жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Орманға саяхат"
Ашық сабақ «Орманға саяхат »
Мақсаты: 1. Білімділік: Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ертегі арқылы сөздік қорларын кеңейту. 2. Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. 3.Тәрбиелік: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Кірпі, математика, жұмбақтар, мақал- мәтел, жаңылтпаштар , дәнді дақылдар, желім, таратпа материалдар, орман суреті бар плакаттар. Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы , бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық. Балалар шеңбер құрып амандасады Бәріміз енді тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық Жақсы – жақсы сөздерді, Қонақтарға сыйлайық! Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз. Тәрбиеші: менің қолымнан не көріп тұрсыңдар? Балалар : Жүрек Тәрбиеші: Қане, балаларжүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы. Балалар: Аспанымыз ашық болсын. Күніміз жарқын болсын. Еліміз тыныш болсын .Ауырмайық , денсаулық болсын. Нанымыз көп болсын Ата- анамыз аман болсын. Балабақша гүлдене берсін! Апайлар аман болсын. Тәрбиеші: Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер? Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты. Тәрбиеші: Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық. Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі? Күздің қандай айы? Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады? Балалар: Күз мезгілі . Қараша айы . Күз мезгілінде күн суытып салқындайды, жел соғады, жер балшық болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, адамдар жылы киіне бастайды. Жаңбыр жиі жауады, жапырақтар жерге түсіп, қурайды. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, олай болса кім күз туралы тақпақ біледі екен? Тәрбиеші: Балалар қане құлағымызды түріп естіп көрейікші бізге бір дыбыстар естілетін сияқты бұл қандай дыбыстары болды екен? (осы кезде наутбуктан ормандағы құстардың, желдің және кірпікшешеннің көмек сұраған дыбыстарын естірту) Балалар ендеше біз орманға барып кірпіге көмектесіп азықтарын жинасайық . Орманға қандай көлікпен баруға болады? (көлік түрлерін атау балалар) ендеше біз бүгін жаяу барып кірпіге көмектесейік, біздің алдымызда әртүрлі жолдар жатыр екен бірақ жолдармен жүріп өту үшін белгілі бір тапсырмаларды орындауымыз керек екен. 1. Тапсырма:жіңішке жол Мақал –мәтелдер: Ас-атасы нан, Денсаулық зор байлық, Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас, Отан –оттан да ыстық Т.б 2. Тапсырма: кең жол Жұмбақтар: 3: Тапсырма: батпақты жол Жаңылтпаштар: Шеше кеше неше кесе сынды кеше, Ақ тайлақ ақ па, қара тайлақ ақ па, Көп тырна, көк тырна , тыраулап тек, көп тұрма, Тұз мұздай, мұз тұздай Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы орманда ағаштардың жапырақтары жерге сары алтындай болып түсіп қалыпты және саңырауқұлақтар да бар екен. Ой, балалар мына жерде біреу жыбырлайтын секілді ол кім болды екен көргілерің келе ме? Балалар: Ия, көрейік Апай бұл кірпікшешен екен Кіпікшешен: Балалар сәлеметсіңдер ме . Сендердің орманға келгендерің қандай жақсы болды маған қыстық азық жинауға көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: Қане балалар Кірпікшешенге көмектесеміз бе Балалар: Иә, көмектесеміз Тәрбиеші: Олай болса балалар Кірпікшешенге себетке жол бойы терген азығымызды берейік және тағы да азық жинауға ары қарай көмектесейік. Ол үшін бір- бірімізді сыйлап , тыңдауымыз керек. Кірпі : 1.сандарды берілген суреттемен сәйкестердіру 2. берілген сандарды алып екі қатарға тұру 1-5 ке, дейін тура және кері санау, сандардың көршілерін атау. Кірпікшешен балалар сендер менің тапсырмамды орындасаңдар мен сендерге де арнап сыйлық дайындап қойдым. Тәрбиеші: Кірпі сен бізбен бірге жүріп балалардың тағы білімдерін көргін келе ме? Кірпі: Әрине көргім келеді Тәрбиеші: Онда бізбен бірге жүріп балалардың білімдерін бағала Сергіту сәті: Қуыр қуыр қуырмаш Тәрбиеші: Блалар мына жерде суреттер жатыр екен қане бір – бірден алып қандай ертегі екенін айтып берейік Кірпікшешенге азығының көбірек болуы үшін саңырауқұлақты дәнді – дақылдармен мүсіндеу Тәрбиеші: Қызықты эксперимент Кірпі: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған қыстық ұйқыға кетер алдында азық жинауға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар.Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Еркетай» тобында тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын.Мен сендерге және қонақ апайларға арнап алма ала келдім. (Кірпі сыйлықтарын таратып кетіп қалады) Тәрбиеші: Міне балалар Кірпіге көп көмек көрсеттіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Осымен «Орманға» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық. Қорытындылау: Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Біздер кімге көмектестік? Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып қонақтар мен қоштасайық Қол ұстасып тұрайық Шеңберді біз құрайық, Көріскенше күн жақсы Сау- саламат болайық. Сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген