды қалай талдау қажеттігін, оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындау үшін мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс енгізіп, осы шара барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізгенімді қалай бағамдау қажеттігін терең түсінуді көздеймін. Бағдарламаны игерген соң негізгі функцияны біріншіден, қуатты педагогикалық құралдарды өз тәжірибемде ықпалдастыру арқылы өзімнің оқыту мен оқу тәжірибемде жаңа тәсілдерді енгізу болып табылады.
Осы бағдарлама бойынша Шымкент қаласында Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттырудың «Бетпе-бет» оқыту 1-кезеңінде алған теориямды, мектептегі өтетін тәжірибе кезеңінде өзгеріс енгізуімді жоспарлап отырмын. Пажарес(1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекетіне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер өзіме анағұрлым тиімдірек болар еді.(МАН 5 бет). Заманға сай бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруды мақсат еткен әрбір ұстаз сындарлы оқыту теориясы аясында қарастырылатын әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жетістікке жетіп қана қоймай, осы әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасуына өз үлесімді қосамын. Өз тәжірибемнен алсам, математика сабағында көп жағдайда оқушылар өз ойларын жеткізе алмай қиналып жатады. Сол себептен оқушылардың өзіндік ойлау, сұрақ қойып, шешімін бірлесе отырып айқындатып, сөйлеу қабілеттерін, ойларын жан-жақты жеткізуге үйретсем. "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер" модулін қолдануда "Қалай оқыту керек?", "Қалай оқытқанда нәтижелі болады?" деген сұрақтарға жауап іздей бастадым. Тиімді оқыту мен оқуды меңгеру барысында көп нәрсеге мән беруді үйрендім. Барлық нәрсеге сыни көзқараспен жан-жақты ой елегінен өткізе отырып шешім қабылдау қажет екенін түсіндім. Алдағы уақытта тізбектелген төрт сабағымды жоспарлап отырмын. Мектебімдегі практикада 7-сыныптағы математика сабағында "Рационал бөлшектер" тарауындағы жалпы оқу мақсатым шәкірттерім қысқаша көбейту формулаларын есте сақтауға, рационал өрнектерге амалдар қолдана алуға, рационал өрнектерді түрлендіруге белсенді оқытуға бағдарламаның жеті модулін қолданып, әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланамын. "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер" сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторларға сүйене отырып, балалар қалай оқитынын түсіну, нені оқыту керектігін түсіну, тізбектелген сабақтар топтамасын қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптастыру, сонымен қатар оқу нәтижелерін бағалау мүмкіндігін игеру (МАН 29 бет) үшін мен "Рационал бөлшектерді тепе-тең түрлендіру" күрделі тақырыбын Блум таксономиясы бойынша төрт тізбектелген сабағымда қолданамын. Бұл тарауды алған себебім, осы 7 сыныптың ішіндегі ең маңызды, жыл бойында қамтылатын қысқаша көбейту формулары білгеннен кейінгі қолдана алуға тиісті тарау . Мерсер мен Фишер (1993) ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға жүктеу қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды. (МАН 25б) Көпірше ретінде оқыту мен оқуда оқушыларым өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға, құзіреттілікке жеткізуді мақсат ете отырып, көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушыларымның өзіндік құзыреттілігін жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай жасаймын. Дәрежеге байланысты, алгебралық өрнектермен есептерді шығара алуын ұғындыру. Оқушылар рационал бөлшектерді қосып, азайту мен көбейтіп, бөлуді біледі. Енді сол алған білімдерін көрсету мақсатында пысықтауға арналған есептер деп айтсамда болады. Оқушыларым жалпы амалдарды орындап, ықшамдап, мәнін тауып, дәлелдеп берсе деген мақсатпен жоғарыдағы тақырып бойынша сабақ өтуге жоспар құрып отырмын. Осы мақсатта білу мен түсіну, қолдануды бірінші сабағымда өтемін. Барлығы қысқаша көбейту формулаларын білу үшін, көпшілгі: рационал өрнектерді қосып және азайту, көбейту мен бөлуді, кейбірі: амалдарды орындау кезінде қысқаша көбейту формулаларын қолдану үшін белсенді оқытуда "Есептер банкасы", "Білегіңе сенбе,біліміңе сен", "Сәйкестендіру тестісі" арқылы оқытуды басқару және көшбасшылыққа баса назар аударып осы әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Блумның білу, түсіну, қолдануын қамтып мақсатыма жетемін деген ойым бар. "Оқытуды басқару және көшбасшылық" іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға , бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға, кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысамын. "Тізбектелген сабағымда сол тақырып бойынша қолдануға, талдауға рационал өрнектерді ықшамдай алуға, мәнін таба алауға стратегиялық тұрғыдан ойлаймын. Рационал бөлшектерге берілген есептерде жан-жақты салыстыра отырып келесідей әдіс-тәсілдерді қолданамын. "Сен маған- мен саған", "Құрастыр, сосын жауап бер" әдісі оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялады қолданамын. Яғни кез-келген сабақты өту үшін құзіретті мұғалім әр модульді осы АКТ-ның көмегімен әдіс-тәсілдердің барлығын интерактивті тақтада көрсетемін, пәндік білім мен педагогикалық білімдімді үйлестіре отырып сабағымда жүйелі орындаймын. Талантты және дарынды балаларды оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету кезекті тізбектелген сабағымда Блум таксономиясының қолдануы, талдауын, және жинақтауын алып отырмын. Күрделі есептерді жіктеп есептер шығаруға келесідей әдіс-тәсілдер қолданамын. «Сөзімді аяқта», "Есептер банкасы" ұсынылған әрбір идеяны талқылап, іс-жүзінде қолдана алсам керемет үздік сабақ өткіземін деп ойлаймын.Осы әдістерімнің әрқайсысы сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Оқушылардың логикалық ойлауын терең түсініп барлығын байланыстыра отырып шешімдерін жинақтауға, қорытындылай алуға үйрету. Сабағымды "Оқушылардың шолуы ","Топтық кері байланыс" алып келесі сабағымды қорытындылау мақсатында пайдалансам деп отырмын. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес және оқу үшін бағалау және оқуды бағалау дәлірек айтсақ сабағымды жинақтау мен бағалауға арнаймын. Рационал бөлшектерді тепе-тең түрлендіруде формуланы қолдана отырып тепе-теңдікті дәлелдеуге есептер шығартамын. Әйтседе уақыт тапшылығына байланысты оқушылардың ашылмаған қырларын зерттеу маған берілген алдағы уақытымның еншісінде. Сол себепті тізбектелген төртінші сабағымда екі ғана әдіс тәсілдерді алып, сабағымды жинақтап, бағалай алсам деген жоспар құрып отырмын. Жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі жеке оқушыға бағытталған кеспе қағаздар дайындаймын. Бағалау оқу туралы шешім қабылдауға , нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған термин болғандықтан тепе-теңдікті дәлелдеуде түсініп, талдауға және түсіндіруге критерийлер қойып отырмын, бірнеше шығарылу жолын көрсетуін есептерді дәлелдеуге түркі боламын. Айтылым, тыңдалым, жазылымның болуын қадағалаймын, сабаққа қызығушыларын арттырамын. Талпынғандар ғана білім ала алады. Дегенімен қалай оңай үйретуге болады деген сауалдардың жауабын ойланудамын. Мектептегі тәжірибе алаңында оң нәтижесін береді деген үмітім де жоқ емес. Өмір бойғы үздіксіз білім алудың басты қағидасы да осы жеті модульмен оқыту бағдарламасына сыйып жатқандай. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйрену қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. "Өзін-өзі бағалау мақсаты","Алақан" әдісі арқылы ", "Құрастыр, сосын жауап бер", "Идея туралы пікір" т.б бағалаймын. Неізгі ресурстарды 7 сынып алгебрасы мен http://bilimland.kz, МАН-2016 ,үлестірме материалдардан аламын. Сабақ қызықты өту үшін тиімді тәсілдерді бір кезеңнен келесі кезеңдеріне өтуді көпіршелер арқылы байланыстырамын. Негізінде, сындарлылық: «Адамдар әлем туралы түсініктерін және білімдерін тәжірбие жасай отырып және сол тәжірбиелерге рефлексия жасай отырып тұрғызады», - дейді. Сындарлы оқыту теориясының қағидаларына сәйкес білім алушылардың бұрынғы білімдерін, идеяларын және тәжірбиелерін қайта жаңғыртып, оларды жаңа біліммен, идеямен және тәжірбиемен ұштастырса, білім алушылар алған білімдерін сыныптан тыс кез-келген жерде пайдалана алатын болады. Айта кететін мәселе сыныптағы диалогтың маңыздылығы. Көптеген талқылаулар әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларында әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие (МАН 41бет). Мен үшін есептерді талқылау барысында, дәлелдеулерде диалог өте тиімді болмақ. Осы бағдарламаны меңгеру барысында мектепте сабақ өткенімде мен көп сөйлейтінімді ұқтым, ал енді осы кемшілігімді алдағы тәжірибелерімде қайталамайтыныма сенімдімін. Оқушыларды диалогқа көбірек тартып, пікірін тыңдасам, есептер шығарады сол кезде дәлелдеп, жік-жігіне бөліп берсе нұр үстіне нұр болмақ. Жас ерекшелігіне байланысты пайымын шоғырландырудада диалогтың маңызы жоғары. Себебі сыныптағы дарынды оқушы мен үлгермеуші оқушылардың бір-біріне жұптасып көмек береді. Менің түсінігім бойынша 7 модуль бір-бірімен байланысқанда ғана үлкен бір нәтиже болатынына сенемін.
Қысқа мерзімді жоспарымда бірнеше модульді басымдыққа ала отырып, оқыту мен оқудағы жаңа технологиялары бойынша ең алдымен әр елдің сәлемдесу салты бойынша сәлемдестіріп, «Тиімді сұрақтар» әдісін қолдана отырып, осы күнге дейін білетіндерін тақырыпқа байланысты формулаларды, ауызша есептерді ,стикерлерге жазып формула бойынша төрт топқа бөлемін. Сабақтың тақырыбын ашқан соң, оқушылардың өздеріне бүгінгі сабақта не үйренгісі келетіндерін стикерге жазу арқылы сабақтың мақсатын анықтатқызуды жоспарлаймын. Топта жұмыс істеуде балалар бір-бірін тыңдауға, өз ойын ашық айтуға, белсенді болуға, сын көзбен қарай білуге, сенімділікке, бәсекеге қабілетті болуға, бірлесіп жұмыс жасауға, ынтымақтастыққа, көшбасшылыққа беймделеді. Оқушылар топқа бөлінген соң, рационал бөлшектер туралы электронды оқулықпен сабақты тыңдатамын. Содан кейін естігенін кім есте сақтағанын тексеру мақсатында оқушылардан «Қайталау білім шыңы»әдісін қолданамын. Бұл кезеңде дарынды және талантты балаларды оқыту, көшбасшылық модульдерін пайдалануды жоспарлаймын. Бұл кезде жеңіл есептерді шығартамын уақыт үнемдеу барысында жарыс түрінде болады. Егерде сабағым жоспарланғандай болса, сабақтың келесі кезеңінде жеті модульдің келесі бір түрі оқытуда ақпараттық техниканы пайдалану бойынша презентацияны пайдаланамын, есептер шығартамын. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің «Білегіңе сенбе біліміңе сен» әдісі бойынша, есептер шығартамын. «Білегіңе сенбе біліміңе сен» әдісімен оқытуда ақпаратты техниканы пайдалану оқушылардың көзбен көргендерін есте сақтау қабілеттеріне тиімді қолданамын. Берілген есептерді топта талқылап дұрыс шешім қабылдауына үйретемін. Келесі кезеңде оқушыларды сергіту мақсатында «Тарихқа шолу» әдісі арқылы нақты рационал бөлшектердің тарихына шолу жасаймын. Рационал сандар туралы толық мәліметтерді білетін болады. Оқушыларға маркер, А3 қағазы беріледі де олар топ болып "Сәйкестендіру тестісі" арқыл есептерді жылдам шығартамын және топтар өзара дұрыстығын тексертемін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін артса деймін. Бұл тапсырма орындауда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер және көшбасшылық модульдері негізге алынып отыр. Көпшілігі үшін «Қайталау білім шыңы»әдісі қысқаша көбейту формулаларын еске түсіреді және жеңіл ауызша есептер шығады, кейбіреуі үшін рационал өрнектерді қосуға және азайтуға, көбейтуге және бөлуге «Білегіңе сенбе біліміңе сен» әдісі қолданамын. Шәкірттерімнің шешкен жауаптарын мадақтап, марапаттап, өзін-өзі бағалау парақтана белгілетіп, бағалау. Ал оқуды бағалау барысын да «Алақан» әдісі арқылы алған білімдерін бағалаймын деп жоспар құрып отырмын. Осы әдіс арқылы "Оқушылар үнін" білемін. Алдағы уақытта сабағымды жоспарлы түрде жоғары деңгейге қол жеткіземін және шәкірттерім білім-түсініктері жақсартуына өз үлесімді қосамын. Осы бағдарламаны оқып түйгенімді болашақта да жақсы қолдансам. Қорыта келгенде, оқуға үйрету оқушылардың қалай ойлайтынын әрі қарай қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін дамытамын. Олар өздері оқудың әртүрлі әдістерін түсіну арқылы, яғни өздеріне сұрақ қоя отырып, білім алуға үйрету. Мен іс-тәжірибе барысында осыған көз жеткіздім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық "Тиімді оқыту мен оқу"
2. Ғаламторлар желісі. http://bilimland.kz
3. Алгебра 7 сынып оқулық. Алматы. "Мектеп"2012
"Бекітемін"
Мектеп директоры: ...................... С.Әшім
(қолымен мектеп мөрі)
Орта мерзімдік жоспарлау
Пәні: Алгебра Сыныбы: 7
Рационал бөлшектер
|
Тараудың жалпы оқу мақсаты: Оқушылар қысқаша көбейту формулаларын біледі,рационал өрнектерге амалдар қолдана алады, рационал өрнектерді түрлендіре алады. |
|||||||
|
Р/с |
Сабақ тақырыбы |
Оқудың мақсаты
|
Сабақ мақсаты |
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау |
Барлық оқушылармен жұмыс (тапсырмалар) |
Негізгі дерек көздер, ресурстар |
|
1 |
Рационал бөлшектерді тепе-тең түрлендіру. |
Рационал өрнектердің амалдарын орындау кезінде қысқаша көбейту формуласын қолдана алады. |
Барлығы:Қысқаша көбейту формулаларын біледі Көпшілгі: Рационал өрнектерді қосады және азайтады, көбейтеді және бөледі. Кейбірі Амалдарды орындау кезінде қысқаша көбейту формулаларын қолданады |
«Қайталау білім шыңы»әдісі пайдалану (СТО) «Білегіңе сенбе біліміңе сен» әдісі (жас ерекшеліктеріне байланысты) Сәйкестендіру тестісі (АКТ) |
Өзін өзі бағалау мақсаты «Алақан» әдісі арқылы
|
А деңгейінде оқушыға тапсырма: Рационал өрнектерді қосу, азайу арналған есептер. В деңгейінде оқушыға тапсырма: Рационал өрнектерді қосу, азайту. көбейту және бөлуге есептер С деңгейінде оқушыға тапсырма: Амалдарды орындайды
|
Алгебра 7 сынып оқулық. Алматы. "Мектеп"2012 http://bilimland.kz үлестірме материалдар |
|
2 |
Рационал бөлшектерді тепе-тең түрлендіру |
Рационал өрнектерді ықшамдай алады. Рационал өрнектердің мәнін таба алады. |
Барлығы: Амалдарды орындау кезінде қысқаша көбейту формулаларын қолданады. Көпшілгі: Рационал өрнектерді ықшамдайды. Кейбірі: Рационал өрнектердің мәнін табады. |
Сен маған- мен саған(оқушылардың жас ерекшеліктері)
|
"Құрастыр, сосын жауап бер" Идея туралы пікір
|
А деңгейінде оқушыға тапсырма: Амалдарды орындайды. В деңгейінде оқушыға тапсырма: Өрнетерді ықшамдайды С деңгейінде оқушыға тапсырма: Өрнектердің мәнін табады.
|
Алгебра 7 сынып оқулық. Алматы. "Мектеп"2012 http://bilimland.kz үлестірме материалдар |
|
3 |
Рационал бөлшектерді тепе-тең түрлендіру |
Формуланы пайдаланып күрделі есептерді жіктеп есептер шығара алады |
Барлығы: Амалдарды орындау кезінде қысқаша көбейту формулаларын қолданады. Көпшілгі: Күрделі есептерге жеке-жеке амалдарды орындайды Кейбірі Күрделі есептерді шешеді |
«Сөзімді аяқта» (сын тұрғысынан ойлау) "Есептер банкасы" (оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер )
|
"Оқушылардың шолуы " "Топтық кері байланыс"
|
А деңгейінде оқушыға тапсырма: Амалдарды орындайды. В деңгейінде оқушыға тапсырма: Өрнектерді ықшамдайды, мәнін табады С деңгейінде оқушыға тапсырма: Күрделі рационал есептерді жіктейді.
|
Алгебра 7 сынып оқулық. Алматы. "Мектеп"2012 http://bilimland.kz үлестірме материалдар |
|
4 |
Рационал бөлшектерді тепе-тең түрлендіру |
Формуланы қолдана отырып тепе-теңдікті дәлелдей алады. |
Барлығы: Амалдарды орындау кезінде қысқаша көбейту формулаларын қолданады. Көпшілгі: Тепе-теңдікті дәлелдеуде амалдарды орындайды Кейбірі Тепе-теңдіктерді дәлелдейді |
"Ойлан жұптас талқыла" әдісі СТО
|
Серпілген сауал Күтіңіз және түйіндеңіз
|
А деңгейінде оқушыға тапсырма: Өрнектерді ықшамдайды, мәнін табады В деңгейінде оқушыға тапсырма: Рационал есептерді жіктейді. С деңгейінде оқушыға тапсырма: Тепе-теңдікті дәлелдейді
|
Алгебра 7 сынып оқулық. Алматы. "Мектеп"2012 http://bilimland.kz үлестірме материалдар |
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
________С.Әшім
Қысқа мерзімдік жоспарлау
Пәні: алгебра
|
САБАҚ: 1 Рационал бөлшектерді тепе-тең түрлендіру. |
Мектеп:№1 Е.Молдабаев жом |
|||||||
|
Күні: .................... |
Мұғалімнің есімі: Момбекова Айнұр |
|||||||
|
СЫНЫП:7 |
Қатысқандар саны:.... |
Қатыспағандар саны:.... |
||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
Рационал өрнектердің амалдарын орындау кезінде қысқаша көбейту формуласын қолдана алады. |
|||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
|||||||
|
||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||||||
|
||||||||
|
Кейбір оқушылар: |
||||||||
|
||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар:
|
|||||||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
||||||||
|
Қысқаша көбейту формулалары, рационал бөлшектің негізгі қасиеттері, рационал бөлшектерді қосу және азайту, көбейту және бөлу. |
||||||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
||||||||
|
Талқылауға арналған тармақтар: тыңдалым |
||||||||
|
1. Рационал өрнектерді қалай түсінесіз? 2.Рационал бөлшектерге амалдарды қолданғанда қандай алгоритммен орындайсыз? |
||||||||
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? айтылым |
||||||||
|
1. Алгебралық өрнекке қандай бөлшектерді жатқыза аламыз? 2.Сіз неліктен алгоритм арқылы орындаған тиімді деп ойлайсыз? |
||||||||
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: жазылым |
||||||||
|
|
Алгоритм бойынша есептерді жүйелі жаза алады. |
|||||||
|
Алдыңғы оқу |
Қысқаша көбейту формулалары, рационал бөлшектерді қосу және азайту, көбейту және бөлу. |
|||||||
|
Жоспар |
||||||||
|
Жоспарланған уақыт 45 мин |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
||||||
|
Басталуы 10 мин |
-сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта жағымды орта құрамын. Күндеріне сәттілік тілеймін. (5 мин) -«Қайталау білім шыңы»әдісімен формулалармен мысалдар арқылы үй жұмысын тексеру. 1. Қысқаша көбейту формулаларын еске түсіреді 2.1). (x-y) (x+y) = 2). (a-4) (a+4) = 3). (2x-5) (2x+5) = 4). (3x2)2 = 5). (12a3)2 = 6). (y3)2 = Сабақтың тақырыбы тақтаға, дәптерге жазылады |
мадақтау, ынталандырады
кеспе АКТ слайд |
||||||
|
Ортасы 27 мин |
Негізгі бөлім Тақырыпқа талдау жасауға бағыт беру (топтық жұмыс) (27 мин) Электронды оқулық арқылы сабақты түсіндіру. Оқулықпен жұмыс №288, 289 «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» әдісі Деңгейлік тапсырмалар: 1 топ №294 -1 2топ №294 -2 3топ №294 -3 4топ №294- 4 |
электронды оқулық,флипчарт, маркерлер, стикерлер, презентация, видеоролик, кеспе қағаздар. |
||||||
|
Аяқталуы 8 мин |
Бекіту. Сәйкестендіру тестісі
Бағалау.Оқушылар өздерін бағалау парағы бойынша бағалайды. Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Деңгейіне сәл жетпеген оқушыларды ынталандыру.
Рефлексия (кері байланыс)
«Алақан» әдісі арқылы Бас бармақ – керемет әрі қызықты болды! Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек. Ортаңғы бармақ– маған ұнаған жоқ. Төртінші бармақ – бұл жерде орта... Кішкентай бармақ– маған жеткіліксіз болды... |
|
||||||
|
Қосымша ақпарат : https://infourok.ru/isa-merzimdi-zhospar-lgisi-1080955.html |
||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс |
||||||
|
Бөлшектерді қысқартады: № 243 Амалдарды орындайды: № 300 |
Оқушылар өздерін бағалау парағы бойынша бағалайды. Мадақтау, ынталандыру. «Алақан» әдісі арқылы бағаланады. |
Сабақ информатика пәнімен тығыз байланысты құрылды. Оқушылардың топтық жұмыс жасау арқылы бірлескен қарым-қатынас орнады. Оқушыларды топқа бөлуде жаңа сабақтың тақырыбымен байланыс болды. |
||||||
|
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтаға жауап беріңіз. |
|||||||
|
|
||||||||
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білді? |
||||||||
2


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген