Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ортаңғы топтын наурыз ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлесім шығармашылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

8наурыз!

Жүргізуші: Той тойлап дала мен қалаларым, Мерекем құтты болсын, аналарым. Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін, Құттықтауға келе жатыр,балаларың

Әсем безендірілген залға балалар қолдарына гул ұстап музыка әуенімен жүгіріп кіреді.

Тақпақтар:

Әмина А Көктем күні керемет, Жаңбыр жауар себелеп. Күн ашылса болғаны, Көлбеңдейді көбелек. Бар табиғат нәр алып, Шыға келер жаңарып. Қызғалдақ боп құлпырып, Көктем біздің балалық.

Айсере С Көктем күні әдемі, Жерде гүлдер өскенде. Көктем күні әдемі, Жерде шөптер өскенде. Көктем күні шуақты, Гүлдер, шөптер қуантты, Ешкі төлдер туады, Барлық бала қуанды.

Зере Көктем болды алақай, Қуана барлық балақай. Көктемде жаңбыр болады, Бақшаға гүлдер толады.





Арайлым Көктем келді, күн шығып, Айлар, күндер тұр келіп. Тура анам секілді, Мейірімді боп тұр күліп.

Мадияр Көктем, көктем, көктемде, Құстар келіп жеткенде. Біз қуанып қаламыз, Әнмен қарсы аламыз.

Ән: «Көктем»

Тақпақтар:

Асылназ Ардақты ана - аяулы ана қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың. Өміріме нәрін бердің ақ сүттің, Кең құшағың -аясындай гүл бақтың.

Айару Мен өзің мен қайда болсам да біргемін, Махаббатың жүрегімде жүр менің. Күн нұрындай - жадырай бір күлгенің, Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

Қоблан Аялаған анашым, Мәпелеген анашым. Менің саған тілегім, Қартаймашы анашым.

Ақыл Құтты болсын ақ анам, Сегізінші Науырызың. Қасымда бол әрқашан, Жасын жарық жұлдызың. Тілейді бақыт бір саған, Әлпештеген ұл қызың.

Ақжан Мәпелейсің мені анам, Қолындағы құсындай. Құлпыра өсіп дем алам, Құшағыңда қысылмай.

Амина Ж Мен анамды сүйемін, Сөзін ойға түйемін. Анашымды ардақтап, Басымды оған иемін.

Айым Баланың да тірегі, Даланың да тірегі. Ауырмасын ешқашан, Аналардың жүрегі.

Ән: «Ақ анам» Балалар шеңбер бойымен жүріп себетке гүлдерді салып орындарына отырады. (биге қыздарды шығарып жіберу 8 қызды)

Би: «Қаңқыз» «Божая каробка» Айару, Айзере С, Айым, Амина Ж, Ақжан, Дария, Ақыл, Арайлым.

Фея қонаққа келеді (приход.Фея) Аминаға крылья , Айаруға бас киім кигіземін. Песня на английском ( 5песен)

Стихи на анг: Баянсулу(весна), Асылназ (поздрав.дев), Айару (жук), Самина (цветок), Әмина А (бабочка).

Стихи на русском:

Айзере С Бабушка,бабушка, Все на свете знаешь. Ты печешь оладушки, Сказки нам читаешь. Бабушке песенку я подарю, Я свою бабушку сильно люблю.



Нұрсая Бабушку милую, Самую родную. Самую любимую, Крепко поцелую.

Айым У мамы работа, У папы работа. У них для меня, Остается суббота. А бабушка дома всегда, Она не ругает меня никогда.

Песня : «Бабушка»

Осы 5 қыздар шығып кетеді анг.бас киімдерін шешу. Ойын: «Золушка » (ата ана баласымен ойнайды) Би: «Кір жуу» «Стирка» (қыздар мен ұлдарға фартуктарымен орамалдарын кигізу) ( дев.и мальч. одеть платочки и фартуки)

Зере, Әмина А, Баянсулу; (тазикпен жүгіріп шығады) Омар, Қоблан, Бектұр; () Мадияр, Даниал (қолдарына ала жіпті ұстату) Осы биден кейін Зеренің киімін ауыстыру «Гүлдер» биіне

Ән: «Жаңбыр» Жүргізуші: Қатемді дұрыстайтын әже, Айғайлап ұрыспайтын әже. Алысқа кетсең сағынамын, Дейтін ақжаулықты әжемізге деген тақпақтарымызды айтайық.... Тақпақтар: (әже туралы)

Самина Ақ әжемді әрқашан, Сыйлап жақсы көремін. Қуантайын деп оны, Өлең айтып беремін.

Дария Ақ жаулықты әжемді, Ай жүзіне теңедім. Мейірімін таусылмас, Күн нұрына теңедім.

Айзере Т Әже деген көп шығар, Әжемдей менің жоқ шығар. Мейірімді ол кісі, Қандай ғажап күлкісі.

Баянсулу Әжем ұйықтар алдында, Ертегі оқып береді. Еркелеп ойнап жатқанда, Ылғи ұйықтап қаламын.

Бектұр Немересін жанындай, Әжем жақсы көреді. Қонаққа барса ұмытпай, Кәмпіт әкеп береді.

Мадина Менің әжем, бұл әже, Айтқан сөзі дәл әже. Аман болса көреді, Қызығынды әліде.

Жүргізуші: Гүлсіз бұлбұл сайрамас, Гүлсіз дала жайнамас. Бізге нұрын шашады, Көздің жауын алады.

Гүлдерімізді ортаға шақырайық. Би: «Гүлдер» (цветочки) 8 қыз шығады.

Асылназ, Самина, Нұрсая, Мадина, Зере, Аделя, Айназ, Айзере Т (қолдарына гүлдерін кигізу)

Ән: «Апам үшін»

Тақпақтар:

Нұрсая Бесіктерін әнімен, Тербетуде аналар. Жасай берсін сәнімен, Жер бетінде аналар.

Аянат Бәріңіз де анасыз, Біз үшін күн боп жансың. Құтты болсын мейрамың, Құттықтаймын анашым.

Айназ Бал бөбегін баптаған, Анам үшін мақтанам. Ақ бетіңнен сүйемін, Келші, келші ақ анам.

Даниал Мәпелеп мені өсірген, Ризамын мен өзіңе. Ана деген керемет, Сыйлап өтем өмірде.

Омар Ана, әже, апалар, Құтты болсын мереке!. Осы келген ортаға, Тілейміз береке!

Аделя Ана біздің күніміз, Ана біздің гүліміз. Аналардан тарайды, Біздің ана тіліміз.

Ойын: «Шаш өру» (ата аналармен)

Ойын «Сәндеу аналарын» (ұлдар шығады)

3 планшет жюриге дайындау.

Сайыс « Сәнді қалпақша» (9 қыз шығады) Әмина А, Айзере С, Аянат, Амина Ж, Айзере Т, Ақжан, Дария, Мадина, Баянсулу.

Балалар сыйлықтарын аналарына таратады.

Сайыстын қорытындысы .

Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сулу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! Сау болыңыздар!

Жюри: Наталья Александровна

Салиха Ахметовна

Жемис Залиновна











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
304
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12