Материалдар / Орман саяхаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Орман саяхаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға үстіне қою және жанына қою әдістерін пайдаланып, екі затты биіктігі бойынша салыстыру және жұмыс нәтижелерін жоғары төмен, биітіктері бірдей сөздерін қоланып белгілеуін үйретуді жалғастыру. «пішінді затты анықта» дидактикалық ойыны. Тәулік бөлігіне арналған «Бұл қашан болады» дидактикалық ойыны.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2021
449
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді------------------09.04.2014ж

.


09.04.2014ж.


Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Математика

Тақырыбы: «Орман саяхаты»

Мақсаты: Балаларға үстіне қою және жанына қою әдістерін пайдаланып, екі затты биіктігі бойынша салыстыру және жұмыс нәтижелерін жоғары төмен, биітіктері бірдей сөздерін қоланып белгілеуін үйретуді жалғастыру. «пішінді затты анықта» дидактикалық ойыны. Тәулік бөлігіне арналған «Бұл қашан болады» дидактикалық ойыны.

Көрнекілігі: Орман көрінісі , геометриялық пішіндер, суретшелер, мультимедия.

Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Блингвилизм компонент: орман-леса, пішін-фигура.



Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Күннен қуат алайық,

Күннен алған жылуды,

Жүрегімізге салайық.

Жүректегі жылуды,

Бір-бірімізге сыйлайық.

Балаларды орман

Ормандағы құстарды, ағаштарды, жануарларды, гүлдерді көрсету.








Ізденуші ұйымдастырушы

Балалар орман біздің байлығымыз, онда ағаштар өте көп, онда жануарлар мен құстар мекендейді, Біз орманды қорғауымыз керек.

Балалар ,сендер орманға саяхатқа барғыларың келеме?

Біз орманға бару үшін немен барсақ екен, орманға біз жаяу жете алмаймыз. Олай болса біз орманға көлікпен барайық.

Ой, біз орманға да келіп қалыппыз ғой.

(Тәрбиеші орман туралы сұрайды) Балалар, орманда бір дыбыс естілетін сияқты, бұл не болды екен. Балалар, бұл ормандағы жануарлардың дыбысы ғой. Олар бізді орманға кіргізу үшін бізге бірнеше тапсырмалар дайындап қойыпты, сендер сол тапсырманы орындай аласыңдар ма?

1-тапсырма аюдың тапсырмасы:

Тақтадағы үйдің үстіне қоянды, жанына кірпіні, сол жағына қонжықты қой деп тапсырма беру.








2- тапсырма түлкінің тапсырмасы:

Партаға биіктіктері әртүрлі емен ағашының суреттерін қойып, сның ішінде биіктігі бірдей ағаштарды параққа жапсыруға тапсырма беру.


3-тапсырма: Қасқырдың тапсырмасы:

Жоғарыда-төменде» 

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері. 
Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді. 


Сергіту сәті:

Бойды сергек тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Оң қолыңды соз алға,

Қол ұшына қарада,

Үшбұрыш сыз ауада.

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.


Логикалық есептер шығару.

Бес алманың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады.


Санамақ

Бір дегенім бесік,

Шықтым содан өсіп,

Екі дегенім елім,

Өзен, тауым, көлім.

Үш дегенім үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім төрім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Дидактикалық ойын: «Қандай пішін жетіспейді?» 

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу. 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу) 
Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады. 


Саусақпен санап үйренейік

Бес кәмпитім көп еді,

Бір кәмпитім атаға,

Бір кәмпитім әжеге,

Бір кәмпитім мамаға,

Бір кәмпитім папаға,

Өзіме де жетеме.


Тәулік бөлігіне арналған «Бұл қашан болады» дидактикалық ойыны.

 
Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер 
Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды. 

Балалар, сендер ормандағы жануарлардың барлық тапсырмасын өте жақсы орындадыңдар, сендерге ормандағы аңдар өте риза болды. Енді біз ормандағы аңдарды, құстарды білетін болдық.

Балалар, біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды. Ендеше біз көлігімізге отырып өзіміздің балбақшаға қайтайық.



















1 Тапсырманы қою стерлка

Рефлексивті коррекциялаушы

Оқу іс-әрекетін қорытып, балаларды мадақтау. Енді балалар , біз бүгінгі оқу іс-әркекетімізде қайда саяхатқа бердық?

-Орманда біз нелерді көрдік?

-Біз кімдердің тапсымасын орындадық?

-Біз қандай ұғымдармен таныстық?

Жарайсыңдар , балалар, біз кеңістікті бағдарлай отырып, үстіне қою, жанына қою,екі затты биіктігі бойынша салыстырдық.

Енді ғажап сөздерді екі тілде айтайық:

Орман-лес, жоғары-вверх, төмен-вниз.



Күтілетін нәтиже

Жаңғыртады: үстіне қою , жанына қою әдісін біледі.

Түсінеді: Жоғары-төмен ұғымдарын түсінеді.

Қолданады: дидактикалық ойындар арқылы кеңістікті бағдарлайды.









М.Қ.К.Қ «Құлагер» балабақшасы






















Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тобы: «Құлыншақ»

Тәрбиеші : Нартаева М













2014ж

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!