|
Жоспарлау
кезеңі
20
мин.
(Функционалдық сауаттылықты дамытуды ескере
отырып, ұлттық құндылықтарды дамыту)
|
Сәлемдесу: Мұғалім оқушылармен
амандасып, сабаққа қатысушылардың дайындығын
тексереді.
Қызығушылықты ояту: «Қазақ
әдебиетінде ұлттық құндылықтарды сақтаған ақындарды білесіңдер ме?»
деген сұрақ қойылады.
Қызығушылықты ояту: «Қазақ
әдебиетінде ұлттық құндылықтарды сақтаған ақындарды білесіңдер ме?»
деген сұрақ қойылады.
|
Сабаққа
кіріспе
|
|
Оқыту (ұйымдастыру,
өткізу)
50
мин.
Жаңа материалды бекіту кезеңі.
(Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі) (20
минут)
|
. Кіріспе бөлім (10
минут)
Жаңа сабақтың
таныстырылымы:
Оразақын Асқардың өмірбаяны
қысқаша баяндалады (туу жері, әдебиеттегі
орны).
Оның ұлттық құндылықтарды
жырлауындағы рөлі туралы жалпы
шолу.
4. Негізгі бөлім (50
минут)
Теориялық
түсіндіру:
Ақынның шығармашылығындағы
негізгі тақырыптар (ұлттық мәдениет, туған жер,
дәстүрлер).
Белгілі өлеңдерінен үзінділер
оқу: «Қазақы дастарқан», «Туған жер», «Әке мен
бала».
Тапсырмалар:
Әдеби
талдау
Тапсырма:
Оразақын Асқардың белгілі бір өлеңіне әдеби талдау
жасаңыз:
Өлеңнің құрылымын
анықтаңыз (шумақ, тармақ, ұйқас
түрі).
Өлеңдегі лирикалық қаһарман
кім?
Көтерілген тақырып қазіргі қоғамда
өзекті ме? Неге?
Өз
туым
Бұлтсыз ашық аспанымдай көк
туым,
Ту төрінен елге нұрын төкті
күн.
Ту төбемде қалықтады
қырандай,
Қуанбаған бір де қазақ жоқ
бүгін.
Көз тартады тудан ұлттық
өрнегім,
Өнерім ғой, өлеңім ғой ол
менің.
Осы емес пе ашылғаны
бағымның,
Өшкен жанып, тірілгені
өлгенім.
Қандай бақыт өз туымды
көргенім,
Кермей кетті қанша сабаз
ерлерім.
Шат боп тұрып соларды ойлап
қамықтым,
Осы жолда төккен қан мен
терлерін.
Көтер еңсе, көкке қара ұлы
елім,
Тәуелсіздік алып тумен
түледің.
Тоймас көзім өз туыма
қараудан,
Көтеруден талмас әсте
білегім.
Кірлетпейміз сені әсте
көнертіп,
Ием бар де жауға бермей өлер
тік.
Жаса мәңгі өз көгімде өз
туым,
Желбірей бер көсегемді
көгертіп!
1-тапсырма: Ақынның бір өлеңін
тыңдап, негізгі ойын талдау (жұптық
жұмыс).
2-тапсырма: «Туған жер»
тақырыбына эссе жазу (жеке
жұмыс).
3-тапсырма: «Қазақы
дәстүрлерді сақтауда Оразақын Асқардың шығармашылығының орны»
тақырыбында пікірталас ұйымдастыру (топтық
жұмыс).
5. Қорытынды бөлім (10
минут)
Сабақты қорытындылау: Оқушылар
ақын шығармашылығы туралы өз пікірлерін айтып, сабақтан алған
әсерлерімен бөліседі.
Сабақтың негізгі ұғымдары
бойынша сұрақ-жауап
ұйымдастыру.
|
Қазақ әдебиеті Ақтанова А.С.
10 сынып, интернет,
okulyk.kz
сайты
Оразақын Асқардың өлеңдер
жинағы.
Қазақ әдебиеті
оқулығы.
Ғаламтор дереккөздері (ұлттық
кітапхананың сайттары).
Ақын туралы мақалалар мен
зерттеулер.
|