«Өрнек сән үйі» шебер-сыныбы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өрнек сән үйі» шебер-сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнері пәнінен ұйымдастырылған шебер-сыныптың жоспары Мақсаты: Балаларға ұлттық ою-өрнектерді үйрету арқылы іскерлігін, дағдыларын қалыптастыру. «Қошқар мүйіз» және «Қаз мойын» оюлары туралы мәлімет беру. Ұқыптылыққа, сұлулыққа, жинақылыққа назар аудара отырып, эстетикалық тәрбиеге баулу. Балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ой-қиялын, көркемдік қабілеттерін дамыту. Саусақ моторикаларын дамыту. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Абай облысы білім басқармасы «Семей қаласы білім бөлімінің

12 «Ажар» бөбекжайы КМҚК


«Аяла» мектепалды тобында бейнелеу өнері пәнінен ұйымдастырылған

шебер-сыныптың жоспары


Педагог: Белгибаева Нургуль Сапаргалыевна

Тақырыбы: «Өрнек сән үйі»

Мақсаты: Балаларға ұлттық ою-өрнектерді үйрету арқылы іскерлігін, дағдыларын қалыптастыру. «Қошқар мүйіз» және «Қаз мойын» оюлары туралы мәлімет беру. Ұқыптылыққа, сұлулыққа, жинақылыққа назар аудара отырып, эстетикалық тәрбиеге баулу. Балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ой-қиялын, көркемдік қабілеттерін дамыту. Саусақ моторикаларын дамыту. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Проектор, ноутбук, суреттер, көрнекіліктер, сурет салуға арналған құрал-жабдықтар.

Методика: Дәстүрден тыс әдістер.

Әдіс-тәсілдер: Амандасу, көрсету, түсіндіру, ғажайып сәт, сергіту сәті, рефлексия, қорытынды.


Шебер-сыныптың барысы

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ.

Педагог:

Ашылуы. Әуен қосылады.

Педагог:

  • Балалар, бүгін біздің ашық оқу қызметімізге қонақтар келді. Қане, барлығымыз бір қатарға тұрып, қонақтармен барлығымыз бірге амандасайық:

  • Сәлеметсіздерме! (барлығы бірге)

Педагог: - «Аяла» тобының тәрбиеленушілері менің «Өрнек» сән үйіме қош келдіңіздер!

Жақсы, балалар әдемі болып өз орындарына отыруларыңызды сұраймын.

Педагог: -Балалар, маған сендердің көмектерін қажет болып тұр, келесі аптада мен өзімнің жаңа топтамамды шығарып, халықаралық көрсетілімге шығаруым керек, бірақ мен үлгермей жатырмын, сендер маған көмектесе аласыңдар ма?

Балалардың жауабы: - Иа, әрине.


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

Педагог: - Балалар, бүгін біз «Этно желеттер» топтамасын саламыз. Этно желеттерге «Қошқар мүйіз» оюын орналастырумыз қажет (Презентация көрсету).

Қажетті құрал-жабдықтар: Дайын үлгідегі желеттер, трафарет, губка, гуашь бояулары, су құйылған ыдыс, сүлгілер.

Түсіндірме жұмыстарын жүргізу.


Сурет салу барысында релаксациялық музыка қосып қою


Педагог: - Жақсы, тамаша балалар! Бірақ әлі де толық аяқталмаған сияқты иа балалар? Ол үшін мен сендерді ортаға шақырамын.

Қайшымен жұмыс барысы.

Жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Релаксациялық әуен қосып қою.

Сергіту сәті. «Қазақша оюларды қимылмен жаса» (Видео)

Педагог: Жақсы балалар, енді жаңа топтаманы аяқтау үшін бізге бір деталь жетіспейді, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын тауып көріңдер.

Жұмбақ жасыру.

Сырт жағына зер жіппен,

Көз тартатын көрікпен.

Ою-өрнек бастырған,

Шалқасынан тастаған,

Кәдімгі сырлы тостаған,

Қойсаң егер төңкеріп,

Төңірегін көмкеріп,

Тостағандай бос тұрған,

Киіз үйден аумайды,

Басқұрмен бастырған. (Тақия)

  • Балалар, бұл не деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары.

Қажетті құрал-жабдықтар: дайын тақия үлгілері, пва желімдер, тұз, акварель бояулары, қылқаламдар, су құюға арналған ыдыстар, сүлгілер.

Педагог көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сурет салу барысында релаксациялық музыка қосып қою


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

Жасылынған жұмыстарды көрмеге қою.

Педагог:

  • Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер маған жақсы көмекшілер болдыңдар. Жаңа топтама дайын болды, сендерге көп рахмет!

Олай болса бүгінгі шебер сыныбымызды аяқтайық.

Қорытынды сұрақтар қою.

Презентация көрсету.

Ғажайып сәт: Балаларды мадақтау, марапаттау.

Бүгінгі біздің шебер-сыныбымыз аяқталды, барлығымыз бірге қонақтармен қоштасайық: Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2024
279
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі