Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Органикалық химия- көміртек қосылыстарының химиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: химия

Сынып: 9

Мерзімі:



Сабақ 50

Сабақтың тақырыбы

Органикалық химия- көміртек қосылыстарының химиясы


Мақсаты

Органикалық қосылыстардың құрамы мен құрылысы жайлы алғашқы ұғым қалыптастыру. Органикалық заттардың бір-бірінен айырмашылығы мен ерекшеліктеріне тоқталып, олардың алуан түрлілігі жайлы мағлұмат беру. Бұрын қалыптасқан химиялық біліктілік пен дағдыны органикалық заттардың құрылымдық формуласын қарастыру мысалында жалғастыру.


Көрнекі құралдар

Қант, май, крахмал,өсімдік майы,сірке қышқылы,анилин,глюкоза,мұнай,көмір

Табыс критерийі


Сілтеме

Химия 9 сынып Алматы: Мектеп, 2013

Оқыту нәтижелері

-топтық жұмысқа қатысады.

-өз әрекетін және серіктесінің әрекетін талдай келе, әрбір қатысушы өз мінез-құлқының үлгісін өзгертеді және оны саналы түрде меңгереді.

Негізгі идеясы

Органикалық химия органикалық заттардың құрамын ,қасиеттерін зерттейтін ғылым


Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс.

Ресурстар

Постер, маркерлер,стикер, үлестірмелі материалдар

Сабақтың ұзақтығы

45 минут

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

топқа бөлу, психологиялық ахуал туғызу, мақсатын ашу, бағалау парағын тарату

Өткенді қайталау

5 мин


Тест тапсырмаларын беру


Қызығушылығын ояту

Күнделікті өмірде кездесетін заттардың қолданылуы мен алынуы

Жаңа сабақ

түсіндіру

5 мин

Органикалық қосылыстардың құрамы, көптүрлілігі,тізбек түрлері. Органикалық заттардың ерекшеліктері мен маңызы.қолданылуы мен алынуы. Барлық тірі организмнің денесі көміртек атомдары құрайтын заттардан тұрады. Мысалы, оқушыларға бұрыннан мәлім күн сәулесі әсерімен өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін алайық. Нәтижесінде, көміртек (IV) оксиді мен судан глюкоза C6H12O6 молекуласы түзілмей ме? Оның құрамында көміртектің алты атомы тізбектеле отырып, сутек және оттек атомдарымен байланысады. Ал бейорганикалық заттардың бәрінің құрамын біріктіретін ортақ элемент жоқ. Органикалық заттардың алуан түрлілігі көміртек тізбегінің әртүрлі болуымен қатар, басқа химиялық элементтер қатысуымен де көптеген қосылыстар түзеді. Органикалық заттардың тағы бір ерекшелігі-жанады. Қазіргі кезде органикалық заттардың 18млн-нан астам түрі бар. Онымен қатар дүние жүзі химиктері лабороторияда жылына 30 мыңға жуық органикалық заттар алады. мысалы: ацетонC3H6O, этил спирті C2H6O, қант C12H22O9, сірке қышқылы C2H4O2, глюкоза C6H12O6, аскорбин қышқылы C6H8O6 т.б.

Жаңа сабақты меңгеру

15 мин

топта талқылау

Ітоп. Органикалық заттардың ерекшелігі

ІІ топ.Органикалық заттардың маңызы

Талдау

10 мин

2Тапсырма: 1.Төмендегі заттардың ішінен органикалық заттарды бөліп жазыңдар.

2.Осы заттардың молекула құрамында бәріне тән қандай ортақ белгі байқалады? Бұлардың қасиеттері қандай болуы мүмкін?

3.Түзу, тармақты, тұйық тізбек жазып көрсетіңдер

4.Көміртектің 5 және 6 атомын тіркестіре және тармақтап орналастыру ұсынылады


Жинақтау

5 мин

Сұрақ жауап: 1.Органикалық заттардың бейорганикалық заттардан нендей айырмашылығы бар

2.Органикалық заттардың санының көп болуы неге байланысты Органикалық химия пәні нені оқытады?

Бағалау

5 мин


Органикалық химия пәні нені оқытады?

4-, 5-, 6-жаттығуларды орындату.

Үйге

§42. 1-8жаттығулар. Есептер жинағынан тапсырмалар орындау

Рефлексия

Сабақтың маған әсер еткен тұсы. Оған менің көзқарасым.



































Тест

1) Жер қыртысында ең көп таралған металл:

А)Fe Ә)Ti Б)Al В)Ca

2) Қандай қатарда тек металдар орналасқан?

А)K,Zn,Fe Ә)Si,Ca,Bi Б)Al,C,Cr В)W,Os,B

3) Электротехникада қыздыру лампаларын жасау үшін қандай металдан жасалынған сым пайдаланылады?

А)Al Ә)Cu Б)Mo В)W

4) Массасы 3,42 г сілтілік металл сумен әрекеттескенде қалыпты жағдайда 0,448л сутегі бөлінді.Бұл қандай металл?

А)Na Ә)Li Б)K В)Rb

5) Негізгі топша металы оксидін түзеді. Металл атомының қозбаған жағдайдағы валенттілік электрондарының конфигурациясы қалай болады?

А) Ә) Б) В)

6) Ластанған қала ауасының қай компоненті, әсіресе ылғалды кезде металдар үшін коррозия жүруіне жағдай жасайды?

А) Ә) Б)CO В)

7) Ең оңай балқитын металл:

А)Hg Ә)Na Б)Ga В)Cs

8) Сумен қандай зат реакцияға түспейді?

А)Ca Ә)Ni Б)Na В)Ba

9) Концентрлі пен қандай зат әрекеттеспейді?

А)Cu Ә)Ag Б)Fe В)Zn

10) Қай реакция металдың тотықсыздандырғыштық қасиетін көрсетеді?

АShape1 ) +

ӘShape2 )Cu+ Cu

БShape3 ) 2KN

ВShape4 )MgO+2HCl Mg





Бағалау парағы

Оқушы аты жөні

тест

1

2

3

4

Топ басшысы

Мұғалім бағалауы

1









2









3









4


















тест жауабы:

А а в ә ә ә ә ә в б

1 тапсырма тест


2 тапсырма


І топ. Органикалық заттардың ерекшелігі

ІІ топ Органикалық заттардың маңызы



3 тапсырма

1. Төмендегі заттардың ішінен органикалық заттарды бөліп жазыңдар. (параграф соңындағы 8 тапсырма)

2 .Осы заттардың молекула құрамында бәріне тән қандай ортақ белгі байқалады? Бұлардың қасиеттері қандай болуы мүмкін?

3. Түзу, тармақты, тұйық тізбек жазып көрсетіңдер (тақтаға жазып көрсету)

4 .Көміртектің 5 және 6 атомын тіркестіре және тармақтап орналастыру




4 тапсырма

Сұрақ-жауап: 1.Органикалық заттардың бейорганикалық заттардан нендей айырмашылығы бар?

2. Органикалық заттардың санының көп болуы неге байланысты?



5 тапсырма

1. 4-, 5-, 6-жаттығуларды орындау.


2. Органикалық химия пәні нені оқытады?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.05.2021
760
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12