Материалдар / Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары. «Ұлы Дала» ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы және дала өркениетінің қалыптасу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары. «Ұлы Дала» ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы және дала өркениетінің қалыптасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Археологиялық зерттеулер нәтижесі Орталық Азияда өзіндік өркениеттің бар екендігін көрсетті. Өзіндік мәдени болмысын сақтап қалған бұл өркениеттер мыңдаған жыл бойы өмір сүрді. Жекелеген қоныстар мен қалалар өз дамуын тоқтатса да, сол жерлерде жаңа калалар пайда болып, өркениет тіршілік ете берді. Мұндай тұрақтылық Орталык Азияның географиясымен тығыз байланысты. Отырықшы-егіншілік мәдениет белгілі бір аймақтарда, өзендер мен тау етегіндегі жазираларда (оазистерде) пайда болды. Отырықшы-егіншілік өркениеттің тағы бір ерекшелігі оның көшпелі өркениетпен тығыз байланыстылығында еді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2022
7105
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары.

Археологиялық зерттеулер нәтижесі Орталық Азияда өзіндік өркениеттің бар екендігін көрсетті. Өзіндік мәдени болмысын сақтап қалған бұл өркениеттер мыңдаған жыл бойы өмір сүрді. Жекелеген қоныстар мен қалалар өз дамуын тоқтатса да, сол жерлерде жаңа калалар пайда болып, өркениет тіршілік ете берді. Мұндай тұрақтылық Орталык Азияның географиясымен тығыз байланысты. Отырықшы-егіншілік мәдениет белгілі бір аймақтарда, өзендер мен тау етегіндегі жазираларда (оазистерде) пайда болды. Отырықшы-егіншілік өркениеттің тағы бір ерекшелігі оның көшпелі өркениетпен тығыз байланыстылығында еді. Бұл сауда айырбасынан байқалды. Далалықтар үшін де, отырықшы халық үшін де сауда өзге жұртпен материалдық және рухани мәдениет элементтерінің араласуына әкелді. Мұндай байланыс түрі малшы-егінші аралас мәдениетінің пайда болуына әсер етті.

Бұл өркениеттің негізгі тоғыз ошағын бөліп қарастыруға болады: Маргуш (маргиандық), Бактрия, Хорезм, Соғды, Ферғана, Шаш, Сыр-дария жазирасы, Жетісу және Шығыс Түркістан.

Маргуш (Маргиан). Б.з.б. XVIII-XIII ғасырлардағы кола дәуірінде, Орталық Азияның оңтүстігінде Мурғаб жазирасында Маргуш (Маргиан) отырықшы-егінші және қалалық мәдениеті пайда болды. Бұл мәдениет Әмударияның төменгі ағысындағы Бактрияға таралды.

Хорезм - Әмударияның төменгі сағасында орналасқан ірі аймақ. Б.з.б. II мыңжылдықта аймақта хорезмдік отырықшы-егіншілік өркениет пайда болды. Бұл мәдениеттің негізі Даладан бастау алған.

Соғды. Әмудария мен Сырдария аралығындағы ірі егіншілік аймағында Мараканд (Самарканд) қаласы пайда болды. Соғдының солтүтігінде Шаш (казіргі Ташкент) жазирасы орналаскан. Соғдыда халық тығыз қоныстанды және бұл аймақ әр уакытта түрлі мемлекеттердің құрамында болды. Соғдылықтардың өз жазуы болды, негізінен, сауда- мен және қолөнершілікпен айналысты. Соғдының Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы және трансконтиненталды саудада делдалдық қызмет атқаруы оның гүлденуіне әкелді.

Ферғана - тау арасындағы ойпат. Бұл жерге су Сырдариядан тартылған. Ферғана ахеменидтік және Александр Македонский империяларының құрамында да болған. Дәл осы жерге Александр патша өз империясының солтүстігіндегі ең шеткі қала - Александрия Эсхатты- салуды бүұйырды. Б.з.б. III - б.з. VI ғасырлар аралығында Ферғана өз билеушілері бар дербес мемлекет болган.

Шаш - Соғдының солтүстігі мен Шыршық және Ангрен өзендерінің алқабын, сондай-ақ Сырдарияның оң жағалауын қамтитын тарихи өңір. Бұл аймақ - қазіргі Ташкент пен Шымкент қалалары орналасқан жер. Б.з.б. I мыңжылдықтың ортасында өңірде 30-ұа жуық шаһар болган.

Шаштың солтүстігін Сырдария аймағы алып жатыр. Сырдарияның орта ағысындағы бұл аймақ даламен шектеседі. Аймақ Қаңгы атауымен Авестада кездеседі, ал Сыма Цян оны «Қаңлы мемлекеті» деп атады. Бұл өркениет ошағының ірі орталығы Арыс пен Сырдария өзендерінің косылған тұсында орналасқан Отырар (Фараб) шаһары болды. X ғасырда Отырар Қарахандар мемлекетіне қарады. Кейіннен қарахандар моңғол шапқыншылығынан күйреген соң, Отырар Хорезмнің қол астына өтті. Мұсылман жыл-намаларында моңғол шапқыншылығынан кейін Сырдария жазирасы Түркістан деп аталды. Аймақта Сауран, Созақ, Сығанақ, Сайрам (Ис-пиджаф) және Түркістан (Яссы) шаһарлары болды. Олар Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияның тарихында үлкен маңызды рөл атқарды.



«Ұлы Дала» деп Ду-найдан Алтайға, одан Маньчжурияға (Қытайдың солтүстік-шыгысындағы облыс) дейінгі жерді алып жатқан Еуразияның орталығындағы кең аумақты атаймыз. Бұл белдеудің ұзындыгы алты мың шақырымға созылса, ені мың шақырымды құрайды. Бұл аймақтың географиялык атауы - Еуразия даласы.

Орта ғасырлардағы Ұлы Даланың атауы мұсылман жазба деректерінде Дешті Қыпшақ аталады. Қазақстан тарих ғылымында X—XVII ғасырлардагы Кара теңіз бен Каспий аралығын «Батыс Дешті Қыпшақ», ал қазақ даласын «Шығыс Дешті Қыпшақ» деп атау қалыптасқан.

Ұлы Даланың маңызды тарихи-мәдени мәні.

Ұлы Дала Еуразия мен оның халықтарыньң, оның ішінде қазақ халқының тарихында маңызды рөл атқарды. Ұлы Даланың осындай маңызға ие болуының бірнеше мәнін бөліп көрсетейік.

Ұлы Дала көшпелілер өркениетінің «бесігі» саналады. Мұның негізінде табиғи-географиялық фактор, яғни көшпелі малшаруашылығын өркендетуге қолайлы экологиялық жағдай жатыр. Әртүрлі мезгілде сан алуан шөп түрлері басып жататын дала мен жартылай шөлейтті аймақтар жылқы мен ұсақ малдар үшін таптырмас жайылым болды.

Дала өркениетінің этникалық сипаты әртүрлі болды, ол бір халықпен (этноспен) және бір дінмен шектелмеді. Көшпелілер алуан түрлі тілде сөйлейтін (түркілер, моңғолдар, ирандықтар) және түрлі нәсілге жататын (моңголоидтер, еуропеидтер және аралас нәсіл түрлері) халықтардан құралды. Олардың ұстанған діні де әртүрлі (тәңіршілдік, буддизм, ислам) болды. Оларды «туыстастырған» және біріктірген Ұлы Дала мен көшпелі малшаруашылығы еді.

Көшпелілер сақ, ғүн дәуірлерінде және Моңғол империясы мен Алтын Орда уақытында Еуразияның халықаралық саясатына өз үстемдігін жүргізіп отырды.

Сонымен қатар Ұлы Дала Қиыр Шығыс пен Алдыңғы Азияны, Қиыр Шығыс пен Еуропаны, Оңтүстік Азия мен Русьті байланыстырып, Ұлы Жібек жолының қалыптасуына ықпал еткен көлік дәлізі болды.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!