Материалдар / Оралхан Бөкей. «Атау кере» повесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оралхан Бөкей. «Атау кере» повесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оралхан Бөкей. «Атау кере» повесі Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2021
9992
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: қазақ әдебиеті

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі

Күні:

Педагогтің аты-жөні: Ушурова Гузель Аркиновна

Курс: І

Қатысушылар саны: 20

Қатыспағандар саны: 2

Бөлім атауы:

Кеңістік пен уақыт

Сабақтың тақырыбы:

Оралхан Бөкей. «Атау кере» повесі

Оқу мақсаты:

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;
Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар үшін:

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін анықтайды.

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсетеді.

Бағалау критерийлері

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін ажыратады.

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын дәлелдейді.

Құндылықтар

Повесті оқыту арқылы білімділік пен адамгершіліктің бір тұтастығын ұғындыру.

Тілдік мақсаттар

1) Оралхан Бөкейдің қандай шығармаларын білесіңдер?

2) Атау кере повестін естігенсіңдер ме?

3)Не себепті шығарма «Атау кере» деп аталған?

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі,Тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

Тыңдалым дағдылары бойынша қалыптасқан білімдерін қолданады.

Жоспар

Уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерексөздер

Сабақтың басы

8 мин


Ұжымдық жұмыс .

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып білім алшылар бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады;

А) Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру. Ә)Топтастыру

жіп

10 мин

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Сұрақтар:

  1. Шығарманың идеясы қандай?

  2. Повестте өмір шындығы қалай көрінеді.

Бағалау критерийлері: Повестен алған әсерлерімен ой бөліседі

Өз көзқарастарын білдіруде аргумент білдіреді


8 мин

Оқылым алды:

Ұжымдық жұмыс; «»Кім жылдам?» жаттығуы.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы шығарманың мазмұнын талқылайды.

Сұрақтар:

1. Жазушы шығармада қандай мәселе көтерген

2.Бұл тақырып біздің бүгінгі таңдағы өмірімізге қатысы бар ма?

3.Автор Ерік бейнесі арқылы қоғамдағы қандай адамдарды суреттеген.



Сабақтың ортасы

15 мин

Оқылым кезеңі:

Бағалау критерийі: Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін ажыратады.

Топтық жұмыс: «Уақыт тізбегі» кестесі.

Оралхан Бөкей. «Атау кере» повесіне сюжеттік-композициялық талдау жасаңдар. Оқиғаның басталуы, дамуы, шарықтау шегі, шиеленісуі, шешімдегі оқиғалар бойынша талдап, шығарма жарнының ерекшелігін ажыратып, басқа жарлармен салыстырып түсіндіріңдер.Кестелерді қолданыңдар.

1-кесте:

Оқиға

Оқиға

Оқиға

Оқиға

Оқиға

Оқиға

Оқиға








2-кесте:


Жанрлар

Қара сөзбен жазылады

Көлемді

Бірнеше тараудан тұрады

Шығармаға арқау болған оқиға

Кейіпкер әрекетін өмір шындығымен байланыстырады

Повесть






Роман






Әңгіме






Саралау тапсырмасы: «Диалог және қолдау көрсету» әдісі. Кейбір баяу ойлайтын студенттер шығармаға композициялық талдау жасауда қиналуы мүмкін. Осы студенттерге қиналмай талдау жасау үшін сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:

1.Нене оқиға Еріктің бұрын тұрған үйіне келуініен басталып, өткен оқиғалар түсіндіріледі?

2. Еріктің Тағанды көріп танығанда қуануы мен айласы қалай?

3 .Айна образымен қаламгер нені бейнелеген деп ойлайсыз?

4.Айнаның енесінің қазасына себепкер болған будан араларды құртқаны дұрыс деп есептейсіз бе?


Кейбір студенттер шығарманың жанрын ажыратуда қиналуы мүмкін. Осындай студенттерге повесть жанры https://adebiportal.kz/kz/genres/view/193 сайттан туралы анықтамалық ақпарат ұсынылады:


Дескриптор:

- Сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

-шығарманың композициясына талдау жасап, шығарма жарнының ерекшелігін ажыратады.

-шығарма жарнын басқа жанрлармен салыстырады.


Кері байланыс:«Жинақтау парақшасының индексі» (Екі жағында да көрсетілген тапсырмалары бар парақтар таратылады).

1-беті:тақырып бойынша негізгі идеяларды атап шық.

2-беті:бүгінгі тақырыптан нені түсінгеніңді анықта.

Кітап :10-11 сыныптарға арналған оқулық.

















































20 мин

Бағалау критерийі: Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын дәлелдейді.

Топтық жұмыс: «Ойлан, талда, бөліс» әдісі.

1-қадам: Топта повестегі кейіпкерлерді Ерік, Таған, Айна образдарын жинақтаңыздар. Кейіпкерлер жүйесін жинақтауда кестедегі ақпараттарды толтырып, өз көзқарастарыңыз арқылы кейіпкерлерді даралап жеке бейне ретінде көрсетіңіздер.

Кесте:

Кейіпкер

Портреті

Мінездемесі

Кейіпкердің ең маңызды әрекеттері

Өз көзқарасым







2-қадам: Топта даралап шығарған кейіпкерлер бейнелеріңді өмірдегі шындық оқиғалалармен байланыстырып өз пікірлеріңізді негіздеңіздер.

Мысалы:

Айна – адамгершілік бейнесі. Айнадай өмірде бақытсыз тағдыр кешіп жүрген тағдырларды білесіз бе?

Ерік – қатыгездік бейнесі. Еріктей өзінің бақыты үшін күреспей жүргендер туралы өмір шындығын айта аласыздар ма?


Саралау тапсырмасы: «Диалог және қолдау көрсету» әдііс..

Кейбір студенттер кейіпкерлер жүйесін жинақтап өз көзқарастартары арқылы кейіпкерлерді даралап жеке бейне ретінде көрсетуде қиналуы мүмкін. Осындай студенттерге сұрақтар және тілдік бірлік ұсынылады.

Сұлулық пен әдемілік, жастық шақтың қас-қағымдай жарқын сәттерінің белгісі, ізгілік пен қайырымдылық, сезім мен махаббат қуаты Айна образы арқылы бейнеленеді.

Айна - құдай қосқан қосағына жан-тәнімен, ақырына дейін берілетін қазақ әйелдерінің дәстүрлі типінің жарқын өкілі, айнасы.

Ерік өзінен озғандарды, суырылып алған шыққан шешенсігендерді өлердей жек көреді, ол студент кезінен бері «мейманасы тасығандардың мысын басу, басына бақ қонғандарды басындырмау үшін жаралғандай» бойын соқыр қызғаныш билеген қараниет, пасық жан.

Таған – қандай қоғамның болмасын ажырамас бөлшегін құрайтын зиялы қауым өкілі, соның ішінде жеке бастық пасық мүддеден мүлде биік тұрған, елін, ұлтын алға бастырсам дейтін адал, таза, озық ойдың адамы,

Сұрақтар:

1. Повестегі заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып, баға бер.

2. Тағанның ауыр жан азабынан құтылуына ықпал еткен кімдер?

3. Айна образымен қаламгер нені бейнелеген деп ойлайсыз?

4. Еріктің омартаны кәсіп қылуының сыры неде?


Дескриптор:

- Кейіпкерлер жүйесін жинақтайды:

- ікөзқарас арқылы кейіпкерлерді дарлайды;

-кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығын айтып негіздейді

.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» Екі жұлдыз - екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы); Бір тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе туралы өз ұсынысын білдіріп кері байланыс жасайды.















































https://ppt-online.org/314089

5 мин

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

ҰЖ: «Бір ауыз сөз» әдісі.

Адамдардың барлығы бақытты өмір сүруге талпыну керек, повестегі бақытсыз тағдырлар туралы пікіріңіз .......

Студенттердің пікірлерін тыңдау.







Сабақтың соңы

5 мин






«Ой толғаныс» әдісі рефлексия

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.














3 мин

Үйге тапсырма:

1) «Атау кере» повестін оқып, мазмұндап, кейіпкерлерге мінездеме беріп, талдау жасаңыздар.

2) Повесте жазушы Алтайдың сұлулығын, тамаша табиғатын кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесімен астастыра сүреттегенін дәлелдеп эссе жазу.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!