жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оралхан Бөкей "Апамның астауы"
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Ашық сабақ тақырыбы:
Оралхан Бөкей «Апамның астауы»
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «Г»
Бастауыш сынып мұғалімі: Кошербаева К.С.
Өскемен қаласы
2019жыл
Сабақтың тақырыбы: О. Бөкей Апамның астауы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Оралхан Бөкейдің өмірі жайлы білімдерін толықтыру;
« Апамның астауы» мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру;
Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін , байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту .
Әжелерді құрметтеуге, баланың әжеге деген сүйіспеншілігін, мейірімін сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: аудиожазылым,слайд,суреттер.
Сабақтың жоспары:
І. Психологиялық дайындық.
Келген қонақтармен амандасу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын беру: Әр оқушыға астаудан кәмпит үлестіру ,әр кәмпиттің ішінде тапсырмалар,сол бойынша өздерінің ата-әжелері немесе әке-шешелеріне мінездеу жазып келу /қандай ерекшелігі бар,мінез құлқы,қасиеттерін,өнері жайлы/
-Мінездеу ұғымы жайлы сабақтың барысында танысатын боласыңдар.
ІІІ
.
Жаңа
сабақ:
1) Оралхан Бөкей туралы мағлұмат
беру.
1943 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай
ауданы Шыңғыстау ауылында туған.
Қазақтың дарынды жазушысы, драматург.ҚР
мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР
Жастар сыйлығының лауреаты . «Кербұғы»,
« Қамшыгер», « Үркер», « Қайдасың қасқа
құлыным», « Өз отыңды өшірме» т.б.
шығармалардың авторы.
-
Бүгінгі сабақта сендер Оралхан Бөкейдің
«Апамның астауы» деген шығармасымен
танысасыңдар .
2) Аудиожазылым тыңдату.
- Осы мәтінді тыңдай отырып бұрын естімеген,жаңа сөздерді белгілеп алыңдар.Сол сөздердің мағынасымен /аудионың сонында / мәтінмен танысқаннан кейін сендерге түсіндіремін
3)
Сөздік
жұмысы
(дәптерлеріне жазады):
Астау
– ағаштан ойылып жасалған ас салатын
ыдыс
Келі – тары, бидай т.б. дәнді дақылдарды түйетін құрал.
Мінездеу / Әдеби термин/ - дегеніміз адамның сыртқы келбеті,жүріс-тұрысымен бірге ішкі дүниесін, мінезін ,жақсы-жаман қылықтарын суреттеу.
Слайд арқылы түсіндіру.
4) Түсінгендерін тексеру
- Оқулықта қысқаша үзінді берілген ,ал біз бүгін осы «Апамның астауына» шығармасына толық шолу жасаймыз.Мен сендерге алдын ала осы әңгімені оқуға бергенмін.Бұндағы апам- деген ол Оралханның әжесі екен.
- Апасы қандай адам болған,сыртқы бейнесіне мінездеу беріндерші.
Оқушылардың жауаптары: арық ашаң кемпір,тарамысты мықты саусақтар,ерін мен иегі күйік шалып тыртықтанған әдемі ажар .
Ә) -Ал,ішкі жан дүниесі қандай болған екен? ( көп сөйлемейтін,өсек айтпайтын,өз ісімен ғана жүретін,қақсоғы жоқ инабатты жуас адам,қонақжай қаншама адам болса да тар үйде көрші –қоланның балалары киімдерін кептіріп,сол үйде тамақ ішіп жүре берген).
Б) - Балалық шағын қалай өткізген ?
-Қандай үйде тұрған?
-Қай өзеннің манында тұрған? Кім айтып береді? (оқушылардың жауабы).
В) -Енді автор апасының тірі кезінде бағаламай,ешнәрсе үйреніп қалмағаны
туралы кім айтып береді?
-Авторда қандай өкініш болды?
Оқушылардың жауаптары.
Г) - Сондықтан да, балалар әжелерің,ата-аналарың бар кезде оларды құрметтеп,әрбір жасаған істерін үйреніп, бағалай біліңдер.
Д) -Апасының тағы қандай қасиеттері болған? (әйел адам мал бауыздамайды деген қазақтың ырымын сақтап кішкене немересіне пышақты ұстатып бауыздағаны)
Е) - Апасы неше жасында қайтыс болған ?
- Апасымен автор қоштаса алды ма?
Оқушылардың жауабы: (89 жасында ,ауырмай ,сырқамай дүниеден кеткен)
Сергіту сәті
ІҮ. Сабақты қорытындылау:
Топтық жұмыс .
1-ші топ: Автордың әжесіне мінездеме
2-ші топ: Осы шығарманың қандай тәрбиелік мәні бар?
3-ші топ: Әжесінің қандай қол өнері болған?
4-ші топ: Оралхан Бөкейдің өкініші.
5-ші топ: Әңгімені автор неге «Апамның астауы» деп атаған?
-Бұл шығармасы өзінің өмірінде болған сондай бір қызықты,қайталанбас,
ұмытылмас сәттерінің бір бөлшегі сипатталып жазылған.
Ү. Бекіту /кері байланыс/: Жазушының апасын сағынған, аңсаған сезімі айтылатын жолдарды тауып, дәптеріңе жаз.
(Дүние жүзінде апамның қойнынан аңқып шығар әжелік иістен жағымды не бар екен жалғанда!)
- Әңгімені автор неге «Апамның астауы» деп атаған?
- Оралхан Бөкейдің өкініші қандай болды?
ҮІ. Бағалау.
Ашық сабақ

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген