ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯДА ФЕНОЛДАР ЖӘНЕ АРОМАТТЫ СПИРТТЕР ТАҚЫРЫБЫН ТАЛҚЫЛАУДА STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Кенжебеавa Ж.Б.
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., аға оқытушы Досмурзина Е.Б.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
zhansayakenzhebaeva279@gmail.com
STEM білім беру моделі (Science, Technology, Engineering, Mathematics) – ғылым, технология, инженерия және математиканы интеграциялай отырып, білім берудің кешенді әдістемесін ұсынатын заманауи педагогикалық бағыт. Бұл тәсіл білім алушылардың сыни ойлау қабілетін, аналитикалық дағдыларын және пәндік құзыреттіліктерін дамытуды көздейді, сондай-ақ оларды табысты кәсіби мансапқа және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға дайындайды.
Бұл мақалада STEM білім беру Қазақстан Республикасының жаңартылған білім беру жүйесінің басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, STEM технологияларын «Органикалық химия» пәнінде, атап айтқанда, «Фенолдар және ароматты спирттер» тақырыбын оқыту барысында қолданудың маңыздылығы мен білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудағы рөлі сипатталады. Ғылым мен техниканың үдемелі дамуы білім беру жүйесінің модернизациясын және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауды талап етеді. Қазіргі таңда STEM білім беру әлемнің жетекші елдерінің оқу бағдарламаларында басымдыққа ие болып отыр. STEM – бұл тек жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия және математиканың интеграциясы ғана емес, сонымен қатар заманауи жоғары технологиялық қоғамның талаптарына бейімделген білім беру парадигмасы болып табылады.
STEM білім берудің мүмкіндіктері мен ресурстары «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген: «STEM пәндеріне арналған пән кабинеттерімен жабдықталады», «Оқу жоспарлары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды және математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM элементтерін қамтиды» [1].
STEM технологиялар көмегімен сабақ жүргізу барысы.
«Органикалық химия» пәнінен 24.02.2025ж.10:00-10:50 уақыт аралығында «Фенолдар және ароматты спирттер» тақырыбында 6В05302-Химия мамандығы бойынша білім алушыларға STEM технологияларын қолдану көмегімен сабақ өткізілді.
STEM технологияларын қолдану арқылы оқыту процесін жетілдіру – қазіргі заманғы білім берудің маңызды аспектілерінің бірі. Білім алушыларға STEM технологияларын пайдалану арқылы сабақ өткізу тиімді әрі қызықты.
Сабақтың мақсаты – STEM технологияларын қолдану арқылы білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттыру және STEM білімінің маңыздылығын насихаттау. Бұл мақсатқа жету үшін STEAM білім беру моделі пайдаланылды.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
Білім алушылардың назарын сабаққа аудару, бағалау критерийлерімен таныстыру; Әр білім алушыға жеке тапсырмалар беріле отырып, олар фенол, толуол және крезол топтарына бөлінді; Органикалық қосылыстардың құрылымдық формулаларын анықтау бойынша тапсырмалар орындалды.
-
Интерактивті оқыту әдістерін қолдану:
"Фенолдар және ароматты спирттер" тақырыбын меңгерту барысында Learningapps.org интерактивті модулі пайдаланылды; Бұл әдіс білім алушылардың қысқа мерзімде алған білімдерін тексеруге мүмкіндік берді; Химиялық диктант және тест тапсырмалары орындалды (MyTest, Scratch, Learningapps және т.б.).
-
Canva платформасын пайдалану:
"Сұрақ-жауап" айдары жүргізіліп, фенолдар және ароматты спирттер тақырыбы бойынша күрделі ұғымдар талқыланды; Білім алушылар химиялық реакцияларды шешу арқылы жауаптарын анықтады.
-
STEAM білім беру моделін енгізу:
Өнерді біріктіре оқыту әдісі қолданылды; Білім алушылар логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында тақырыпқа сәйкес химиялық процестерге негізделген суреттер салды.
-
Химиялық есептер шығару:
"Фенолдар және ароматты спирттер" тақырыбында химиялық есептер шығарылды; Студенттер есептерді шығарып, олардың шешімдерін талқылады.
Виртуалды зертханалар сабақтың қызықты әрі мазмұнды өтуіне ықпал етті;
Қолданылған виртуалды зертханалар:
virtualkidslab.basf; ChemCollective Virtual Labs; MolView Molecular Modeling
ChemCollective зертханасында фенолдардың қасиеттерін тәжірибелік түрде тексеру үшін қышқыл-негіздік реакцияларды жүргізу модулі пайдаланылды. Білім алушылар виртуалды ортада реагенттерді таңдап, реакция теңдеулерін құру арқылы нәтижелерін талқылады.
MolView платформасы көмегімен фенолдардың 3D молекулалық модельдері жасалып, олардың құрылымдық ерекшеліктері қарастырылды. Бұл әдіс студенттердің молекулалық геометрияны түсіну қабілетін жақсартты.
Ағылшын тіліндегі виртуалды зертханаларды қолдану білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізді.
Сабақ қорытындысы бойынша STEM технологиялары білім алушыларға ғылыми және білім беру ақпаратының үлкен көлемін қызығушылықпен әрі жылдам меңгеруге мүмкіндік берді. Сабақ қызықты, танымды әрі тартымды өтті.
STEM технологияларын қолдану білім алушылардың оқу сапасын арттырып, материалдың жадында ұзақ сақталуына ықпал етті. Оқыту процесінде бұл технологияларды енгізу жеке оқу траекториясын құруға, білімді тереңдетуге, кемшіліктерді түзетуге және артық жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, STEM әдістерін қолдану оқу процесіне деген қызығушылықты арттырып, білім алушылардың ақпаратты түсіну, рефлексиялау, талдау, дәлелдеу және өз көзқарасын қорғау қабілеттерін дамытты. Мұны сабаққа белсенді қатысқан студенттердің жоғары ынтасы мен белсенділігі айқын көрсетті.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Государственная программа развития образования и науки РК на 2020-2025 гг.
2. Ожибаева З. М., Нурмуханбетова Н. Н. Использование stem-технологий как способ повышения мотивации учащихся на уроках химии в условиях обновления образования республики казахстан. SCIENTIFIC ATLAS, 2021, No 4, ISSN 2738-7518Sevil Akaygun,
3. Fatma Aslan-Tutak. STEM Images Revealing STEM Conceptions of PreService Chemistry and Mathematics Teachers. International Journal of Education in Mathematics, Science and echnology, Volume 4, Number 1, 2016

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз