ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯДА ФЕНОЛДАР ЖӘНЕ
АРОМАТТЫ СПИРТТЕР ТАҚЫРЫБЫН ТАЛҚЫЛАУДА STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ҚОЛДАНУ
Кенжебеавa Ж.Б.
Ғылыми жетекші: х.ғ.к.,
аға оқытушы Досмурзина Е.Б.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
университеті
zhansayakenzhebaeva279@gmail.com
STEM білім беру моделі (Science, Technology,
Engineering, Mathematics) – ғылым, технология, инженерия және
математиканы интеграциялай отырып, білім берудің кешенді
әдістемесін ұсынатын заманауи педагогикалық бағыт. Бұл тәсіл білім
алушылардың сыни ойлау қабілетін, аналитикалық дағдыларын және
пәндік құзыреттіліктерін дамытуды көздейді, сондай-ақ оларды
табысты кәсіби мансапқа және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға
дайындайды.
Бұл мақалада STEM білім беру Қазақстан
Республикасының жаңартылған білім беру жүйесінің басым бағыттарының
бірі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, STEM технологияларын
«Органикалық химия» пәнінде, атап айтқанда, «Фенолдар және ароматты
спирттер» тақырыбын оқыту барысында қолданудың маңыздылығы мен
білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудағы рөлі
сипатталады. Ғылым мен техниканың үдемелі дамуы білім беру
жүйесінің модернизациясын және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге
қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауды талап етеді. Қазіргі
таңда STEM білім беру әлемнің жетекші елдерінің оқу
бағдарламаларында басымдыққа ие болып отыр. STEM – бұл тек
жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия және
математиканың интеграциясы ғана емес, сонымен қатар заманауи жоғары
технологиялық қоғамның талаптарына бейімделген білім беру
парадигмасы болып табылады.
STEM білім берудің мүмкіндіктері мен ресурстары
«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2020-2025
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген: «STEM
пәндеріне арналған пән кабинеттерімен жабдықталады», «Оқу
жоспарлары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды және
математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM элементтерін
қамтиды» [1].
STEM
технологиялар көмегімен сабақ жүргізу барысы.
«Органикалық химия» пәнінен
24.02.2025ж.10:00-10:50 уақыт аралығында «Фенолдар және ароматты
спирттер» тақырыбында 6В05302-Химия мамандығы бойынша білім
алушыларға STEM технологияларын қолдану көмегімен сабақ
өткізілді.
STEM технологияларын қолдану арқылы оқыту
процесін жетілдіру – қазіргі заманғы білім берудің маңызды
аспектілерінің бірі. Білім алушыларға STEM технологияларын
пайдалану арқылы сабақ өткізу тиімді әрі қызықты.
Сабақтың мақсаты – STEM технологияларын қолдану
арқылы білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттыру және STEM
білімінің маңыздылығын насихаттау. Бұл мақсатқа жету үшін STEAM
білім беру моделі пайдаланылды.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
Білім алушылардың назарын сабаққа аудару, бағалау критерийлерімен
таныстыру; Әр білім алушыға жеке тапсырмалар беріле отырып, олар
фенол, толуол және крезол топтарына бөлінді; Органикалық
қосылыстардың құрылымдық формулаларын анықтау бойынша тапсырмалар
орындалды.
-
Интерактивті оқыту әдістерін қолдану:
"Фенолдар және ароматты спирттер" тақырыбын
меңгерту барысында Learningapps.org интерактивті модулі
пайдаланылды; Бұл әдіс білім алушылардың қысқа мерзімде алған
білімдерін тексеруге мүмкіндік берді; Химиялық диктант және тест
тапсырмалары орындалды (MyTest, Scratch, Learningapps және
т.б.).
-
Canva платформасын пайдалану:
"Сұрақ-жауап" айдары жүргізіліп, фенолдар және ароматты спирттер
тақырыбы бойынша күрделі ұғымдар талқыланды; Білім алушылар
химиялық реакцияларды шешу арқылы жауаптарын анықтады.
-
STEAM білім беру моделін енгізу:
Өнерді
біріктіре оқыту әдісі қолданылды; Білім алушылар логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту мақсатында тақырыпқа сәйкес химиялық
процестерге негізделген суреттер салды.
-
Химиялық есептер шығару:
"Фенолдар және ароматты спирттер" тақырыбында химиялық есептер
шығарылды; Студенттер есептерді шығарып, олардың шешімдерін
талқылады.
-
Виртуалды зертханаларды пайдалану:
Виртуалды зертханалар сабақтың қызықты әрі мазмұнды өтуіне ықпал
етті;
Қолданылған виртуалды зертханалар:
virtualkidslab.basf;
ChemCollective Virtual Labs; MolView Molecular Modeling
ChemCollective зертханасында фенолдардың қасиеттерін тәжірибелік
түрде тексеру үшін қышқыл-негіздік реакцияларды жүргізу модулі
пайдаланылды. Білім алушылар виртуалды ортада реагенттерді таңдап,
реакция теңдеулерін құру арқылы нәтижелерін талқылады.
MolView
платформасы көмегімен фенолдардың 3D молекулалық модельдері
жасалып, олардың құрылымдық ерекшеліктері қарастырылды. Бұл әдіс
студенттердің молекулалық геометрияны түсіну қабілетін
жақсартты.
Ағылшын
тіліндегі виртуалды зертханаларды қолдану білім алушылардың тілдік
дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізді.
Сабақ қорытындысы бойынша STEM технологиялары
білім алушыларға ғылыми және білім беру ақпаратының үлкен көлемін
қызығушылықпен әрі жылдам меңгеруге мүмкіндік берді. Сабақ қызықты,
танымды әрі тартымды өтті.
STEM технологияларын қолдану білім алушылардың
оқу сапасын арттырып, материалдың жадында ұзақ сақталуына ықпал
етті. Оқыту процесінде бұл технологияларды енгізу жеке оқу
траекториясын құруға, білімді тереңдетуге, кемшіліктерді түзетуге
және артық жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, STEM
әдістерін қолдану оқу процесіне деген қызығушылықты арттырып, білім
алушылардың ақпаратты түсіну, рефлексиялау, талдау, дәлелдеу және
өз көзқарасын қорғау қабілеттерін дамытты. Мұны сабаққа белсенді
қатысқан студенттердің жоғары ынтасы мен белсенділігі айқын
көрсетті.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Государственная программа развития
образования и науки РК на 2020-2025 гг.
2.
Ожибаева З. М., Нурмуханбетова
Н.
Н. Использование
stem-технологий как способ повышения мотивации учащихся на уроках
химии в условиях обновления образования республики
казахстан. SCIENTIFIC ATLAS, 2021, No 4, ISSN 2738-7518Sevil
Akaygun,
3.
Fatma Aslan-Tutak. STEM
Images Revealing STEM Conceptions of PreService Chemistry and Mathematics
Teachers. International Journal of Education in Mathematics, Science
and echnology, Volume 4, Number 1, 2016

