Органикалық химияға кіріспе

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Органикалық химияға кіріспе

Материал туралы қысқаша түсінік
Көміртек және оның қосылыстарының туындылары ретінде органикалық химия негіздерін меңгерту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Органикалық химияға кіріспе»

Модуль /пән атауы Химия

Дайындаған педагог Шайхсламова А.Н

2023 жылғы "28" қараша

1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ Фд-9-23/3


Оқу мақсаты: Көміртек және оның қосылыстарының туындылары ретінде органикалық химия негіздерін түсіндіру.


 Сабақ мақсаты: Көміртек және оның қосылыстарының туындылары ретінде органикалық химия негіздерін меңгерту.


Бағлау критерийі:

1) Органикалық заттарды бейорганикалық заттардан ажыратады;

2) көмірсутектердегі көміртектің гибридтенуін сипаттайды;
3) көміртек атомының құрылымдық ерекшеліктерін және -СС байланысын түзу қабілетін түсіндіреді;

4) А.М. Бутлеров теориясының негізгі ережелерін атайды.;

5) көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажырату;
6) изомерия түрлерін атайды.


Қажетті ресурстар: Интерактивті тақта, компьютер, мультимедия.

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, презентациялық слайд, тапсырмалар,

Сабақ типі Жаңа білімді меңгерту


Қолданылағн әдебиеттер:



Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Басы

20 мин


Ұйымдастыру кезеңі.

Алдымен оқушылармен амандасу.

Ынтымақтастық орта құру.

Дәптер-кітаптарын тексеріп шығу.

Білім алушылардың сабаққа зейінін шоғырландыру.

Топқа бөлу бөлу.Топ басшы сайлау

Сабаққа оң көзқарас қалыптастыру.

«Шаттық шеңбері» құру арқылы оқушылар өз есімдерінің бас әріптерінен басталатын жылы сөздер айту арқылы бір-біріне сабаққа сәттілік тілейді.

Гүл құрастыру арқылы топқа бөліну.

Гүл күлтешелерін таратып,олардан гүлдер құрастырады. Әр күлтешесіне оқушылар өз аттарын жазып,бір топ болады. Гүлдер бір формада, түстері әр түрлі.

Білім алушыларды оқу мақсатымен бағалау критерийлері мен таныстыру

Ортасы

50

Жаңа сабақты түсіндіру

Топқа бөлу арқылы жаңа сабаққа болжау жасап,жаңа сабақтың мазмұнын ашады.

  • Органикалық қосылыстардың бейорганикалық қосылыстардан айырмашылығы.

  • Көмірсутектердегі көміртектің гибридтенуі;

  • Органикалық заттардың құрылысы мен құрамы. Изомерленуі


Тақырыпқа байланысты терминдер:

изомерия-изомерия- isomerism

көміртек-углерод- carbon

алкан- алкан- alkane

гомолог- гомолог- homology



5.1.Жаңа сабақты пысықтауға арналған жаттығулар.


«Кездейсоқ сұрақтар дөңгелегі әдісі»- электрондық ашық порталы.

Порталда кездейсоқ таңдалған сұрақтарға білімалушылар жауап береді.

Әр білім алушы бір сұрақтан жауап береді. Осы ссылка арқылы тапсырмаға өтеді. https://wheelofnames.com/ru/75y-fpb

Әр дұрыс жауапқа 10 баллдан беріледі.

  1. Бейорганикалық заттардың физикалық қасиеттері?

  2. Бейорганикалық заттардың химиялық қасиеттері?

  3. Химиялық байланыс,химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары?

  4. Органикалық химия нені зерттейді?

  5. sp2-гибридтену типіндегі қосылыстарда байланыс бұрышы қандай?

  6. sp3-гибридтену типіндегі қосылыстарда байланыс бұрышы қандай?

  7. Органикалық заттардың құрамы?

  8. Органикалық қосылыстардың жіктелуі?

  9. Органикалық химия терминін ғылымға енгізген ғалым?

  10. Органикалық заттарды қыздырғанда қандай өнімдер түзіледі?

  11. Барлық органикалық заттардың негізгі құрамына кіретін элементтер?

  12. Бейорганикалық заттар ауада өзгереді ма?

  13. Гибридтенудің қандай түрін білесіңдер?

  14. Көміртек атомының sp -гибридтенуі кезіндегі кеңістіктік құрылысы мен байланысына сипаттама беріңдер?

  15. Бейорганикалық заттардың жіктелуі?












Бағалау критерийі

Тапсырманы орындау қадамдары

Ұпайы

1) Органикалық заттарды бейорганикалық заттардан ажыратады;

2) көмірсутектердегі көміртектің гибридтенуін сипаттайды;

Әр білім алушы бір сұрақтан.

Әр дұрыс жауапқа 10 баллдан беріледі.


10


«ДИКСО» әдісі

Топтық жұмыс

Берілген кестедегі бос орындарды толтырыңыз. Әр класс өкілдерінің құрылыс ерекшеліктерін тұжырымдап салыстырыңыз.

Топ бір бірін тыңдап, критерийлер бойынша бағалайды.

қасиеттері

алкан

алкен

алкин

алкадиен

С-С арасындағы байланыс типі





Гибридтелуі





эмпирикалық





молекулалық





құрылымдық





кеңістіктік формулаларын





изомерлері































Бағалау критерийі

Тапсырманы орындау қадамдары

Ұпайы










Көміртек атомының құрылымдық ерекшеліктерін және -СС байланысын түзу қабілетін түсіндіреді;


Көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажырату;


Изомерия түрлерін атайды.


Алкандардың СС арасындағы байланыс типін,гибридтелуін,эмпирикалық, молекулалық,құрылымдық,кеңістіктік формулаларын және изомерлерін жазады

10

Алкендердің СС арасындағы байланыс типін,гибридтелуін,эмпирикалық, молекулалық,құрылымдық,кеңістіктік формулаларын және изомерлерін жазады

10

Алкиндердің СС арасындағы байланыс типін,гибридтелуін,эмпирикалық, молекулалық,құрылымдық,кеңістіктік формулаларын және изомерлерін жазады

10

Алкадиендердің СС арасындағы байланыс типін,гибридтелуін,эмпирикалық, молекулалық,құрылымдық,кеңістіктік формулаларын және изомерлерін жазады

10

Барлығы

40

Тапсырма 1

Химиялық диктант.

Бутлеровтың химиялық теориясына арналған химиялық диктанттағы бос орындарды толтырыңыз.

  1. молекуладағы атомдар өздерінің валенттілігіне сәйкес өзара белгілі тәртіп бойынша байланысады. Атомдардың байланысу реті химиялық құрылысты береді.


2) заттардың қасиеттері олардың молекулаларының құрамына қандай атомдардың және олардың қандай мөлшерде кіргенінде ғана емес, сонымен қатар олардың өзара қандай ретпен байланысқандығына (хим. құрылысына) да тәуелді болады;


3) молекула түзетін атомдар немесе атомдар тобы өзара бір-біріне әсер етеді, молекуланың химиялық реакцияларға түсу қабілеті осыған байланысты;


4) құрамы мен массасы бірдей, бірақ молекула құрылысы әр түрлі, сондықтан да қасиеттері де әр түрлі заттар изомерлер деп аталады



Бағалау критерийі

Тапсырманы орындау қадамдары

Ұпайы





А.М. Бутлеров теориясының негізгі ережелерін атайды.;


Бірінші тұжырымдамадағы бос орынды толықтырады

10

Екінші тұжырымдамадағы бос орынды толықтырады

10

Үшінші тұжырымдамадағы бос орынды толықтырады

10

Төртінші тұжырымдамадағы бос орынды толықтырады

10

Барлығы

40 балл



Функционалды сауаттылық

Асханалық сірке қышқылы

Консервленген өнімдерді ұзақ сақтау үшін сірке қышқылын қолданады. Онсыз ұзақ мерзімге сақтай алмасымыз рас. Қазір дүкен сөрелерінде сірке қыщқылының алуан түрін кездестіруге болады. Бірақ ескере кететін бір жайт, бізде сатылатын сірке қышқылы асханалық деп танылғанымен оның синтетикалық екені белгілі. Бастапқыда сірке қышқылы табиғи жолмен жасалатын, алайда тамақ өнеркәсібінде сұраныс артқан соң синтетикалық түрі көбірек өндіріле бастады. Себебі табиғи түрін дайындауға ұзақ уақыт қажет.

1.Синтетикалық сірке қышқылының зияны

А) Құрамында адам организіміне зиянын тигізетін альдегидтер мен ауыр метал тұздары , мышяк бар

Б) Сірке қышқылының құрамына түрлі тағамдық бояулар қосқандықтан

В) Дизенфекциялық құрал болғандықтан

Д)Мөлшермен тұтынса еш қауіпі жоқ



2.Сірке қышқылының алыну реакциясын жазыңыз

_________________________________________________________



Тапсырманы орындау қадамдары

Ұпайы

1 сұрақтың дұрыс жауабын белгілейді

10

2 сұрақтың реакция теңдеуін жазып көрсетеді

10



ЕБҚЕ оқушылар үшін

Органикалық химияға кіріспе тақырыбындағы дәрісінің аудио жазбаға айналдыру арқылы оқушылар бірнеше рет тыңдап түсінуге мүмкіндік болады. бағдарламалық қамтамассыз ету.

1.Органикалық заттарды бейорганикалық заттардан ажыратыңыз және атауын жазыңыз

NaO. Ca. H2O. CH4. C2H6. C3H8

Органикалық заттар

Атауы

Бейорганикалық заттар

Атауы















Дескриптор

Ұпайы

1.Органикалық заттарды анықтайды,атауын жазады.

10

2.Бейорганикалық заттарды анықтайды,атауын жазады.

10



2. Көмірсутектердің гибридтенуін сәйкестендіріңіз

Көмірсутек атауы

Гибридтенуі

CH4

sp3 –sp3

C2H6

sp3

С3H8

sp

НСN

sp3





Тапсырманы орындау қадамдары

Ұпайы

Әр екі жауапқа 10балл

20


Соңы

20 мин



Рефлексия.

«Алма ағашы» әдісі. Студенттерге сабақ басында үш түсті “алма” стикерлері беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек.

Қызыл алма- Сабақ қызықты өтті, көңіл күйім керемет.

Сары алма- мен көп нәрсені түсіндім, көңіл күйім жақсы.

Жасыл алма- мен сабақты түсінбедім, көңіл күйім жоқ.








































  1. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы


1861 жылдың қыркүйегінде Шпейер қаласында (Германия) болған жаратылыс зерттеушілер конференциясында А.М.Бутлеров «Заттардың химиялық құрылысы туралы» баяндама жасады. Міне, осы баяндамада осы құрылыс теориясының негізгі идеяларын ұсынды. Бұл теорияның мәні мынандай негізгі қағидалардан тұрады:

1. Молекуладағы барлық атомдар өздерінің валенттіліктеріне сәйкес ретпен (тәртіппен) байланысады.

Молекуладағы атомдардың қосылысу тәртібін және олардың арасындағы байланыстың сипатын А.М.Бутлеровтыңхимиялық құрылыс деп атады.

Жоғарыда айтылған көміртектің төрт валенттілігі және олардың бір-бірімен тізбек түзе қосылуы туралы түсініктер құрылыс теориясының құрам

бөлігі болып табылады.

Көміртек атомдары бір-бірімен қосылысқанда, олардың арасында 1,2 және 3 байланыстың болатыны және көміртек атомдарының тізбегі ашық та, тұйық та болып келетіні анықталды:


С

| | СС

- С – С - С = С - С ≡ С - | |

| | СС

С


2. Заттардың қасиеттері олардың сапалық және сандық құрамдарына ғана емес, сонымен бірге молекулаларға атомдардың бір-бірімен байланысу ретіне және олардың арасындағы байланыстың сипатына да тәуелді болады.

Құрылыс теориясының бұл қағидасы органикалық химияда кең тараған изомерия құбылысына түсінік береді.

3. Берілген заттардың қасиеттерін зерттей отырып, ол заттың молекуласының құрылысының анықтауға болады және құрылысы мен қасиеттерін белгілі дәрежелерін көрсететіндей бір формуламен өрнектеуге болады.

4. Молекулаға кіретін атомдар мен атомдар топтары өзара бір-біріне әсер етеді, оның ішінде тікелей байланысқан атомдардың (атомдар тобының) өзара әсері күштірек болады.

Химиялық құрылыс теориясы бойынша, әрбір заттың тек белгілі бір ғана химиялық құрылысы болады. Осыған байланысты бір эмпирикалық формулаға бірнеше заттар сәйкес келуі мүмкін. Олардың барлығының әртүрлі химиялық құрылысы және әртүрлі құрылымдық формулалары болад. Мысалы эмпирикалық формуласы С2Н6О қосылысына екі түрлі химиялық құрылыс жазуға болады:

Н ННН

½½½½

Н ¾ С ¾С¾ ОН және Н ¾ С ¾ О ¾ С ¾ Н

½½½½

Н ННН

этил спирті – сұйықтық диметил эфирі – газ

Мұндай қосылыстарды өзара изомерлі қосылыстар деп атайды. Изомериядеп құрамы бірдей, бірақ құрылысы айрықша заттарды айтады.

Органикалық химияда изомерияныңекі түрі кездеседі: құрылымдық изомерия және кеңістік изомерия.

Құрылымдық изомериямолекуланың құрамындағы атомдардың орналасу тәртібін көрсетеді, яғни химиялық құрылысын анықтайды. Құрылымдық изомериялы қосылыстарды құрылымды формуламен белгілейді. Мысалы, құрамы С5Н12 қосылысқа үш құрылымдық изомерия тән:

Н НННННННН

½½½½½½½½½

Н - С -С-С-С-С- Н Н- С -С-С-С- Н

½½½½½½½½

Н ННННН- С - Н НН

пентан ½

Н

изопентан

Келтірілген формулалар классикалық құрылымдық формулалар, яғни молекула құрамындағы атомдардың валенттілік ережесіне сай орналасуы көрсетілген. Молекуланы былай белгілеу өте көлемді, сондықтан оны ықшамды түрде белгілеу ұсынылған:

СН3

½

СН3 – СН2 – СН2 – СН2 – СН3 СН3 – СН – СН2 – СН3 СН3 – С – СН3

  • ½

СН3 СН3

пентанизопентаннеопентан

Мұнан былай құрылымдық формулалар осылай ықшамдалған түрінде жазылады.

Құрылымдық изомерлі қосылыстардың химиялық құрылысы әртүрлі болғандықтан, олардың химиялық және физикалық қасиеттері әр түрлі.

Кеңістіктік изомерия молекула құрамындағы атомдардың кеңістікте орналасуын көрсетеді, бірақ атомдардың байланысу тәртібі бірдей. Кеңістіктегі изомерлі қосылыстарды – стереоизомерлі деп атайды, ал химияның кеңістіктегі құрылысын зерттейтін тарауын – стереохимия дейді.

Стереоизомерия үшке жіктеледі: а) геометриялық; б) оптикалық және в) еркін айналу изомериялары.

Геометриялық изомерия молекуланың геометриясын анықтайды, яғни молекуладағы атомдардың немесе атом топтарының, белгілі жазықтыққа қарағанда, кеңістікте әртүрлі орналасуы, мысалы қос байланыс жатқан жазықтыққа қарағанда бутен – 2 молекуласындағы атомдар (Н) және атомдар тобы (СН3) кеңістікте екі түрлі орналасуы мүмкін:

Н Н СН3 Н

½½½½

С = C С = С

½½½½

СН3 СН3 Н СН3

цис – бутен – 2 транс – бутен – 2

Геометриялық изомерлі қосылыстардың химиялық құрылыстары бірдей болғандықтан, олардың химиялық қасиеттері бірдей, айырмашылығы – физикалық қасиеттерінде, яғни молекуланың геометриясы, оның физикалық қасиетіне әсер етеді.

Оптикалық изомерия құрамында төрт әртүрлі атомдар немесе атомдар топтарымен байланысқан көміртек атомы бар қосылыстарға тән. Ондай көміртек атомын асимметриялық атом деп атайды да жұлдызшамен (*) белгілейді, мысалы:

* Н

СН3 – С – СН2СН3 екіншілік бутил спирті

½

ОН

Мұндай қосылыс арқылы плюстенген жарық жазықтығын жібергенде, ол оңға немесе солға бұрылса, онда қосылысты оптикалық активті деп атайды, яғни полюстенген жарық жазықтығын оңға немесе солға бұратын қабілеті бар. Оптикалық изомерлі қосылыстардың химиялық және физикалық қасиеттері бірдей, айырмашылығы біреуі оңға, екіншісі солға бұрады.

Еркін айналу изомериясымолекула құрамындағы атомдардың немесе атомдар топтарының жай s-байланысты еркін айналуының нәтижесінде пайда болады. Еркін айналу – молекуланың өзінің меншікті жылу қозғалысының нәтижесінде жүреді де, оның формасын үздіксіз өзгертеді. Молекуланың еркін айналу процесінде қабылданған жеке түрлерін конформациялардеп атаған, ал пайда болған изомерлердіеркін айналу изомерлерідейді.

Изомерлі қосылыстар еркін айналу нәтижесінде болғандықтан конформацияларды жеке күйінде бөліп алу мүмкін емес, тек сондай изомерлі қосылыстардың түзілетіндігін мәлімдейміз. Еркін айналу нәтижесінде бір ғана құылымдық формулалы қосылыстан мыңдаған изомерлер (конформациялар) түзілуі мүмкін, оның барлығын атау мүмкін емес, бірақ екі шеткі формасын көрсетуге болады: ең тұрақтырақ формасы – тежелген және ең тұрақсыздау формасы – көлеңкеленген:


Органикалық заттар және олардың жіктелуі

Органикалық химия – химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін саласы.

А.М. Бутлеров теориясының негізгі қағидалары:

1. Органикалық қосылыстардың молекуласын құрайтын атомдар белгілі бір реттілікпен байланысады, бір-бірімен байланысуға бір немесе бірнеше валенттілік жұмсалады.

2. Органикалық заттардың қасиеттері молекуласының құрылысына, яғни атомдардың қосылу реттілігіне және байланыс сипатына тәуелді болады. Сонымен органикалық заттардың қасиетін зерттеу арқылы оның молекула құрылысын анықтап және белгілі формуламен көрсетуге болады.

3. Атомның немесе атомдар топтарының химиялық қасиетіне молекуладағы басқа атомдар мен топтар әсер етеді, әсіресе өзара байланысқан атомдардың әсері үлкен болады.

Химиялық құрылыс теориясы изомерия құбылысын түсіндіруге мүмкіншілік береді.

Изомерлер деп құрамы және молекулалық массалары бірдей, бірақ құрылысы мен қасиеттері әр түрлі заттарды айтады.

Органикалық қосылыстардың өзгерістері химияның жалпы заңдылықтарына бағынады, сонымен бірге, тек органикалық қосылыстарға тән заңдылықтары да бар. Бейорганикалық қосылыстар тұрақты болса, органикалық қосылыстар тұрақсыздау, мысалы, олар тез тотығады (жанады), көптеген органикалық қосылыстарда атомдар арасында тек ковалентті байланыс болады.

 

 

Органикалық реакциялардың түрлері

Органикалық қосылыстардың химиялық өзгерістері бағыттылығымен, жылдамдығымен және механизмімен сипатталады.

Органикалық қосылыстардың реакциялары көбінесе екі бағытпен жүреді. Реакция бағыты заттың құрамына, құрылысына, сонымен бірге сыртқы жағдайларға тәуелді. Реакция бағыты химиялық реакциялардың жалпы теориясы негізінде шешіледі.

Екі заттың арасында реакция жүру үшін олар соқтығысулары қажет, бірақ реакция жүруі үшін олардың энергиялары реакция жүруіне қажет энергиядан (реакцияның активациялық энергиясынан) жоғары болуы керек.

Органикалық өзгерістер көміртегі тізбегі өзгеріп не өзгермей жүреді. Көптеген реакцияларда көміртегі тізбегі (қаңқасы) өзгермейді, бұл жағдайға мына реакциялар жатады: орын басу, қосылу, элимирлену (бөліп алу), изомерлену.

Көміртегі қаңқасы өзгере жүретін реакцияларға: тізбектің ұзаруы (орын басу және қосылу реакциялары арқылы), тізбектің қысқаруы (крекинг және изомерлену), тізбектің изомерленуі, циклдену, циклдің ашылуы, циклдің сығылуы және кеңеюі жатады.















































ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«БОЛАШАҚ» ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ



Келісілген Бекітемін
Колледж әдіскері Директордың оқу жұмысы
__________Ф.Ж.Тулегенова жөніндегі орынбасары
__________С.М.Оразбекова
«_____»__________20___ж.





ХИМИЯ ПӘНІНЕН

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы:

«Органикалық химияға кіріспе»

Оқытушы: Шайхсламова А.Н.







Қызылорда, 2023 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2025
295
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі