400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ортақ мұра - ортақ үн

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан өзге оқушыларға көмек ретінде ұсынылып отыр
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ортақ мұра – ортақ үн»

«Ілім-іштегі нұр, 
Өнер сыртқа салынған түр»

Халық даналығы



Көк мұхиттың толассыз толқынымен туласып, бір-бірімен шуласып жатқан шексіз дария бар. Ол – өмір. Сол мұхиттың ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Қамшының сабындай қысқа өмірдің ішінде адам өзінің артына өшпес із қалдырса, ол ерекше адам болар. Біреулер жаңалық ашып, ғалым болса, енді біреулері тума дарынды, өнерлі жандар кездесіп жатады. Дегенмен, әрбір адамның әйтеуір бір өнермен байланысы бар, біреулер өнердің жілігін шағып, майын ішеді, біреулер өнер десе ішкен асын жерге қояды, жанын беріп тыңдайды, насихаттайды, өнермен демалады, өзін тәрбиелейді... айта берсек көп. Бір данышпандар «өмір мен өнер егіз ұғым» дейді емес пе? Бұл сөздің қаншалықты рас екенін білмеймін, бірақ, өнерді тудыратын өмір екенін, өнердің өмірге қызмет ететінін де мойындаймын. Өнердің де түр-түрі жетіп артар. Домбыра, қобыз, сырнай секілді ұлттық аспаптардың қадірін қасиет тұтып, жан тәнімен беріліп шертетін өнерлі адамдарға қызыға да, қызғана да қарайсың.

Мағжан ақынның «Қорқыт» поэмасында өнерлі де дарынды адамың дүниеге келген Қорқытты өмірдің өзі сезінгендей, бір ғажайып тылсым күш пайда болады. Қорқыттың қасиетті қобызы күңіренеді, жылайды, жанды өртеген толқындар, мұңды лебіз шертеді. Қобыздың зары жасын төккенде, жан жүрегің қан жылап тұрғанда, мөлдіреген қара көз жыламай қалмайды ғой. Қобыздан осылайша шыққан сарын, бірде мұң, бірде дауыл, бірде жалын секілді белгісіз бір құбылыстар. Сезімпаз ақынның жүрегі бір қобыздан шыққан сиқырлы үн ішектікі емес, ол үн жүректікі. Өнер ішкі жан дүниемен, жүрекпен сезінгенді қалайды. Жүректен шыққан үн жүрекке жетеді. Қобыздың ішегі үзілсе де, үзілмейді ешқашан нәзік жүрек. Мағжан ақын поэма арқылы, жүректен жарып шыққан сезімнің шыншыл күйін жеткізгісі келеді. Қорқыт пен қобыз егіз қозы секілді. Екеуі бір-бірінен ажырамайтын қобыздың қос ішегі сияқты.  Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Ұлы аңыз кейіпкерін өлімнен қашу емес, өнерімен өмірдің қиыншылық кезеңін жеңуді мақсат еткенін, өмірді мәңгілік мекен, Мәңгілік Ел ету философиясын түсіндім. Гүлнұр Оразымбетованың «Қорқыт» атты әні шырқалып жібергенде, бойында бір тылсым күш, рух, сезім пайда болғандай күйді кешесің. «Қорқыт бабамыздан қалған. Қобыз – өкініш пен арман. Тыңдасаң сыр айтады, өкініп мұң айтады...» деген өлең жолдары жанды тебірентпей қоймайды. Бұл өлең жолдарымен қобыз түгіл өнердің қасиетті екенін байқауға болады.

Бойында өнері бар адам өмірде өз жолын әрқашан табады. Ол - табиғаттың заңдылығы. Өнер өмірге қызмет атқарады. Өнердің өзі адамды дәріптейді, тәрбиелейді, өмірге деген құлшынысын оятады. Тіпті, добыра шерткен адам, жан тебіреніспен ақындық жолға бетбұруы әбден мүмкін. Бұл сезімді өзім де бастан кештім. Дана қазағымыз айтады «нағыз қазақ қазақ емес, нақыз қазақ- домбыра» деп , тіпті Елбасымыздың өзі қазақтың киелі домбырасын шертіп, ақындық ойын ұштай түскенде, барлық қазақ осындай сегіз қырлы, бір сырлы болса ғой деп армандайсың. Ол үшін еңбектенуіміз керек. Өнердің өзі өз жолында еңбектенуді қажет етеді. Қайталанбас өмірдің қадірін білуде уақыт пен еңбектің өлшеусіз рөлін өнер талабына бойлату Мәңгілік Ел келешегіне қосқан табиғи үлес деп қарайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
333
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі