Орталық жүйке жүйесі. Ми мен жұлынның құрылысы және қызметі.

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Орталық жүйке жүйесі. Ми мен жұлынның құрылысы және қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тірі ағзаның жүйке жүйесінің негізгі бөлімдерін, олардың құрылымдық ерекшеліктері мен қызметін оқушыларға түсіндіріп, меңгеруін қамтамасыз ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Ми мен жұлынның құрылысы және қызметі» тақырыбындағы ашық сабақ

Жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)


II. Үй тапсырмасын тексеру (25 минут):

Тақырыбы: Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері

1.Селекция ұғымын түсіну

2.Селекция арқылы қолтұқымдарды жақсарту тәсілдерін талдау


1-тапсырма. "Селекция шеберханасы"

1-топ: Өсімдіктер селекциясы

2-топ: Жануарлар селекциясы


III. Жаңа сабақ (30 мин)

1.Жұлын құрылысы мен қызметі

2.Мидың құрылысы мен қызметі


IV. Бекіту (25 мин)

1-тапсырма. "Миға саяхат"

2-тапсырма. "Рефлекс көрінісі"
3-тапсырма. "ОЖЖ-ны құрастыр"

4-тапсырма. "Сұрақ-жауап шеңбері" әдістері арқылы жаңа сабақта жиған ақпараттарды оқушылардың жеткізуі.


V. Бағалау ( 4 мин)

Рефлексия. «Смайлик» әдісі

Рефлексия бойынша әр бала алдарындағы смайлдер арқылы кері байланыс жасайды.


VI. Үйге тапсырма (2 мин)

VII. Пайдаланылған әдебиеттер (1 мин)














Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Ми мен жұлынның құрылысы және қызметі.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жүйке жүйесінің негізгі бөлімдерін, олардың құрылымдық ерекшеліктері мен қызметін түсінуін қамтамасыз ету

Сабақтың көрнекі кұралдары: Дидактикалық материалдар, оқулықтар, компьютер, интерактивті мультимедиялық проектор, плакат, стикерлер, бейнебаян

Сабақтың түрі: Теориялық

Сабақтың әдіс-тәсілдері: оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру,

жинақтау, инновациялық технология, «сын тұрғысынан ойлау» технологиясы

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, аудитория тазалығына мән беру, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын қадағалау, назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Тақырыбы: Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері


1.Селекция ұғымын түсіну

2.Селекция арқылы қолтұқымдарды жақсарту тәсілдерін талдау


1-тапсырма. "Селекция шеберханасы"

1-топ: Өсімдіктер селекциясы

2-топ: Жануарлар селекциясы

Тапсырма бойынша топ екіге бөлінеді және өсімдік пен жануар селециясының пайдасын, жақсы жақтары мен зиянды тұстарын түсіндіріп береді. Үй тапсырмасы бойынша жеке бағалау болады.


III. Жаңа сабақ

1.Жұлын құрылысы мен қызметі

2.Мидың құрылысы мен қызметі

Презентация, бейнеролик және муляждар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.


Орталық жүйке жүйесі (лат. systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке жасушалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі.

Орталық жүйке жүйесі - омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады.

Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады.

Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі.

Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан.

Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді.

Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі органдардың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік бунағында; симпатикалық бөлігінің орталық жұлынның VІІІ мойындық, І – XІІ кеуделік, І – ІІ белдік бунағында орналасқан.

Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғ. вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы болып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады.

1. Жұлын — орталық жүйке жүйесінің негізі

ОЖЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми, ораңғы ми, мишық, аралық ми, алдыңғы ми, жатады.Орталық жүйке системасы организмнің барлық системаларының қызметін біртұтас біріктіріп, сыртқы ортамен өзара қатынасын реттейді. Жүйке системасының біртұтастық қызметі үш түрге бөлінеді: сенсорлы, моторлы және вегетативті. Адамның сенсорлы және моторлы қызметі қосылып, соматикалық болып аталады.Соматикалық қызметті қамтитын бағыт барлық орталық жүйке системасына таралады-жұлыннан бастап ми сыңарларына дейін.

Жұлын. Жұлын омыртқа жотасының қуысында орналасқан. Жұлын рефлекторлық және өткізгішті қызмет атқарады.Афференттік талшыктар жұлынның арттқы түбірлеріне келіп жанасады да, эфференттік талшықтар оңың алдыңғы түбірінен шығып таралады. Адамда байқалатын көптеген рефлекстер жұлыннын кызметіне байланысты. Мысалы, тізе рефлексі. Бұл рефлексті санның төрт басты бұлшық етін тітіткендіріп байқауға болады. Тізе рефлексінің жасқа тәуелді айырмашылықтары болады. Бір жастан кейін жасқа әруақытта пайда болуы мүмкін, бірақ та айқын болмайды. 8-23 жас аралықтарында тізе рефліксін әруақытта байқауға болады.

Жұлын өткізгіштік қызмет атқарады, соның нәтижесінде ми мен барлық органдардың арасындағы байланыс жүзеге асады. Қозу импулстерін өткізетін екі түрлі жол болады: жоғары көтерілуі жолы және төмен түсу жолы. Жоғары көтерілу жолы арқылы шеткі органдардан (теріден, бұлшық еттерден т.б.) импульстер жұлынға және миға барады. Соның нәтижесінде ми қыртыстарында және оның жеке аймақтарында әртүрлі сезім түйсіктері пайда болады: жылыны сезу, суықты сезу, ауыртуды сезу т.б. Төмен түсетін жол aрқылы импульстер нейрондардың бойымен шеткі бөлімге-органдарға барады. Осы импульстердің әсерінен әртүрлі органдардың қызметі өзгереді: екелет еттері жиырылады, несеп бөлінеді және нәжіс шығады т.б.

Жұлын зақымдалса (ісік пайда болу, жарақаттану т.б.) оның өткізгіш жолдары зақымдалса, дененің түрлі бөлімдерінің сезімталдығы жоғала бастайды, бұлшық еттердің өздігінен жиырылуы бұзылады (сал болу) және басқа да өзгерістер байқалады. Жұлынның жүйке орталықтары зақымдалса, рефлекстер пайда болмайды немесе пайдп болған рефлекстер жойылып кетеді.

Жұлынның алдыңғы және артқы бетіндегі ұзыннан ұзақ созылып жатқан сай болады, пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Бала төрт жасқа келгенде алдыңғы және артқы диаметрі ересек адамдарға жақындау болады. Алты жастан кейін жұлын көлденеңіне қарай көбірек өседі. Мойын және бел бөлімдері жуандау болып бітеді. Он екі жаста жұлынның диаметрі екі есе өседі. Жұлын жатқан омыртқа қуысының диаметрі 5-7 жасқа дейін едәуір үлкейеді. Омыртқа қуысының бұл жаста өсуі жұлын көлемінің жоғарлауына байланысты.

2. Орталық жүйке системасының жеке бөлімдеріні қызметі.

а) Артқы ми және ортаңғы миға сипаттама.

Сопақша ми. Сопақша ми ми сауытында орналасқан. Төменгі жағы жұлынмен, жоғары жағы ми көпіршесімен жалғасады. Онда жұйке клеткалары шоғырланып, ядролар құрайды. Сопақша мидың атқаратын қызметі жұлынға ұқсас, ал бірақ бұның реттеу қызметінің әсері күрделірек. Мұнда тіршілік әрекетіне өте қажетті көптеген орталықтар бар. Мысалы, тыныс алу, қан айналу, ас қорыту т.б. Тыныс алу орталығынан импульстер жұлынға барып, қабырға аралық еттер мен диафрагманы (көк ет) қозғалтады. Соның нәтижесінде тыныс алу еттерінің жұмысы бір қалыпты жүзеге асып, өкпе ырғақты тарылып, кеңейіп тұрады. Жүрек рефлексі де ядромен байланысты. Бұл рефлекс жүректің жұмысын өзгертеді.

Сопақша мида еттің тонусын реттейтін орталықтар бар. Тонус рефлексі балалар дүниеге келген күннен пайда болып, жас жоғарылаған сайын жетіле түседі. Балаларда тері рефлексі де жасалады. Мысалы, санның ішкі жағынан тітіркендірсе, аяқ бүгіледі. Тұжырымдап айтқанда, сопақша мида жоғарыда айтылғаннан басқа да рефлекстер туғызатын жұйке орталықтары бар.

Oртаңғы ми. Ортаңғы ми көпіршенің алдыңғы жағында орналасқан. Oртаңғы ми төрт төмпешіктен, қызыл ядродан және субстанциядан тұрады. Ортаңғы мидың жақсы дамуы бала өмірінің жасөспірім кезеңінде (16 жаста) байқалады. Мидың бұл бөлімі құрылысының күрделі болуына байланысты рефлекторлық қызметі де күрделі болып келеді.Төрт төмпешіктің екі жұп төмпешіктері болады. Төрт төмпешіктің алдыңғы екі төбешігінде көрудің алғашқы рефлекторлық орталығы бар. Артқы жұп төбешігі естудің алғашқы рефлекторлық орталығы болып есептеледі. Төрт төмпешік зақымдалса, адамның көру және есту қабілеті бұзылады.

Қызыл ядро-сұр заттың жиынтығы. Бұның негізгі қызметі-еттің тонусын тарату және қозғалту рефлокторлық реакцияның өзара бірлесуін жүзеге асыру. Қызыл ядро статикалық жұмыстың, тұру жағдайдың, жүрудің және автоматтық қозғалыстардың орындалуын реттейді. Осы ядро арқылы импульстер мишықтан жұлынға және миға барады.

Қара субстанцияның қызметі бұлшық еттердің тонусын және әртүрлі нәзік қозғалыстарды реттеп отырады. Мысалы, қол саусақтарының, шайнау және жүру сияқты күрделі рефлокторлық әрекеттердің бірқалыпты байқалуын жүзеге асыру. Ортаңғы мидың басқа ядроларына қарағанда, бұл баяу жетіледі, сондықтан реттеу қызметіне біртіндеп қосылады. Оның баяу жетілуіне меланин пигментінің жиналуы себеп болады. Жаңа туған баланың субстанциясында мұндай пигмент болмайды. Алғашқы рет ол баланың 2-4 жасында пайда болады да, 15-16 жастарында толық байқалады.

Аралық ми. Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында орналасқан. Ол көру төмпешегінен (таламус) және төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Мидың бұл бөлімі, әсіресе, адамда жақсы жетілген.Аралық мидың негізгі массасы-көру төмпешігі. Бұл қабаттала келіп, бірнеше ядроға бөлінеді (алдыңғы, ішкі, сыртқы және артқы). Көру төмпешігі арқылы ми қыртыстарына баратын афференттік импульстер өтеді.

Гипоталамус көру бөлімінен, емізік тәрізді денеден және меншікті аймақтан тұрады. Көру бөліміне зат алмасу мен дене температурасын реттеуге байланысты сұр төбешік жатады. Сұр төбешік клеткаларының дифференциялануы және пісіп жетілуі ертерек басталып, 6 жаста аяқталады. Клеткалары мен өткізгіш жолдары содан кейін де, әсіресе, жыныстық жетілу кезінде өседі. Емізік тәрізді денеде екі төбешік болады және ол мидың төменгі бет жағында орналасқан. 2-3 жастан жоғары кездерінде олардың ядролары баяу дамиды, сондықтан дифференциялау 7-8 жасқа дейін созылады. Ал 14-16 жаста ересек адамның ядроларынан айырмашылығы болмайды.

Гипоталамус әртүрлі және күрделі қызмет атқарады. Дене температурасының өзгеруі, зат алмасу процесі, қан тамырларының және клетка аралық кеңістігінің өткізгіштігі, ас қорыту жолдары және несеп бөлу гипоталмустың жұмысына байланысты.

б) Mишық қыртысының құрылысы.

Мишық. Мишық мидың шүйде бөлімінде орналасқан. Мишықтың алғашқы бастамасы баланың эмбриональды даму кезеңінің екінші айында пайда болады. Бала дүниеге келгенде мишықтың салмағы 20г болады да, ұл балалардың салмағы жоғарылау келеді. Алғашқы 2-3 жылдарда бала жүре бастағанда мишық күшті өседі. Содан кейін өсу қарқыны төмендейді. Бала 15 жасқа келгенде мишықтың мөлшері ересек адамдарға теңеседі.

Мишық екі ми сыңарларынан және құрт тәрізді бөлімнен тұрады.Үстіңгі жағы сұр затпен қапталып, қыртысты болып келеді.Бала дүниеге келген кезде қыртыс сайлары әлсіздеу болып, бет қабы кішілеу болады. Мишықтың ішкі жағы талшықты келген ақ заттан тұрады. Сұр және ақ заттардың өсуі баланың жасына тәуелді болады.Баланың 8-10 жас аралығында сұр зат бояу, ал ақ зат тез дамиды. Ақ затта төрт жұп ядролар орналасқан. Ең ірі ядросы тіс тәрізді ядро болып есептеледі. Мишық оргганизмнің әртүрлі қозғалыстары мен вегетативтік қызметтеріне әсер етеді. Мишық зақымдалған жағдайда адамның қалыпты қозғалыстары бұзылып, жүргенде аяқтарын шалыс басып, ары-бері теңселеді.

Үлкен ми сыңарлары. Ми сыңарлары екі бөлімнен тұрады: оң жақ және сол жақ. Ол ақ және сұр заттан құралған. Сұр заттан мидың сыртқы қабаты-қыртыстары түзіледі. Ақ зат ми қыртыстарының астында болады. Ақ заттың ішінде жүйке клеткалары топтасып орналасқан. Олар- ядролар.

Әрбір ми сыңарлары маңдай, төбе, самай және шүйде бөлімдеріне бөлі неді. Ми сыңарларының үстіңгі ж ағында ми қатпарлары, олардың арасында терең сайлар жатады. Mи қыртысының шүйде жақ бөлімі үлкендеу болып келеді, онда терең сайлар жатады. Ми қыртыстары клеткаларының тез өсіп-жетілуі бала өмірінің алғашқы үш жылында байқалады. Содан кеиін олардың өсіп-жетілуі баулайдыда, 5 жаста сыртқы ұқсастығы оның ішкі құрылысының күрделі жағдайына байланысты сипатталмайды. Ми қыртысының толық дәрежесінде дамуы 12 жаста байқалады.

Жүйке жасушалары Нейрон(neuron — жүйке, kytos - жасуша) — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі. Жүйке жасушаларының негізгі қызметі - жүйке толқындарын қабылдап, өңдеп, тиісті мүшелерге өткізіп, қарапайым және күрделі рефлекстерді іс жүзіне асыру.

Нерв жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі болып нейрон табылады. Нерв жүйесінің құрамына нейрондардан басқа глиалдық жасушалар да кіреді. Нейрондар мен глиалдық жасушалардң жиынтығы нерв ұлпасын құрайды. Глиалдық жасушалар нерв ұлпасын қоршап, тірек, қоректік және электроизоляциялық қызмет атқарады.

Жаңа туған нәрестеде глиалдық жасушаларға қарағанда нейрондардың саны көп болады. 20-30 жаста олардың мөлшері теңесіп, кейін нейрондардың саны азайып, глиалдық жасушалар көбейеді.


Өсінділер

Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон — жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.

Жүйке жасушалары (нейроциттер)-олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма),

Ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған.

Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді зат) және нейрофибриллалар болады.

Классификация

Өсінділерінің санына байланысты жүйке жасушалары: бірөсінділі (униполярлы), жалған бірөсінділі (псевдоуниполярлы), екіөсінділі (биполярлы) және көпөсінділі (мультиполярлы) болып бірнеше топқа ажыратылады.

Униполярлы нейроциттер — жануарлар эмбрионында,

Псевдоуниполярлы жүйке жасушалары — жұлын түйіндерінде,

Биполярлы нейроциттер — көздің торлы қабығында, ішкі құлақта, иіс сезімі мүшесінде,

Мультиполярлы нейроциттер — мида, жұлында, көптеген сомалық, вегетативтік интрамуральды және экстрамуральды жүйке түйіндерінде орналасады.

Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай нейрондар 3 түрлі болады:

  1. cезгіш (бұлар рецепторлер қызметін атқарып қозуды сезім мүшелерінен орталық жүйке жүйесіне жеткізеді)

  2. байланыстырғыш (қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нерондарға өткізеді)

  3. қозғалтқыш (қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттер мен бездерге жеткізеді)

Нейроннның денесі сома деп аталады. Оның пішіні әртүрлі. Сомада күрделі зат алмасу процестері жүреді, нейронның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті энергия түзіледі. Сомада ядро айқын көрінеді және онда көптеген органоидтар болады. Дендриттердің ұшы күшті бұтақтанып, нейронның басқа клеткаларымен жанасу ауданын үлкейтеді.

Миелин

Кейбір нерв талшықтарының май тәрізді зат – миелиннен тұратын қабықшасы болады. Миелин қабығы талшықты толық қаптамай, үзілістер жасайды. Үзілістер Ранвье белдеуі д.а

Миелиннің атқаратын қызметі қоректік, қорғаныштық және электризоляциялау. Миелинмен қапталаған нерв талшығы миелинді талшық, миелин қабықшасы жоқ талшық миелинсіз д.а. Миелинді талшық бойымен қозу жылдам өтеді.

Ерекшеліктері

Онтогенездің алғашқы этаптарында миелинді қабықша болмайды да, бала 2-3 жасқа келгенде дами бастайды. Қабықшаның қалыптасуы баланың өмір сүру жағдайына тәуелді.


Тигроидты дене-нейронның цитоплазмасында орналасқан дән немесе бұршақ тәрізді құрам бөлігі.

Оны арнайы бояумен бояған кезде микроскоппен көруге болады.Тигроидты дене көлемді дендриттердің негізінде орналасады және олар асондарда мүлдем болмайды.

Синапс

Жекелеген нейрондар арасындағы байланыс синапс арқылы жүзеге асады.

Синапстық:

пресинапстық мембранасы (аксонның ұшы түзеді); —

постсинапстық мембранасы (басқа нейронның участогы түзеді); —

синапс саңылауын ажыратады.

Химиялық синапстарда қозу арнайы химиялық белсенді заттар — медиаторлардың көмегімен беріледі. Жүйке талшықтары бойынша 0,5-тен 120 м/с-ке дейінгі жылдамдықпен таралатын жүйке импульстері — әлсіз биоэлектрлік ток.

Қызметі

Нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысқандықтан синапстар арқылы қозу бір нейроннан екінші нейронға, бұлшық етке немесе бездерге өтеді. Нейрондар бір-бірімен байланысқан кезде бір нейронның ақсоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады. Екінші нейронның дендриті қозуды қабылдап өзінің денесіне әкеледі, қозу ары қарай аксонның бойымен ОЖЖ-ға барады. Егер синапс нейронмен бұлшық етті немесе без жасушаларын байланыстыратын болса, нейроннан келген қозу бұлшық еттің жиырылуына, ал безде секреттің бөлініп шығуына әкеліп соғады

Егер синапсты зақымдалса, нейрон қаншалықты қозған болса да, ол жүйке импульсін көрші немесе бұлшық жасушасына бере алмайды. Синапстардың бірі — қоздырғыш, ал басқалары — тежеуші.

Рефлекс және рефлекс доғасы

Организм әр түрлі тітіркендіргіштерге үнемі жауап қайтарады. Организмнің тітіркендіргішке жауап реакциясы рефлекс (лат. reflexus - кері бұрылған) деп аталады. Рефлекс дегеніміз - орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және бақыланатын, сыртқы немесе ішкі тітіркендіргшітерге жауап реакциясы.

Рефлекстер- рефлекторлы доға арқылы іске асырылады.

Рефлекторлы доға - жүйке импульстары өтетін жол.

Рефлекс доғасы

-рецепторлардан - тітіркенуді қабылдайтын жүйке ұштарынан,

-импульсті орталық жүйке жүйесіне өткізетін сезімтал жүйке талшықтарынан, -түскен ақпаратты анализ жасайтын ОЖЖ бөлігінен,

- қозғалғыш жүйке талшықтарынан тұрады.

Осыған жауап ретінде бұлшық ет жиырылады


IV. Бекіту

1-тапсырма. "Миға саяхат"әдісі

- Әр топқа мидың бір бөлігін беріңіз.

- Құрылымы мен қызметін түсіндіріп, таныстырады.

- Тапсырма соңында бір-біріне сұрақ қояды.

2-тапсырма. "Рефлекс көрінісі" әдісі

- Әр топ бір рефлекстік жағдайды таңдайды (мысалы: ыстық темірге тигенде қолды тарту).

3-тапсырма. "ОЖЖ-ны құрастыр" әдісі

- Әр топ ми мен жұлынның муляжын алып, әр бөлікті белгілеп, түсіндірме береді.

4-тапсырма. "Сұрақ-жауап шеңбері" әдісі

- Әр топ 2 сұрақ дайындайды (біреу оңай, біреу күрделі).

- Бір біріне қояды. Жауап берген топқа ұпай беріледі.

- Жауап берген топқа ұпай беріледі.


V. Бағалау

Рефлексия. «Смайлик» әдісі

Рефлексия бойынша әр бала алдарындағы смайлдер арқылы кері байланыс жасайды.


Оқушылардың аты-жөні

Үй тапсырмасын тексеру

Бекіту

Қорытынды бағалау

"Селекция шеберханасы"

"Миға саяхат"

"Рефлекс көрінісі"

"ОЖЖ-ны құрастыр"

"Сұрақ-жауап шеңбері"

Рефлексия

1








2








3








4









VI. Үйге тапсырма

- Мидың және жұлынның құрылымы мен қызметі бойынша қысқаша конспект жазып, түсініп оқып келу.

- Рефлекстердің түрлері туралы шағын зерттеу (мысалы: тізе рефлексі).


VII. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық. 10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология

2. Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық. 11 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология

3. Есенбекова Э.Э. Основы анатомии и физиологии человека. 2015. 324 с.

4. Синельников Р.Д. Атлас анатомии человека, 2017, том второй. 420 с.

5. Сапин М.Р., Ревазов В.С. Анатомия человека, 2014. 260 с.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2025
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі