ОҚЫТУДАҒЫ ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ РӨЛІ
Искакова Д.Ж.
«№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Сәтбаев қ.
Сегодня в учебном процессе, важный и трудоемной частью, является оценивание знании учащихся
Today in the educational process an important and time-consuming part is the assessment of students knowledge
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау-оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. «Бағалау» дегеніміз не? «Бағалау» термині латын тілінен аударғанда «жақын отыру» деген ұғымды білдіреді. Бағалау деп -жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру және тәрбиелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады, ой-өрісі кеңейеді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастырудың құралы. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат–оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу.
Мұғалім оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеру сапасын тексеріп қана қоймайды, ол оларды ойлау тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді және біліміндегі кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.
Әр сабақта бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындыққа кездесуі мүмкін екенін анықтау қажет.
Бағалаудың екі түрі бар: формативті (оқыту үшін бағалау) және суммативті (оқуды бағалау).
Сонымен формативті (оқыту үшін бағалау) бағалау дегеніміз не?
Формативті бағалау – оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл бағалаудың түрі күнделікті сабақтағы тәжірибе кезінде қолданылады. Ол мұғалімге сыныптың үлгірімін жаңартуда көмектеседі.
Жиынтық бағалау немесе қорытынды бағалау оқушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы нәтижесін көрсетеді. Бұл бағалаудың түрін және тәсілін мұғалім өзі анықтайды.
Формативті бағалау үшін не қажет?
Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі;
Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек. Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты, бақыланатын, өлшемді мақсатқа жауап беру керек.
Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек. Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып, баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады. Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп, нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.
Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
«Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы
алған білімін қолдана білуі керек
Сондай ақ түрлендіру, дамыту, толықтыру керек. Әртүрлі қалыппен
мәнмәтінде қарастыра білу керек.
Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;
Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.
Оқушылардың өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен біліктері
Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз- өзін бағалау және бірін- бірі бағалау парақтарын, өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.
Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту. Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.
Формативті бағалау оқушының сабақтағы іс-әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігін, өз ойын еркін білдіре алуы, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы (топтық, жұптық), өз әріптесін тыңдап, оған баға бере алуы. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге аспайды. Сабақ барысында формативті бағалаудың мынадай түрлерін қолданған тиімді:
-
Мақтау, мадақтау (мыс: «сенің мына жұмысың керемет екен», «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сіздердің әр қайсысыларыңыздың пікірілеріңіз бізге қымбат», т.б
-
Жылы шырай таныту;
-
Қолдау көрсету;
-
Ынталандыру.
Формативті бағалауды оқыту үрдісінде күнделікті қолданып, өткізілетін сабақта оқушылардың танымдық әрекетіне басшылық жасалады. Ол танымдық белсенділік сабақ дәрежесін жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғыза отырып, оқушылардың келешегіне ықпал етеді. Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Формативті бағалау оқушылардың сыныптағы немесе үй тапсырмасын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген қызығушылығын және жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен әсер етеді екен.
Ал формативті бағалауда: жоспарлау, оқыту және бағалау - біртұтас үдеріс, бағалау идеялары айқын болады, оқушыларды өзін – өзі және өзара бағалауға қатыстыру, оқушылардың жастарына қарай тақырыпты меңгерту деңгейін бағалау, кері байланыс орнату, оқушылар өздігінен оқу нәтижесін жақсартуға ықпалының маңызды екенін түсінеді, жаңа сабақты түсіндіру алдында оқушылардың ағымдық білім деңгейін бағалау жүзеге асырылады.
Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінің артықшылығына сын көзбен қарайтын болсақ:
-оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды;
-білімге деген ынтасын арттырады;
-баланың өзіне деген сенімділігі артып, жауапкершілікті сезінеді;
-оқушының өзін -өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес, кез келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады ;
Баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін анықтайды. Енді осы бағалауды өзімнің тәжірибемде қалай жүзеге асырғанымды айта кетсем, сабаққа дайындалу барысында мен «Оқыту үшін бағалау» үдерісін пайдалану үшін, бағалаудың әдіс-тәсілдерін үнемі ізденумен болдым. Бағалаудағы бірін-бірі бағалау, критерий бойынша бағалау, өзін-өзі бағалау және топ жетекшісінің бағалауы іс-әрекеттерін жүзеге асырдым. Мұнда мен әр сабағымда оқушылардың өздерінің жұмыстарына өздері баға беріп, білім нәтижелерін өз көздерімен көріп, бағалансын дедім. Әр сабағымда сабақ соңында кері байланыс алып, мадақтап, ынталандырып, қорытындылап отырдым. Көбіне осы бағалаудың формативті түрін пайдаланып келемін. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Басбармақ», «Смайликтер», «Бағдаршам», ынталандыру мақсатында қолпаштау, мадақтау, сенім білдіру, сондай- ақ, «Кері байланыс парағы», «Мадақтау сэндвичі», «Post-it» т.б.бағалау түрлерін жоспарладым. Сабақтың әр кезеңдерінде ынталандыру мақсатында қолпаштау, мадақтау, сенім білдіру ерекше көрініс тапты. Бағалаудың бұл түрі оқушыға күш – жігер, сенім берді. Топтық жұмыстан кейін постер қорғаудан соң «Екі жұлдыз, бір тілек» , «Басбармақ» арқылы бағалауда оқушылар нені ? қалай ?не үшін? бағалағанын айтты. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» мен үшін үлкен жаңалық болды. Бұл әдісті сабақ барысында қолдану оқушыларыма жаңа серпіліс әкелді. Себебі оқушыларға оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды үйрету ең маңызды қадам болды. Оқушылар бағалаудың бұл түрін ерекше қызығушылықпен қабылдады. Сабақ барысында оқушылар бір – бірінің жұмысын талдап, жетістігі мен кемшілігін айтып бағалау нәтижесінде олардың арасында тығыз қарым – қатынас орнады. Әсіресе балаларға «Басбармақ» , «Бағдаршам», «Екі жұлдыз бір тілек», «Смайлик» арқылы бағалау түрлері ұнады. Сыныпта өзгеше ахуал байқалды. Сонымен қатар кері байланыс жасауды да үйренді. Оқу мен оқытудағы өзгерістердің бірі сабақ соңында рефлексия жасау.Оқушылардың сабақ соңында бүгінгі сабақ, өздерінің жұмысы туралы пікірлерін білдіріп, рефлексия жазып отыру әдетке айналдыруына басшылық жасадым . Алдағы уақытта да сабақтарымда бұдан да басқа бағалаудың түрлерін іздестіріп пайдалана білу, оқушының қызығушылығын арттыра отырып, білім деңгейін көтеруді алдыма мақсат қып қойдым. Осы мақсатқа жету үшін ізденіп, оқып, оқушы үшін қызықты, нақты баға беретін бағалау түрлерін қарастырып, тәжірибемде іске асырамын деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, формативті бағалауды тәжірибемде қолданудан түйгенім: білім берудегі өз іс-әрекетіңе, оқушы іс-әрекетіне сын көзбен қарап, үнемі ізденісте болып, зерттеу мен оқыту қатар жүретін бағалау түрі екендігін түсіндім. Бағалаудың ерекшелігі мен тиімділігі жайлы оқушылардан, әріптестерімнен сауалнама алдым. Бағалау өлшемдері мен Блум таксономиясына сай сынақ-тапсырма құрастырудың шынайылығы мен әділдігі жөнінде оң пікірлерін білдім және формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік беретінін түсіндім .Себебі жыл бойы қолданған формативті бағалау нәтижесінде менің байқағаным: оқушылар бірін-бірі шынайы бағалай алды, бір – біріне деген сыйластық пен сенімділік орнады, өздерін еркін сезінетін болды, қателіктерін көре білді және оны өз уақытында түзетудің жолдарын іздеп өз бетінше жоюды үйренді. Осының нәтижесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы артты, алған білімдерін өмірде еркін қолдана алатын болды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші базалық деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДБҰҰ, 2012.
2.Қазақстан Республикасы педагог қызметкрлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші базалық деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДБҰҰ, 2012.
3.Құтпанбаев Ә, «Оқушының білімін бағалау дұрыс па?» Бастауыш мектеп №6,2001ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқытудағы формативті бағалаудың рөлі

шағым қалдыра аласыз