400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқытуда ашық сұрақтар қою арқылы, жүйелі кері байланыс алу.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге өте қажет дүние,сабақ барысында оқушылармен кері байланыс алу үшін.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Усенова Лаззат Тоғайбеккызы қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Педагогикалық идеяның атауы : Оқытуда ашық сұрақтар қою арқылы, жүйелі кері байланыс алу.Бағыты: . «Әртүрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы...»

Шымкент қаласы, Ломоносов көшесі №5,Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектеп. Шымкент қаласы, Жолдасбекова көшесі №13А. Тел – 87763733730.lazzat.usenova78@mail.ru





































Менің педагогикалық идеямОқытуда ашық сұрақтар негізінде кері байланыс алу арқылы оқушыларды оқу жетістігіне жетелеу.КіріспеПедагогикалық жүйе елеулі өзгерістерге ұшырап отырады.Бүгінде еліміздегі барлық оқу ордаларына жаңартылғанбілім бағдарламасы енгізіліп отыр. Осы орайда күнделікті сабақ барысында білім алушылардың оқу жетістігін арттыратынпедагогикалық технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдерге назар аудару қажет-ақ. Соның бірі- оқу үдерісіндегі оқушы мен мұғалім арасындағы тиімді кері байланыстың жүргізілуі. Оқу жетістігіне жетелеу жолында ашық сұрақтарға негізделген кері байланыс жүргізудің маңызы зор. Сол үшін мұғалім әрбір сабақтаашық сұрақтар негізінде кері байланыс жүргізу арқылы оқушылардың оқу жетістіктерінің ілгеруіне үнемі қолдау көрсетіп отыруы керек.Мақсаты :Жүйелі кері байланыс беру негізінде ашық сұрақтар арқылы оқушыларды оқу жетістігіне жетелеу:1.Оқушыларға жүйелі кері байланыс беру.2. Ашық сұрақтар қою .Міндеттері:Оқушы үшін-Өз ойын еркін жеткізеді;-Өз кемшілігін ұғынады;-Алдағы уақытты тиімді нәтиже шығарады;-Оқуға ынтасы артады;Мұғалім үшін- Әр баланың даму сатысын аңғара алады;- Сабақ жоспарлауда тиімді әдіс-тәсілдерді саралауға көмек болады;- Әрбір баланың білім деңгейіне сәйкес жеке жұмыс жасауға септігін тигізеді. - Әрбір сабақта оқушының оқу мақсатына қаншалықты жеткені байқалады.Күтілетін нәтиже- Кері байланыс арқылы келесі сабақты жоспарлай алады.- Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.- Оқушылардың өз ойларын айтуға қолайлы жағдай туғызады.- Оқушылардың бойында бір-бірінің пікірлерін құрметтейтін құндылық пайда болады.ЖаңашылдығыҚазіргі педагогикалық процесте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, жаңаша ойлау жүйесін тез меңгере алатын, білім алушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер, шебер болады. Әрбір оқушымен жеке жұмыс жасай отырып, әрбірінің жүрегіне жол табады, оқушылырдың оқу жетістігінің жоғары көтерілуіне ықпал ете отырып, сыныптың оқу деңгейін көтереді.Ұсыныс1.Кері байланыс алуда ашық сұрақтарды алдын ала жоспарлаңыз, білім сапасын арттыратын сұрақтарға баса назар аударыңыз- бұл оқушылардың білім сатысында ілгері жылжуына септігін тигізеді.2.Дұрыс қойылған бірнеше ашық сұраққа баса назар аударыңыз.3.Сұрақтарды бір-бірден қойыңыз.4.Ойлануға уақыт беріңіз.5.Сұрақ қою әдісіңізді өзгертіп отырыңыз.Қорытынды Бүгінгі күні менің оқушыларым еркін ойлауды және жүйелі кері байланыс беруде ашық сұрақтарға еркін жауап беруге үйренді.Сабаққа деген қызығушылықтары мен белсендіктері артты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысу керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек.
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі