жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Өріммен өрілген өнер"
«Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы КМҚК
«Өріммен өрілген өнер»
(шебер сынып)
Музыка жетекшісі: Г.Абуева
2025-2026 оқу жылы
Шебер-сынып: «Өріммен өрілген өнер»
Мақсаты: балаларды ұлттық қолөнер элементтерімен таныстыру, өрім жасауға қызығушылығын арттыру, ұсақ моторикасын, қиялын және эстетикалық талғамын дамыту.
Міндеттері:
1.Балаларды өрім түрлерімен (қарапайым 2, 3, 4, 6) таныстыру.
2.Түрлі түсті жіптер, баулар мен ленталармен жұмыс істеуге үйрету.
3.Өрім құру барысында түстерді ажырату, үйлестіру дағдыларын қалыптастыру.
4.Ұқыптылыққа, сабырлылыққа, еңбекке қызығушылыққа тәрбиелеу.
5.Ән айту, қолдың икемділігін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
-Өрімнің қарапайым түрлерін ажыратып, өз бетінше қарапайым өрім жасай алады;
-Жіптерді, ленталарды дұрыс таңдап, түстерді үйлестіре біледі;
-Қолдың ұсақ моторикасы дамиды, қол-саусақ қимылдары икемделеді;
-Өнерге, ұлттық қолөнерге қызығушылығы артады;
-Ән айту дағдылары дамиды.
Керекті құралдар: Түрлі түсті жіптер, бау, лента; Дайын өрім үлгілері.
Шебер-сыныптың барысы:
Кіріспе бөлім: (3 мин)
Жүргізуші қазақтың өрім өнері туралы қысқаша түсіндіріп өтеді.
Мен «Өріммен өрілген өнер» тақырыбында авторлық бағдарламаны 5 жасқа арнап қолға алдым. Бұл авторлық бағдарлама балалардың ой-өрісін, зейінін және ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.
Өріммен өрілген өнер – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер түрлерінің бірі. Өру – өте әдемі әрі пайдалы қолөнер. Өру кезінде балалардың: саусақ қимылын дамытады, шыдамдылыққа үйренеді және ұлттық құндылықты құрметтеуге тәрбиеленеді.
Мына жерде түрлі өрімдер үлгілері бар. Өру барысында балаларымыз түрлі-түсті жіптер, бау, лента болатынын ұғынады және қазақ халық әндерін айтып, қол-саусақ қимылдар жасай отырып өрімді өреді. Сонымен қатар, өрім өнері арқылы балалардың эстетикалық талғамы да қалыптасады. Олар түрлі түстер мен текстураларды үйлестіру арқылы әдемі өрнектер жасайды, бұл олардың өнерге деген сүйіспеншілігін оятады.
Құрметті әріптестер, ортаға 3 адам шықса. Түрлі өрім үлгілерін көрсету (2, 3, 4, 6 тал).
Негізгі бөлім – Өрім үйрету:
А) Қарапайым 2 талды өрім (3 мин)
2 талды өрім-ең қарапайым өрім түрлерінің бірі. Өргініз келетін жіпті тең 2 бөлікке айырасыз, 1 бөлікті 2-нің үстінен кезекпен өткізу.
Қадамдар: оң бөлікті (2), сол бөліктің (1) үстінен өткізу.
Ә) Қарапайым 3 талды өрім (3 мин)
1. 3 түсті жіп дайындау.
2. Оң жақтағы жіпті ортасына, сол жақтағы жіпті ортасына алмастыра отырып өру.
3. Ұштарын түйіндеп бекіту.
Б) 4 талды өрім (5 мин)
1. Жіпті екі-екіден бөліп ұстап өріледі.
2. Оң жақтағы екі жіпті үстінен өткізіп ортаға әкелу.
3. Сол жақтағы екі жіпті астынан өткізіп ортаға қосу.
4. Үнемі жоғары-төмен ауыстыру принципін көрсету.
В) 6 талды өрім (5 мин)
Кезекпен сол және оң жақтағы жіпті ортасына әкелу арқылы жасалады.
Қадамдары:
1.6 жіпті түзеп қойыңыз.
2.Сол жақтағы 1-жіпті ішке қарай (3–4 жіптің арасына) енгізіңіз.
3.Оң жақтағы 6-жіпті ішке қарай енгізесіз.
4.Осы кезекпен жалғастыра бересіз.
Әріптестер, барлық өрім түрлері көрсетілді. Енді, бәріміз қазақ халық «Еркем-ай» әнің айтып, ырғақты-қимылдар жасай отырып өрімді өреміз.
Еркем-ай, еркем-ай, еркем-ай
Еркелеген еркем-ай.
Еркелеген еркемді
Еркелетсем екен-ай.
Қорытынды (3 мин)
«Өріммен өрілген өнер»— қазақ халқының ұлттық мәдениетінің тереңінен тамыр алатын ерекше шығармашылық әдіс, ол балаларға қол моторикасын дамытумен қатар, ұқыптылық пен зейінділікті үйретеді. Жіптермен жұмыс істей отырып, балалар қиялдарын іске қосып, әртүрлі өрнектер жасауды меңгереді, бұл олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ән айту барысында балалардың қозғалыс ритмін қалыптастырып, қимыл үйлесімділігін жақсартады, дене икемділігі мен шыдамдылықты арттырады.
Қатысушылардың жұмыстарын көрме ретінде орналастыру.
Ең ерекше, ұқыпты өрілген бұйымдарды атап өту.
Кері байланыс: «Маған бүгінгі шебер-сыныпта не ұнады?» деген сұрақ.
Назарларыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген