Материалдар / Оралхан Бөкейге арналған "Өр Алтайдың кербұғысы"атты әдеби кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оралхан Бөкейге арналған "Өр Алтайдың кербұғысы"атты әдеби кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
5-9 сыныптарға Оралхан Бөкей кешіне арналған сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2020
726
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оралхан Бөкейдің арналған әдеби кеш


Тақырыбы: Өр Алтайдың Кербұғысы


Мақсаты: оқушылардың жазушы жайлы ұғымдарын қалыптастыру, көркем сөз оқу шеберліктерін дамыту, әдебиет өнерін қадірлеуге баулу.

Әдеби кеш барысы:


1 - жүргізуші
: - Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
2 - жүргізуші: - Жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н. Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейге арналған «Өр Алтайдың Кербұғысы» атты әдеби - сазды кешімізге қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші: - Көрінуші ең көнелердің көзіндей,
Жазғандарың қара өлеңнің сөзіндей.
Асқақ едің, атақты едің, нар едің,
Туған өлкең – өр Алтайдың өзіндей!

2 - жүргізуші: - Бүгін, міне, жиырма үшке толыппын,
Талай жырға, талай сырға жолықтым.
Шыным осы, ақ тілеуші достарым,
Мен анамның жалғыз ұлы болыппын.
Дастарханым тарлау болса, құрбылар,
Пейілімнің кең екенін ұғыңдар.
Ақ жүректің ақ батасы секілді,
Махаббатым сендерменен туғандар.
Сондықтан да, уа, достарым, түсінші,
Осы кештің мәңгіліктік құны бар! – деп осыдан 47 жыл бұрын Оралхан Бөкей ағамыз жырлағандай биыл жазушымыздың туғанына 75 жыл толды!
1 - жүргізуші: - Қазақтың көрнекті қаламгері, сырлы сөздің сардары атанған
Оралхан Бөкедің өмірдерегімен таныстыру үшін 5 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

2 - жүргізуші: - Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетіндегі, қазақ журналистикасындағы, қазақ публицистикасындағы қайталанбас құбылыс. Қазақ көркемсөзінің көкжиегін кеңейткен, аспанын биіктеткен қаламгер. Оның өзіне ғана тән ерекшеліктерінің күшті болғаны соншалықты, кезінде көп жастар Оралхан Бөкейге еліктеп, қалам тербеген екен. Әлі де еліктегісі, ұқсағысы келетіндер аз емес. Ең басты ерекшелігі – кербез еркіндігі мен оралхандық ой құнарлығы.
1 - жүргізуші: - Ағамыздың шығармашылығымен толық танысу үшін сөз 5- сынып оқушысыларына кезекті берейік.

2- жүргізуші: - Оралхан ағамыздың естіген құлаққа жағымды, әдемі, қоңыр даусы болған екен, сонымен қатар гармонда жақсы ойнаған. Балетті өте қатты ұнатқандығы сонша, «Би тілі», «Шара» атты мақала жазған екен. Көңілденген кезінде, әсіресе, үйінде туыстары бас қосқанда ән айтады екен. Ағамыздың «Бесқарагер», «Ағажан, Алтайдай жер қайда», «Қайықта», «Құстар қайтып барады», «Жастық вальсі» сияқты жақсы көрген әндері болған.

1- жүргізуші: - Олай болса, ағамыздың сүйікті әндерінің бірі «Құстар қайтып барады» әнімен ортаға 5 - сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

2 - жүргізуші: - Оралхан ағамыздың тағы бір ерекшелігі – сөзге шешендігі. Қара сөзбен сөйлесе де төгіп - төгіп салған сөйлемдері өлең секілді ұйқасқа толы болған деп еске алады танымал жазушы Дидахмет Әшімханұлы.
1 - жүргізуші: - Төрт аяғы тең жорғадай көсілген жазушының ауызекі сөйлегеннің өзінде де бұрын естіп - білмеген көптеген образды сөздерді жиі пайдаланған екен. Ағамыздың өзі де «Мен – журналистпін, одан кейін ғана жазушымын» дейді. Соның бір дәлелі ретінде ағамыздың шығармаларынан алынған үзінділерді назарларыңызға ұсынайық.

2 - жүргізуші: - Ендігі кезекте Оралхан ағамыздың «Жылымық »атты шығармасынан «Соқыр қыздың монологы» атты көріністі тамашалаңыздар.
1 - жүргізуші: - Тағы да бір ағамыздың айта кететін ерекшелігі – бойында баяғы би - шешендерден қалған арқалы болмыстың бар болуы.

1- жүргізуші: - Оралхан Бөкей 70 - жылдары драматургияға да қадам басқан. Драматург пьесаларына өз заманының шындығын, жастардың ішкі жан - дүниесін, замандастарының адамдық қасиеттерін, арман - қиялы мен ұмтылыс - құлшыныстарын арқау етті.

Ендеше мектебіміздің әдебиетке жаны құмар оқушыларымыздың О.Бөкей шығармаларын оқи отырып, әдеби эссе дайындаған екен.Кезекті берсек.



1 - жүргізуші: - Өр едің, өр Алтайдың, тірегім ең,
Айрылды қазақ сендей түлегінен.
Өзіңді қастерлеген туған елдің,
Жатырсың орын алып жүрегінен.

2 - жүргізуші: - Жататын араласып үміт - қайғы,
Қапыда тағдыр жолы тұйықталды.
Оралхан деген аттың орны бөлек,
Ел - Ана! Сені ешқашан ұмытпайды!

1 - жүргізуші: - Осыменен бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет!


2 - жүргізуші: Оның көзі тірісінде де, бақиға аттанған соң да аттандап: "Алтайдың кербұғысы!", "Мұзтаудың мұзбалағы!" деген сынды эпитеттерді қарша боратқан. Бала Орашты, бозбала Оралханды, жазушы әрі қайраткер Бөкеевті танығысы келген кез келген адам оның шығармаларын екі қайтара оқып шықса, сол жеткілікті шығар. Оралхан - жазушылыққа өзін бала кезінен дайындаған адам. Жиырма жасына дейін ел деген, Өр Алтай деген құнарлы да қыз - табиғат өңірдің уызынан қанып ішкен ол, өз санасында сандаған повестер мен сарытап сағыныштарға толы әңгімелердің негізін қалап үлгерген екен.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!