400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Су асты әлемі» Мақсаты: Тәрбиелік: Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Дамытушылық: Балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру. Табиғи материал мен ермексаз көмегімен тасбақаның пішінін жасау дағдыларын арттыру. Жылдамдылық сапасын дамыту. Оқыту: Су асты тұрғындарын дұрыс атауға үйрету. Үлгіге қарап, жасалу жолын түсіндіру. Жаңғақ қабығынан тасбақаны құрастыруды үйрету. Сауықтыру-шынықтыру шараларымен таныстыру. Шынықтырудың жалаң аяқ жүру түрін жаттықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 09.11.18 ж

Тәрбиеші:.

«Таным». «Денсаулық» білім беру салаларының ұйымдастырылған оқу қызметі «Құрастыру». «Дене шынықтыру»

Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат»

Тақырыбы: «Су асты әлемі»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру. Табиғи материал мен ермексаз көмегімен тасбақаның пішінін жасау дағдыларын арттыру. Жылдамдылық сапасын дамыту.

Оқыту: Су асты тұрғындарын дұрыс атауға үйрету. Үлгіге қарап, жасалу жолын түсіндіру. Жаңғақ қабығынан тасбақаны құрастыруды үйрету. Сауықтыру-шынықтыру шараларымен таныстыру. Шынықтырудың жалаң аяқ жүру түрін жаттықтыру.

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы,денсаулық технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Слайд,ермексаз,ойыншық тасбақа,қиылған тасбақаның суреті,массажный кілем, бөтелкенің қақпақтары,құм.

Билингвалдық компонент:тасбақа-черепаха,су- вода.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар залға кіреді. Бір қатарға тұрады.Амандасады!(Тасбақаның дыбысы естіледі)

-Балалар,бұл ненің дыбысы?

-Міне қараңдаршы!

-Балалар,бұл не?

Тасбақа!

-Дұрыс айтасыңдар! Тасбақаның құрылысын айтып беріңдерші.

Тасбақаның 4 аяғы бар, 1 басы бар, 1 құйрығы бар,үстінде тасы бар.

-Немен қоректенеді?

Балықтармен,шөппен.

-Ол қайда мекендейді?

Суда,құрлықта.

-Қандай табиғатқа жатады?

Тірі табиғатқа.

-Неге олай ойлайсыңдар?

Өйткені тасбақа өседі,қоректенеді.

-Тасбқа бізден көмек сұрап жатыр. Ол өзінің балаларын теңізде жоғалтып алған екен. Балаларын табуға көмектесейікші.

Оған көмектесу үшін теңізге түсу керек.

- Ал теңізде нелер мекендейтінін білгілерің келе ме?

Онда тақтаға наза аударамыз. (Слайд қосылады: балықтар,тасбақа,шаян)

Енді біз сендермен «Су асты әлеміне» аттанамыз. Оған аттанбаз бұрын,сергіту сәтін жасайық.




Сергіту сәті:

Қане балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз

(Теңіздің дыбысы қосылады,балалар көздерін жұмады)

2.Негізгі бөлім:

Қауіпсіздік ережесін айтып кету.

Залды айнала жүреді.

1.Қол төменде. Қысқа қадаммен пингвин сияқты жүру.

2.Бақа сияқты секіру.

3.Жүзу.

4.Жеңіл жүгіріспен жүгіру.

Шеңберде ЖДЖ жасайды.

1) Тасбақа – басты бұру.

1.Б.қ- аяқ алшақ,қол белде, басты оңға, солға бұру.

2) Тасбақа -қоректенеді.

2.Б.қ аяқ алшақ- қол белде,басты түсіру, көтеру.

3) Шаяның қимылы

3.Б.қ- аяқ алшақ ,қолды қайшылау

4) Медуза- қимылы

4.Б.қ- аяқ алшақ, толқын жасау

5) Дельфин секіреді.

5)Б.қ- аяқ бірге, қол төменде, жоғары секіру.

Тыныс алу жаттығуы. (чешкиді шеешіп,жалаң-аяқ жүру)

Балалар,бізге тасбақаның балалары кездескен жоқ.Тереңірек түсейік.

1.Қақпақтардың үстімен жүру.

2.Құмды басып өту.

3.Кішкентай тастарды басып өту.(массаж кілемі)

Осы жерде де тасбақаның балалары жоқ екен,онда өзіміз жасап берейік

Балаларды бір қатарға тұрғызу. (Үстелдердің үстіне құралдарды дайындап қою)

Жұмысқа кірісер алдында, саусақ жаттығуын жасайық.

Қауіпсіздік ережесін айтып кету.(Балалар жұмысқа кіріседі)

Көрме ұйымдастыру.

Ол сендерге алғыс ретінде қызықты ойын ойнатқысы келеді.

Д/О: «Суретті құрастыр»

Шарты: Әр балаға қиылған суреттерінің бөліктері беріледі. Осы бөліктерден суретті құрастыру.

Ал енді тасбақамен қоштасып,балабақшаға ораламыз. (Теңіздің дыбысы қосылады)

Қорытынды: Біз не құрастырдық? Неден құрастырдық? Біз қандай жаттығу жасадық? Оларды қайда кездестірдік?














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
654
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі