400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өндіріс технологиясы - еңбек затының жай-күйін өзгерту және анықтау жөніндегі нысаналы әрекеттен тұратын өндірістік үдеріс бөлігі. Шикізатты, материалдарды немесе дүмбілзаттарды алу, өңдеу не қайта өңдеу тәсілдері мен әдістерінің жиынтығымен, олардың орындалу дәйектілігімен және орындалатын жерімен, қолданылатын құралдардың құрамымен сипатталады. 12.Білім мен дағдыны бақылау және бағалаудың маңызы мен міндеттері. Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы. Білімді тексеруге қойылатын талаптар. Тексеру әдістері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өндіріс технологиясы - еңбек затының жай-күйін өзгерту және анықтау жөніндегі нысаналы әрекеттен тұратын өндірістік үдеріс бөлігі. Шикізатты, материалдарды немесе дүмбілзаттарды алу, өңдеу не қайта өңдеу тәсілдері мен әдістерінің жиынтығымен, олардың орындалу дәйектілігімен және орындалатын жерімен, қолданылатын құралдардың құрамымен сипатталады.
12.Білім мен дағдыны бақылау және бағалаудың маңызы мен міндеттері. Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы. Білімді тексеруге қойылатын талаптар. Тексеру әдістері.

Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының 
білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды. Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.

Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.

Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
•    тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің 
сапасына кері әсер етеді;
•    әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
•    оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған 
қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
•    оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, 
оқуға әсерін білу;
•    білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
•    байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
•    мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, 
бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
•    бағаны әділ қойылуы;
•    оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
•    әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
•    бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі