Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ормандағы шырша тойы" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды тобына арналған

жинақталған оқу жүйесінің технологиялық картасы.



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ормандағы шырша тойы.

Мақсаты: Балаларға әңгімені тыңдата отырып, қыс мезгілінің ерекшелігімен таныстыру. Ормандағы аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: безендіру.


Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ойды оятатын уәждер

Шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жаңажылдық жақсы тілектер айтады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Іздену жұмыстарын ұйымдастыру.

Педагог:

- Жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

- Қыста қандай мерекені атап өтеміз?

- Жаңа жылда нені безендіреміз?

- Шыршаны безендіру сендерге ұнай ма? Ендеше, шыршаны безендірген кезімізді көз алдымызға елестетеміз.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмамыз. Көз алдымызға жасыл шыршаны елестетеміз. Қолымызға түрлі ойыншықтарды алып, шыршаға іліп жатырмыз. Шыршамыз жарқырап кетті. Қандай әдемі шырша! Көзімізді ашайың.

«Ормандағы шырша тойы» әңгімесімен балаларды таныс­тыру.

- Руслан ата-анасымен қайда тұрады?

- Жаңа жыл қарсаңында қонаққа қаладан кім келді?

- Тимур Русланға қандай ой айтты?

- Екі бала шыршаны қалай безендірді?



Балалар сұрақтарға жауап береді.





Көздерін жұмып, шыршаны елестетеді.



«Ормандағы шырша тойы» әңгімесін мұқият тыңдайды.






- Шыршаға ілген тамақты қандай құстар жеді? Аттарын ата.

- Анасы нені көріп қалды?

- Балалардың шыршаны жейтін нәрселермен безендіргені дұрыс па?

Адамдар ғана емес, аң, құстар да жаңа жылды осылайша тойлады.

Сергіту сәті: Тербеледі шыршалар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай шыршалар

Үп-үлкен боп өседі.

Дидактикалық ойын: «Аңдарды құрастыр».

Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Алдын ала қиып дайындалған аң денелерін құрастыру керек. Қай топ тез қүраса, сол топтың жеңіске жеткені.













Қимылмен көрсетеді.

Балалар екі топқа бөлінеді. Қиып дайындалған аң денелерін құрастырады.

Өз іс - әрекетіне тәрбиешінің қолдауымен қорытынды баға беру.


Балалар Жаңа жылды қалай қарсы алатынын суретке салып, әңгімелеп береді.


Балалар Жаңа жылды қалай қарсы алатынын әңгімелеп береді.





Үміт еткен сабақ қорытындысы:

Білу керек: Қыс мезгілінің ерекшелігін білу.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
1101
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12