400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқытуда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Деңгейлік курстан өткен ұстаздарға, коучерлерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы






КОУЧИНГ-СЕССИЯ ЖОСПАРЫ


Сабақтың тақырыбы: Оқытуда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы

Өткізілетін уақыт : 60 минут

Сабақтың мақсаты: Берілген уақыт ішінде мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлануға қолдау көрсету, оқытуда сын тұрғысынан ойлаудың маңызын түсіндіру. Іс-тәжірибеде пайдалануларына ықпал жасау.

Күтілетін нәтижелер: Әр мұғалім сын тұрғысынан ойлау қабілетін жетілдіреді, оқытуда сын тұрғысынан ойлаудың маңызын түсінеді.

Түйінді идеялары: Сын тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.

Сын тұрғысынан ойлау, «ойлану туралы ойлау» деп сипатталады.

Ұсынылған ресурстар: Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірме , презентация «Сын тұрғысынан ойлау»,

1. Психологиялық тренинг «Суретте нені байқадыңыз?» http://youtube.com/watch?v=LFJ1sHn7BQo&ebc=ANyPxKrJZ8YH980Kw1XPLMJM2rjEemnzKZb8wX99vNCxGWCWwFIE1roYXKiKyeIKmfzpD8ZoTqEFwKWhcUmsMqBcmFja752oPg

2. Видеоролик «Киви құсы» https://www.youtube.com/watch?v=NpSZa00-3eM,

3. Жақсылықова К.З. «Тренингтік ойындар мен жаттығулар» әдістемелік құрал,

Қолданылған құралдар: ватман, А3 парағы, АКТ, постерлер, стикерлер, маркер,балауыз.


№

Тапсырма

Коуч әрекеті

Мұғалім әрекеті

Уақыты

Ұйымдастыру


Сәлемдесу


1минут

1.Психологиялық ахуал

Нәтижесі: бой жазады, ортада көңілді ахуал орнайды. Өздері туралы әріптестерінің пікірімен танысады.

«Мен сізді ұқсатамын...» тренингі

Мақсаты: Ортада жағымды ахуал туғызу.

Ойынның шартын түсіндіреді


Музыка қосылып тұрады, әр келген мұғалімге гүл беріп, жақсы тілек айтып тұрады.Шеңбер бойымен тұрады. Бір-бірінің иығына қолын қойып: «Мен сізді ..... киносындағы .... ұқсатамын!» деп айтып, гүл береді.

3 минут





2. Топқа бөлу

Нәтижесі:

3 топқа бөлініп, топ ережесін сақтайды.Ішінен бір адам топ басшысы болып сайланады.

1-топ: «Ақжарқындар» тобы

2-топ: «Байқампаздар» тобы

3-топ:«Шығармашыл жандар» тобы

«Суретте нені байқадыңыз?» тренингі[1]

Мақсаты: Өздері туралы сыни ойлау қабілеттерін дамыта отырып, топқа бөлу.

Психологиялық тренинг арқылы топқа бөледі

Әр мұғалім не байқағанын айтып,3топқа бөлінеді

6 минут

3. Кіріспе

Нәтижесі:

Сын тұрғысынан ойлау тақырыбы ашылады. Тақырып ашыла отырып, түсінік қалыптасады. Сыни ойлау-«ойлау туралы ойлану» . Заман талабына сай мұғалім болу үшін біз өзімізді,ойымызды өзгертуіміз керек деген ой пікірлермен жаңа тақырыптың өзектілігі ашылады.


Бейнеролик «Киви құс»[2]

Мақсаты:тақырыпты ашу, сын тұрғысынан ойлауға үйрету.


«Киви құсы» бейнеролигін көрсету

1.Бейнеролик мазмұнынан не байқадыңдар?

2. Ол арманына қалай жетті?

3.Қалай ойлайсыздар, біз бүгін қандай тақырып төңірегінде сөз қозғамақпыз?

4. Заман талабына сай мұғалім қандай болуы керек деп ойлайсыздар?

(Презентация, теориялық білім беру).

Бейнероликті көріп, өз ойларын айтады. Сұрақтарға жауап береді. Сын тұрғысынан ойлана отырып, өз ойларын айтады, жеке пікірлерін білдіреді.

10 минут






4.Жеке тапсырма

«Балауыз шам...» тақырыбында эссе жазу (тренерім К.З.Жаксылыкованың тәжірибесінен алынған)

Экраннан балауыз шамды көрсетеді, Баяу музыка қосылады.

Өз ойларын ақ қағазға түсіреді

15 минут

5. Топтарға тапсырма

Нәтижесі: Сыни ойлау туралы қабілеттері дамиды.

Мақсаты: сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Әр топ суретке қарап, рөльдік ойын көрсету

1-топ. Рисунок 3

2-топ. Рисунок 4

3-топ: Рисунок 7

Мақсаты: Сыни ойлауға итермелеу.топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Экраннан картиналар көрсетеді.

Экраннан картиналар көрсетіледі, соған қарап әңгіме құрастырып, рөльдік ойын көрсетеді.

20 минут

5. Кері байланыс

Нәтижесі: топтар бір-бірін әділ бағалайды.

«Жүрегімнен шыққан сөз...»

шарларды сыйға тарту арқылы бағалау

Мақсаты: топ аралық бағалауды іске асыру.

Топтармен бірігіп бағалау критерийлерін жасайды.Сол критерийлер бойынша бағалауды ұйымдастырады. Жасыл жүрекше –ұнамады!Сары жүрекше -орташа,алатын мәлімет мол емес!Қызыл жүрек- ризамыз, тамаша болды!

Жақсы тілек, ұсыныстар айтып, келесі топқа шар ұсынады.

5 минут

6. Қорытынды рефлексия

«Бес бармақ» әдісі

Бес саусақ әдісімен рефлексия жасатады.


Коучқа айтар ұсыныс,тілектерін жазып қалдырады.

3 минут






















«Оқытуда сын тұрғысынан ойланудың маңызы» тақырыбындағы коучингтің рефлексивті есебі


Мен, Алматы қаласындағы Өрлеу біліктілікті арттыру орталығында «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы бағдарламасы» бойынша білім мен білігімді арттыру мақсатында, курстан өттім. Алған теориялық білімімді тәжірибеде қолдану мақсатында, жұмыс жасап жатқан Н.Өмірзақов атындағы орта мектепке қайта оралдым.

Өзгеру күрделі процесс, оны өзімнің болашаққа «өзгеру» жолына қадам басқан тәжірибеме қарай отырып, сенімді түрде айта аламын. Сондықтан да бастапқыда әріптестерімнің қажеттіліктерін білу мақсатында сауалнама алғанды жөн көрдім. Әріптестерімнің қажеттіліктері бойынша «Оқытуда сын тұрғысынан ойланудың маңызы» тақырыбында коучинг өткіздім.

Коучингтағы мақсатым - оқытуда мұғалімдердің сыни ойлау дағдыларын дамыта отырып, оқытуда маңыздылығын түсіндіру. Мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлау- «ойлау туралы ойлану» деген сөзді ұғындыру үшін бағдарламаның жеті модулін пайдаландым.

Ортада жағымды ахуал туғызу мақсатында , шеңбер бойымен тұрғызып. бір-бірінің иығына қолын қойып: «Мен сізді ..... киносындағы .... ұқсатамын!» деп айтқыздым. Мұғалімдер жүрекке жылы тиер бұл ойыннан кейін, бір-бірлерімен тығыз байланыс орнатты. Топқа бөлу мақсатында «Сіз нені таңдайсыз?» психологиялық тест алдым. Тест мұғалімдердің өздері туралы мәлімет беретін болғандықтан, өз мінездері туралы бейнеороликті ыждағаттылықпен тамашалады. Нәтижесінде «Ақжарқын», «Байқампаз», «Шығармашыл» атты үш топқа бөлінді. Топ ережесін жасап, топ басшысын сайлап алдық. Бір-бірінің сөзін тыңдап, бір ережеге бағынған ұстаздар бір сіт оқушылар кейпіне енді. Осы тұста бірлескен оқытудың басты талабы орындалғанын байқау қиын емес еді.

Тақырыпты ашу мақсатында «Киви» бейнеролигін көрсетіп, сыни ойлауға итермеледім.

Бейнеролик бойынша мынадай сұрақтар қойдым:

1.Бейнеролик мазмұнынан не байқадыңыздар?

2. Киви құсы арманына қалай жетті?

3.Қалай ойлайсыздар, біз бүгін қандай тақырып төңірегінде сөз қозғамақпыз?

4. Заман талабына сай мұғалім қандай болуы керек деп ойлайсыздар?

Тақырып ашылып, қатысушылармен теориялық біліміммен бөлістім.

Жеке жұмыс жасату барысында «Балауыз шам...» тақырыбында эссе жазғыздым. Балауыз шам туралы эсседе жас ерекшелігіне байланысты әр мұғалімнің ойы әр түрлі өрбіді.

Эссе жазғызудағы мақсатым : сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту, айтылым мен қатар жазылым мәдениетін дамыту.

Топпен бірлестіріп жұмыс жасауда әр топқа суретке қарап, рөльдік ойын көрсету тапсырылды. Бұл тапсырмаға мұғалімдерлің қызығушылығы арта

Әр топ «Жүрегімнен шыққан сөз...» әдісі арқылы жүрек пішінді

шарларды сыйға тартып, бір-бірін бағалады. Бұл жердегі мақсатым: топ аралық бағалауды іске асыру болды.

Кері байланыс ретінде 5 саусақ әдісін алдым.

Бұл жерде қиындық тудырған мәселе кері байланыс жасау кезінде болды. Тек бір екі ауыз сөзбен ойын білдіретін әріптестерім, өз ойларын жеткізуде біршама қиналды. Әр саусаққа жазылған түйіндемелерді ашып айтуда шатасып, ойларын анық жеткізе алмай жатты. «Дұрыс ойлау - дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыратынына» мұғалімдердің көзін жеткізуде өздерінің осы олқылықтары арқылы ұғындыруым ұтымды шықты.

Осы коучингтер өткізу барысында сәтті және сәтсіз тұстарым болды.

Сәтті тұсым: Әріптестерімді қызықтыра тыңдата алғаным және сын тұрғысынан ойлаудың не екендігін олардың өз бойларынан өткізе отырып сөйлете алғаным болды. Коучингтен кейін олардың көзқарастары өзгеріп, өз жұмыстарына деген құлшыныстары артты.

Сәтсіз тұсым: Коучингке шақырылған әріптестерім өз уақытында келмей, кешігіп келді. Рөлдік ойын кезінде бір топта мұғалімдерде дағдының болмауына байланысты ойларын толық айта алмады.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
250
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі