Материалдар / Ортаңғы топ жазғы сауықтыру перспективалык жоспары

Ортаңғы топ жазғы сауықтыру перспективалык жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазғы сауықтыру перспективалык жоспары ортаңғы топқа арналған 3 айлык перспектива
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Шілде 2024
327
1 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін_______________________________

Меңгеруші:_____________________________

( тегі, аты, әкесінің аты)

Жазғы-сауықтыру іс-шаралардың перспективалық жоспары


Өткізілетін шаралардың атаулары

Жұмыс мазмұны

Өткізу мерзімі


Маусым айы 1апта

«Бақытты балалық шақ»

«Әрқашан күн сөнбесін!»

«Балаларды қорғау» күні мерекесін ұйымдастыру:

- балалар шығармашылығынан концерт;

- асфальтқа сурет салу

03.06


«Мен көмекшімін»

«Мен атамның көмекшісімін» тақырыбында әңгімелесу;

«Табиғаттағы еңбек» Ағаштарға су құйғызу, жапырақтарын тамашалату

Әр түрлі көлемдегі доптармен ойындар

04.06


«Менің әлемім»

«Менің бауырларым», «Менің отбасым» тақырыптарында балалармен серуенде әңгімелесу;

балалардың отбасында ата-анасымен, бауырларымен немесе жақындарымен бірге уақыт өткізгенде ойнайтын ойындары, спорттық жаттығулары, сайыстарының ішінен көпшілігіне таныс ойын түрін бірге ойнап көру және алған әсерлерімен бөлісу;

тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беру, ән тыңдату және қалауы бойынша балаға айтқызу.

05.06


Кәусәр бұлақ

Балалардың көрген мультфильмдерінен алған әсерлерімен бөлісу, олардың қиялын, логикалық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту мақсатында жетекші сұрақтар қою.

Балалардың қалауы бойынша мультфильм кейіпкерлерінің образын таңдап, қимыл- қозғалыс ойындарын өткізу, патомимика арқылы кейіпкерді табу ойынын ойнау.

06.06


«Мен елімнің

Ұланымын!»

Отан туралы өлеңдерді жатқа айту челленджі.

Балалар шығармашылығынан суреттер көрмесін ұйымдастыру.

Таза ауада ұлттық ойындар сайысын өткізу.

07.06


Маусым айы 2апта

«Жас із кезушілер»

Жас із кезушілер

«Із кезушілер деген кімдер?» жетекші сұрақтар қою арқылы балалармен әңгімелесу. Дәстүрлі емес сурет техникасымен сурет салу. «Із кезуші» мультфильмін көрсету.

Қимылды ойындар «Өз түсіңді табу», «Жасырынбақ»


10.06


Аңдар мен аңшылар

Альбомдар көру: «Аңдар»

Сурет салу: «Менің сүйікті жануарым» және басқа тақырыптар (балалардың қалауын ескеру ұсынылады).

«Табиғатты қорғау» белгілерін дайындау.

Құм және сумен тәжірибе. Қамалдар жасау, су шашу ойындары

«Аңдардың үйшігі» құрастыру.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаднама құрастыру.

Қимыл-қозғалыс ойындары: «Аңды ізіне қарап таны», «Бақшадағы қояндар»,

11.06


Мейірімді достарым

Аңдар мен үй жануарлары туралы кітап көрмесін ұйымдастыру. Мысықтың өзіне күтім жасауын бақылау (жуыну).

«Ерте, ерте, ертеде» тақырыпқа сәйкес аудио ертегілер тыңдату, тыңдалған ертегінің мазмұнын айтқызу.

12.06


Саялы бақ

«Балабақша ауласында қандай ағаштар өседі?»,

тақырыптарында балалармен әңгімелесу. Сурет, альбом, иллюстрацияларды қарау.

Музыкалық іс шара «Жайдары жаз»

Бақ-бақ гүлдерін теру. Жел ескенін бақылату

Орманға, саябаққа немесе балабақшаның табиғат бұрышына саяхат. Шығармашылық жұмысқа пайдаланылатын табиғи материалдарды жинау.

13.06


Сыр сандық

Ертегі шаңырағы: «Түлкі мен тырна» тамашалау

Ағаштарды бақылау, оларға күтім жасау.

Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жапырағы ?», Ағаштардың суретін салу.

14.06



Маусым айы 3 апта

«Жаз да келді, көңілді»

Сабын көпіршіктері күні

Балалабақшада және үйде жеке бас тазалығын сақтау туралы әңгімелесу.

Медициналық кабинетке саяхат.

«Тамшылар». Дәстүрлі емес сурет техникасымен сурет салу.

Шырайгүл және барқытгүлді тану, бақылап салыстыру.

Дидактикалық ойын «Сыңарын тауып қос»

17.06


Теңіздегі тіршілік

Су ханшайымымен саяхат.

«Су патшалығы» суреттер байқауы (ата-аналармен бірге).

«Өзен, көлдер» альбомын безендіру. Сумен ойындар.

«Тамшылар». Дәстүрлі емес сурет техникасымен сурет салу.

18.06


Сүйкімді кірпі

«Пайдалы және зиянды» әңгімелесу.

Көркем шығарма оқып беру.

Желілі ойын «Бөпешім» Бөпені шомылдыру, киімін кигізіп, әлдилеп ұйқтататуды ұйымдастыру.

19.06


Табиғат аясында

Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарды пысықтау.

Жапсыру «Күлімдейді күн маған».

«Табиғаттағы еңбек» Ағаштарға су құйғызу, жапырақтарын тамашалату

20.06


«Күн, ауа, су» ойын сауығы

«Сылдырайды мөлдір су» денсаулыққа ауа мен судың пайдасы, судағы қауіпті жағдайлар туралы тақырыптық әңгімелесу.

Қуыршақ театры «Ешкі мен қасқыр» ертегісін қуыршақ театры арқылы тамашалату, әсерлендіру.

Шар арқылы ауа айналмалы туралы түсінік беру.

Сумен ойын

Күннің сәулесін айна арқылы ұстау ойыны

21.06



Маусым айы 4 апта

«Қауіпсіз жаз»

Бағдаршам күні

«Дымбілместің қала көшелеріндегі оқиғалары» сюжеттерді көрсетіп, бірге талдау.

Жапсыру «Бағдаршам». Түстерді тану, атау.

Ашылып жабылатын, құрастырмалы заттарды құрастыру бойына, көлеміне қарай топтастыруды қалыптастыру

24.06


Пайдалы және зиянды өсімдіктер

«Табиғаттағы қауіпсіздік» суреттерді қарап, әңгімелесу, мультфильмдер көрсету

Жапсыру «Жеміс-жидектер патшалығы».

«Саңырауқұлақтар әлемі», мүсіндеу.

Балалабақшада және үйде әр нәрсені жей бермеу керектігі туралы әңгімелесу.

25.06


Марғаудың үйшігі

Мысықты көрсету, әңгімелесу. Қимылын бақылату, оған су беруді ұйымдастыру.

«Құтқарушылар», сюжетті-рөлдік ойындарын ойнау. Мысықты құтқару.

Ән айту, би билеу.

26.06


«Қауіпті заттар мен құралдар»

Ойындар: «Өртке қауіпті заттар», «Өрт сөндірушіге не қажет?»

«Өртке қауіпті заттар» коллажы.

«Болады-болмайды», дидактикалық ойын.

27.06


Шебер қолдар

Үй жануарлары:Қозы мен лақты салыстыру. Жеті лақ ертегісін айтып беру. Қауіпті жағдай туралы ақпарат беру.

Теартландырылған қойылым атрибуттарын қолдан жасау.

Балалармен бірге қойылымдар қою (саусақ театры, көлеңкелі театр, қуыршақ театры)


28.06



Шілде айы 1 апта

«Гүлденген табиғат»

Табиғатты қорғайық

«Табиғатпен тілдесу», балалармен қоршаған ортаны қорғау туралы әңгімелесу. Суреттер байқауын ұйымдастыру.

Қимыл-қозғалыс ойыны «бақшадағы қояндар».

Шебер қолдар:Түрлі жануарларды құрылыс материалдарынан құрастыруды үйрету

01.07


Су әлемінде

Денсаулық іс – шарасы: «Су патшалығына саяхат» мерекелік қойылымдар өткізу

Бассейнде жүзу, суға шомылу, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

Сумен шынығудың пайдасы туралы әңгімелесу.

Су бетінде сурет салу.

02.07


Ғажайыптар әлемі

Музыкалық іс шара «Гүлдестелі ханшайым»

Серуен кезінде балаларды табиғат көріністерін бақылауға үйрету және кері байланыс жасау.

Табиғат туралы өлең оқып беру.

«Артық суретті тап» дидактикалық ойын.


03.07


Менің достарым

Қуыршақ театры «Шалқан » ертегісін сахналату

Адамдар бір-бірін жақсы көретінін ұғындыру, дос болуға баулу.

Көркем шығарма оқып беру.

Сюжетті-рөлдік ойын «Тату-тәтті отбасы».

04.07


«Сүйікті қалам–Астана»

«Елімнің жүрегі – Астана» тақырыбында әңгімелесу.

Тақырыпқа сәйкес ән тыңдату және бірге айту.

«Бұл бақытты –мекен» асфальтқа сурет салу.

«Көңілді доп» үйірмесінде «Ақ доп, қызыл доп» атты ойындарды ұйымдастыру



05.07



Шілде айы 2 апта

«Анам, әкем және мен тату-тәтті отбасы»

«Мерейлі отбасы»

Ата-аналар мен балалардың бірлескен әрекеті, Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа айту челленджі

Шебер қолдар өнері: түймеленетін, бауланатын бұйымдарды түймелеуді, баулауды пысықтау«Әке көрген оқ жонар», зат қалдықтарынан әкелермен бірге бұйым жасау.Дайындалған бұйымдардан көрме ұйымдастыру.


09.07


«Анам, әкем және мен – тату-тәтті отбасы»

«Әлди-әлди ақбөпем» челенджі, әжесінің бесік жыры.

Таза ауада ата-аналар мен балаларының қатысуымен «отбасылық эстафета» спорттық сайысын өткізу

Үй жануарлары: Күшікке бақылау жасату, тамақтандыру, ойнату. Күшіктің отбасын таныстыру

10.07


Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар фестивалі, қимыл-қозғалыс ойындары «Ханталапай», «Сақина салу», «Алтыбақан»,

11.07


Алтын сақа

  • «Ханталапай» ұлттық асық ойынын ойнату;

  • асықтан жасалған «денсаулық жолымен» жүргізу;

асықтар тізілген қолғаппен бір-біріне массаж жасату.

«Көңілді доп» үйірмесі: «Допты дәлдеп лақтыр» доппен түрлі ойындар өткізу


12.07



Шілде айы 3 апта

«Жазғы ойындар»

«Ұлы дала баласы»

«Жас спортшылар», балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін тренажерлардың көмегімен таза ауада жаттығу.

«Ұлы дала баласы» ұлттық ойындар фестивалі. «Орамал тастамақ», Сақина салу, Асық ату ойындарын үйрету

15.07


Жүгіреміз, зырлаймыз

«Денсаулық зор байлық», «Дені саудың тәні сау» тақырыптарында әңгімелесу, балаға өз денсаулығын қорғаудың маңыздылығын түсіндіру. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа үйрету (тісін тазалау, жуыну, қолын жиі жуу, тазалықты сақтау және басқа)

Құммен, сумен ойындар: хауыздағы (бассейіндегі) сумен ойындар ұйымдастыру

16.07


Спорттық ойындар күні

Балалардың сүйікті қимылды ойындарын ойнату. Жаңа ойындарды үйрету.

Табиғат ауа райы: Күн шұғыласын айна арқылы бақылау, әңгімелету, құйып ойнату

17.07


Менің көңілді добым

Балалармен әңгімелесу «Допты спорт түрлері». Доппен ойнау.

Допты нысанаға лақтыру.

Сурет салу, мүсіндеу «Менің көңілді добым».

Денсаулық іс-шарасы:«жалпақ табандылықты түзету жұмыстарын өткізу

18.07


«Олимпиада алауы»

Олимпиада алауы туралы ақпарат беру, әңгімелесу

Ертегі шаңырағы: Киіз үйден немесе робаттардан (электронды құрал) ертегіні тыңдату

Санамақтар мен өлеңдер жаттау.

19.07



Шілде айы 4 апта

«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма»

Алтын балық

Алтын балықпен балықтар патшалығына саяхат жасау.

«Балықтар әлемі», дәстүрлі емес сурет техникасымен салынған суреттер байқауы. Көркем шығарма оқып беру.

Аквариумдағы балықтарды бақылау, жем беру.

«Балық аулау» қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.

22.07


Ойланайық, балақай!

Желілі ойындарды « Дүкен» , «Аспаз» , «Емхана» ұйымдастыру

«Жайдары жаз», ермексазбен жұмыс.

Жаз мезгілі туралы әңгімелесу арқылы балалардың түсінік-танымын кеңейту, алған білімдерін бекіту (кері байланыс).

23.07


Гүлдер күні

Гүлдерге су құйғызу, гүлдерді тамашалату.

Гүлдер туралы әңгімелесу, жұмбақтар шешу.

«Құлпырған әлем» шығармашылық шеберханасының жұмысын ұйымдастыру

24.07


Жәндіктер әлемі

Таныс ертегілерді қайталату, сахналау. Көркем шығарма оқып беру (немесе үзінді оқу.

Танымдық әңгіме.

Серуен кезінде табиғаттағы жәндіктерді бақылау, балаларға жетекші сұрақтар қоя отырып, көрген-білгенін сұрау. Балалармен әңгімелесу, улы жәндіктердің суреттерімен таныстыру, олардан қорғану туралы айту.


25.07


«Туған өлкем»

Баланың бойында туған жеріне, еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезімін ұялату. Ән тыңдатып, тақпақ айтқызу.Дидактикалық ойын« Жұбын тап». Доппен дербес ойындар ойнату

26.07



Шілде айы 5-апта

«Менің достарым»

Әдептілік – әдемілік

Көркем шығарма оқып беру.

Дидактикалық ойын «Досыма достық лебізім». Сюжетті-рөлдік ойын «Сән салоны».

29.07


Достық күні

Балада дос, достық туралы түсінік қалыптастыру. Достық қарым-қатынасты сипаттайтын қысқа диалогтік көріністерді бірге ойнай отырып, баланың санасында

«достық» ұғымын нығайту.

Достық туралы ән тыңдау, бірге айту. Жапсыру, «Досыма сыйлық».

Қимылды ойын. «Қоян мен қасқыр», «Соқыр теке», «Айгөлек».

30.07


Мейірімділік күні

Мейірімділік туралы әңгімелесу. Құстар біздің досымыз, оларға мейірімділік таныту.

Құстар:Аулаға ұшып келген құстардың қимылын бақылату, оған жем су беруді ұйымдастыру

«Ертегі кейіпкерлерінің жақсы істері» ертегі еліне саяхат, пікірталас.

31.07


Түрлі-түсті кемпірқосақ

күні

«Қала үстіндегі шарлар» ойын-сауығы: үрленген шарлармен эстафеталар өткізу,шарларға сурет салу, «ең көңілді шар» конкурсын жариялау, түрлі-түсті шардан кемпірқосақ құрастыру


01.08


Достық аллеясы

Табиғи материалдардан құрастыру, мүсіндеу.

Ұлттық ойындарды ойнату: «Түйілген орамал».

02.08



Тамыз айы 1 апта

«Ас атасы нан»

Алтын дән

Дәндер патшалығына саяхат: суреттер мен альбомдар қарау.

Көркем шығарма оқып беру, тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтқызу;

Ыдыстағы дәндерді түрлеріне қарап ажыратып әр ыдысқа бөлу;

Табиғи материалдармен, ермексазбен жұмыс «Дәндер патшалығы»

05.08


Нан - дастархан байлығы

«Нан - дастархан байлығы» әңгімелесу; шығарма оқып беру, тыңдалған шығарманың мазмұнын айтқызу;

Нан қиқымымен ауладағы құстарды қоректендіру және оларды сыртынан бақылау;

нанның суретін салу, ермексаздан мүсіндеу.

Құммен, сумен ойындар: суда сурет салғызу

06.08


Нан болса ән де болады

Наубайхана жұмысымен таныстыру;

«аспазшы» сюжетті рөлдік ойынын ойнату;

Тақырыпқа сәйкес ата-аналармен бірге ән байқауын ұйымдастыру.

07.08


Егіс алқабында

«Жазғы бал» би сайысын өткізу

«Алқапта не өседі?» әңгімелесу, шығарма оқып беру;

Ауладағы өсімдіктер мен шөптерге күтім жасауда қарапайым тапсырмаларды орындату;

«Ғажайып дәндер» ұжымдық жұмыс: дайын суретті дәндермен безендіру

08.08


Жемістер мен көкөністер

Кітап орталығының жаңа кітаптарымен таныстырып жаңа жемістер мен көкөністер туралы ертегі оқып беру

«Жемістер мен көкөністер» фестивалі;

Жапсыру «Менің дәмді достарым»;

«Кім күшті?» жемістер мен көкөністерді сумен жуып, жеуден сайыс ұйымдастыру

09.08



Тамыз айы 2 апта

«Мен және қоршаған орта»

Менің нәзік достарым

«Сиқырлы қапшық»дидактикалық ойынын ұйымдастыру. Қапшықтың ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтату, ойыншықты алған соң атын , түсін айтқызу сөйлеу дағдысын дамыту.

Гүлдер, оларға қамқорлық жасау туралы әңгімелесу, шығарма оқып беру;

Түрлі-түсті қағаздан гүлдер жасау (қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін квиллинг әдісін қолдану);


12.08


Менің адал достарым

Ит, мысық, балықтар немесе үй жануарлары туралы шығарма оқып беру, оқылған шығарманы талдау

Омыртқа қисаюуын алдын алу жаттығуларын жасату

13.08


«Саясында бау-бақтың...»

  • Қоршаған орта туралы сұрақ-жауап ұйымдастыру;

Балабақша ауласын сыпыру, су шашу, қоқыс жинау сияқты еңбек әрекетін ұйымдастыру

14.08


Ханталапай

Шақырылған қуыршақ театрының қойлымын тамашалату

Ұлттық ойындар туралы шығарма, өлең оқып беру;асықтарды дайын бояулармен бояу, безендіру;


15.08


Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!

Мамандық түрлері олардың атқаратын қызметі туралы әңгімелесу;

түрлі мамандық туралы өлең оқып беру және оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру «Асхана», «Емхана», «Дүкен» сюжетті-рөлдік ойындарды ойнату





16.08



Тамыз айы 3 апта

«Өнер көзі халықта»

Қуыршақ театры

Қуыршақ, көлеңкелі театр қойылымын тамашалау, көрген қойылымның желісі менондағы кейіпкерлер туралы әңгімелесу;

«Менің сүйікті достарым» ертегі кейіпкерлерінің костюмдерінің элементтерін қағаздан жасап, дайын кейіпкер бейнесіне жапсыру;

тақырыпқа сәйкес сюжетті-рөлдік ойын ойнату;

Құрастырмалы материалдардан түрлі үйлерді жинап құрастыруды қалыптастыру

19.08


Сөз асылы шешендік

  • «Әжелер мектебі» жұмысын жандандыру, алдын-ала әзірленген «Ерте, ерте, ертеде ... » әжемнің ертегісін тыңдайық челленджі бейнематериалдарын тамашалау;

  • «Ертегілер әлеміне саяхат» сүйікті ертегілерді айтқызу;

«Мен бастаймын, сен жалғастыр», дидактикалық ойын

Ұлттық ойындар ойнату.

20.08


Алуан-алуан кейіпкер бар

«Менің сүйікті кейіпкерім», ермексаздан мүсіндеу, суретін салу;

Өзі қолдан жасаған кейіпкерінің образына еніп оның даусымен дыбыстау, сөйлеуді дамыту;


21.08


«Өнерлі өрге жүзер»

Жігіттер шеруін өткізу

Бұрыннан білетін әндерді айтқызу, билерді билету.

22.08


«Ел іші өнер кеніші»

Педагогтар мен балалардың бірлескен театрландырылған қойылымдар тамашалау.

Балапанды тамашалату. Балапанның денесіне тұмсығын,қанаттарын, көз бен аяқтарын жапсыруды жетілдіру;

23.08



Тамыз айы 4 апта

«Ғажайыптар әлемінде»

«Балабақшам өз үйім»

«Менің балабақшам», жазғы сауықтыру кезеңінде алған әсерлері туралы балалармен серуенде әңгімелесу;

Тақырыпқа сәйкес асфальтқа ұжымдық сурет салуға жұмылдыру, салған суреттері бойынша өз ойларын айтқызу;


26.08


«Бір, екі, үш - бойға жинап күш»

Дене шынықтырудың пайдасы туралы әңгімелесу;

Балалардың ө здеріне ұнайтын жаттығуларды жасата отырып, спорттық ойындарды бірлесіп таңдатып, ойнату;

Серуен кезінде аулада қарапайым еңбекке баулу, бірге еңбектену;

«Бәйге». «Алтын сақа», «Соқыр теке» ұлттық қимылды ойындарды ойнату

27.08


Менің Қазақстаным

«Менің Қазақстаным»деген не? балалардың ойларын тыңдау. Бірге сурет салу

Қуыршақ театры. «Бауырсақ» ертегісін тамашалату

28.08


Конституция күні

«Айбары асқақ – Ата заң» Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік концертке қатысу

29.08



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ