жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа тәсілдер- оқыту мен оқудағы жаңа талаптар»
Оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа тәсілдер - оқыту мен оқудағы жаңа талаптар
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі мекемелер тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.
В.П. Беспалько: «Педагогикалық технология - оқу мен тәрбие процестерінің еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді».
«Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея, лабораториялық іс - тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру. Соңғы кезде жаңалық «новация» ұғымы ретінде кездеседі. Новация дегеніміз - бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да, практикада негізделген. Жаңалық енгізу - ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін, мектепке дейінгі ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды.Сондықтан да қазіргі кезде әр мұғалім өз іс -әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс - тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектепалды даярлық топтарында оқу - тәрбие жүйесі, тәрбиеші-бала арасындағы қарым - қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде тәрбиешілердің инновациялық іс – әрекетінің ғылыми -педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.
Оқыту мен оқудағы жаңа талаптар құрылымын былай көрсетуге болады:
жалпы инновациялық процесс идеялары;
педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық жаңалықтарды меңгеру;
оқу процесі кезінде теориялық талдау, жасау, немесе іс - әрекет ретінде.
Жалпы инноватика - инновациялық процеске белгілі бір бағытта жаңалықтардың ашылуын тексеру ғана емес, сонымен қатар кеңейтілуі және бағыт пайда болады, яғни спецификалық әлеуметтік бағытта болуы. Оқу процесін ақпараттандыруды жаппай қолға алу, оның ғылыми - әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау.
Жаңалық ғылыми - зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан, көпшілік қолдану, қарама - қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін көрсету.
Білімділік деңгейде бала тәрбиеші көмегімен амал-әрекет жасайды. Мұнда тапсырмалар алдыңғы сабақты нысықтауына мүмкіндік беретіндей, жаңа тақырып үшін тиімді, өмірмен байланысты болуы керек.
Алгоритмдік деңгейде тапсырма балалардың ойлау қабілетін жетілдіру үшін беріледі. Мұндай іс-әрекетте келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер, кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, логикалық есептер, ребустар, сөзжұмбақтар.
Танымдық іздену түріндегі тапсырмаларды орындау барысында қарапайым білімдерін жетілдіріп, жаңа білімді меңгеріп, жаңалық ашады.
Шығармашылық деңгейде балалардың іздену нәтижесінен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қияли мен белсенді ой-еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына бағытталған тапсырмалар. Оқыту технологиясы педагогтардың эмперикалық инновацияларын ескере отырып, оқыту үрдісін дұрыс, ұтымды басқаруды қарастырады. Оған өзара бір-бірімен байланысты екі үрдіс енеді: білім алушының іс - әрекетін ұйымдастыру және бала тұлғасын дамытудағы жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекетті бақылау.Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңашыл орта құру үшін инновациялық технологияларды енгізу болып табылады.
Оқыту мен тәрбиелеудегі
жаңа тәсілдер- оқыту мен оқудағы жаңа талаптарды қолдану мынандай
кезеңдер арқылы іске асады:
1 кезең – оқып үйрену;
2 кезең – меңгеру;
3 кезең - тәжірибеге енгізу;
4 кезең – дамыту.
Оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа тәсілдермен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
Тәрбиеленушілердің сабаққа қатыспаушылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми- әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
Жаңа оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы балаларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;
Оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет.
Оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа тәсілдердің негізгі қағидалары:
Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
Әр баланың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
Баланың оқу үрдісін сезінуі.
Оқу-тәрбие процесінде оқытудың жаңа әдіс –тәсілдерін
пайдаланудың педагогикалық шарттарының өзара бірлігінің моделі:
Инновациялық процестің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде ұстаз жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Содан кейін, ұстаз инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде ұстаз оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.
Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу - тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу - тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады. Инновациялық процесті болжау барысында қолданылатын инновациялық іс-әрекеттер тереңдетіліп, кеңейтіледі. Сонымен қатар, оқыту мен тәрбиелеу қорытындылары талданады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибені ғылыми талдау негізінде оқып үйренуге, қазіргі кезеңдегі педагогикалық зерттеулер жетістіктерімен танысуға болады. Жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық іс - әрекеттің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын дұрыс қолдана білуге, шығармашылық ойлауға, кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің құндылық қарым - қатынасын қалыптастыруға, ұстаз шеберлігіне жету жолдары мен шараларын жете түсінуге үйренеді. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер жөніндегі ағымдағы ақпарат-құралдардағы материалдар арқылы танысып педагогтар – новатордың әдістемелерін ғылыми тұрғыдан талдай білуге, инновациялық іс-әрекет ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен сурет, кесте құруға, хабарлама, реферат, аннотация, рецензия жазып, оқу - тәрбие қызметіне педагогикалық талдау жасауға үйренулері қажет. Оқытудың жаңашыл әдістері мен тәсілдерін сөз еткенде, оқылып отырған материалдың ерекшелігі мен құрамының нақты ерекшелігіне сәйкес әдістемелік құралдарды шығармашылықпен пайдалану қажет екеніне назар аударту көзделді. Сонымен қатар, оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасу керек.
Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.Келешек - ел басқарар, жер - суына иелік етер, ел - халқын гүлденетер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя – балабақша. «Аулына қарап, азаматын таны», дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді, білімді азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша - бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитынқұнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Президенттің жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту. Оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.
Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «әр адам - өз заманының баласы». Сәбиді есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір парызы.Сондықтан қазіргі мектепке дейінгі мекемеде оқыту мен тәрбиелеуге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр. Балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс үстінде үнемі болуына, заман талабына сай бағыт-бағдар болуы керек.
Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің негізгі мақсатымыз - балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту.
Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен жол атқарады, яғни балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. «Біз әлемді танимыз, әдемілікті сүйеміз» - деген ұранымызбен, балаларды айналамен таныстырып, оларға экологиялық тәрбие беру болып табылады. Баланың өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету.
Экологиялық мәдениетінің негізгі мақсаты:
Қоршаған ортамен таныстыру ;
Адаммен табиғаттың бірлігі туралы білім негізін қалыптастыру;
Қоршаған ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіру;
Экологиялық мәдениет негізін қалыптастыру;
Қоршаған орта мен жануарлар әлеміне қамқорлық жасауға жетелеу.
Балабақшадағы сыртқы безендіруі таза табиғи және құнсыз заттардан жасалынып төңірегімізді көркейтіп тұр. Тәрбиеленушілердің табиғатты танып білуге және оның тылсым тынысының өздік ерекшіліктерін түсінуге арнайы таза ауадағы экологиялық кабинет жасалды.Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуға үйреніп табиғатпен етене байланыста болады.
5-6 жасар балаларға арналған экология жолында, балалар бақша ішінде тәрбиешілермен еңбек жасайды, көкеністердің өсіп-жетілуін бақылайды және әлемнің қызықты жерлерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін «мысыр елінің пирамидасы» жайғасқан, «кактустар әлемі», «орыс халық ертегілері» және «қазақтың жайлауы» сияқты бұрыштар бар.

Топтың ішіндегі безендіруі экологиялық бағытқа сай келеді, яғни экология бөлмесі, экологиялық бұрыштар балалармен жұмыс жасауға және балалардың жан - жақты дамуына ықпал жасайды. Тәрбиелеу мен білім беру ісіне отбасын тарту, ата-аналарды педагогикалық үрдістерге жоспарлау мен ұйымдастыруға қатыстыру, ата-аналармен тығыз байланыста болуы.
Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы жылдары біздің өмірімізге түбегейлі өзгеріс енгізді. Сонымен бірге педагогтың де рөлі өзгерді. Ол енді жоғарғы деңгейдегі жаңашыл ұстаз болуы тиіс.Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді өз міндетімізге алып отырмыз. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу бағытында бақша ішіндегі іс-шараларды бейне таспалар арқылы тамашалауға мүмкіндік жасалады. Тәрбиеленушілердің білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу да жас ұйымның алдына қойған мақсаттарының бірі. Балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс тәртібінде жұмыс жасап келешек ұрпақты өмір талабына сай тәрбиелеп білім беру, ал ең бастысы дені сау, рухани азамат дайындау.


Ойын технологиясы
Қазақ елінің ғасырлары бойы аңсаған тәуелсіздікке енді ғана қолы жетсе, оны ілгері өркендетіп, өркениеттілікке жеткізу бүгінгі бала, ертеңгі күнің еңбеккерлеріне байланысты. Олай болса, еліміздің болашақ құрлысшылары бойына өмірге лайықты жаңа қасиеттер қалыптастыруды тәрбиеде бастау-шешуші мәнге ие болатыны шындық. Адамның болашағын шешетін тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан да ұқсас болады» - А.С. Макаренко осылай жазыпты. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі - ол балалардың қоршаған ортаны - адамдардың қимылын іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойын процессінде сөйлесу қарым- қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысуы, ойынның түпкі ниетімен мазмұнын анықтайды.
Ойынның негізгі құрлымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынның жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Балабақшасы» және тағы сол сияқты болып ойнайды.
Ойын – баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мысалы, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз роль тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көргенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Бала өмірінде көрген-білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай бейнелесе, үлкендердің көрсеткен үлгі-өнегесі қандай дәрежеде болса, балалар да тәлімде соны айқын бейнелейді.Ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынандай кесте арқылы суреттесек те болады:
Бұл жерде «Ойын» ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірбиені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
Ойын – сауық;
Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
Диагностикалық (ойын барысында өзін -өзі тану);
Коррекциялық (өзін-өзі түзету);
Әлеуметтендіру.
Сюжетті-рөлдік ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті –рөлдік ойында бейнелеу құрлыс рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда сатушымен сатып алушының әрекеттерін, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Педагог өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөлдік ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Сюжеттік-рөлдік ойындарды балалар өз беттерімен үш-төртеуі бірігіп ойнай береді. Бірақ олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап, әрі қарай не істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады. Соған орай тәрбиешінің міндеті - бастапқы кездері басшылық жасай отырып, ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету. Ол үшін сюжетті-рольдік ойындарды талдап, ойнау жолдарын қалай кеңейтуге болатынын жан-жақты ойластырған жөн.
Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжетті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті –рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Қазақ халқының тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесіне пайдаланылады. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім - тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналады. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған. Ұлттық ойын түрлері өскелең ұрпақтың көңіл көтеруі, ойын – сауық пен шұғылдануымен ғана шектелмейді, олар сол халықтың салт - санасын, дәстүрін, тұрмысын жағдайын білдіретін әрекетті көрсетеді. Кез келген ойынның түр сипаты - халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін құбылыс. Мысалы, қазақтың «Көкпар» ойыны бір жағынан, халықтың әдет- ғұрыпын, салтын білдіретін болса, ал екінші жағынан адамның дене шынықтырып, ой–әрекетін дамытатын дәстүр болған. Ал «Ақсүйек» ойыны түнгі мезгілде балалардың байқампаздық қабілетін дамытуға әсерін тигізеді. Міне осындай түрлі ойындар арқылы халқымыз өз ұрпағын ойшылдыққа, тапқырлыққа, шеберлікке, дәлдік пен мергендікке тәрбиелеп отырған. Сондай - ақ ойын барысында бала қатар құрбыларымен қарым - қатынас жасау нәтижесінде жеке басының қасиеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болады.
1.Заттық ойындар – ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы қарым қаынастарды т.б. зерттеп таниды.


2.Шығармашылық, сюжеттік – рольдік ойындар. Мұнда сюжет – интеллектуалдық іс-әрекеттің формасы. Мысалы, Саяхат ойындар. Бұған кітаптар, карталар, бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлкетанушылық, ізшілік т.б. саяхаттар жатады. Балалалар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф, т.б. ролдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындарды балалар шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.
3.Дайын ережелері бар ойындар. Бұл ойындар, әдетте, баланың жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы- пәнді білуді талап етеді.
4.Еңбек, техникалық, конструкторлық, құрылыс ойындары. Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында балалар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.
5.Баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер.
Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғартып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар баланың біліммен, біліктермен және дағдылармен қаруландыруға бағытайды. Оқытудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Балалардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психолгиялық сипаттағы дамыушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викториналар, ребустар, крипотограммалар және т.б.
Ойын технологиясының мақсаты:
1.Дидактикалық :
Ой - өрісін кеңейту,танымдық қабілеттерін, білімдерін қолдану,еңбек іс-әрекеттерін дамыту.
2.Тәрбиелік :
Өздігінен жұмыс жасау,ерік,адамгершілік қасиеттерін дамыту .
3.Дамытушылық :
Есте сақтау,ойлау,салыстыру,қиялдау,дұрыс шешім қабылдау.
4.Әлеуметтендіру:
Психотерапия,стресті бақылау,қарым-қатынасқа үйрену.
Тәрбиешінің мақсаты:
Нақты бала жасының мүмкіндіктерін дамытуға талпыну.
Алдынғы жастағы балалардың жетістіктеріне сүйену.
Баланың деңгейін ескере отырып,оқу-іс әрекетін дамыту.
Ойын түрінде өтетін сабақ арнайы ережелерге сүйенеді.
Ойын технологиясының функциялары:
Баланың ойын үстінде өзін-өзі көрсете білуі.
Баланың кез келген адаммен тіл табыса алады.
Ойын терапиясы.
Ойын-сауық.
Баланың ойын барысындағы қалыпты қылықтарының диагностикалық кемшілігі.
Баланың ойын үстіндегі іс-әрекеті.
Адамдармен қарым-қатынасы.
Салт-дәстүр.
Баланың бойындағы негізгі қасиеттер:

Еркін дамытушылық іс-әрекеті (баланың ойынға деген ынтасы және еркі).
Баланың шығармашылық және қиялдау іс-әрекеті белсенді дамыған.
Эмоциялық жағдай (баланың бәсекеге түсуі,эмоциялық қиындықтарды туғызуы).
Ойын мазмұнын көрсететін тура және жанама ережелердің болуы,оның уақытылы және логикалық дамуының жүруі.
Ойынның құрамы:
Ойынның мазмұны.
Ойынның шарты бойынша іс-әрекеттер.
Ойын заттарын кеңінен пайдалану.
Балалардың өзара қарым-қатынасы.
Бала өзін ойын кейіпкері ретінде сезіну.
Ойын –сабақты дайындау, талап ететін ережелерді сақтау:
Алдын –ала жүргізілген жұмыс өткізу түрі мен сұрақтарды талқылау.
Алдын –ала рөлдерді бөліп беруі тиіс.
Бұл танымдық іс-әрекетті ұштай түседі.
Ойынның қажетті көрнекті құралдарды орынды қолдану.
Ойының нәтижесі. ( Әділқазы алқасы)
Ойын сәттері. ( ән айту,би билеу т.б.)
Көңілің аудару,шаршағанды басу.
Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы
Дайындық кезеңі
Ойынды дайындау:
Сценариін дайындау;
Жоспар құру;
Жалпы сипаттау;
Мазмұнын меңгеру;
Материалмен қамтамасыз ету.
Ойынға кіріспе:
Проблемалық мақсат қою;
Шарттарын білу;
Топ құру;
Рөлдерді бөлісу;
Регламент белгілеу;
Жалпы түсінік беру;
Тиісті консультация беру.
Ойынды жүргізу кезеңі
Топтық жұмыс:
Әдебиеттермен жұмыс;
Тренинг;
Ойлану;
Ойыншылармен жұмыс.
Талдау және қорытындылау кезеңі
Ойынға қорытынды жасау;
Талдау, рефлексия;
Баға және өзіндік баға;
Қорытындылау, жинақтау;
Ұсыныстар беру.
Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық – адамның табиғаттан алатын бірден-бір бағалы сыйлығы. Оны шыңдау үшін, әр адам өзінің ағзасын шамасынша шынықтырып, салауатты өмір сүруге ұмтылуға тиіс. Бұл ұмтылыс жас шағынан басталғаны өте дұрыс екенін өмірден байқауға болады.Денсаулық сақтау технологиясының мақсаттарына жету- дене шынықтыру сабақтары, денені сауықтыру жұмыстары, түрлі гимнастика, сергіту сәттері, түскі ұйқыдан кейінгі шынықтыру жаттығулары, ойындар арқылы іске асырылады.
Бекітілген жоспар бойынша ата–аналар, тәрбиеші олардың тәрбиеленушілерімен біріккен алуан түрлі спорттық сайыстар, жарыстар, «денсаулық күндері» жыл бойы өткізілуде. Мәселен, «Көңілді эстафета», «Біз – спорттық отбасы», «Спорт – біздің досымыз», т.б.
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың денсаулығын қалыптастыру бойынша жүргізілетін негізгі жұмыс бағыттары:
- дене шынықтыру мен сауықтыру, шынықтыру шараларының
комплексінің жүйесін дамыту.
- дене мүшесінің бұзылуы мен май табанының алдын алу және түзету;
- үйлесімді қимылдық тәртіп тұрғызу;
Мейірбикенің көмегімен дене дамуында ауытқушылығы бар және жиі ауыратын балалармен сауықтыру, шынықтыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізілуі.
1. Ұтымды –қимылды күн тәртібін ұйымдастыру: жаттығулар, жүгіру, сазды-би қимылдары, гимнастика, сауықтыру және алдын алу жаттығулары.
2. Әдеттен тыс сауықтыру шаралары:
Ауамен шынықтыру;
Психогимнастика;
Өзін-өзі сылау;
Дене мүшелерін босаңсыту жаттығулары.
Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына жаңа технологиялар енгізуде, ең алдымен бақытты балалық шақты қамтамасыз ету – бұл әрбір баланың жан-жақты және қазіргі заман талабына сай дамуына, оның көңілінің тыныштығына, денсаулығына қамқорлық жасауды басшылыққа алып алдағы уақытта мынадай қорытынды жетістіктерге қол жеткізуді көздейміз:
Балалық кезеңде денсаулықты жоғалтпау;
Гигиеналық мәдениет қалыптастыру;
Салауатты өмір сүру салтын ұстану қажеттілігін және оған мүмкіндік туғызу;
Дене шынықтыру тәрбиесін баланың жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты даралау;

Жоғарыда көрсетілген барлық мектеп жасына дейінгі балалардың оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа тәсілдерді орынды шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары талаптарды орындағанда жетістіктер-ді байқауға болатынын ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында анықтадым. Жаңа технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, қазіргі сабақтарға қойылатын талаптарды қатаң ескерген тәрбиеші, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт-бағдар бере алады деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Б.Бөрібаев, Е.Балапанов «Жаңа ақпараттық технологиялар».– Алматы,2001.
Қ.М.Нағымжанова «Бастауыш сынып мұғалімнің оқу процесіндегі инновациялық іс-әрекеті». - Өскемен: Медиа–Альянс, 2004.
М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002ж.
Қ.Ахметұлы, Т. Баймолдаев «Жаңа буын оқулықтары арқылы жас ұрпаққа білім беру жолдары. Алматы, 2003ж.
М.Ж.Жадрина «Қазақстан
Республикасындағы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары
мен мәселелері». Алматы, 2002 ж
Тәрбиеші: Кабакова Карлыга Аманжоловна.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген