400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өр дауысты айбынды ақын

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге, кітапханашыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ

2017 – 2018 оқу жылы

















Тақырыбы:

«Өр дауысты айбынды ақын»

( 9 – сынып )













Өткізгендер: Кітапханашы Сисенгалиева А.Т.

Сынып жетекшісі: Габдушев Ж.У.













Тақырыбы: «Өр дауысты айбынды ақын»

Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының көрнекті ақындарының бірі Ж. Молдағалиевтың өмірі, шығармашылық жолымен таныстыру. «Мен қазақпын» поэмасының қазақ әдебиетіндегі алатын орнын меңгерту.

Тәрбиелік: қазақ халқының әдебиетін қастерлеуге шақыру. Отанын, жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.Сөйлеу мәнерлерін қалыптастыру, сөздік қорын молайту.

Жұбан Молдағалиевтың ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы – «Мен қазақпын» поэмасы. Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ жері мен суынан, желі мен көгінен нәр алған даладай тынысты, пәрменді поэзияны танимыз. (М. Базарбаев)

Ой қозғау: географиялық картадан Батыс Қазақстанды көрсетіңдер. Батыс Қазақстан облысының орталығы қай қала?

1.жүргізуші Киелі Ақжайық топырағынан нәр алып, қияға қанат қаққан, поэзия әлемінің биік шыңдарын бағындырған «Өр дауысты айбынды ақын» аяулы жерлесіміз Жұбан Молдағалиевты бәріміз білеміз.

2.жүргізуші Қазақстанның кең байтақ даласынан алақандай ғана орын алған, ару да, асау Ақжайық жағасында орналасқан Жыландыда (2.10 1920) жылы дүниеге келген ақын.

2-жүргізуші Жұбан Молдағалиев өмір баяны мен шығармашылығы таныстыратын Кітапхана меңгерушісі Сисенгалиева А.Т.

1-жүргізуші «Жұбан поэзияда оңай жолды іздемейтін, өз шығармашылығына барынша қатал, жалпы қазақ әдебиеті алдындағы жауапкершілікті айнытпай ту етіп көтерген қалам қайраткері» деп Сафуан Шаймерденов Жұбан ақынның ақындық шығармашылығына зор баға берген.

2 – жүргізуші «Мен қазақпын» поэмасы оқушыларды ортаға шақырамыз.

Жақсыгереев Тұрарбек, Орынғалиев Асар, Кәрім Ернар, Қанатов Нұрбол.

1-жүргізуші Ақжайық өңірі қашанда даналар мен талантарға, ақын-жырау, жыр сүйерлері мен шайырларға кем болып көрген емес.

2- жүргізуші Жұбан Молдағалиев - қазақ қаламгерлерінің қатарына ұлы Отан соғысы жылдары келген ұрпақтың ірі, талантты өкілдерінің бірі еді. Олардың қатары ақындық талантын ұрыс майданында қалыптастырып, азаматтық, намыс, кек, ел, туған жерге сағыныш сияқты сезім күйлеріне қайралып шынықты. Сондықтан олардың жырлары негізінен ерлікке Отан сүйгіщтік сезімге, жеңіске деген толы келеді. 1949 жылы «Жеңіс жырлары» деген атпен тұңғыш өлеңдер жинағы шыққан.

«Белгісіз солдат» өлеңі оқитын Боранғалиева Дильназ

1-жүргізуші Жұбан Молдағалиевтың жазған әдемі лирикалық жырлары адам сезімінің әр алуан күйін бейнелейді. Ол адамды сүю, жар сүю, ана сүю, отан сүю сезімдерін тоғыстыра жырлайды. «Аққу», «Махабатты жырласам», «Аққуым аспанда емес жер бетінде», «Көзімде қалды суретің» сияқты өлеңдер – осының айғағы.

«Махаббат ерлігі» өлеңі оқитын Кенжебекова Дильназ

2-жүргізуші Қазақ даласының бейнесін де ақын тарихта салыстырулармен ашады. Туған жері – Жайық бойы жайлы әдемі жырлар қалдырады. «Ғашық көзбен» атты лирикалық кітабы оған Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы берілді. «Нұрлы жол», «Қызыл галстук», «Қиял қанатында» елуінші жылдары балаларға арналған әдебиет бәйгесіне қатысу мақсатында жазылған еді.

Отбасы мүшелері:

Софья Молдағалиева - жұбайы

Қуаныш – ұлы (1949 жылы туған)

Гулмира – қызы (1951 жылы туған)

Азамат – ұлы (1956 жылы туған)


1-жүргізуші Жұбан Молдағалиев Ұлттық беті мол, шығармаларында қазақтың ұлттық мінезі мен сипатын терең ашып бейнелеген ақын болды. Оның желтоқсан оқиғалары күндерінде жазушылар ортасында республика басшылары қатысқан жиналыста, Орталық партия комитетінің пленумында сөйлеген сөздері әлі де халық жадында. Мұның бәрі Жұбанның ақындық жолы, тұлғасы халық жүрегінен жылы орын тепкенін көрсетпейме?

Ән: «Еділ мен Жайық» орындайтын Тажокова Балауса

2 жүргізуші карточка мен жұмыс, сұрақ – жауап түрінде сынып жетекшісі Жарасат Уахитұлы жүргізеді.

1-жүргізуші Құрметті оқушылар осымен біздің сынып сағатымыз аяқталды. Қорытындылау сөз кезегін МЖТЖЖО Л. К. Жантемироваға береміз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 маусым
582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі