Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ортаның Экологиялық факторлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жағартылған білім мазмұнына сай құрастырылған, биология пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Биология

Күні: .2017ж

Мұғалім аты-жөні: Есиркепова Г

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Ортаның экологиялық факторлары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.1 жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу

Ойлау дағдылары

Түсіну, қолдану, талдау

Оқу мақсаттары

Барлық оқушылар:

-Ортаның абиотикалық,биотикалық факторын сипаттай алады;

Көпшілік оқушылар :

- жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін ажыратады, талдайды.

Жекелеген оқушылар:

- жергілікті жер экожүйесіне қоршаған орта факторларының тірі ағзаларға әсері туралы зерттейді

Бағалау критерийлері

- жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларын біледі

- жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне әсері туралы талдайды

-топпен жұмыс жасау арқылы әр топ түрлі экологиялық факторларды зерттейді.

Тілдік мақсаттар


Термин сөздермен жұмыс жасайды

  • Абиотикалық-

  • Биотикалық-

  • Антропогендік-

  • Продуцент –

  • Консумент - ...



Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

  • Продуценттер консументтерге қорек болады.

  • Өсімдіктер продуценттерболып табылады, өйткені ...

  • Өлі жануарлар мен өсімдіктердің ыдырауына ........................ көмектеседі.

Құндылықтарға баулу

Қоршаған ортаны қорғауға,жауапкершілікке,азаматтыққа,өмір бойы білім алуға баулу.

Пән аралық байланыстар

Дүниетану, география.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтада презентация

Bilimland.kz

Алдыңғы білім


Оқушыларда экожүйе құрамдас бөлік туралы білім қалыптасқан.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин







Ой қозғау

10 минут

-Ұйымдастыру кезеңі

-амандасу, түгендеу

-шаттық шеңбер жасап, психологиялық жағымды ахуал туғызу

«Атом және молекула» ойыны арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1-топ. Абиотикалық фактор

2-топ. Биотикалық фактор

3-топ. Антропогендік фактор

Мәтінмен жұмыс

- Оқушыларға видеоматериал көрсетіледі.

- Видеоны көргеннен кейін әрбір оқушы биотикалық және абиотикалық факторларға тән негізгі сипаттамаларды кестеге толтырады (Видеоны көрсетпестен бұрын оқушыларға алдын-ала, мұқият қараулырын ескертіп, кестені таратып беру керек).


Абиотикалық

фактор

Биотикалық

фактор






Бағалау ауызша

















видеоматериал









Кесте

Сабақтың ортасы

14 мин













6 минут























6 минут































1 минут













Топтық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс»әдісі арқылы әр топқа тапсырма беріледі.Мәтін мазмұны бойынша постер қорғау.

1-топ. Абиотикалық факторлар мен олардың маңызына түсінік береді.

2-топ. Биотикалық факторларға сипаттама береді.

3-топ. Антропогендік фактор ерекшелігін анықтайды.


«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен формативті бағалау.


Жұптық жұмыс.

Оқушылар жұпта карточкалармен жұмыс жасайды. Сұрақтарға жауап беріп, олар басқа жұптармен бірігіп, жауаптарын тексереді.Мұғалім ұсынған критерий бойынша бірі – бірін бағалайды.

Бағалау критерийлері:

Экологиялық факторларды ажырата алады

Экожүйенің қызметі үшін экологиялық фактордың маңыздылығын бағалайды.


Суретте табиғи экожүйенің компоненттері көрсетілген.

1. Анықтаңыз:

a) А суретіндегі экологиялық фактор.

b) В суретіндегі экологиялық фактор.


2. Әр түрлі қалдықтармен суқоймалардың ластануы қоршаған орта табиғатына қандай зиян әкелетінін түсіндіріңіз. Бұл мәселені шешу жолдарын ұсыныңыз.

Кері байланыс: оқушы - оқушы.


Жеке жұмыс.

Тест

Төменде көрсетілген сұрақтардың бір дұрыс жауабын таңдаңыз.

1.Экожүйе құрылымы қанша бөліктен тұрады?

А)Үш Б)Екі В)Бес Г)Ешқандай

2.Экологиялық фактор нешеге бөлінеді?

А)Екі Б)Үш В)Төрт Г)Бес

3.Абиотикалықфакторларға нелер жатады?

А) топырақ Б)өсімдік В)жануар Г)қына

4.Құрлықтағы негізгі шектеуші факторлар қандай?

А)Судың мөлдірлігі Б)Температура мен оттегі концентрациясы В)Су мен температура Г)Таза қоршаған орта

5.Биотикалық факторларға нелер жатады?

А)Климат Б)Ылғалдылық В)Топырақ Г)Өсімдік

6.Антропогендік фактор дегеніміз не?

А) Табиғаттың жансыз құрамбөліктерінің әсерін біріктіретін фактор.

Б) Адамның іс-әрекетімен болатын фактор

В) Тірі ағзалардың бір-біріне әсер етуі.

Г) Оларға топырақ, атмосфера газдары жатады.


«Алтын, күміс, қола» жетондары арқылы формативті бағалау.


Дескриптор:

1.Абиотикалық факторлар маңызын түсінеді

2.Биологиялық факторлар маңызын түсінеді.

3.Антропогендік факторлар маңызын түсінеді.

4.Экожүйенің құрам бөліктерін біледі

Үйге тапсырма: Қосымша материалдар мен интернет-ресурстарды пайдаланып, экологиялық факторлардың әсері туралы эссе жазыңдар.



Shape1









Оқулық

Shape2

















Қорапша,қағаз қиындылары











Смайлик













Тест

























ЖетондарShape3

Shape4 Shape5





Сабақтың соңы

5 минут

«Бағалау ағашы».Оқушылар себеттегі алма, гүл және жапырақ түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген алма ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы:

Алма – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

Гүл – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

Жапырақ – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.

Стикерлер

Дифференциация – Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында Сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз?

Денсаулық және қауіпсіздік



Барлықоқушылар:

Мекен ету ортасына қарап, сол жерлерде өсетін өсімдіктер мен мекен ететін жануарлардың түрлерін және олардың бейімделу тәсілдерін сипаттай алады;

Оқушылардың көпшілігі:

Экологиялық факторларды зерттеу барысында жіктей алады;

Кейбір оқушылар:

Теориялық білімін практикада қолдана біледі, зерттеу барысында өсімдіктер мен жануарларды өздігінен анықтай біледі.

Топтық жұмыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен формативті бағалау.

Жұптық жұмыс: «Смайлик» әдісі арқылы формативті бағалау.

Жеке жұмыс: «Алтын, күміс, қола» жетондары арқылы мұғалімнің бағалауы.






Оқушыларды зерттеу үлескесіне шығару алдында қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша нұсқаулық беріледі.





Қоршаған ортаны қорғау өсімдіктер мен жануарларға қайырымды болуға тәрбиелеу

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма?

Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Не білдім?

Не білемін?

Не білгім келеді?-деген сұрақтарға стикермен жауап жазғызамын.


Сабақ өз мақсатына жетті. Сабақ барысында оқушылар ұйышылдық танытты. Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым.

Жалпы бағалау



Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:



Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
842
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12