жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ– КӘСІБИ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ КӨЗІ
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ–
КӘСІБИ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ КӨЗІ
Каментаева Гулзада Бекенқызы
Атырау қ. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
Еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласыда жаңаруда. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана – білім сапасы. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор.
Оқытудың жаңа технологиясы –оқытудың тиімді әдіс –тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы – оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді.Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге және оқытудың мақсатына жетуге тиімді, әрі нақты жол ашады. Болашақ маман иелерінің бойында білімділік, біліктілік, саналылық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіруде, яғни кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда жаңа технологияны қолданудың ролі зор. Сонымен қатар технологияны тиімді пайдалана білу оқытушының шеберлігі мен іскерлігін және кәсіби құзыреттілігін шыңдауға әсерін тигізеді.
Құзіреттілік – кәсіби әрекет тәсілдерді жан – жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оған В.М. Соколов былай деп сипаттама береді: «Кәсіби құзіреттілік–дамушытұлғаныәлеуметтендіру, ішкі жағдай жасау, құнды бағыт беру, табиғатта, қоғамда адамның рухани тәжірибесінде әлеуметтік іс – әрекеттер жүргізе білу.» Оқушының кәсіби мамандық игеруде білім алуымен бірге өз білімін жетілдіру, үнемі ізденіспен шығармашылықпен айналыса отырып, кез – келген қиын жағдайларда шешім қабылдай білетін, қойылған мақсатқа жете білетін тұлға қалыптастыру құзыреттіліктің құрамы болып табылады. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады:
педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу;
оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру;
оқу моделін құрастыру;
оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;
оқушылардың жаңа материалды меңгеруінде деңгейленген жаттығулар жасау;
оқу әрекеттерінің бағалау көрсеткішін анықтау, жетіспейтін дидактикалық құралдар жүйесін қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технология – әдістемелер жиынтығы.Жаңа педагогикалық технология – бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы оқушылар мен мұғалімдерге жайлы жағдай тудырудың, біріктірілген педагогикалық қарым – қатынастың барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі (В.М.Монахов).
Технология дегеніміз – бір істегі шеберлік пен өнердегі әдіс жиынтығы.Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатын ұйымдастыру, белгілі бір мақсатқа жұмылуда алдын ала ойластырудың ықпалы мен әсері және оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы. Ең алғаш ХХ ғ. 30 – жылдары мәдени – тарихи тұжырымдама негізінде педагогикалық технологияның ерекше идеясы қалыптасқан. Дамыта оқыту теориясы сонау Г.Песталоций, А.Дистерверг, К.Ушинскийден басталды. Бұл теорияны алғаш енгізген Л.С.Выгодский болса, кейінірек бұл теорияны Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Н.А. Менчинский және т.б ғалымдардың экспериментерінде күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов технологиялары – танымдық қызығушылыққа, Г.К.Селевко технологиясы – өзін -өзі жетілдіру қажеттілігіне, И.С.Якиманский технологиясы – тұлғаның жеке іс – тәжірбиесіне, И.П.Вольков, Г.С.Альтшуллер, Б.М.Неменский – шығармашылық қажеттілікке, И.П.Иванов технологиясы – әлеуметтік түйсікке негізделген.
Өзіндік әдіс – тәсілдерімен ерекшеленіп жүрген, білім берудің жаңа педагогикалық технологиялары:
- білім беруді ізгілендіру ;
- дамыта оқыту технологиясы ;
- ойын арқылы оқыту технологиясы ;
- деңгейлік саралап оқыту технологиясы ;
- ақпараттық оқыту технологиясы ;
- тірек-сызба арқылы оқыту технологиясы ;
- модульдік оқыту технологиясы ;
- сын тұрғысынан ойлау технологиясы ;
- проблемалық оқыту технологиясы; т.б:
Дамыта оқыту технологиясының мақсаты мен мағынасы: жеке тұлғаны оқыта отырып, оның қабілеттерін дамыту. Тұлғаның барлық қасиеттерін тұтас, яғни әр жақты дамытуға негізделген.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы оқушыны адамгершілікке тәрбиелей отырып, оның жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру мен дамытуды мақсат етеді.
Ойын арқылы оқыту технологиясы ойын арқылы баланың қызығушылығын оятып, білімділік, танымдылық, шығармашылық қабілеттерін ашуды көздейді.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясының мақсаты: оқушының қабілеті мен мүмкіндігіне қарай оқыту.Балалардың жеке тұлғалық ерекшелігіне қарай тапсырманы бейімдеп, саралап беру.
Ақпараттық оқыту технологиясы оқушыларды ақпараттық қоғамға дайындау, комьютермен оқытуды жүзеге асырады.
Тірек – сызба арқылы оқыту технологиясы білім, білік, дағдыны қалаптыстыру, барлық баланы оқыту, оқытуды жеделдетуді мақсат етеді.
Модульдік оқыту технологиясы оқытудың тұтас технологиясын жобалайды.Үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі және қорытынды.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы білімнің болашаққа қажетке жарауын қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Балалар үйренгенін саралап, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізіп, қайта қарап, өзгерістер енгізеді.
Проблемалық
оқыту технологиясының мақсаты : оқу
материалына оқушыны қызықтыратындай мәселе тудырады.Оны шешуде
оқушылар білімді белсене қабылдайды.
Бұл технологиялардың бәрі де оқушының білімді меңгеруін ғана емес,
оқу ақпаратын және білімді өңдеу амалын игеруін, олардың танымдық
күштері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды маңызды деп
есептейді.
Тәжірбие түйіні – ізденісте. Бүгінгі таңда балалардың таңдаған мамандығына қарай, кәсіби білім саласына ерекше көңіл бөлінуде. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асырушы. Білімді, мәдениетті, кәсіби, білікті маман даярлауда, әрбір кәсіптік мамандық иелерінің өзін-өзі тануына, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруына педагогика,психология пәнінің үлкен ықпалы бар. Пәннің тағылымдық мәні, рухани әсер күші, эстетикалық талғамы ұрпақ тәрбиесі үшін айрықша мол. Сондықтан шығармашылық жұмыстар бойынша мүмкіндігіне қарай мағлұмат беріп, мәнін, ғасыр тынысын көрсету сипатын аңғарту, сонымен қатар өнерлерімен өзектес болып жатқан өмірлеріндегі өнегелік үлгілерді шәкірт санасына сіңіре білу, құзіреттілікті қалыптастырудағы жұмыс бастауы. Осы орайда жаңа технологиялар сабақты әр түрлі формада өткізуге мүмкіндік береді, пәнді оқытудың тиімділігін арттырады. Пәнді оқытудың тиімділігін арттыру ең алдымен, күнделікті оқу үрдісін жақсартудан, сабақтың сапасын арттырудан туындайды.
Сабақтың сапасын арттыруда жаңа технологияларды зерттеп, зерделеп, жоғарыда аталған түрлерін іс – тәжірибемде қолданудамын. Дамыта оқыту оқушылардың ойлау әрекетіне, шығармашылық қабілетінің өсуіне, өзіндік ізденіске, ақыл – ой жұмысының әр түрлі жағдайға бейімделуіне бірден – бір септігін тигізеді.Сондықтан да дамыта оқыту технологиясын пайдаланғанда төмендегідей жайттарды мақсат еттім:
- оқушының қабілеті мен
дарынына ықпал ету;
- өзін -өзі жетілдіріп, дамыта және тәрбиелей алуына көмек
көрсету;
- оқушының зерттеуін, ізденуін және іскерлік дағдысын
қалыптастыру.
«Дамыта оқыту» жүйесінің құрылымы:
I. Оқытудың үшжақты мақсаттарын нақтылау;
II.Ұжымдық бөлініс іс -әрекеті;
III. Оқу міндеттерін қою, сатылап шешу;
IV. Ұғымдар мен әрекет тәсілдерін игеру;
V. Өзіндік білім игеру іс -әрекеті;
VI. Теориялық ойлауды қалыптастыру;
VII. Алынған нәтижені талқылау, бағалау.
Сабақ қажетті оқу – әдістемелік құралсыз шешілмейді. Халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі, пәні сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, пәнге сайлы болуы керек», – деп аталған екі факторды ерекше көрсетеді. Сабақ барысында дәйексөздер, мақал-мәтелдерді, сызбалар мен анықтамаларды ұтымды пайдалануда ақпараттық технологияның мүмкіндігі зор, әрі дамыта оқытуда көмегі көп. Өз тәжірибемде интернет ресурстарынан оқушыдан жазба жұмыстарын өз мамандығына байланысты алып, үй тапсырмасына да ізденісте, әрі оқушы қызығатындай, қабілеттерін дамытуына мән беремін.
Осы орайда пән оқытушысының топ жетекшісімен, психологпен, ата – аналармен байланысты үздіксіз жүргізе білуі ерекше орын алады. Оқытудың барысында сергіту жаттығуларын жасатып, «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?»,«Эмоция шеңберінде»,«Поэзия минуты» т.б. ойындары арқылы жеке тұлғаның дамуындағы өзгерістер мен көңіл күйін анықтау жүргізілсе, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту оны үнемі ойландыру, іздендіру, оқытудағы әдіс –тәсілдің жүзеге асқанын білу үшін «Өзіндік бағалау», «Идеал тапсырма» әдісі, «Ия, жоқ» ойынын өткізу, сауалнама алу, пікір алысу ұйымдастыруға болады.
Бұл әдіс – тәсілдерді қолдануда мынадай тұжырымға келдім:
- дамыта оқыту жүйесінің
құрылымын сақтау;
- дамыта оқыту элементерін барлық тарауға енгізу;
- нәтижені саралап, бағалауда өзіндік бағалауды қолдану және оқу
әрекетінің бағалау көрсеткішін анықтау;
- жаңа материалды меңгеруінде деңгейленген жаттығулар мен
тапсырмалар жасау;
- жетіспейтін дидактикалық құралдар мен көрнекілік жүйесін
қалыптастыру;
- кешенді әдістемелік қамтамасыз ету бағдарламасына пәннің тарау
бойынша сабақ жоспарларын, барлық көрнекіліктерімен бірге
енгізу.
Инновациялық технологияны пайдалану – өмір талабы. Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті – білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім. Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек .
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасы«Білім туралы»Заңы
2.«Қазақстан-2030»
стратегиялық бағдарламасы
3. М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістемелік нұсқау,
2002 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген