400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сейдағаламова Г.М

32 мектеп-гимназиясының

музыка және ән айту мұғалімі

Астана қаласы


ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

 Музыка – адамзаттың  рухани  азығы, жан серігі нәзіктігімен, көркемділігімен адам жанын баурап, олардың мінез құлықтарының қалыптасуына тікелей әсерін тигізеді. Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Егеменді ел болып, ұлттық сана– сезіміміздің оянуы, тіліміз бен дініміздің қайта жаңғыруы, имандылық мен адамгершілікке деген қажеттілігін  қанағаттандырып отыратын өнерлердің бірі–музыка. Мектептегі музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі–музыка сабағы. Музыканы қабылдау – музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады, яғни музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты. Музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелей отырып, бірте-бірте музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырған жөн. Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында емес, сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады. Ән үйрену үшін алдымен тыңдау, сонан соң орындау керек, сондықтан орындау барысында интонация тазалығына, мәнерлігіне назар аударған жөн.Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам-сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.Жастарды халқымыздың ұлттық игілігі болып табылатын дәстүрлі музыкалық өнері негізінде тәрбиелеу, оқыту және олардың ұлттық дүниетанымының қалыптасуына жан-жақты мүмкіндік жасау қажеттігі айқын.Қазіргі заманғы мектеп өз оқушысына жан-жақты терең білім беруге, оны келешекте өздігінен білім алуына қажет болатын білім мен іскерліктер жүйесімен қамтамасыз етуге, танымдық қызығушылығы мен қабілетін дамытуға, өздігінше шығармашылық тұрғыдан ойлайтын тұлға ретінде тәрбиелеуі тиіс. Әрине, мектеп адамның бүкіл өміріне жететін білім қорын бере алмайды, бірақ оның білім тірегін алуына, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа әндер, әуендер мен идеяларды бағалауды үйретуге, жаңадан берілген білімді іріктеп алу, қабылдау, түсіну және қолдануды игеруіне толығымен мүмкіндік жасай алады.Халық музыкасы адамзат тарихымен тығыз байланысты және ол үнемі жаңару, жаңғырту, даму үстінде. Қазақ халқының ұлттық әндерін балалар үшін тәрбиелік мәнді құрал ретінде пайдалануға болады. Ұлттық музыкада ежелден ұлттың бейнесі, тұрмысы, салт-дәстүрі, еңбегі; халықтың намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары; жылдамдық, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері; шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылық, ептілік, тапқырлық, жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған.Оқушылардың әнді орындауын басқара отырып, әнді белгілі бір жүйеге келтіріп айтуға үйретуге, олардың бойындағы қажетті байланыстарды қалыптастыруға болады. Сонымен, білім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі-оның жүйелілігі. Білімді жүйеге келтіру мен талдап қорытуға байланысты ұсынылатын тәсілдер мен әдістер сабақтың типтеріне, мақсатына сәйкес әртүрлі кезеңдерінде пайдаланылуы мүмкін, яғни кез келген сабақта білімді жүйелеуге арнаулы уақыт бөліп отырған дұрыс. Ұлттық дүниетаным қалыптастырудың тәсілдерінің Бүгінгі күнде негізгі мақсат жан-жақты дамыған білімді тұлғаны тәрбиелеу. Өзгерістер өнер саласын да қамтыды. Тәрбиелеудің бір құралы кең сан қырлы ұғымды қамтитын музыкалық өнер. Халық тағылымының байлығын өн бойына жинақтаған ертеден қалыптасқан педагогикалық тәжірибеде, тәлім-тәрбиеде оқу-ағарту мәселелері әлі де жетерлік. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Қазақ халқы құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күйді ұнатқан. Домбыра сөйлейді, қобыз жеткізеді, сыбызғы білдіреді деген сөз тіркестері қазақ мәдениетінде кездейсоқ кездеспейді. Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда музыка мұғалімінің негізгі міндеті толықтырылған кеңейтілген бағдарлама негізінде оқу-тәрбие үрдісін және ұстаздың педагогикалық шеберлігін дамыту. Жасөспірімнің бойында талғампаздық эмоциялық сезімпаздық қалыптастыруында, оның мәдениетті болып өсуінде музыка әлемін түсінуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Әр түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды тану, музыкадағы түрлі кезеңдермен көңілді ажыратуда оқушының музыкалық шығармашылығын дамытады. Жасөспірім – тыңдаушы, орындаушы музыкаға деген өзінің ой-пікірін көрсететін, түсінетін оқушы. Сондықтан музыкалық шығармашылық қабілеттің басты саласының бірі ол музыка арқылы тәрбие. Эстетика мен музыкалық шығармашылық қабілеттің ортақ мәселесі адамның табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту. Мұғалімнің міндеті оқушының жай ғана музыкалық икемін дамытып, оған музыка білім ғана беру емес, оған музыкаға күнделікті байланыс керектігін таныту арқылы оның шығармашылық белсенділігін арттыру. Музыкалық тәрбие әдебиет бейнелеу өнері, тіл, тарих тағы басқа пәндермен байланысты. Сонда ғана біз оқушының мәдениетті жан дүниесі бай ой-парасаты кемелденген білімді оқушы етіп тәрбиелей аламыз. Музыка тіл айтып жеткізе алмайтын адамның киелі нәзік сезімі. Музыка бұл сезім тілі, адам жанын баурап алатын, моральдық сезімдік эстетикалық бірлігі болып табылады. Мектептегі музыка пәні оқушыларға басты тәрбие құралы болып есептеледі. Олардың рухани өмірі мен тәжірибенің музыка әлемін түсініп қабылдауы. Оқушының талғампаздығы, эмоциялық сезімталдығы, білімділігі, мәдениеттілігі, жасөспірімге ақыл-ой, сана-сезімдігі жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулып, музыкалық тәрбие арқылы жаңа тұлғаны, жаңа адамды тәрбиелейді. Сухомлинский былай деген: «музыка адамның табиғаттың әсемдігінен, еңбекке деген құлшынысын арттырады, музыканың арқасында адамның айналаға, өмірге, тіпті өзіне деген көзқарасы өзгереді». Оқушыларға музыкалық тәрбие беру олардың өнерге деген сезімін ояту, таңдаулы халықтың шетелдік және классикалық музыкасын, Қазақстан композиторларының шығармаларын сүйіп тыңдай білуге дағдыландырып үйрету негізінен музыка сабағында, іске асырылады.Музыка пәніне қызыққан бала кейін музыкалық теорияны да оқуға  талпынады. Музыкалық практика тек қана өлең айту мен аспапта ойнаумен шектелмейді, сонымен бірге әнді тыңдауда практиканы құрайды. Әндер жеңіл, аспаптар–элементарлы, ал әуендер қарапайым болуы мүмкін, бірақ қаншалықты құралдар мен материалдар жеңіл болғанмен, олардың көркемдік сапасы жоғарғы сатыда болуы ықтимал. Әрине дамудың ең бірінші сатысында музыкаға деген сүйіспеншілік фундаменті қаланады. Келесі сатыда балалар меңгерген білімін музыканы тереңдетіп тануға жұмсағылары келеді. Міне, дәл осы уақытта баланы әр түрлі кезеңдердегі музыкамен, оның бағыттарымен, стильдерімен таныстыру қажет. Сондай-ақ классикалық шығармалармен қатар жаңа заман шығармаларын беру қажеттілігін ұмытпау керек.Музыка адам өмірінің жан серігі,музыканы сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені ол баршаға қажет,оның тілі кім-кімге де түсінікті.Міне, сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің міндеті-шәкірттерін музыка өнерінің сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала білуге тәрбиелеу.Осы негізде айтылған академик А.Жұбановтың «Гимнастика денені қалай түзесе, музыка да адам жанын солай түзейді» деген нақыл сөзі оқушылардың эстетикалық,рухани байлығын кеңейтіп,қанаттандыру керек екенін дәлелдейді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
586
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі