Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетін қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жинақта жоғары санатты тәжірибелі тәрбиешінің балабақша тәрбиесіндегі озат тәжірибелерінен құралған сабақтарының өзектілігіне, жаңашылдығына негізделген әдістемелік әдіс-тәсілдері жинақталған. Әдістемелік көмекші құрал балабақша тәрбиешілеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы




ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫ



«ДӘУІР» БАЛАБАҚШАСЫ







Сырбекова О.Ж.








БАЛАБАҚША ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері арқылы жеке тұлғаны

тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетін қолдану




мектепке дейінгі ұйымдарына арналған көмекші әдістемелік құрал

































Кентау, 2023 1





ББК 251.2











С 37 Сырбекова О.Ж.

БАЛАБАҚША ҰЛТТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетін қолдану / Мектепке дейінгі ұйымдарына арналған көмекші әдістемелік құрал. Кентау: Еркин и К., 2023. - 28 бет





Бұл жинақта жоғары санатты тәжірибелі тәрбиешінің балабақша тәрбиесіндегі озат тәжірибелерінен құралған сабақтарының өзектілігіне, жаңашылдығына негізделген әдістемелік әдіс-тәсілдері жинақталған.

Әдістемелік көмекші құрал балабақша тәрбиешілеріне арналған.






























© Сырбекова О., 2023 © Еркин и К, 2023



2













































Сырбекова Оразкуль Жексенбиевна




жоғары санатты тәрбиеші














3




Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы

педагогтардың республикалық тамыз мәслихатында сөйлеген сөзінен





























ілімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез", деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты әрі күрделі міндет.Сіздердің арқаларыңызда тұтас бір буынның құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады.

"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген халқымыз. Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет. Тарихы терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы беріледі.

Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы.

"Жеті түрлі ілім білетін" ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі міндеті.





4

КІРІСПЕ



Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайларжасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», делінген.

Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты болашақ иелері бүлдіршіндерімізге тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар:

Шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Ол білім беру заңдылықтарына байланысты өзгеріп дамып отырады. Біз бала тәрбиесіне қатысты зтәрбиешілер қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұнын жүзеге асыруда 4 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, ұйымдастырылған оқу қызметінің білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарының жүйелілігі мен бірізділігі сақталып әзірленді.

Тақырыпқа сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда сахналық қойылымдарды тәжербиеде пайдалану әдістері отандық және шетелдік ғалымдардың: Л.В. Артемова, Л.В. Ворошина, Л.С. Фурмина, Б.Б. Баймұратова, Т.Қалдыбаева т.б еңбектерінде сипатталған.

Арт терапия терминін ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт терапия ағылшын тілінен аударғанда «шығармашылық терапия» дегенді білдіреді.

Арт терапияның ерекшеліктері: музыкалық терапия, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, фото терапиясы, құм терапиясы, маска терапиясы т.б

Жас баланың ойлау, есте сақтау, сөйлеу, көру қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиеті үлгілерінің алатын орны ерекше. Солардың ішінде көп тарағанүлгілерінің бірі ертегілер. Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ертегі баланың қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды.

Ертегілер халқымыздың тұрмыс-салтын, арман-үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді салаларының бірі. Ертегілердің білім мен тәрбие беру саласында маңызы өте зор. Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегілерді оқып беру арқылы



5

адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Әрбір ертегіні оқып беріп, таныстыру арқылы танымдық қабілеттерін арттыруға болады. Балабақшадағы жоғарғы топтарда өткізілетін әрбір ұйымдастырылған оқу қызметтерінде ертегілерді негізгі динамикалық қозғаушы күші, яғни дидактикалық көрнекіліктерретінде пайдалануға болады.

Ертегі терапиясы –психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкерлердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдына пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштейдайындығын тудырады. Баланың жақсылық пен жамандықтыайыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектеседі.

Бала тәрбиесінде үлкен орын алатын мәселенің бірі- балалардың тілін дамыту. Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін жүйелі түрде пайдалана білу баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп, ұғымын байыту. Театрланған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру. Сонымен қатар , баланың ойлаубелсенділігі артады, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, өз ойын еркін жеткізе алады.

Мақсаты: тәрбиешілерге білім беру процесін тиімді ұйымдастыруда көмек көрсету және мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын дамытып, тілін дамыту және тілге деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.

Әдістемелік құралдардың міндеттері: -балаларды театр мәдениетіне баулу;

- таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналауға үйрету;

-шығармашылық қабілеттерін көрсетуге жағдай жасау;Ертегі терапияның жетістіктері:

-баланың сөйлеуін дамытады, сөздік қорын дамытады, дұрыс диалог құруғакөмектеседі;

-баланың эмоцияларын дамытады, бала ертегі кейіпкерлерін елестете отырып, кейіпкерлердің ішкі дүниесін ұғынуды, оларға жанашырлықтанытуды үйренеді;

-баланың қиялы, шығармашылық қабілеттері артады; -балаға жағымды эмоционалдық көңіл күй сыйлайды;

-баланың ертегіге деген сүйіспеншілігі оянып, әртістік қабілеті артады. Қорыта келгенде ертегі терапиясы балалардың көркем қабілеттерін

жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға арқылы қарым қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Қалай десек те ертегі балалар үшін мереке, демалыс орны.














6



Shape1 ҰСЫНЫЛЫП ОТЫРҒАН ӘДІСТЕМЕНІҢ ТИПІ: Әдістеменің іс-әрекетінде басымы: шығармашылықзденушілік. Мазмұны: әлеуметтік-педагогикалық.

Әдістеменің қатысушылары: балалар, тәрбиеші, ата-аналар. Өткізу мерзімі: ұзақ мерзімді.

Байланыс мерзімі бойынша: Б.Б.Ұ.



ӘДІСТЕМЕНІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ:

«Бала ана тілін үйрене отырып тек қана шартты дыбыстарға үйренбейді, ана тілдің туған кеудесінен рухани өмір мен күш емеді, ол оны қоршаған адам-дардың мінез-құлқы мен, өзі өмір сүретін қоғаммен, оның тарихи және алға ұмтылуымен таныстырады. Бұлай ешбір тарихшы таныстыра алмас еді, ол оның танымына халықтың поэзияға апарады, бұлай ешбір эстетик апара алмас еді». (К. Д. Ушинский).



ӨЗЕКТІЛІГІ:

Ерте балалық шақ - Өмір бастауы. Оны таңғы араймен, рауандап атып келе жатқан күннің нәзік шапағымен салыстыруға болады.

Баланың мектепке дейінгі өмірі көбінесе, бізге, ересектерге, байланысты. Және, біз, үлкендер, баланың өмірін мейірім мен шуаққа толтыруымыз керек, ол өмір сүріп жатқан ортаны рухани байтуымыз керек. Ал ортаны не рухани байытады? Мен мынадай қортындыға келдім: педагогтың басты міндеті - Бұл мектеп жасына дейінгі мекемелерде халық ауыз әдебиетін қолдануда, тіл дамуы және оларментанысу мінездемесі, қазақ хақының ауызша шығармашылық туынды түрі мен мазмұнының ерекшелігі ескертілінген.

Менің жобамның қатысушылары 3-5 жастағы балалар, тәрбиешілер және ата-аналар. Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тек ана тілін ғана танып біліп қоймайды, соны мен қатар оның сулулығын меңгере отырып, өз халқының мәдениетіне араласады, ол туралы алғашқы әсерін алады.



КОНЦЕПТУАЛЬДЫҒЫ:

Халық ауыз әдебиеті қазіргі заманда әдістемемен қатар қолдану, баланың тілін жақсартады және баланың шығармашылық, коммуникативтік, танымдық қабілеттерін деңгейіне көтереді.



ҒЫЛЫМИЛЫҒЫ:

Отандық педагогтар: Б. Б. Баймұратова, А. К. Меңжанова, Қ.М. Меңдаяхова.

Және басқалаларының зерттеулерінде, мектепке дейінгі жас Бұл баланың жалпы алғандағы тұлға ретінде белсенді шығармашыл дамуының кезеңі және байланыстырып сөйлеуі жетілді деп көрсетілген.




7



Бала тілі және оның мәнерлерінің дамуының негізгі Ол халық ауыз әдебиетінің туындылары, оның ішінде кіші түрлері (жұм-бақтар, санамақтар, бесік жыры, т. б).

бастауы фольклоры



Shape2 ПРОБЛЕМАЛАР:

Соңғы кезде балалардың сөйлеу, тіл дамуының проблемасы өткір мәселе Болып тұр. Неге балалар нашар сөйлейді? Мүмкін біз олармен сөйлеуді ұмытқандықтан балалар. Ата-аналар балаларымен сөйлескенде мақал-мәтел, на-қыл сөздер сирек қолданады. Негізінде, халық ауыз әдебиеті адамдарды мейрім шуағын оятатын ғажайып қабілетке ие. Балалармен жұмыс жасағанда халық ауыз әдебиетін қолдану Баланың тілін, ойлауын дамыту, мінез-құлқын реттеу, жеке тұлғаның ара қатынаста дұрыс моральдық тәжірбие жинақтау үшін жақсы жағдай жасайды.



ӘДІСТЕМЕНІҢ ГИПОТЕЗІ:

Бұл жобамен жұмыс жасағанда мен мынадай қортындыға келдім: егер халық ауыз әдебиетін оқутудың қазіргі әдістемесімен қатар қолданса, онда баланың сөйлеу тілі жақсарады, танымдық, комуникативті қабілеттерінің деңгейі артады.



ӘДІСТЕМЕНІҢ МАҚСАТЫ:

Халық ауыз әдебиетінің негізінде баланың шығармашылық танымдық, ком-муникативті қабілеттерін дамыту.

Баланың тілдік (сөйлеу) іскерлігінің даму деңгейін анықтау,

баланы өз халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру,

қоршаған орта (ақиқат) туралы білімін кеңейту, туған тілінің ритмі, сазы, көркем формасын нәзік сезіне білу іскерлігін дамыту.



ӘДІСТЕМЕНІҢ МІНДЕТІ:

балаларды қоршаған орта-табиғатпен (өсімдік, жануарлар, құстар), қазақ халқының өміріұрмысымен таныстыру.

диалогтың, монологтың сөйлеуін дамыту.

халық ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырғанда эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

тәрбиелеу барысында оң өзгерістерге бағытталған ізденімпаздық іс-әрекетін қалыптастыру.

ауызекі сөйлеудің негізін қалауға, ана тілін меңгеруіне көмектесу.



ӘДІСТЕМЕНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ:

Әдістері: Жобаны іске асыруда әртүрлі әдәс-тәсілдерді қолданам. Сөздік: әңгімелеу, баяндау.

Ойын: дидактикалық, қимыл ойындар.




8



Shape3 Көрнекілік: плакаттар, макеттер, альбомдар, мультимедиалық әдістемелер.

ФОРМАЛАРЫ (ТҮРЛЕРІ)

Тақырыптық сабақтар, әңгімелер, бақылау, ойындар, әр түрлі жағдаяттарды модельдеу, өлең, жұмбақтар жаттау, тәрбиешілер және ата-аналармен кеңес.

Беру жұмысы, дидактикалық, қимылды, сюжетті-рольдік ойындар, еркін - Өздігінен іс-әрекеттер, жеке жұмыс.

Жұмыс барысында оптимальді, тиімді тәсілдер деп мыналарды атар едім,

әртүрлі іс-әрекет түрлерімен кіші фольклор түрлерін тиімді қолдануда баланың белгілі тілдік мазмұнын меңгеруге бағытталған тақырыптың сабақтар циклын өткізу

қимылды ойындар, дидактикалық, сюжетті-рольдік ойындар, драматизация өткізу;

арнайы, ойын тапсырмалары; психогимнастика;

ата-ана, тәрбиешілермен кеңес беру жұмысы;

еркін өздігінен іс-әрекеттер, жұмбақтар шешу, бақылаулар жүргізу; біріккен іс-әрекет;

Тәжірбие көрсеткендей ББМ және отбасы ортақ мәселені Халық ауыз әдебиеті арқылы коммуникативті іскерлікті қалыптастыруға әсер етеді.

Ата-аналар және балалармен бірігіп тәрбиелік ісаралар, ата-аналар жиналысы, конкурстар, көрмелер ұйымдастырылады.



ӘДІСТЕМЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ: Бұл жоба 3 кезең бойынша өткізіледі.

Кезеңдер және өткізілетін мерзімі. 1 кезең - дайындық

2 кезең - практикалық 3 кезең - қортынды

1) дайындық: мақсаты мен міндетін дайындау, халық ауыз әдебиеті туралы әдебиеттер дайындау

2) жеке-зерттеушілік: (негізі) жобада белгіленген негізгі шараларды орындау

3) қортынды: жұмысты, анализін, шығарылған қортындыны жинақтау.



НӘТИЖЕЛІГІ:

Халық ауыз әдебиетін күнделікті сабақ кестесінде, ойын іс-әрекеттерінде жиі қолдану баланың қиалын, ойлауын дамытады, рухани дамуына әсер етеді, адамгершілік қасиетке тәрбиелейді, халықтық поэзияға баулиды.




9



Shape4 Кіші фольклорлы формалардың көмегі мен тіл дамуының әдістемесінің барлық мәселелерін шешуге болады. Сондықтан, мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда мен халықтың сөйлеу.

Мәнерінің бай материалы; ертегілер, санамақтар, шарадар т. б. қолданамын. Жоғарыда аталған баланың тілін дамыту мәселерін шешуде мен бала фольклоры негізінде ойындар картотекасын құрдым; бұл қимылды ойындар, дидактикалық, саусақ ойындары.

Бала тілін дамыту жұмысында ең тиімді түрі-ол әртүрлі қызықтар мен ойын-сауықтар. Сондықтан ойын-сауықтың көркем-эстетикалық циклын құрастырдым. Үстел үсті театры құрылды: «Мақта қыз бен мысық», «Маша мен аю», «Бауырсақ» .т. б.

Фланеграфтағы театрлар; «Шұбар тауық», «Шалқан», «Үш аю» .т. б. Ұлттық ойындар картотекасы құрылды: «Тақия тастамақ», «Аңшы». «Ақ серек, көк серек». «Қыз қуу» .т. б. мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік тұрмысын байытып, балалардың дүниетанымын кеңейтеді:

кіші кітапшалар дайындалды;

топта ертегілері бар аудио, видио дискілер бар; сұрақтар алынады;

балалар суретінен байқау көрмелер уйымдастырылады; ашық тәрбие сағаты, мерекелер;

сауалнама; әңгімелер;

жеке, ұжымдық кеңестер; ата-аналар жиналысы;

қазақ, орыс халық ертегілеріне костюмдер, атрибуттар жасауға көмекке атаналар тартылады;

бірнеше мәрте жұмыстарымен бірлесіп көрмелер уйымдастырылады.

ата-аналар бұрышында жиі-жиі баланың сөйлеу жылдамдығын дамытуға арналған материалдар, халық ауыз әдебиеті туралы альбомдар қойып отырдым.



ӨТКІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР КЕЛЕСІ НӘТИЖЕЛЕРДІ КӨРСЕТТІ:

Балалардың сөйлеу сапасы, ойлауы, қабылдау, қозғалыс шапшаңдығы, еңбексүйгіштін қаблеттері жақсарды. Қазақ халқының мәдениеті туралы білімдері кеңейді.

Балаларды ұлттық мәдениетке баулу туралы ата-аналарға әдістемелік ұсыныстар дайындалды.

Ата-аналардың көмегімен топта қазақ, орыс ағылшын халық ертегілерінен туратын балалар кітапханалары жинақталды. Мен, фольклор баланың ауыз екі сөйлеу тілін тиімді дамытатынына, оның рухани, эстетикалық, эмоционалдық дамуына әсер ететіне сенімдімін.




10



Shape5 ДИАГНОСТИКА

Бұл Әдістеменің іс-әрекетінің нәтижесін диагностикалау менің балаларды халық ауыз әдебиетінің таныстыру жұмысын енгізуімнің тиімділігін көрсетті. Балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейінің жоғарлағаны, топтағы балалардың 86% даму деңгейі өсу нормаларына сәйкестігі байқалды. Мен баланың ауыз екі сөйлеуінің дамуына, рухани, эстетикалық, эмоцоналды дамуына фольклор тиімді әсер ететініне сенімдімін.



НӘТИЖЕСІ

Сонымен, баланы халық мәдениетіне баулуды ерте жастан бастаған дұрыс. Менің жұмысымның нәтижесі мынаны көрсетті фольклор бала тәрбиесінде оның дамуының бастапқы кезеңінде халық даналығын бойына сіңіруде фольклордың ролі өте зор.

Бала шығармашылығын еліктеуге негізделген, ол баланың дамуында, тілін дамытуда негізгі фактор болып табылады. Алдағы жұмыстарымда мен халық ауыз әдебиетінің барлық түрі мен формаларын енгізіп, тиімді пайдаланатын боламын, себебі халық ауыз шығармашылығынсыз баланы патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мүмкін емес.



































11



Shape6 БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДА ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ



Shape7 Халық ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай, асыл қазына, халық шежіресі. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.

Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады.

Бүлдіршіндердің ой - өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың тигізетін пайдасы ұшан - теңіз.

Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы мақал - мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ – жаңылтпаштар - бәрі де балабақшада кеңінен пайдаланатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үйретеді. Балабақша бағдарламасында ауыз әдебиет үлгілері үйретуге баса назар аударылған. Онда оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеп беруге үйрету, ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс - әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарды бұлжытпай жатқа айта білуге, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу болып табылады.

Қазақ халқының тұрмыс салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу сызу өнері болмаған кездің өзінде ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп келеді.

Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады. Әсіресе, адам өміріне байланысты іс - әрекеттер өткір сықақ - мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:

1. Қиял - ғажайып ертегілері

2. Хайуанаттар жайындағы ертегілері



12



Shape50 3. Тұрмыс - салт ертегілері 4. Аңыз ертегілері

Мектеп жасына дейінгі балаларға осы аталғандардың бастапқы екі түрі оқытылады. Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады.

Кіші топтарда (3 - 4 жас) ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересектер тобында (5 - 6 жас) оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.

Мұндағы мақсат ертегіні әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету болып табылады.

Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы -мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақтың мақал - мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ - бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады.

Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой - қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.

Бала тілін дамытуда, ой-өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор.

Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу сызу өнері болмаған кезде ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмір, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік идеялық нәрімен, эстетикалық қуат тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық әлеуметтік және тәрбиелік терең мән – мазмұнымен ерекшеленеді.

Халық ауыз әдебиеті талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтың мақал мәтелдері болсын, жұмбақ – жаңылтпаштары мен ертегілері болсын бәрі де балаларды Отанын сүйюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі. Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, мақал мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар бәріде балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер. Қазақ халқының тұрмыс салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу сызу болмаған кздің өзінде ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді.




13



Shape93 Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілік жағдайына байланысты туған. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларыжас бөбектердің ой өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:

1. Имандылық пен адамгершілік 2. Патриоттық

3. Эстетикалық

4. Табиғатқа деген сүйіспеншілік 5. Өнер

Ауыз әдебиетінің түрлері: 1. Ертегілер

2. Жұмбақтар

3. Жаңылтпаштар 4. Мақал–мәтелдер 5. Тыйым сөздер

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:

1) жануарлар ертегілер;

2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; 3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;

Жұмбақ адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель Жұмбақ жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда фольклорлық жанр”, халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығармылығында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Мақалмәтел — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады.

Тыйым - тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл,



14



Shape136 әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» деген мақал осыған байланысты шыққан. «Бүйірін таяну қайғының, жағын таяну - мұң-шердің, жүресінен отыру -әдепсіздіктің белгісі» деп танып, оған тыйым салған. Демек, тыйым -халықтық педагогиканың құрамдас бөлігі. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.

Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.

Күтілетін нәтиже:

1. Сын тұрғысынан ойлауы дамиды. 2. Қызығушылықтары оянады.

3. Мағынаны ашуды (ажыратуды) үйренеді. 4. Тілдік қоры дамиды.

Қорытындылай келе халық ауызы әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу ісәрекеттері мен оқу ісәрекетінен тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білу керек.

Балалардың санасына туған еліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі ұялады. Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жанжақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызды орнын көрсетуге болады.

Ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік, пайымы, тәлім тәрбиесі бар. Осыдан үлгі–өнеге алып, ата–бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай, мына жаһандану заманында құндылығын арттыра берейік.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сіздермен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық, қадір-қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»- деп айтқандай бала біздің болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептеймін. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер, тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселелердің бірі. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы



15



Shape180 қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады. Болашақтың базары да, келешектің-кемеңгерлері де балалар емес пе? Саналы, өскелен ұрпақ тәрбиелеу-әрбіртәрбиешінің міндетті. Баланың ойрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор. Кеше ғана аяғын аттап басқан жас сәбидің алғашқы рет қоғаммен араласуы балабақшадан басталады.

Тәрбиеші оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, озық дәстүр ұлттық рухында тәрбиелеп сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың дәстүрлі әдіс тәсілдерін пайдаланып, игі нәтижеге жету. Педагогикалық үрдісте бала жанының қозғалысы педагог жанының үйлесімін тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады.

Бала келешек, бала үміт, бала өмірдің жалғасы. Сол себепті де баланы тәрбиелеу баршаның ісі.

Еліміздің көркейіп болашақта өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейне сінен көрінеді. Сондықтан дені сау, жаны таза, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу менің басты мақсатым деп білемін.





































16



Shape200 БАЛА ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ



Халқымыздың бай ауыз әдебиеті арқылы ата-бабаларымыз қалдырған мұраларға сүйеніп, балдырғандардың еңбекке, өнер-білімге деген құлшынысын арттырып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын біліп өсуіне, рухани адамгершілік қасиеттерге баули аламыз. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін бала тәрбиесіне арқау етіп, өнеге көрсетудің маңызы зор.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде ауыз әдебиетіндегі өлең-жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтар, шешендік сөздер, тиым сөздер, санамақтар әр тәрбиешінің жұмысында негізгі орын алуы тиіс. Осы салаларды балалардың жас ерекшеліктеріне қарай және оларды жалықтырып алмайтындай етіп, бойларына сіңіру әрі олардың тілдерін дамыту үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, сәби жастан бастап балаларға ертегі тыңдатып, халық ауыз әдебиетімен сусындату келешек ұрпақтың ойының ұшқырлығына, тілінің байлылығына, сана сезімінің өсіп дамуына көп әсерін тигізеді.

Халықтық тәлім-тәрбиедегі санамақтар баланы тез санауға және де ауызша есептерді тез үйренуге тәрбиелейді. «Ойлайық та, ойнайық», «Шешендікке баулу», «Ойнай біл, ойлай біл», «Сергіту жаттығулары», «Әдемілік, әдептілік» атты кітапшалар 5-6 жастағы балалармен ойын түрінде өткізілетін сабақта қолдануға болады.

Санамақты халық негізінен жас балаға сан үйрету мақсатында шығарған. Санамақ балаға санды үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Балаларды шешендікке баулуда билермен хандардың, ақындар мен шешендердің, данышпандардың өнегесін үнемі үйретіп отыру қажет. Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі балалардың ең сүйіп тыңдайтыны ертегілер.

Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс, анық сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр жаңылтпаштар мен жұмбақтар. Жаңылтпаштар арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді, ал жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын ұштауға әсер етеді.

Мектепке дейінгі балаларды өз ана тілінде сөйлеуге үйретуде, тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу тілін дамытуға, сөз құрастырып сөйлеуіне, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.

Балабақшада тіл дамыту жұмыстарын айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен таныстыру арқылы жүзеге асыруға болады. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материал оның даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болғаны жөн. Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті, олардың сөз қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы керек.



17



Shape203 Ертегі адам даналығының қиялажайып туындысы, ол адамды қуанышқа кенелтеді, өз күшіне, болашағына деген сенімін ұштап, батырлыққа, адамгершілікке, шынайылыққа тәрбиелейді. Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі балалардың ең сүйіп тыңдайтыны ертегілер. Балаларға ертегіні әңгімелеп бергеннен кейін оны сахналап қойып, және қуыршақ, саусақ театрлары арқылы көрсетіп үйреткен тиімді.

Қазақ ертегілері адамды сиқырлы күштермен таңғалдырады: самұрық құстың алыптығы, адамша сөйлейтін Шалқұйрық, жәндіктер де бар… Бұл ғажайып кейіпкерлер ертегіден ертегіге «көшіп» жүреді. Ертегі мен кейіпкерлердің аттары әртүрлі, сюжеттері ұқсас болып келеді. Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі. Өйткені, оның жаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы, жанға жайлы, рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектіні сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақұлықтың бәрімен табыстыратын, терең де таңғажайып сырларға толы ертегілер.

Тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаларға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінезұлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Балалық шақтан балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі танысады. Дегенмен, отбасы, балабақша балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты оятуға бағытталуы керек. Болмысқа танымдық қатынасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы өмірді тікелей бақылаудан басқа танымдық әдебиеттерде жатыр. Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырған талаптардың бірі – өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілік, еңбексүйгіштікке деген көзқарасын арттыру болып табылады.

Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, мұның жасөспірімдерге танымдық әсері жоғары. Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де, терең ой да, тамаша үздік кейіпкерлер де табылады.

5-6 жастағы балаларға кітаптан көлемдірек ертегі, әңгіме оқып беріп, оқылған шығарманы 15-20 минут тыныш тыңдай білуге, әңгімелеп беруге үйрету қажет. Сондай-ақ оқылған әңгіме, ертегі мазмұнына сай бір оқиға



18



Shape244 төңірегінде (демалыста, саяхатта) сурет бойынша әңгіме құрап айтуға мүмкіндік жасау керек. Мысалы. «Шалқан» ертегісіндегі кейіпкерлерді рет-ретімен қою арқылы бала ертегіні толықтай айтып шығуға талпынады.

Шығармаларды оқытқан кезде қоғамдық өмірге, іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн. Көркем әдебиет арқылы бала тілін дамытуда тек қана ертегі, өлең, әңгімемен шектелмей жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтел түрлерінің де мәні зор.

Бала тілін дамытуға көркем әдебиет түрлерін орынды пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп, ұғымын байытады.

Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек алатын жері – ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Біз болашақ ұрпақ тәрбиесімен айналысатын қазақ тілі мұғалімдері халқымыздың таусылмас бай асыл мұрасына жүгінсек, ұрпағымыз біздің іс-тәжірибемізге, ой-санамызға, парасатымызға жүгінуі тиіс. Біздің балабақшамыздағы жүргізіліп жатқан жұмыс бағыты балаларды ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерге, адамгершілікке баули отырып, жаңа дәуір технологиясын табысты игеру. Алға қойған мақсатымызды жүзеге асу үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді толық меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады. Ана тілін қастерлеген адам өз халқының тарихын, тұрмыс жағдайын, тыныс тіршілігін жақсы біледі.

Сондықтан балабақшадан бастап өз ана тілімізде сөйлеп, өз халқымыздың қадір-қасиеті, рухани құндылығымызды біліп өссек, болашақ ұрпақта өз тілін қадір тұтады. Тіпті өмірде болып жатқан жаңалық та, басқа да өзгерістер біздің сана-сезімімізге өз деңгейінде келіп жетіп, жалғасын табады. Бала бойына Отанына деген сүйіспеншілік қасиет сәби шағынан бастап сіңеді. Тіліміздің құндылығы бала жүрегінде сақталады.

Біздің «177 бөбекжай» балабақшасында тәрбиелеу, оқыту жұмысында балалардың тілін, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті ісрекет кезінде тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі.

Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын тапсырма жаттығулардың орны ерекше.

Отбасында, ұйымдастырылған оқу, іс әрекеттер де балаларға ертегі, әңгіме, өлеңдерді оқып беру балалардың оқылған шығармалардың мазмұнынан қуанышқа бөленіп, оқиғаны талдауға қатысуға, оны сахналауға ынтасын оятады.




19



Shape287 Ата-бабаларымыз өмірдегі бар асылын ұрпағына арнаған, оның келешегін әріден ойлап, нәрестенің дүниеге келген сәтінен-ақ шілдехана, бесіктойы, тұсаукесу, тілашар рәсімдерін жасаған. Оны өлең жырмен кестелеп, баланың құлағына әуенмен жеткізе білген. Халықтық педагогика – ұлттық қазына, сондықтан да оқу-тәрбие жұмыстарына оны кеңінен қолданып, бала бойына ата-баба өсиеттерін, салт-дәстүрін сіңіріп, халық қамын ойлайтын тілін, дінін терең білетін, ұлтжанды, білімді жас ұрпақ тәрбиелеу баршамызға ортақ міндет. Олай болса, тәрбие саласындағы еңбегіміз қашанда жемісті болсын.

















































20



Тақырып: «АРЫСТАН МЕН ТЫШҚАН» ЕРТЕГІСІ



Мақсаты: Ертегі желісімен таныстыра отырып, ертегіге қызығушылықтарын арттыру, мәдениеттілікке дағдыландыру достыққа тәрбиелеу.



Көрнекі құралдар: орман суреттері, үнтаспа, арыстан, тышқан суреттері



Сөздік жұмыс: қайырым, кәдеге жарармын



Билингвалдық компонент: арыстан - лев, тышқан – мыш



ҰОҚ барысы:



Тәрбиеші:-Балалар, қолымдағы көңілді доптықасыңдағыбалаға беруарқылы жақсы тілектерімізді айтайық, досымызға жақсы көңіл күй

сыйлайық.

Балалар біріріне жақсы тілек айтып, орындарына отырады.

Жақсы балалар! Бүгінгі күнімізді мейіріммен, жақсы көңіл күймен жасайық. -Қазір жылдың қай мезгілі?

үз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? -Күз айларын ата?

лай болса, күз мезгіліне байланысты кім тақпақ айтып береді?



ТОСЫН СӘТ:

Осы кезде есік қағылады.

Тәрбиеші: -Балалар, есік қағылған сияқты. Кім болды екен?



Ертегі ханшайымы келеді. Қолында сиқырлы айнасы бар.



Ертегі ханшайымы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар амандасады.

Ертегі ханшайымы: Менің қолымдағы сиқырлы айнамның көмегі арқылы сендердің араларыңа келіп қалдым. Сиқырлы айнам мұнда ертегі тыңдағанды ұнататын балалар бар екенін айтты. Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?

Балалардың жауабы тыңдалады.

Тәрбиеші: Ертегі ханшайымы, бізге келгеніңіз қандай жақсы болды. Біздің балалар ертегі тыңдағанды ұнатады және де көптеген ертегілер біледі.

Ертегі ханшайымы: Жақсы, олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын. Шешімін тапсаңдар бүгінгі айтар ертегімнің атауы шығады.

Жұмбақ:

1. Бір аң бар қайраты бар, болған күшті.Басынан өткізеді әрбір істі. (арыстан) 2.Үй ішін аралап,



21



3.Түнде көп жортады.Қаптарды теседі, Мысықтан қорқады. (мысық)

Ертегі ханшайымы: Сендер зерек балалар екенсіңдер. Ендеше бүгін «Арыстан мен тышқан» ертегісін айтып беремін.

Ертегі ханшайымы ертегіні мазмұндап береді. Бейне таспалар арқылы ертегі көрсетіледі.

Ертегі ханшайымы: Менің ертегім сендерге ұнады ма? Балалардың жауабы тыңдалады.

Ертегіде не туралы айтылған?

Арыстанды неге аң патшасы дейміз? Тышқанның орнында болсаң сен не істер едің?



Сөздік жұмыс: қайырым- жақсылық жасау, кәдеге жарармын-менің де бір көмегім тиер деген мағынады.



Сергіту сәті:

Қасқыр ағаш жарады. Түлкі кілем қағады.

Елік тамақ пісіріп, Қоян үйді салады. Кірпі көйлек тоқиды, Тиін сабақ оқиды.



Дидактикалық ойын: «ДАУЫСЫН САЛ, ҚИМЫЛЫН КӨРСЕТ» Ойынның шарты: кубиктің жан жақ бетіне аңдардың суреті жапсырылады. Кубикті лақтырып қандай аң түссе сол аңның дауысын салып, қимылын көрсетеді.

Ертегі ханшайымы: -жарайсыңдар, балалар! Зерек, ақылды, көңілді балалар екенсіңдер. Сендерге ертегілер елінен сыйлыққа әдемі көбелектер

алып келдім. Сыйлығымды қабыл алыңдар! Енді менің ертегілер еліне кетер уақытым болды.

Тәрбиеші: Ертегі ханшайымы, қызықты ертегіңіз үшін және де сыйлықтарыңызға үлкен рахмет!

Балалармен қоштасып, Ертегі ханшайымы шығып кетеді.



Рефлексия:

1.Бізге бүгін қонаққа кім келді? 2ендерге қандай ертегі айтып берді? 3.«Жақсылық еккен, алғыс орады» мақалын қалай түсінесің?Тәрбиеші балаларды мадақтап, көбелектерді сыйлайды.














22



10-тақырып: «АРЫСТАН МЕН ТЫШҚАН» ертегісін сахналау.



Мақсаты: Балаларды ертегі желісі бойынша рөлдерге бөліп сахналауға үйрету. шығармашылық қабілеттерін дамыту, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: орман көрінісі, бетперделер



ҰОҚ барысы:

Тәрбиеші: Балалар, бүгін менің қолымда қызыл жүрекше бар, сол жүрекшелерді бір-бірлеріңе беру арқылы аналарыңның сендерді еркелететін сөздерін айтыңдар.

балапаным; -ботақаным ; -арыстаным; -күнім;



Тәрбиеші: жарайсыңдар! Балалар, біз бүгін сендермен орманға саяхатқа шығамыз. Орман дегенде көз алдарыңа не келеді?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Орманға саяхатқа шықпас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысып алайық. Орманға барғанда жүгіріп, топтан бөлініп қалуға болмайды;

-Орманда айқайлауға болмайды;

-Тамақ қалдықтарын тастап, от жағуға болмайды;

Орманға жету үшін автобусқа отырамыз. Жол қысқару үшін әндетіп барамыз. Балалар екі қатар тізбектелген орындықтарға отырып жайғасады.

Автобус алға зулайды. Бағыттан еш аумайды. Зыр айналар дөңгелек, Көлік бізге ең керек.

Тәрбиеші: қараңдаршы, балалар, күзгі орман қандай әдемі! Ағаштардан түскен сары жапырақтар жерді жауып тастапты, бейне бір сары кілем төселгендей. Ағаштардың басында тиіндер қыстық азықтарын жинап жүр. Кірпі де ініне тамақ тасып жүр. Жан-жануарлар қыстық азықтарын қазірден жинап қамданып жүр. Балалар, мына үйде кім тұрады екен?

Алдарынан Орманшы атай кездеседі.

Тәрбиеші: Амансыз ба,Орманшы атай. Біз балалармен күзгі орманды тамашалауға келіп едік, сізді жолықтырдық.

Орманшы атай: Амансыңдар ма, қарақтарым! Мен орманшы аталарыңмын. Менің орманыма қош келдіңдер! Орманнан не көріп тамашаладыңдар? Балалар: -күзгі ағаштарды;

-Тиін , кірпілерді;

-жанануарлар қыстық азықтарын жинап, қысқа дайындалып жатыр.Негізгі бөлім:

Тәрбиеші: біз өткен оқу қызметімізде «Арыстан мен тышқан» ертегісімен танысқан болатынбыз. Бүгін осы ертегімізді Орманшы атайға сахналап берейік.



23



Балалар ертегі желісін еске түсіреді, бетперде киіп сахналайды Бірінші бала (автор): Ерте, ерте, ертеде орманда аң патшасы арыстан

ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстан ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалыныпты.

Екінші бала (тышқан):Тақсыр, мені өлтірмеңіз, бір жолға кешіріңіз . Мен де бір күні қызметіңе жарармын

Бірінші бала(автор): депті . Арыстан оның сөзіне күліп

Үшінші бала (арыстан): Сен өзің бір кішкентай тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың

Бірінші бала(автор): деп жаны ашып, тышқанды қоя береді. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым» деп , жүгіріп ойнап кете беріпті. Күндердің

күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты. Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл хәлін көріп, қасына келіп қарап тұрса, арыстан тышқанға қарап:

Үшінші бала (арыстан): Маған көмектесе аласың ба?

Бірінші бала(автор): Деп сұрайды. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарады. Тышқан арыстанға

Екінші бала ышқан): Мені кішкентайсың деп, мән бермеуші едің. Міне, сені бір ажалдан алып қалдым

Бірінші бала(автор): Депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайырымы болатынын жақсы түсініпті.

Орманшы атай: Жарайсыңдар, балалар! Сендердің өнерлеріңе тәнті болдым.



Сергіту сәті

Біз орманға барамыз. Жан жаққа қараймыз. Аю шықты қорбаңдап, Қасқыр шықты ырылдап, Түлкі шықты майысып, Қоян шықты секіріп, Қорықпаңдар балалар, Өз орныңды табыңдар!



Дидактикалық ойын: «ҚҰРАСТЫР»



Ойынның шарты: берілген қиындыдан ертегінің құрастыру,атын атау.Осы уақытқа дейін өткен ертегілерді еске түсіреді.

Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар! Біздіңде балабақшамызға кетер уақытымызда таяды. Орманшы атаймен қоштасып жолға шығайық. Орманшы атай: Балалар, сендердің орманға келгендерің қандай жақсы болды. Сендермен бір сергіп қалдым. Сендерге тәтті орман бүлдіргендерін сыйлағым келіп тұр.

Балалар Орманшы атайға рахметтерін айтып, қоштасады. Автобусқа мініп қайтады.




24



Рефлексия:

-Міне, бізде балабақшамызға келіп жеттік.Біз қайда серуендедік? Орманда кімді кездестірдік?

Ормандағы қауіпсіздік ережесін атаңдар.

Бүгінгі оқу қызметімізді өлең жолдарымен бекітеміз. Жақсы болу өзіңнен, Жаман болу өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен.





















































25



ҚОРЫТЫНДЫ



Жеке тұлғаның қалыптасуына бірден бір әсерін тигізетін қоршаған ортасы яғни қоғам. Әр сәби болашақ басты тәрбиесін алатын отбасының маңызы зор. Жас жеткіншектер бойына адамгершілік, ізгі қасиеттерін сіңіретін орта бұл балабақша. Бұл мақсатта балабақшада сабақтар, ертеңгіліктер, ойын сауықтар, әр түрлі іс әрекеттер, ата-анамен жұмыс жүргізіледі.

Бұл схемада ұлттық тәрбие тармақтары көрсетілген.(ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, салт дәстүрлер, халық ауыз әдебиеті, ұлттық ойындар, тұрмысқа қажетті жабдықтар, ұлттықаспаптар, ұлттық ыдыс аяқтар.

Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, болашақта мектепте оқытуға дайындығына,сөздік қорын молайтып, тілдерін жетілдіруге үлкен үлесін қосатын қазақ халқының мұрасы, сарқылмас асыл қазынасы - халық ауыз әдебиеті. Сол себепті халық ауыз әдебиетімен балаларды таныстырып тереңдете жұмыс жүргіздім. Халық ауыз әдебиетіне жұмбақтар, әңгімелер, өлеңдер, өтірік өлеңдер, жаңылтпаштар, ертегілер,аңыздар, мысалдар, санамақтар, айтыстар, мақал мәтелдер жатады.

Топта тәрбиеленушілерге ауыз әдебиеттінің үлгілерін үйретуге баса назар аудардым. Онда ертегілер оқу, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып әңгімелеуге, ертегі-әңгімеде кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге талпындырдым. Әсіресе балаларды ауыз әдебиетінің үлгілері санамақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мазақтамалар, мақал- мәтелдер қызықтырады.

Топтың дәстүрлері.

Балалардың тамақтанып болған соң айтатын ас қайыру батасы. Туған күн иелерін құттықтау кезінде ертегілерден сахналау көрсету. Наурыз мерекесі ертеңгілігінде ата-аналар дәстүрлі түрде қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетеді. Топта қазақ бұрыш безендіріп, баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыратын көптеген дидактикалық ойындар жасақтадым:

«Ұлттық киімдер», «Жұмбақтың жауабын шеш», «Өрнегін тап», «Тез ата», «Ұлттық тағамдар», «Енесін тауып, ата», «Мақалды жалғастыр», «Киіз үй», «Ертегі кейіпкерін анықта», «Сурет бойынша тыйым сөзді ата», «Сипаттама арқылы тап» т.б.

Ертеңгілік, ойынауық кезінде балаларға қимылды ойындар ойнату арқылы ойын сөздерін жатқа үйренеді. Балабақшада балалардың өмірлік дағдылары мен жаңа білім, біліктілігі жан-жақты дамуы үшін, жаңа технологиялық әдістерді дұрыс таңдай білген жөн. Көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде Осееваның «Тәтті тоқаш» шығармасымен таныстырғанда иновациялық «Балық сүйегі» әдісін



26



қолдандым. Шығарманы бірнеше бөлімге бөліп оқу, бірінші бөлімін оқып проблема туды. Балаларға сұрақ қоямын Балалар тоқашты неге екіге бөлді. Балалар жауаптары төменгі сүйектеріне жазылады. Бөліскісі келмеді, қарындары ашты, өздері жегісі келді, санауды білмейді т.б. Сосын шығарманың екінші бөлімін оқып, сұрақ қоямын: Не істеу керек? Балалар жауаптары жоғарыға жазылады. Дүкеннен сатып әкелу керек, пісіріп беру керек, кешірім сұрау керек т.б. Осы жауаптар ішінен ең үйлесімді кешірім сұрау керек деген шығармадағы жауап алынады. Сосын шығарманы аяғына дейін оқып, «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деп сабақты қорытындылау.















































27



«БАЛЫҚ СҮЙЕГІ» ӘДІСІ



Баланың ойы орамды, тілі ширақ болып, шығармашылық қиялын дамытуына үлкен маңызы бар.



Шешу жолдары

Дүкеннен сатып әкелу керек

Пісіріп беру керек Кешірім сұрау керек Неге? Өздері жегісі келдіБөліскісі келмеді Санауды білмеді Қарындары ашты

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде «Шынжыр» инновациялық әдісін қолдандым. Мысалы қоршаған орта ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде балаларды ұлттық аспаптармен таныстырғанда:

Не?-домбыра

Қайда? Қашан?- тойда, ертеңгілікте, мейрам күндері, туған күндерде Қандай?- ағаштан жасалған т.б

Не үшін? көңіл көтеру үшін, күй тыңдау үшін т.б.

Қалай?- ойнайды, шертеді. Әр түрлі тақырыптарда бұл әдісті қолданып, сұрақтарынтүрлендіріп шынжыр үзбектерін қосуға болады.





ЖЫЛ БАСЫНА ТАЛАСҚАН ХАЙУАНАТТАР” ертегісін бекітуге арналған ойын тәсілі



Топ ішінен 2-3 баланы бөліп шығарып, ол балаларға топ ішіндегі балалар тәрбиешініңкөмегімен ертегі кейіпкерлерінен 1 кейіпкерді жасырып суреттейді.

Мысалы: түйе. Оның жүні жұмсақ. Жүнінен көрпе жасайды.

Сүтінен шұбат, құрт жасайды.

Ол шөлдалада сусыз, ұзақ өмір сүре алады. - Оның 2 өркеші бар, төрт аяғы бар т. б.

Балабақшада балаларды түстермен таныстырып, оларды ажыратуға үйретеміз. Осы түстердің мағынасын халық ауыз әдебиеті арқылы ашып түсіндіреміз. Қазақ халқында әр түстің өзіндік мәні бар. Осы түстердің мағынасын халық ауыз әдебиеті арқылы ашып түсіндіріп, түстерге байланысты мақал-мәтелдер, өлең-тақпақтар үйретуге болады.

Мысалы, көк түске байланысты: Айнымайды аспаннанБіздің тудың бояуы. Оны халық қашанда,Биікке іліп қояды.

Көк аспанда қызыл күн, Көк аспанда- жас қыран. Естілгендей біздің үн, Сол ғарыштың астынан.

Көк түс, гүлдену, көркею, өркендеудің белгісі.



28



Қазақ «Көкте, Көгер, Көсегең көгерсін!»-деп бата береді. Қазақстан туының көк түстіболуы да осы ұғыммен астарлас.

Жасыл түс жаңарудың, гүлденудің, жақсылықтың нышаны.

Балаларды Наурыз мерекесімен таныстырғанда, жер көгеріп, малдар төлдеп, адамдар талдар егіп жалпы табиғаттың жаңаруына көңіл аудару. Наурыз күндері адамдар бір-біріне қонаққа барып, бірін-бірі қуантып

жатады.

Наурыз келді, Көктем келді

Ел көгерді, жер көгерді Дастарханын шашып дархан Жақсылық пен бақыт шашқан

Ақ түс адалдықтың, тазалықтың, пәктіктің айғағы. Балаларды ұлттық тағамдармен таныстырғанда, ақ түстіңерекшелігіне көңіл аудару (шұбат, сүт, қаймақ, құрт, айран,сүзбе, ірімшік) Балалардың құрт жасау тәжірибесі.

Сары түс уайым, сарғаю, сағыныштың бейнесі. Күзде жауын. Бұлт. Тұман.

Сары жапырақ жауады.Сары құйын ұйтқыған, Сапырады ауаны. Тапталады табанға, Судыр, судыр жапырақ Өрттей сары бояуға,

Малынғандай атырап.

Бидай тоқшылық, жомартылықты, алтын байлықты, күн бізге жылулық сыйлайды, шуағын төгеді, деп сары түстің жақсы жағын түсіндіреміз.

Қызыл түс жастықтың, сұлулықтың, әдемілік пен нәзіктіктің, сыпайылық нышанын білдіретін ұғым.

Қара түс жағымсыз бейне көрінісі.

Қара түс-жағымсыз бйне көрінісі. Ертегілерде жағымсыз кейіпкер – мыстан кемпір.Мыстан кемпір арам ойлы, қара ниетті кейіпкер.

Ол адамдарға жақсылық ойламайтын, тек қара жол, арамдық, залымдық иесі.

Қара түстің жақсы жақтарына тоқталып еліміздің байлықтарынаназар аударамыз, мысалы қара түсті көмір, және мұнай.

Атырауым мұнайлы, Маған сондай ұнайды Фонтан-мұнай атқылап Көктен жерге құлайды (Қ. Жұмағалиев).



















29






ПАЙЛАНАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР




1. Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Тыңдаушыға арналған нұсқаулық. Астана, 2019.

2. Балалардың мектепалды даярлығы бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Тыңдаушыға арналған нұсқаулық. Астана, 2019.

3. Жаңартылған бағдарлама: мектепке дейінге ұйымдарына жаңаша көзқарас // Өрлеу – өркендеу журналы.





Резустар infrourok

u UST bilimkids ziatker bilimland balabasha.kz
































30

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
107
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі