Оралхан Бөкей "Тортай мінер ақ боз ат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оралхан Бөкей "Тортай мінер ақ боз ат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған мазмұнда берілген 6 мыныптың қазақ әдебиеті ұстаздарына арналған күнделікті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Сабақ

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы


Сабақтың тақырыбы

О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.3.1 - шығармадағы көркем ауыстыруларды(троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау;

6.2.4.1 - әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Оралхан Бөкейдің өмірі,шығармашылығы туралы оқушыларды танысады. Кейіпкерлердіңіс-әрекетінталдау, мінездеме беру барысындаөмір мазмұнын ұғынады, шығармаданалған білімдерін жүйелейді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау барысында өмір шындығын таныту, шығармадан алған білімдерін қорыту.


Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәселенің шешімін ұсынуда дербестік танытуды

Бағалау критерийі

  • Шығарма мазмұнын түсінеді;

  • Онда көтерілген мәселені сараптайды;

  • Шығармадағы оқиғаларды салыстыра алады;

  • Шығарма оқиғасын шынайы өмірмен байланыстырады.

Тілдік мақсат

«ПОПС» формуласы

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

Сабақта қамтылатын

құндылықтар

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдалану үшін интербелсенді тақтаны қолданады.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Алдыңғы оқу

С.Мұратбеков «Жусан иісі»,

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут



Қызығушылықты ояту

Ж/ЖЖ/Т«Ойлан, жұптас, талқыла»

  1. «Жусан исі» повесіндегі Аянның ертегісін аяқтау



слайд

Үлестірме материалдар




Сабақтың ортасы

7 минут








10 минут

+10минут












5 минут



«Айналайын Алтайым, осы құдіретіңнен, осы келбетіңнен, осы гүліңнен, осы жұпарыңнан айырылып қала көрме, өйткені мен сені сүйемін, өйткені мен сенің перзентіңмін, өйткені жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ»

 О. Бөкей

Жерлесіміз, жазушы Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келген. Әкесі Бөкей, анасы Күлия, қарындастарыҒалия мен  Мәншүк.

Оралхан Бөкейдің қай шығармалары болсын көтерген, қалам сілтеген негізгі тақырыбы – адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы, бірлігі: Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау.

«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі.

1.Проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар.

Салықсалғанда соғыстан кейінгі жағдай қандай?
2. Әңгімеші бала мен Тортайдың достығы қалай сипатталған?
3. Тортайдың  жеке басының  арманы не?  сол  үзіндіні әңгімеден тауып оқы. 
4. Тортайдың автор үйіне келудегі мақсаты не?
5. Автор неге орнынан тұрып амандаса алмады?
6. Тортай  кітап  туралы қандай  пікірде ? Кітапты неге пір тұтты?

7. Кітаптың адам өмірі, мінез құлқы үшін қандай маңызы бар?

8. Ол таскүркеде  қандай  кітап  оқыды ?

9. Әңгіменің  соңында  лирикалық  кейіпкер  қандай  шындық  айтады?

10. Тортай неге арманына жете алмады?

2. «Кім жылдам?» ойыны. Әр топқа берілген тапсырмаларды тез тауып жазу керек.

І топ.

1.Мәтіннен дефис арқылы жазылған шылаулары бар сөйлемдерді табыңыздар.
2. Еліктеуіш, бейнелеуіш сөздері бар сөйлемдерді дәптерге жаз.

ІІ топ.

1. Одағай бар ма?  Қай сөйлемде қандай мәнде қолданылған?
2. Мәтіннен эпитет, теңеу, мақал-мәтел фразеологизмдерді табыңдар?

Эпитет -  заттың айрықша белгілерін, қасиеттерін білдіретін сөздер. (жаймашуақ сәт, көкпеңбек болып көмкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн)

Теңеу – заттың, не құбылыстың қасиет-сапасын ашу үшін екінші бір затпен, құбылыспен салыстыру. (табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, лаулаған жалын бақсыдай тілін жалаңдатып, ұядай қылып жинау, көк күмбезіне найзадай кіріп, ой-етек алақандағыдай көрінеді, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма, ай мен күндей қос ару)

Мақал-мәтелдер – Мақалда ой ашық, нақты, тура айтылады, мәтелде – ой тұспалдап, астарлап меңзеп жеткізеді. (Тоқ бала аш баламен ойнамайды, «Ораза-намаз тоқтықта ғана»)

Тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір мағына беретін сөз тіркесі. (қой аузынан шөп алмас – момын, жуас, ит басына іркіт төгілу- молшылық, қыздың жиған жүгіндей – сәнді, жинақы, тақымы қотыр тайға тимеу – ештеңеге қол жеткізбеу, келді-кетті деп сөге жамандамаңыз – тез келді де кетті деп ойламаңыз, сәл мүкісі бар- құлағы аздап естімейді, ұядай қылып жинау – тап-таза, сәнді қылып жинау)

ІІІ топ. 1. Әңгімеде ауыл өмірі қалай суреттеледі? Әңгімеден тауып оқы.

2. Қандай өзен, тау  аттары кездеседі ?

5.Тортайға мінездеме беру. Топтастыру.

Венн диаграммасы


ЖИНАҚТАУ

«Еркін мирофон»

Проблемалық сұрақтарға жауап беру

Қоғамымыздағы осы типтес мәселені қалай шешер едіңіздер?

Бағалау «Бас бармақ»









Диаграмма,

суреттер














Сабақтың соңы

3 минут





Бекіту. “Ортаға салу”

Ораш ел таныған азамат бола отырып, бала кезінде бірге өскен досы – Тортай амандасқалы келгенде, шыға алмағады. Осы іс-әрекеті дұрыс па?

Бекіту сұрақтары:

Білемін

Білдім

Білгім келеді











1. Соғыстан кейінгі балалар мен қазіргі балалардың арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?
2.
Тортай тәрізді балалар қазірде кездесе ме?
3. Тортай неге арманына жете алмады? 
4. Оралхан Бөкейдің бұл әңгімеден басқа қандай әңгімелерін оқыдыңдар?

V.  Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды Әбіш Кекілбаевтың сөзімен түйіндесек:

О. Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды. Алыс-жақын елдерде аты “қазақ” деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды”.

Үй тапсырмасы:

1. “Әңгімені қалай аяқтар едіңіз” шағын ой-толғау.



Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы

«Бүгін мен...................... білдім»

2.«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды»

3.« ......................... екенін түсіндім»

4.«Мен..................................... білім алдым»

5. «.................. мені таңғалдырды»

стикер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2019
1540
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі