Тақырып бойынша 11 материал табылды

Орман – тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниетану 4 сынып

Сабақтың атауы

Орман – тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Көрнекілігі:

Әдісі:

Білімділік: Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық: Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық білімін, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамыту.

суреттер, деректі фильмге байланысты диск.

түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, жинақтау, талдау, көрнекілік.

Психологиялық ахуал

Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі - Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.
Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу - Іле т. б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі.
Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті, топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды. Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар.
Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар жиі кездеседі. Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде, топырағы құнарлы, ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек. қарағай, шырша, қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа»енген. Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.
Суреттер бойынша түсіндіру.
Шөлейт пен шөлдегі өзен аңғарында, кішігірім көл жағалауында ну тоғайлар өседі. Шағын тоғайлар ылғалы бар сайларда кездеседі. Тоғайда жидек көп. Өзен аңғарларында шабындықтар жайқалады. Тоғайда терек, тораңғы, бұталардан шеңгел, ұшқат өседі. Жануарлары да ағашты, бұталы жердің тіршілік жағдайына бейімделген. Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт, қоңыр, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл, жасылдау болады. Сілеусін, борша тышқан, тиін — жануарлары, тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ — орман қамқоршылары. Тоғай жануарлары бартоғай бұғысы, елік, қасқыр, түлкі. Қалың тоғайларда қырғауыл, мысықторғай, жамансары кездеседі.

Сергіту сәті

Тұрып қалмай жантайып,

Бiр еңкейiп, шалқайып,

Жылдам-жылдам қозғалып,

Асқақ әндер айтайық.

Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс
Орман - тоғай өсімдіктері Орман - тоғай жануарлары
Қайың, көктерек, шырша, терек, қарағай;
Қойбүлдірген, таңқурай, тошала, шеңгел, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, қоғажай, айдаршөп. Сілеусін, жапалақ, шымшық, құмырсқа, елік, қасқыр, түлкі, тоқылдақ, көкқарға, бартоғай бұғысы, тиін, мысықторғай т. б.

Үйге тапсырма

Мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Дүниетану 4 сынып

Сабақтың атауы

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың әдісі:

Көрнекіліктер:

Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау қасиеттерін дамыту.
түсіндіру, сұрақ - жауап, ой бөлісу. Топтастыру; ББҮ; кубизм; Венн диаграммасы.
сызбалар, тақырыпқа байланысты суреттер

Психологиялық ахуал

Жұмбақ

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасаң қорын тек.

Барша тірлік құрайды. СУ

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі

мәтінді бөлімдерге бөлу.
а) Азат жолы бойынша 4 бөлімге бөлеміз;
І топ Су қоймасы өсімдіктері.
ІІ топ Су қоймасы жануарлары
ІІІ топ Инелік дернәсілі.
ІV топ Су қоймасы жануарлары.
ә) Жеке, жұпта, топта жұмыс жүргізу;
б) Жұмыстары тақтаға ілініп, әр топтан 1 оқушы шығып қорғайды.
в) Мұғалім соңында қорытынды жасайды.
Дәптермен жұмыс
- Су қоймалары өсімдіктері мен жануарларын жеке топтастырып жазу.

Сергіту сәті

Тұрып қалмай жантайып,

Бiр еңкейiп, шалқайып,

Жылдам-жылдам қозғалып,

Асқақ әндер айтайық.

Ой толғаныс

Тапсырма:
1. Орман өсімдіктері мен жануарлары.
2. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары.
- Сабақта -------- топ жақсы жауап беріп отырды, сондықтан алдағы көктемгі демалыста ------ ғимаратты тамашалап қайтамыз.

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Дүниетану 4 сынып

Сабақтың атауы

Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1) Таулы жердің ауа райы, ондағы өсетін өсімдіктермен жануарлар туралы мағлұмат беру;

2)Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу;

3)Танымдық қабілеттерге дамыту.

Көрнекілігі:Суреттер, карта, жазбабет, т.б.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Психологиялық ахуал

Кең дала, көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен

Әне, сол анам еді мені тапқан,-деп Сәкен Сейфуллин атамыз айтқандай, Қазақстан-кең,байтақ өлке.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі

. -Балалар, картаға назар аударсақ, қызыл түспен боялған қандай жерлер?

-Қызыл түспен боялған таулы жерлер.

-Дұрыс, олай болса біз таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы мағлұмат аламыз. Әр оқушының алдында карта тұрады, олар талған тауларды түсіріп отырады.

1. Алтай тауы.-Солтүстік батыста орналасқан. Алтай тауы түркі тілінен аударғанда  «Алтай» -алтын деген сөзді білдіреді. Ол Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай, кенді Алтай болып бөлінеді.

2. Сауыр-Тарбағатай тауы.Бұл тауды Шоқан Уәлиханов пен досы Потанин зерттеген.

3.Жоңғар Алатауы- Оңтүстік шығыста Қытаймен шекарада орналасқан тау жүйесі. Ең биік шыңы –Бесбақан шыңы. Пайдалы қазбаларға өте бай. (жанғыш, тақтатас,қоңыр көмір, вольфрам т.б)  Мұнда «Достық» темір жолы салынған.

4. Тянь-Шань.  Азия материгіндегі ең ірі таудың бірі. Қытай тілінен аударғанда  «Тәңір шыңы», «аспан тауы»  дегенді білдіреді. Полиметалға бай. Емдік қасиеті бар минералды бұлақтар кездеседі. Бұл тау орыс географы П.П.Семенов –Тянь-Шаньскийдің атымен аталған.

Таулы жер өсімдіктері: (Тақтадаь таулы жер өсімдіктерінің суреті тұрады.) Көктерек, қайың, тал, терек, қарағай, ұшқат, ырғай, күреңот, тобылғы, итмұрын, долана, қарақат, жабайы алма, т.б. өседі.

Таулы жер жануарлары: (тақтаға ілінеді)

-Балалар, Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстанды ненің символы ретінде алды?

- «Қазақстан-2030» жылдары Орта Азия барысына айналады,яғни біздің мемлекетіміз ең ірі ,алпауыт мемлекеттермен терезесі теңеледі деген.

-Осындайғы барыс қандай аң және қандай аймақта өмір сүреді деп ойлайсыңдар?

-Барыс өте епті, жылдам, жыртқыш аң. Ол биік тау құздарын мекендейтін аң. Барыстың саны бүгінде күрт азайып кеткендіктен, қазір қорғауға алынды. Барыстың  шапшаңдығы мен ептілігі туралы аңыз, әңгімелер өте көп.

Арқар-өте ірі аң. Ол тау жайылымдарын мекендейді. Түнде мұзды алқапқа дейін өрлеп түнейді де, ертеңгісін жайылымға қайта түседі. Сондай-ақ таутеке, марал, ақбөкендер т.б мекендейді. (әр жануарға жеке-жеке сипаттама беру).

Таулы жер құстары.

- Таулы жер құстары өте көп. Биік тасты құздарда ұлар тіршілік етеді.

Ұлар-ірі, түсі тас реңдес сұрғұлт құс. Ол 5-10-нан топтасып жүреді. Олар Қыста тау қуысына топтасып қонақтайды. Олар бірін-бірі жылытып, суықтан қорғайды.

Қозықұмай-ол тік құздарды мекендейтін құс.Қозықұмай еліктің лағы,суыр,арқардың қозықасы т.б. мен қоректенеді. Ол ірі тұяқты жануарларға да шабуыл жасайды. Екпіндеп ұшып, оларды қанатымен қағып,құздан құлатады. Бұлардан басқа тау ормандарында бүркіт, үкі, жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ  т.б құстар тіршілік етеді.

Шаруашылықтары. Бұғы шаруашылығы. Омарта шаруашылығы дамыған.

1.  Мәтінді тізбектей оқыту.

2. Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру.-Сонымен, біз, балалар бүгін таулы жерде өсетін өсімдіктер мен мекен ететін жануарлар туралы мағлұмат алдық.

Сергіту сәті

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

Ой толғаныс

Венн диаграммасын тақтаға сызып. 5 оқушыны шығару (құстар, өсімдіктер, жануарлар).

Тапсырмалар. (5оқушы шығады)

1-топқа: Өсімдіктер аттарын түсіру, жаңа сөздер бойынша Қазақстан табиғатына әңгіме құрау.

2-топқа: Картаға тауларды түсіру және өлең құрастыру.

3-топқа: Жануарлардың аттарын түсіру және бір жануардың суретін салу.

Үйге тапсырма

Мәтінді оқу, мазмұнын айту, сурет салу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Дүниетану 4 сынып

Сабақтың атауы

Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері. Жер сілкінісі (ө.қ)

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Қоршаған орта, оларды қорғау жайлы білімін тереңдету, тақырып мазмұнын меңгерту. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, жеке шығармашылығын дамыту.
Көрнекілігі: Жануарлар суретінен фотоальбом. Өсімдіктер суреті. Жануарлар дүниесі салынған кесте. Таулардың, қорықтардың суреттері.

Ынтымақтастық, ұжымдық және топтық оқыту, дамыта оқыту.
Ой қозғау, топтастыру, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап.

Психологиялық ахуал

Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі

Қазақстанның таулары
Орталық Азиядағы Тянь - Шань тауының құрамында көптеген Алатау деген жоталар бар. Алатауды түрік, әзербайджан, түрікмен халықтары “Аладаг”, қырғыздар“Алатоо”, алтайлықтар “Алатуу”, өзбектер “Олотог” дейді. Ол қар, мұз белдеулерінің айқын көрінуінен “Алатау” деп аталған. Талғар шыңының айналасында Алматы қорығы ашылған. Қорықта Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген арқар, тауешкі, ұлар және т. б. мекендейді.
Алтай тауы Қазақстанның шығысында және Ресей, Қытай, Моңғолия аймақтарында орналасқан. Алтай - Қазақстанның ну орманды жері.
Ұлытау - Қарағанды облысының аумағында орналасқан аласа тау. Ең биік жері - Әулие Ақмешіт. Етегінде көктерек, аққайың өсетін орман кездеседі.
Қаратаудың тарихта алатын орны ерекше. XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарларға қарсы бірігіп соғысу үшін қазақтың үш жүзінің билері Қаратаудың Ордабасы төбесінде кездесіп, келіссөз жүргізген. Сол жерде билерге арналып ескерткіш қойылды.
Тарбағатай – Қазақстанның оңтүстік – шығысы мен Қытай мемлекетінің аумағындағы орташа тау.
Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі – Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланың тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені – 30 км, орташа биіктігі – 450 - 500м.
Қазақстан қорықтары
Ақсу - Жабағылы қорығы. Қазақстан жерінде ең алғаш ұйымдастырылған қорық. Ол Батыс Тянь - Шань тау жоталары сәлемдерінің, Талас Алатауы мен Өгей тауларының табиғатын қорғау мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл алқаптың өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары түгелдей қорғауға алынған. Мұнда “Қызыл кітапқа” тіркелген сары жылан, ұлар, сақалтай, бүркіт, ителгі, арқар, сілеусін т. б. жануарлар кездеседі.
Алматы қорығы. Іле Алатауының орталық бөлігіндегі биік таулы алқаптың барлық табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Бұл қорықта да өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бай қоры бар. Оның ішінде сирек кездесетін жануарлардан қоңыр аюды, арқарды, ұларды атауға болады.

Наурызым қорығы. Қостанай облысының оңтүстігінде Наурызым ауданындағы құрғақ далалы аймақтың табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Қорық жерінде ертеден сақталып қалған Наурызым қарағайлы орманы мен далалы аймақтың көптеген шағын көлдері бар. Дуадақ, ителгі, қызық жемсаулы қаз және басқа да “Қызыл кітапқа” тіркелген құстар бар.

Құрлықтағы сияқты су қоймасында да ағзалар табиғи бірлестікте тіршілік етеді . Яғни олардың тіршілігі бір – бірімен және өлі табиғат жағдайларымен тығыз байланысты . Мысалы , жағадау өсімдіктері адамның шаруашылық әрекеті әсерінен мал жайылуы , таптауы , қамыс – қоғаны шауып алу т. б. жойылатын болса , онда су шапшаң булана бастайды . Сөйтіп , су қоймасы тайызданады , кішігірімдері құрғап та кетеді . Жақын ердегі әртүрлі өнеркәсіп орындарының қалдықтары су қоймаларын жиі ластайды , нәтижесінде ондағы тіршілікке зиян келтіретін жағдайлар да көп кездеседі . Адамның шаруашылық әрекетінен еліміздегі су қоймаларында тіршілік ететін аса бағалы аңдардың , құстардың , балықтардың біраз түрлері жойылып бара жатыр . Соларды қорғау үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолдануда .

Сергіту сәті

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

Ой толғаныс

Сөзжұмбақ шешу.
1. Жер бетінің ерекше биік тұстары қалай аталады?
2. Тұзды көл
3. Көзге көрінбейді,
Ұстасаң қолға ілінбейді.
4. Қыста азығын табиғаттан іздейтін аң.
5. Мүйізінен дәрі жасалатын жануар.
1. Жүрісі бар, түрі жоқ,
Үні бар да, тілі жоқ.
Ұстатпайтын қашаған,
Жермен бірге жасаған
2. Шөлге шыдамды жануар.
3. Қыздар тағатын бұйым.

Үйге тапсырма

Мәтінді оқу, мазмұнын айту, сурет салу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Дүниетану 4 «» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Егіншілік пен мал шаруашылығы

Жалпы мақсаты

Оқушылардың егіншілік пен мал шаруашылығы туралы білімдерін жетілдіріп, адам өміріндегі маңызын оқып-үйрену.

Оқу нәтижесі

Егіншілік пен мал шаруашылығының маңызын түсінеді,өз ауылымыздағы мал шаруашылығы мен егіншілік жайлы мәліметтер алады.

Түйінді идеялар

Оқушылардың қызықты ақпарат арқылы мәліметтермен танысуы, жұмыс жасауы.

Мұғалім немен айналысады

Оқушылар немен айналысады

1.Ұйымдастыру кезеңі

а/сергіту сәті

б/топқа бөлу

2.Үй тапсырмасын тексеру

Тест жұмысы

Суқойма өсімдіктері мен жануарлары туралы білімдері тексеріледі.

3.Қызығушылықты ояту

Тақырыпты анықтау үшін аннаграманы шешу

Н Е Л І Г І К І Ш

Ш У А Р А Ы Ғ Ы Л Ш Ы А Л М

Жауабы: Егіншілік, мал шаруашылығы

«Ой шақыру» әдісі

4.Мағынаны тану

а/Мәтінмен жұмыс

ә/Қосымша ақпарат

б/Шығармашылық тапсырма

/Ретімен жабыстыру/

в/Практикалық жұмыс

6.Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Бағалау Кері байланыс

1.а/Оқушылар сергіту сәтін барлығы бірігіп орындайды

б/ Сурет құрастыру арқылы топқа бөлінеді

2.-Оқушылармен бірге суқойма өсімдіктері мен жануарларын еске түсіріледі.

1/Суқоймада кездесетін өсімдік?

а/ тұңғиық б/қайың с/емен

2.Суқоймада кезедесетін жәндік

а/сүңгуір қоңыз б/ көбелек с/ ара

3.Суқоймаларда кездесетін құс

а/ көгершін б/ бүркіт с/ қоқиқаз

4.Суқоймада тағы да қандай өсімдік кездеседі?

а/ шие б/ құрақ, қоға с/ терек

3.Оқушылар анаграмманы шешіп жауабын айту арқылы тақырыпты анықтайды.

Shape1

Малшарушылығының пайдасы

Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Shape7 Shape8

Shape9

Shape11 Shape12 Shape13 Shape10 Shape14 Shape15 Shape16 Shape17 Shape18

Егіншіліктің пайдасы

4.а /Оқушылар бөлінген 2 топ бойынша мәтінмен танысады.

ә/ Оқушыларға мәтінмен танысқан соң, қосымша ақпарат беріледі.

б/ Оқушылар таратылған шығармашылық тапсырма бойынша ретімен қойып жабыстырады.

в/Көрініс.Сыныптағы қыз балалар ұршық пен түбіттің иірілуін көрсетеді.

Оқушыларға сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтар қойылады.Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Мақал-мәтел жазып келу

Үлестірмелі парақша

Дүниетану 4 сынып

Сабақтың атауы

Егіншілік пен мал шаруашылығы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Қазақстан ауыл шаруашлығының басты салалары егіншілік пен мал шаруашылығы туралы түсіндіру.Алған білімін саралап, талдауды үйрету.Танымдық белсенділігін, логикалық ойлау қабілетін дамыту..

Ынтымақтастық, ұжымдық және топтық оқыту, дамыта оқыту.
Ой қозғау, топтастыру, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап.

Психологиялық ахуал

Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын тексеру.

Суқойма өсімдіктері мен жануарлары.

Өзен, көл деп нені айтамыз?

Адам суқоймаларын қалай падаланады?

Суқоймаларында қандай өсімдіктер өседі?

Онда қандай жануарлар мекендейді?

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі

  1. Сұрақ – жауап

  • Қазақстан қандай елдермен шектеседі?

  1. Еліміздің ұлан байтақ жеріне саяхат жасап көрейік.

Еліміздің батыс өңіріндежер бедері жазықты, мұнайлы өлке болып саналады. Онда Каспий теңізі және қалалары: Орал, Ақтөбе, Маңғыстай, Атырау т.б. Негізгі шаруашылығы балық, түйе, мұнайлы қара алтынды жер.

Еліміздің шығысының жер бедері: таулы, орманды қазба байлққа бай өлке болып саналады. Бұнда Тарбайғайтай тауы, Зайсан көлі, Ертіс өзені бар. Негізгі шаруашылығы ұсақ мал, өндіріс, өнеркәсіп қысы қатты.

Ал солтүстік өңірінің жер бедері қысы қатты, жазы қоңыржай, орманды, аласа шоқылы, таулы, ұсақ көлдер көп кездеседі. Онда атақты Көкшетау, Бурабай, Қызылжар, Торғай қалалары орналасқан. Басты кәсіптері егін, мақта. Орталық өңірінің жер бедері ұзыннан – ұзын шөлді, Бетпақ дала, аласа үстірт шоқылар Сарыарқа орналасқан. Қалалары: Астана, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған т.б. Негізгі шаруашылығы ауыр өнеркәсіп, егін, мал т.б.

Еліміздің оңтүстік өлкесінің жер бедері таулы, қыратты, жазықты. Солтүстігінде қар борап тұрғанда бұл алма гүлдеп жатады. Басты қалалары: Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Тараз, Шымкент т.б. Шаруашылығы алмалы, мақта, өсімдік, күріш, құс, мал шаруашылығымен айналысады.

Сергіту сәті

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

Ой толғаныс

Әрбір топ өздеріне берілген тапсырманы оқып, постер қорғайды.

1-топ. Егіншілік

2-топ Мал шаруашылығы

3-топ Қой шаруашылығы

4-топ Жылқы шаруашлығы

5-топ түйе шаруашылығы

6-топ құс шаруашылығы

  1. Мал шаруашылығ мен өсімдік шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысты деп айтуға болама?

  2. Біз тұратын жерде мал шаруашылығының қай түрі дамыған?

  3. Біздің өлкеде қандай ауыл шаруашылық дақылдары өсіріледі?

Эссе жазу

1-3 топтар «Өсімдік – өмір гүлі»

4-6 топтар «Төрт түлігім- ырысымның бірлігі»

Қорыту

Мақал – мәтелдер, тыйым сөздер айту.

Үйге тапсырма

Мәтінді оқу, мазмұнын айту, сурет салу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
1417
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12