Материалдар / ОРТА МЕКТЕПТЕ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТИВТІ КУРСТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ОРТА МЕКТЕПТЕ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТИВТІ КУРСТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Осы үш бағыт бойынша жұмыс жасау Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақмерзімді стратегияда да қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2020
296
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОК 541.124

ОРТА МЕКТЕПТЕ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТИВТІ КУРСТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Смагулова Л.А.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ

jgu_laura@mail.ru


Қыстаубаева М.С.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, магистрант Талдықорған қ

k_miki87@mail.ru


Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Осы үш бағыт бойынша жұмыс жасау Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақмерзімді стратегияда да қамтылған.

Елімізде болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту» үкімет алдындағы келесі мәселенің бірі екендігін ашып айтты. Осыған орай білім беру жүйесіндегі істің жағдайын түбегейлі өзгертудің стратегиялық міндеттерін анықтап көрсетіп берді. Сондықтан жас ұрпаққа сапалы білім берумен бірге оқушыларды жаңа идеямен жұмыс істей білуге үйрету керек. Бұл міндеттерді шешу үшін жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттігі, информатика теориясы мен оқу-тәжірибе үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне қарайды. Міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы оқытудың әр білім алушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; он-лайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдар бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін атап көрсетеді. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан дамыту керек[1].

Қазіргі уақытта информатика ақпараттық процестер мен ақпаратты алу, түрлендіру, тарату, сақтау мен пайдаланудың әдістері мен құралдарын қарастыратын, қоршаған әлемді талдауға жүйелі ақпараттық тәсілді қалыптастыратын, іргелі ғылыми білім саласы болып табылады. Сондай-ақ, информатика – ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты адамның практикалық іс-әрекетіндегі үнемі кеңейіп, үдемелі дамып отырған ғылым саласы.

Информатика пәніне деген қазіргі көзқарас адамның практикалық іс-әрекеті мен ғылыми білім саласы ретіндегі алғашқы қалыптасу кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өзгеше болып отыр.

Адамды білімнің өзі емес оның құрылуы дамытады. Элективті курс білім жүйесін баяндап қана қоймай, оқушының оны танып білуін ерекше түрде ұйымдастыру үшін қажет.

Элективті курстар оқытушымен өзіндік жұмыс жасауы кезіндегі оқушының жеке дара қабілеті мен бейімділігін есепке алуға, ғылымдарға қызығушылығын ынталандыруға, білімнің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуге, білімалушылардың дербес, шығармашылық және ойлау қызметін құруға және дамытуға септігін тигізеді. Мұнда көп жағдай оқытушыға тәуелді, оның мәселесі - оқушыға тиімді, тұлғаға маңызды әдістерді қолдануға және таңдауға ынталандыратын, психология-педагогикалық жағдай жасау болып табылады[2].

Элективті курстар орта мектептің жоғарғы буындарында кәсіптік оқытуда негізгі роль атқарады. Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында жоғарғы сыныптарда оқыту мазмұнын дифференциалдау 3 түрлі курстардың: базалық, бағдарлы және қолданбалы өзара байланыстылығы негізінде іске асырылады. Алайда, әр курстың өзіне тән басымдылық міндеттері бар.

Орта мектепте кәсіби білім беру бағытында элективті курстар бойынша оқытудың әдістемесіне тоқталайық.

Мектепте элективті курстар білім беру мекемесінің оқушы компонентіне бөлінген сағаттардың есебінен жүзеге асырылады. Элективті курстар әдетте Х-ХІ сынып оқушыларына өткізіледі. Сонымен бірге оқушыларға кәсіби таңдауына бағдар беру мақсатында мектептің ІХ сыныптарында кәсіп алдындағы дайындықты өткізуді қарастыруға болады.

Элективті курс-оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын, профильдің мазмұнын толықтыратын, оқу жоспарының жаңа элементі. Элективті курс кез келген тақырыпта болуы мүмкін, яғни жалпы білім бағдарламасының шекарасында жататын және одан тыс аймақта.

Элективті курс, ол оқыту процесін актуализациялау мен индивидуализациялаудың жаңа механизмі.

Жақсы ұйымдастырылған элективті курстардың жүйесі оқушыға белгілі талап тілегіне сәйкес білім алып шығуына мүмкіндік береді.

Элективті курстар мектептің жоғары сатысында профильді оқыту жүйесінде маңызды роль атқарады. “Жалпы білім берудің профильді оқыту тұжырымдамасына” сәйкес жоғары сыныптардағы оқытудың мазмұнын дифференциациялауды әртүрлі курстардың мына 3 типінің негізінде жүзеге асырылады: базалық, профильді, элективті. Бұл үш типтің әрбір курсы профильді оқыту мәселесін шешуде өз үлесін қосады.

Базалық курс-білім берудің барлық оқушыларға міндетті инвариантты бөлігі және оқушылардың жалпы білім алудайындығын аяқтауға бағытталған.

Профильді курстар - жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз етеді және бірінші кезекте кәсіби білімді алуды жалғастыратын мектеп бітірушілерді дайындауға бағдарланған.

Элективті курстар - әр бір оқушының жеке білімге қызығушылығын, талап тілектерімен және икемділігін қанағаттандырумен байланысты. Сондықтан ол мәні бойынша жеке білім беру бағдарламаларын жасаудың маңызды құралы болып табылады және мейлінше әр оқушының қызығушылығына, қабілетіне, өмірлік жоспарына сәйкес таңдауына байланысты болады.

Мектепке элективті курсты енгізе отырып, оған бағдарлама мен оқу құралы қажеттігі мен қоса оны оқытудың толық әдістемелік жүйесі керек екендігін есекеру қажет. Элективті курстардың жұмыстарын ұйымдастыру келесі ретке сәйкес жүргізідеді:

1) оқу пәндері мен ендірілетін элективті курстардың жиынтығы анықталады;

2) оқушы өзінің қызығушылығына, жоспарлаған кәсібіне байланысты таңдаған профильі мен оған қатысты элективті курстарға сәйкес жеке жоспар құрады да мектеп әкімшілігіне өткізеді;

3) алдынғы екі пункті ескеріп мектептің келесі оқу жылына оқу жоспары жасалады;

4) соған сәйкес сабақ кестесі құрылады. Сабақ кестесінде сыныптар, элективті топтар, қатар жүретін базалық топтар және қатар жүретін профильді топтар ескеріледі[3].

 Білім беру қызметтерін ұсынудың жоғары сапасына және Зияткерлік мектептер қызметінің тиімділігіне қолжеткізу үшін 2012 жылы балаларды қолдау жөнінде арнаулы іс-шаралар өткізілді. Елімізде және шетелде физика, математика, информатика, химия, биология, сондай-ақ ағылшын тілі (тілдік курстар) бойынша элективті курстарды ұйымдастыру солардың біреуі болып табылады. Элективті курстар Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі  қосымша білім беру түрлерінің  бірі. Олар 2010 жылдан бері өткізіліп келеді.

Олимпиадаларда, ғылыми жобалар жарыстарында жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар қазақстандық және шетелдік ғылыми - оқыту  ұйымдарындағы курстарда пәндерді тереңірек оқуға мүмкіндік алады. Элективті курстарға: ғылыми практикумдар, зертханалық жұмыс, тілдік курстар, лекциялар, сабақтар, жазғы лагерлер және басқалары жатады.  

Элективті курстарды таңдау кезінде өзектілігі және оқушылар үшін жаңашылдығы деңгейіне, дәлелденген және дамыған әлеуетіне назар аударылды. Бағдарламалардың мазмұны оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, эмоционалдық дамуына ықпал етеді, белсенді оқу әдістерін кеңінен пайдалануды, заманауи білім беру технологияларына бағдарлануды пайымдайды.

Элективті курстар мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:

–       оқушының өзін-өзі анықтауына және одан әрі кәсіби қызметін таңдауына ықпал етеді;

–       жоспарланып отырған бейінде оқытудың жағымды уәждемесін жасауға;

–       оқушыларды осы бейін үшін жетекші қызмет түрлерімен таныстыру;

–       оқушылардың танымдық қызметін жандандыру;

–       оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілігін арттыру.

Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы орта мектептерде информатика пәні бейінді оқыту жүйесінің элективті курстары төмендегідей мақсаттарды көздейді:

1. Қазіргі заманның өзекті мәселелерін зерделеу;

2. Болашақ мамандық ерекшеліктерін таныстыру, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерді орындау барысында осы мамандық иесі ретінде өзіндік сыналуына жағдай туғызу;

3. Бейіндік (профильдік) пәндердің мазмұнын толықтыру;

4. Оқушының белгілі сала бойынша қабілетін ұштау, оның бойында келешекке қажет білік пен дағданың қалыптасуына мүмкіндік жасау;

Жалпы алғанда информатикадан бағдарлы сараланған білім беру элективті курстардың шамамен келесі түрлерін ұсынуға болады:

1. Пәндік элективтік курс, оның міндеті базистік оқу жоспарындағы «Информатика» оқу пәні бойынша білімді кеңейту және тереңдету оқу үшін қолайлы болады.

2. Курстың жеке бөлімдерін тереңдетіп оқытатын арнайы курстар. Мұндай курстарға «Әлеуметтік информатика», «Логикалық программалау», «Компьютерлік терілім», «Компьютерлік моделдеу», «Web-дизайн», «Компьютерде іс-қағаздарын жүргізу» және т.б жатуы мүмкін.

3. Оқушылардың қазіргі заманғы техника мен өндіріске қызығушылығын дамыту мақсатындағы қолданбалы элективті курстар. Мұндай курстарға «Информатика және Техника», «Информатика және компьютер», «Информатика және ақпараттық орта».

4. Программалауға арналған есептер шығаруға элективті курстар.
Пән аралық элективті курстар, олардың міндеттері – оқушылардың компьютер мен ақпарат туралы білімдерін интеграциялау. Мысалы, курстың жеке бөлімдері тереңдетіп оқытатын арнайы «Web-дизайн» курсын алып қарастырсақ.

Информатиканың бағдарлы курсын оқыту оқушылардың бағдарламалау әдістері туралы, сонымен қатар визуалдық: жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен қолданбалы бағдарламалық жасақтамаларды өңдеу технологияларын, ақпараттық-логикалық моделдер құру және деректер базасын өңдеу технологиясын парақтар құру құрылымы туралы жалпы түсінікті қалыптастырады. Осының барлығы ақпараттық технологиялар әдістерін меңгеруіне негіз болып табылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану, оқушыларды Web-беттер құруға, Интернетте материалды жариялау, Web-дизайн негіздерін білуге, дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға, компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады. Қазіргі кезде компьютерлік дизайн, Web-дизайн, администраторлар, программистер сияқты мамандықтарды таңдау заман талабына айналып отыр. Кез келген қарапайым құжаттардың өздерін компьютерлік бағдарламалар арқылы өңдеу талап етілуде. Интернетте ақпартты жариялау үшін Web-дизайн негіздерін білуді қажет етеді. Демек, осы Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандық иесіне қажет болады. Берілген курс мазмұны 10 сынып оқушыларының информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру және болашақта кәсіптік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында көмегін тигізу үшін құрастырылған. Бұл курс аптасына 1 сағаттан 10 сыныпқа, барлығы 34 сағатқа негізделген. Курсты оқыту оқушылардың өз қабілеттерін толық көрсетуге және Web-беттерді құруға мүмкіндік береді.

Курстың мақсаттары:

оқушыларды өздері белгілі бір мақсатқа жету кезінде құрған Web-беттерді қолдана отырып, ақпарттық Интернет желісінде тиімді жұмыс істеуге үйрету;

ақпараттың Интернетте берілу тәсілдерін үйрету;

сайт құру және түрлі жобалар жасау арқылы оқушылардың логикалық және танымдық ойлау қабілеттерін арттыру;

Оқушылар «Web-дизайн» курсында мыналарды үйрену керек:

Internet арқылы ақпаратты іздеуді және қарап шығуды;

Internet-те және электрондық поштамен жұмыс істеуді;

Web-бетті құруды, Web-беттің дизайын жасауды;

Графикалық оъектілерді орналастыруды;

Кестелермен жұмыс жасауды;

Маркерленген және нөмерленген тізімдерді құруды;

Гиперсілтемелерді қолдануды;

Сілтеме картасын жасауды;

Қолданбалы бағдарламалар көмегімен Web-құжаттар жасауды.

Элективті курстарды жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологиялық мүмкіндіктерді, мысалы электронды оқу құралын пайдалануға тиімді болады. Информатика сабағында элективті курстарды қолдана отырып, бейіндеп оқытуда интеллектуалды ойындардың тиімділігін қарастыру.

Информатика сабағында бейіндеп оқытуда интеллектуалды ойындардың тиімділігі – олардың сабақтың кезеңіндегі орнымен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасының мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын – ала дайындап алуға ңойын процесіне оқушыларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.

Сонымен, қорыта келе негізгі орта мектепте информатиканы бейінді оқытудың мазмұны мен ұйымдастырылуы «12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі (бір бейінді мектеп, көп бейінді мектеп)» жайында және «Жалпы білім беретін орта мектептердің жоғарғы сатысынан бейінді оқыту жүйесінің элективті курстары», «Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы орта мектептерде Информатика пәнін бейінді оқытуды дамыту», «Информатика пәнін бейіндеп оқытуда интеллектуалды ойындардың тиімділігі» оқушыларды бейінді түрінде оқытсақ, бірінші жағынан білім мазмұнын тереңдетуге көмектеседі, екінші жағынан информатиканы оқи отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқу пәндерінен білімдерін тереңдетеді деп сенемін.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы.

  2. «Информатика негіздері» атты республикалық оқу-әдістемелік журналы. - №1-6. – 2006.

  3. А.Кузнецов, В.Долматов. Методическая система обученияОИВТ: структура и функции, состояние и перспективы. «Информатика и образование», №1, 1989 г.,стр.3.

  4. Орлов В.А.. Элективные курсы по физике и их роль организации профильного и препрофильного обучения// Физика в школе.-2003













































Т.А.Ә. Смагулова Л.А., Қыстаубаева М.С.

Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі п.ғ.к, доцент, магистрант

Жұмысорны: _________________________________________

Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Ақсу көшесі,58

Телефоны,факс, 8 702 592 75 80

E-maіl: k_miki87@mail.ru

Баяндама тақырыбы Орта мектепте кәсіби білім беру бағыты

бойынша элективті курсты оқыту әдістемесі

Секциясы: Оқу үрдісіндегі жаңа инновациялық

технологиялар

Автордыңконференцияға келу

мүмкіндігі (бар/жоқ) ___________________________________________

Қонақ үйдің

қажеттілігі(...нен…дейін) ___________________________________________




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!