Материалдар / Өртте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде күштер мен құралдарды басқару

Өртте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде күштер мен құралдарды басқару

Материал туралы қысқаша түсінік
Мазмұны Кіріспе .............................................................................................................3-6 1.1. Өртте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде күштер мен құралдарды басқару.......................................................................................7-9 1.2. Күрделі жағдайлардағы өрттерді сөндіру.............................................8 1.3 Қолайсыз климаттық жағдайларда өрттерді сөндіру ..........................9-11 2. Су жетіспеген жағдайда өрттерді сөндіру .............................................12-13 2.1. Жеке құрам үшін ерекше қауіпті жағдайдағы өрттерді сөндіру ...........................................................................................................13-21 Қорытынды ...................................................................................................22 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2024
18
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

Курстық зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім ролінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Өртте адамдарды құтқару жауынгерлiк iс-қимылдардың маңызды түрi болып табылады, қауіпті факторлардың және олардың екiншi рет бiлiнген немесе әсер ету аймағынан адамдарды құтқару шараларының жиынтығы болып табылады.

Құтқару жұмыстары:

- адамдар тұрған жерге от, жоғары температура, жарылу немесе құрылымның құлау қаупi төнгенде немесе бөлменің iшi түтiнмен немесе зиянды газдармен толғанда;

- адамдар қауiптi жерден өздiгiмен кете алмайтын немесе үрейленген жағдайда;

- көшiру жолдарына от пен түтiннiң таралу қаупi болғанда;

- адамдардың өмiрi және денсаулығына қауiптi от сөндiргiш заттар мен құрамдар қолданылатын жағдайда ұйымдастырылады және жүргiзiледi.

Жоғары қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен әдiстердi қолдана отырып, өртте адамдарды құтқару және қажетiнше үрейдi болдырмау шараларын iске асыру керек. Өртте адамдарды құтқару, әдетте өрттi сөндiру үшiн күштер мен құралдардың қанат жаюымен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Егер от адамдарға тiкелей қауiп төндiрсе және құтқару жолдары кесiлсе немесе оны от бөгейтiн болса, адамдарды қауiпсiз құтқару жағдайын қамтамасыз ету үшiн оқпан беру мiндеттi. Адамдарды құтқару және өрттi сөндiру жөнiндегi жұмыстарды бiр мезгiлде өткiзу үшiн күштер мен құралдар жеткiлiксiз болса, адамдарды құтқару үшiн өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жеке құрамы толық пайдаланылады және қосымша күштер мен құралдар шақырылады, басқа жауынгерлiк iс-қимылдар жүргiзiлмейдi.

Адамдарды құтқару үшiн:

- қысқа және қауiпсiз жолдар;

- негiзгi кiру және шығу есіктері;

- қосымша шығатын есіктер;

- терезе ойықтары, балкондар, лоджиялар мен галереялар;

- егер олар арқылы ғимараттан шығатын болса немесе оның қауiпсiз жағына көшуге болса аражабындағы люктер;

- өрт сөндiрушiлер жасаған қалқа, шатыр арқалығы және қабырға тесiктерi пайдаланылады.

Сонымен қатар:

- тұрақты және өрт сөндіру қол сатылары;

- автосатылар және автокөтергiштері;

- авариялық-құтқару жабдықтары және құрылғылары;

- құтқару құрылғылары (құтқару жеңдерi, арқандар, басқыш және жеке құтқару құрылғылары);

- үрлемелi және амортизациялық жабдықтары;

- ТОЖҚҚ;

- ұшу аппараттары құралдары пайдаланылады.

Адамдарды құтқарудың негiзгi тәсiлдерi:

- өртке қарсы қызметінің қызметкерлерi көрсеткен қауiпсiз бағытқа адамдардың өздiгiмен шығуы;

- құтқару жолдарын түтiн алғанда немесе қауiптi аймақтан өздiгiнен шығу мүмкiндiгiне жағдайы мен жас шамасы мүмкiндiк бермегенде өрт сөндiрушiлердiң көмегiмен құтқарылатындарды басқа орынға шығару;

- өздiгiнен жүрiп-тұруға мүмкiндiгi жоқ адамдарды алып шығу;

- құтқару жолдары от, түтiн немесе үйіндімен бөлiп тасталған және құтқарудың басқа тәсiлдерi мүмкiн болмаған кезде құтқарылатындарды тұрақты және өрт сөндіру қол сатыларымен, автосатылармен және өрт автокөтергiштерiмен, техникалық құтқару құралдарының көмегiмен түсiру болып табылады.

Адамдарды құтқару тәсiлдерi мен тәртiбiн, өрттегi жағдайға байланысты және көмектi қажет ететiн адамдардың жағдайына қарай ӨСЖ анықтайды.

Құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде:

- iшкi хабарландыру жүйесiн және басқа құралдарды пайдаланып үрейленудi болдырмау жөнiндегi шараларды қолдану;

- әкімшілік, қызмет көрсетушілерді өртке қарсы қызметi құрылымдарының жеке құрамын жұмылдыру;

- медициналық жедел жәрдемдi шақыру және ол келгенге дейін зардап шеккендерге өртке қарсы қызметі жеке құрамының және өрт орнындағы медициналық қызметкерлердің күшімен алғашғы көмек көрсету;

- құтқарылғандарды уақытша орналастыру үшiн орындар қарастыру қажет.

Тәжірибе көрсеткендей-ақ, егер адамдар бар орындар туралы мәлiметтер болса және құтқарушылар оларды сол жерден таба алмаса, адамдар болуы мүмкiн деген барлық түтiндеген және жанған барлық көрші бөлмелерді ұқыпты қарап, тексеру қажет. Адамдарды iздестiру тек құтқаруды қажет ететiндердiң жоқ екендiгi анықталғаннан кейiн ғана тоқтатылады. Өрттегі мүлiктердi құтқару жауынгерлік тапсырмалардың маңыздылығы мен жеделдігіне байланысты ӨСЖ нұсқауы бойынша iске асырылады.

Қазіргі кезде жедел жағдай - бөлiмнiң шығу ауданындағы мәселені анықтауға және оның орындалу түріне әсер ететін жағдайлардың және шарттардың жиынтығы және өрттердi сөндiруге байланысты бiрiншi кезектегi апатық-құтқару және жедел жұмыстар - адамдарды, мүлiктердi, жеке меншiктi құтқарудағы және көшiрудегi, өрттерде зардап шеккендерге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетудегi өртке қарсы қызметiнiң жауынгерлiк iс-әрекетi болып табылады. Студенттердің оқу ынтасына, өзіндік мүмкінділігіне, психикалық өрісіне және әлеуметтік мәртебесіне сай көп салалы бағытта құрылып, мына талаптарға жауап береді. Сабақтың негізгі міндеті студенттерді өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының маңыздылығын меңгерту. Осыған орай біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы» деп таңдап алдық.

Курстық зерттеу жұмысының мақсаты «Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы» тақырыбын студенттерге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға төтенше жағдай – адамдардың опат болуына, олардың денсаулығына зиян келуіне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектiлеріне едәуiр материалдық шығын келтiруге және халықтың өмiрлiк деңгейiнiң бұзылуына ықпал ететiн немесе соған апарып соқтыратын апаттың, зілзаланың нәтижесінде пайда болған белгiлi бір аймақтағы жағдай екендігін және өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының маңыздылығын түсіндіріп таныстыру, сонымен бірге ойлау түйсігін кеңейтуге, маңыздылығын толық меңгеруге үлкен септігін тигізетініне көз жеткізу.

Жұмыстың міндеттері: осы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысы (бұдан әрi - Жарғы) қызметтi ұйымдастыру және атқару тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрi - Министрлік) мемлекеттік өртке қарсы қызметі жеке құрамының жалпы мiндеттерiн айқындау және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу мен нұсқаулар жасау.

Зерттеу жұмысының объектісі: Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы тақырыбын өрт сөндіру бөлімдерінде өтілу процесі.

Зерттеу жұмысының пәні: Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығын жетілдірудің тиімді тәсілі ретінде - келісімдер (нұсқаулар) жасау және бекіту.

Зерттеу жұмыстың жаңашылдығы: Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады. Осы заң Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.


1.1. Өртте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде күштер мен құралдарды басқару

Өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдарды жүргiзу кезiнде күштер мен құралдарды басқару - өрт орнындағы жағдайды бағалау негiзi бойынша жауынгерлiк iс-қимылдар жүргiзу кезiнде жеке құрамды және басқа да өрт сөндiруге қатысушыларды басқарудағы лауазымды тұлғалардың мақсатты, бағытталған әрекеті.

Өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдарды басқару:

- жағдайды бағалауды және осы Жарғының талаптарына сәйкес өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдарды басқарудың штаттық емес құрылымын құруды;

- қойылған міндеттерде жедел лауазымды тұлғалардың біліктілігін және олардың жеке жауапкершіліктерін белгілеуді;

- өрттi сөндiрудегi iс-қимылдарды жоспарлауды, соның iшiнде күштер мен құралдардың қажеттiлiгiн анықтауды, өрт сөндiрудегi жауынгерлiк iс-қимылдарды ұйымдастыру туралы шешiм қабылдайды;

- өрттi сөндiруге қатысушылардың алдына тапсырма қою, бақылауды және өрттегi жағдайдың өзгеруiне қажеттi әсер етудi қамтамасыздандыруды;

- өрттегi жағдайдың өзгеруiн есепке ала отырып, керектi ақпаратты белгiлеген тәртiп бойынша тiркелуiн iске асыруды;

- өрттi жою бойынша жауынгерлiк iс-қимылдарды тиімді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да iс-шараларды өткiзу қарастырылады.

Өрт сөндiрудегi тiкелей басшылықты өрт сөндіруге келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымды тұлғасы ӨСЖ атқарады. ӨСЖ дара басшылық принципiнде, өрт сөндiрудегi жауынгерлiк тапсырманы орындауға қатысушы жеке құрамды және де өрт сөндiруге қатыстырылған күштердi басқарады. ӨСЖ нұсқауын өрт сөндiруге қатысушылардың барлығы орындауға мiндеттi. ӨСЖ өрт кезiндегi iс-қимылына араласуға немесе оның нұсқауын өзгертуге ешкiмнiң құқығы жоқ. Осы Жарғының 120-тармақ талаптарын ескергенде өрт сөндiру басшысы болып:

- өртке қарсы қызметiнiң бiр бөлiмiнде жұмыс iстеген кезде – бөлiмдi басқаратын аға бастық немесе гарнизонның жедел кезекшісі;

- бiрнеше бөлiмдер жұмыс iстеген кезде - өрт шыққан ауданның (объектiнiң) өрт бөлiмiн басқарушы аға бастық немесе гарнизонда белгiленген тәртiпке сәйкес өрттi сөндiруге басшылық жасауға рұқсат етiлген тұлға саналады.

Өртке келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымды тұлғасы:

- жағдайды бағалауға және өрт сөндiрудi ұйымдастырудың дұрыстығын айқындауға;

- қосымша күштер мен құралдарды шақырудың қажеттiлiгiн анықтауға;

- қажет болған жағдайда өрт сөндiрудiң басшылығын өз қолына алуға міндетті.

Өртке келген аға лауазымды тұлға басшылықты өз қолына алған-алмағанына қарамастан өрт сөндiрудiң нәтижесi үшiн жауап бередi. Аға лауазымды тұлғаның өртте өрт сөндiру басшысына немесе оны аттап өтiп бұйрық беруi өрт сөндiрудiң басшылығын өзiне алған сәтi болып саналады. Егер өрт сөндiру кезінде күштер мен құралдарды басқару қамтамасыз етілмесе аға бастық өрт сөндiрудiң басшылығын өзiне алуға мiндеттi.

Аға лауазымды тұлға өрт сөндiруді басшылыққа алу бойынша өзінің қабылдаған шешiмi туралы жедел штаб бастығын, тыл бастығын және жауынгерлiк учаске бастықтарын хабардар етуге және жариялауға мiндеттi.

ӨСЖ болатын өртке қарсы қызмет гарнизонының лауазымды тұлғалары, өте жоғарғы нөмірлi (рангімен) өрттiң болуына шақыру, төтенше жағдайға кiдiртпеуге әсер тигiзу жөнiнде хабарлама алғанда және ӨСЖ мiндетiн орындау мүмкiн болмаған басқа жағдайларда, өрттi сөндiруге қатысушылардың арасынан басқа лауазымды тұлғаны ӨСЖ етіп тағайындап, өрт орнын тастап кете алады, бұл ақпарат мiндеттi түрде кезекші диспетчерге, өртті сөндіруге қатысушыларға хабарланады. Осы шешiмнiң салдарына жауапкершiлiк, оны қабылдаған лауазымды тұлғаға жүктеледi.

Өрттегі жағдайға байланысты ӨСЖ жедел штаб, жауынгерлік учаскелер мен секторлар құруына болады. Өртте екі және одан көп бөлімдер жұмыс атқарғанда, өрт болған шығу ауданында орналасқан өрт бөлімінің орта немесе кіші басшы құрамынан тыл бастығы тағайындалады.

Өрттегі жағдай кенеттен өзгерсе және ӨСЖ уақытылы бұйрық алуға мүмкіндік болмаған жағдайда бөлім басшылары (командирлері) ынталық көрсетіп, өздігінше іс-қимыл жасаулары керек. ӨСЖ нұсқаудың болмауы, командирдің ешқандай іс-қимыл жасамауын ақтай алмайды.

























1.2. Күрделі жағдайлардағы өрттерді сөндіру

Қолайсыз климатттық жағдайларда өрттердi сөндiру

Төменгi температура (-10 С және одан төмен) жағдайдағы өрттерді сөндiру кезiнде:

- ашық өрттерде және су мөлшерi жеткiлiктi болған кезде, көп шығынды өрт сөндіру оқпандарын пайдаланып, жабылатын клапандары бар оқпандар мен шашырата сөндіретін оқпандарды пайдалануға жол бермеу;

- адамдарды көшiру және жеке құрамның жүру жолдарында мұздардың пайда болуына жол бермеу;

- резеңке аралас және латексті үлкен диаметрлi жеңдердiң желiсiн таратуға, жең тарамақтарын мүмкiндiгiнше ғимараттың ішіне орнатуға, ал сыртқа орнату кезiнде оларды жылы жабуға;

- жең жолдарының жалғағыш бастарын қолда бар құралдармен, сонымен қатар қармен қорғау;

- су қоймаларынан немесе өрт гидранттарынан су берген кезде сорғыштан суды ең алдымен бос құбырға беруге және тек қана сорғыштан тұрақты жұмыс кезiнде ғана суды жең желісіне беру;

- резервтегi құрғақ жең желiсiн тарату;

- су шығыны азайған жағдайда қозғалтқыштың айналым санын арттырып, оны сорғышта қыздыру;

- өрт оқпандары мен жең тарамақтарының жабылып қалуын, сорғыштардың өшiп қалуын болдырмау;

- өрт жеңдерiн айырбастау және жинау, желiлерiн ұзарту кезiнде су берудi тоқтатпауға, қысымды азайтып, аталған жұмысты оқпан жағынан бастап жүргiзуге;

- қатып қалған жалғағыш бастиектерді, жеңдердi бүгiлген жерлерiнен ыстық сумен, бумен немесе қыздырылған газбен жылытуға атып қалған жалғағыш бастиектерді, тарамақтарды және оқпандарды жекелеген жағдайларда қыздыру шамдарымен, алаулармен жылытуға болады);

- құтқарылғандарға және сөндiруге қатысушыларға жылыну орнын дайындау, осы жерге жеке құрам үшiн жауынгерлiк киiмнiң резервiн жинақтау;

- өрт сатыларына және оларға жақын жерге жең желiлерiн бекiтпеу, сатыларға су төкпеу;

- саты торларына артық суды ағызбау қажет.

Төменгi температурада ТОЖҚҚ тоқтаусыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн:

- газқағарларды және тыныс алу аппараттарын жылы жамылғы қораптарында немесе жауынгерлiк есепт кабинасында тасымалдау;

- ТОЖҚҚ ажырату және қайта қосуды тек қана жылы бөлмеде немесе өрт автокөлiгiнiң кабинасында жүргізу қажет.

Қатты жел кезiндегi өрттердi сөндiру үшiн:

- сөндiрудi күштi су ағысымен жүргiзу;

- ең аз уақытта жанып жатқан объектіні шет жағынан бастап су ағысымен қамтуды қамтамасыз ету;

- жаңа өрт ошақтарын сөндiру үшiн күштер мен құралдар резервiн құру;

- бекет қою және шолғыншылар жiберу арқылы оларға қажеттi күштер мен құралдар берiп, жел ығына орналасқан объектiлерге бақылауды және қорғауды ұйымдастыру;

- айрықша қауiптi жағдайларда өрттiң негiзгi таралу жолдарында жекелеген құрылымдар мен құрылыстарды бұзып, өртке қарсы тосқауыл орындарын жасау;

- жағдайдың өзгеруiне қарай жеке құрамның, күштер мен құралдардың белсендi қимыл жасауын (шығару, қайта құру және т.б.) оның iшнде желдiң бағытын алдын-ала көздеу қажет.





2 су жетiспеген жағдайда өрттердi сөндiру

су жетiспеген жағдайда өрттердi сөндiру кезiнде:

- құрылымдарды бөлшектеу және қажеттi тосқауылдар жасау арқылы басқа учаскелердегi өрттi өшiрудi қамтамасыз етiп, оқпанды тек шешушi бағытта ғана берудi ұйымдастыру;

- су қорларын (артезиан су құбырларын, қазандарды, шұңқырларды, құдықтарды, су жиналатын жерлердi және т.б.) анықтау үшiн су көздерiне қосымша барлау жүргiзу;

- өршiген өрттердi сөндiруге теңiз және өзен кемелерiнiң, өрт поездарының, сорғыш станцияларының көмегiмен сондай-ақ өрт машиналарының сорғыштарымен су айдауды ұйымдастыру;

- егер магистралдық жең желiлерiмен су беру мүмкiн болмаған (жеңдердiң, техниканың, өрт автокөлiктерiнiң, су көздерiнiң болмауы) жағдайда, су тасуды өрт автоцистерналарымен, су шашатын және басқа машиналармен қамтамасыз ету;

- оқпандардың үздiксiз iс-қимылын судың тасып жеткiзiлетiн қорларымен, үздiксiз қамтамасыз ететiн есебiне сай қолдану;

- өрт автокөлiктерiн жанар-жағар маймен, от сөндiргiш материалдармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

- шағын сыйымдылықты су қоймаларын толтыруды ұйымдастыру;

- егер су қоймасындағы судың деңгейi өрт автокөлiгi насосының тарту мүмкiндiгiнен тым биiкте немесе су қоймаларына жақын келуге мүмкiндiк болмаған жағдайда суды өрт гидроэлеваторларының, мотопомпалардың немесе басқа құралдардың көмегiмен алуды ұйымдастыру;

- үлкен, күрделi және созылмалы өрттердi сөндiру кезiнде уақытша өрт су қоймалары кұрылысын ұйымдастыру;

- суды үнемдi шығындауды қамтамасыз ете отырып, кiшi көлемдi ұшы бар оқпандарды беруге, себетiн оқпан жапқыштарды, ылғалдаушыларды және көбiктi пайдалану;

- су кұбырында қысымды көтеруд шарасын қолдану, қысым аз болған жағдайда одан су алуды қатты жең жолдары арқылы гидрант кұдық арқылы алу;

- оттың таралуын құрылымдарды бөлшектеу арқылы, жанған заттарды, үйдiң жекелеген құрылымдарын (үйдiң және құрылыстардың), және де қолда бар құралдармен жануды тоқтату қажет. Қыста жанған құрылымдар мен материалдары қармен жабуды ұйымдастыру қажет.


2.1. Жеке құрам үшiн ерекше қауiпті жағдайдағы өрттердi сөндiру

Өрттердi сөндiру кезiнде жеке кұрамға:

- КӘУЗ-мен жанасу;

- вирус инфекциясымен жанасу;

- жеке құрамның радиоактивтi сәуле алуы, оның iшiнде радиоктивтi бұлт құрылғанда және радиоактивтi жауын жауғанда;

- жарылатын заттардың, газ және шаң құрамының жарылысы;

- оттың тез таралуы, соның iшiнде технологиялық комуникациялармен таралуы ерекше қауiп төндіреді.

КӘУЗ бар объектілерде өрт шыққан кезде:

- улы заттармен химиялық жұқтыру ошақтың шығуы;

- өрттің тез жайылуы, жарылыстар, сөндіруге болмайтын заттардың түрлі құрамдастарға ыдырауы;

- КӘУЗ-дің желдеткіш жүйелері конвекциялық ағыны бойынша технологиялық және басқа ойықтар арқылы таралуы, сондай-ақ ұлы заттар мен ерітінділердің жайылуы;

- жеке құрамның ұлануы, жауынгерлік киімнің былғануы, өрт техникасының улы заттармен улануы;

- улы жану өнімдерімен қатты тұншығуы мүмкін.

КӘУЗ бар өрттердi сөндiру кезiнде:

- объект әкiмшiлiгiмен және ТЖМ-ң тиісті қызметiмен бiрге объектiдегi химиялық жағдайды бағалау. КӘУЗ-ң атын, мөлшерiн, залалдану ошағының шекарасын, таралу жолдарын (бұлттың биiктiгiн, енiн), атмосфераға таралу мөлшерiн анықтау, жеке құрамның залалданған учаскеде қанша уақыт болуға болатынын және от сөндiргiш заттарды таңдау;

- өрттің көлемі мен жұмыс істейтін бөлімшелердің санына қарамастан өрттегі жедел штаб құру, жағдайды жедел айқындау және өрт сөндіру мәселелері бойынша кеңес алу үшін, оның құрамына объектінің бас мамандарын, химиктерін енгізу;

- алғашқы медициналық пунктті ұйымдастыру;

- улы газдардың таралу аймағын тоқтату, керектi мөлшерде су ашатын оқпандарды пайдалану;

- өрт автокөлiктерiн орналастырғанда, олардың залалданған аймаққа түсiрмеу;

- залалданған аймақтағы өрттi сөндiруге жеке құрамның аз санын қатыстырып, оларды жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;

- судың белгiленген жерге ағуын ұйымдастыру және адамдар мен малдардың уланған сумен улануының алдын алуға байланысты шаралар қабылдау;

- залалдану қаупi бар аймақтан адамдарды көшiру. Қажет болғанда полиция нарядын тартып жақын орналасқан ғимараттардан, елдi мекендерден тұрғындарды көшiрудi жүргiзу.

КӘУЗ лақтырындысын (төгіндісін) шектеу және тоқтату, химиялық зақымданудың алдын алу, топырақ пен су көздерінің зақымдануын болдырмау бойынша шаралар;

КӘУЗ лақтырындысын шектеу және тоқтата тұру құбыр өткізгіштердегі крандар мен ысырмаларды жабу, магистралдардағы, сыйымдылықтардағы ойықтарды бандаждардың, қамытардың, ысырмалардың көмегімен бекіту, сұйықтықты авариялық сыйымдылықтан қосалқы сыйымдылыққа ауыстырып құю арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар тасымалдау кезінде авариялық жабдыққа немесе КӘУЗ бар жабдықтарға қызмет көрсететін өнеркәсіп мамандарының басшылығымен және олардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.

Булану ауданын азайту мақсатында белгілі бір орыннан ағындыны шектеу төгілген заттың орнын қазып, оның жолына кедергі келтірумен, КУӘЗ табиғи тереңдікке (шұңқырлар, орлар, кюветтер) жинаумен, арнайы қақпандарды (шұңқырлар, қазбалар) жабдықтаумен жүзеге асырылады.

Булану жылдамдығын төмендету және оның таралуын шектеу үшін мынадай тәсілдерді қолдну қажет:

- су бүркемесінің көмегімен КӘУЗ бу-газ қоспасын оқшаулау (сіңіру);

- сұйық КӘУЗ шашыраңқы адсорбцион материалдарының (топырақ, құм, керамзит) қабатымен сіңіру;

- сұйық КӘУЗ сумен немесе бейтарап заттардың ерітіндісімен оқшаулау;

- химиялық белсенді реагенттердің ерітінділерімен газсыздандыру (бейтараптау).

Бу-газ қоспасының таралуын шектеу мақсатында оны оқшаулау (сіңіру) КӘУЗ қозғалыс бағында ұсақ дисперсиялық су бүркеу арқылы жүргізілуі мүмкін. КӘУЗ бейтараптандыру үшін суға бейтараптаушы заттар қосылуы мүмкін.

Ұсақ дисперсиялық су бүркемелері кемінде 0,8 МПа су ағысының қысымын қамтамасыз ететін өрт сөндіру мотопомпаларының көмегімен жүзеге асыралады. Қысым төмен болған жағдайда КӘУЗ бу-газ фазасын сіңіре (байланыстыра) алатын су тамшысының қажетті дисперсіне жетпейді.

КӘУЗ сұйық фазасын шашыраңқы адсорбентердің қабатымен сіңіру материалды тікелей сұйықтыққа себумен (қаусырумен) жүзеге асыруы мүмкін. Бұл ретте адсорбент қабаты кемінде 10-15 см болуы керек. Ластанған шашыраңқы материал мен топырақтың үстіңгі қабаты (КӘУЗ сору тереңдігінде) қажет болған жағдайда кейін газсыздандыру (бейтараптау) орнына шығару үшін арнайы сыйымдылықтарға жиналады.

КӘУЗ сұйық фазасын көбікпен оқшаулау олардың булануын азайту мақсатында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, көбікке газсыздандыру (бейтараптау) қоспалары (авариялық карточкаларда реттеледі) қосылуы мүмкін. Бұлар реакцияға түскенде уытты емес немесе аз ұшатын заттар түзеді. Олардың сұйық КӘУЗ көбігі мен қабаттарын алу үшін көбік генераторлары қолданылады. Улы затарды бұлай оқшаулау тәсілі өте тиімді және үлкен аудандарда техникалық құралдар саны жеткілікті болғанда қолданылуы мүмкін.

КӘУЗ булану жылдамдығын төмендетудің едәуір ыңғайлы тәсілі су ағысымен немесе бейтараптаушы заттардың ерітіндісімен сұйық фазаны араластыру болып табылады. Олар авария ошағына ұсақ дисперсиялық немесе жинақы ағыспен берілуі мүмкін. «Қолшатыр» түрінде берілетін ұсақ дисперсиялық ағыс сұйық фаза мен КӘУЗ буының газсыздануын (бейтараптануын) қамтамасыз етеді. Жинақы ағыс концентратты қышқылдарды, тотықтырғыштар мен сумен әсер ететін өзге де заттарды бейтараптандыру үшін пайдаланылады.

Өрттен кейiн, залалдану аймағында жұмыс iстеген жеке құрамды санитарлық тазартудан, медициналық куәландырудан өткiзудi, жауынгерлiк киiмдерге, өрт техникаларын және ӨТЖ-а дегазация жүргiзудi ұйымдастыру қажет.

Радиоактивті заттар (бұдан әрі - РЗ) бар объектілерде өрт кезінде:

- радиацияның қауіпті деңгейінің тууы;

- радиоактивті аэрозольдар және аэрогелдердің жану өнімдерімен бірге ағын–сору желдеткіштері, конвекциондық ағындар, технологиялық және басқа ойықтар арқылы жылдам таралу, сондай-ақ радиоактивтік сұйықтар мен ерітінділердің ағуы;

- жеке құрамның радиоактивті сәуле алуы, жауынгерлік киім-кешектің, өрт техникасының РЗ-мен ластануы;

- оттың желдеткіш-ауа тартқыштармен, сүзгілер, РЗ-ң механикалық өңдеу қалдықтарымен жылдам таралуы;

- жанудың радиоактивті және улы жағу өнімдерімен қатты түтінденуі;

- радиобайланыстың бұзылуы мүмкін.

РЗ бар объектiлердегi өрттердi сөндiру кезiнде:

- объект және дозиметриялық бақылау қызметiнiң мамандарын жедел штабтың құрамына кiргiзу;

- радиация түрiн және деңгейiн анықтау, қауiптi аймақ шекарасын және әртүрлi учаскеде жеке құрамның жұмыс iстеу уақытын белгiлеу;

- өрттi сөндiру үшiн мекеме әкiмшiлiгiнiң жазба түрдегi рұқсатын алғаннан кейiн ғана кiрiсу, сондайақ жұмыс уақытынан тыс уақыттада;

- объектi әкiмшiлiгiнiң келiсiмi мен өрт сөндiру құралдарын таңдау;

- келе жатқан бөлімшені қауіпсіз кірме жолдары туралы мәліметпен және пайдаланатын өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету;

- қажет болған жағдайда жеке құрамды арнайы медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;

- объект әкiмшiлiгi арқылы жеке құрамға санитарлық тазалау мен медициналық көмектi, дозиметриялық бақылау, дезактивация бекетiн ұйымдастыру;

- иондалған сәуле шығаратын РЗ мен көздерi бар ашық технологиялық қондырғыларды жел жақ бетiнен сөндiрудi қамтамасыз ету;

- радиоактивтi аэрозольдар және аэрогелдердің таралу аймағын сейiлту үшiн шашыранды су ағындарын пайдалану;

- әкiмшiлiктiң келiсiмi бойынша желдеткiш жүйелерiн және басқа құралдарды iске қосу;

- ең аз жеке құрам санын қажет ететін жұмыстарды орындау, оларды ТОЖҚҚ, қорғану киім-кешегімен, жеке және топтық дозиметриялық бақылау құралдарымен қамтамасыз ету;

- қорғаныс киiмдерiмен, жеке және топтық дозиметриялық бақылау құралдарымен, бет жабқыштары бар ажыратушы газқағарлармен қамтамасыз етiп, жұмысты жеке құрамның ең аз санымен атқаруға;

- РШД-н жоғары аймақта бiр еселік сәуле алған жеке құрамды радиоактивтi қауiптi аймақтан шығару және тез арада медициналық тексеруден өткiзуге жiберу;

- радиоактивтi залалдану аймағынан тысқары жерде жеке және топтық дозиметриялық бақылау жабдықтарымен қорғаныс киiмдерi бар күштер ең құралдардың қорын, ГТҚҚ буындарын құру;

- радиоактивтiк залалдану аймағына кiре берiсте орта немесе кiшi басшы құрамындағы тұлға басқаратын қауiпті аймаққа қауіпсіздік бекетiн қою;

- өрттен кейiн қауiптi аймақта жұмыс iстеген жеке құрамды санитарлық тазартудан өткiзу және дозиметриялық бақылау ұйымдастыру;

- ТОЖҚҚ, жауынгерлік киiмдердi, аяқ киiмдердi, ӨТЖ және өрт техникаларын дезактивизациядан және дозиметриялық бақылаудан өткiзу қажет.

Жарылғыш заттары (бұдан әрі - ЖЖ) бар объектілердегі өрт кезінде:

- ғимараттың немесе оның жекелеген бөліктерінің бұзылуы, жанған объектіге және су көздеріне жолдар мен кірме жолдардың жабылып қалуы және сыртқы су құбырларының, тұрақты сөндіру құралдарының, технологиялық жабдықтардың бұзылуы немесе зақымдануы;

- өртте жұмыс істеушілердің жарықшақтармен, құрылымдардың сынықтарымен және толқын екпінімен зақымдануы, сондай-ақ жанудың және қопарылыстың улы өнімдерімен күюі немесе улануы мүмкін.

ЖЗ бар объектiлердегi өрттi сөндiру кезiнде:

- қауiптi аймақтың орны мен көлемiн, қауiптi факторларын анықтау, ЖЗ-ң саны мен орнын, сондай-ақ оларды көшiрудiң тәсiлдерiн, технологиялық жабдықтардың және өрт сөндiру қондырғыларының жағдайын анықтау, бұзылмаған өрт сөндiру қондырғыларын қолдану;

- қауiптi аймақта жұмыс iстейтiндердi тез хабарландыру үшiн бiрыңғай қауiп дабылын белгiлеп ол туралы жеке құрамға хабарлау;

- ЖЗ-ң шоғырланған ағын тербеуiнiң әсерiне сезiмдiлiк дәрежесiн ескере отырып, «А» және лафеттi оқпанды, сондай-ақ арнаулы өрт техникасын қауiптi аймақтың аумағына енгiзу.

ЖЗ-ң тыныш жану кезiнде, сонымен қатар ерiген (пластикалық) күйiнде, көбiк пен шашыранды су қолдану;

- жоғары температураның әсерiнен оларға қауiп төнгенде, сөндiрумен қатар технологиялық аппараттарды салқындатуды жүргiзу, жанбаған ЖЗ-ға шашыранды су беру, ал мүмкiн болған жағдайда оларды көшiру;

- ЖЗ-ды көшiру, құрылымдарды ашу және бөлшектеу кезiнде механикалық әсердiң нәтижесiнде жарылыс туғызбау үшiн сақтық жасау;

- мүмкiндiгiнше қорғаныс әскери техникаларын пайдаланып жең жолдарын ғимараттар мен құрылыстардың бұрыштарына қарай жүргiзуге;

- қатты ЖЗ жабық аппаратта жанған кезде, оларды тездетiп салқындату, саңылау ашу және аппараттың iшiне от сөндiргiш заттарды беру шараларын қолдану;

- мүмкiн болатын зақымдану аймағынан тыс жердегi су көздерiнен күштер мен құралдардың қанат жайуының қор нұсқасын көздеу;

- жеке құрам мен өрт автокөлiктерiн жарылыс толқынынан, құрылымдардың ұшқан жарықшақтары және сынықтарынан жарақаттануынан сақтау үшiн беренжилеттердi, әскери үлгiдегi темiр касканы, әртүрлi қорғаныстарды (үйiндiлердi, капонирлердi, тоннельдердi) пайдалану;

- жаңа қауiптi аймақ шекарасын анықтау және жеке құрам мен техниканың осы аймақтан тыс жерге дер кезiнде шығару мақсатында өрттегi жағдайдың өзгеруiне бақылау жүргiзу және барлау ұйымдастыру, бiрiншi кезекте төңiректегi жарылғыш заттар мен жарылғыш материалдардың (бұдан әрі – ЖМ) көп мөлшердегi қойма бөлмелерi мен құрылыстарына;

- жарылыс кезiнде жан-жаққа ұшатын ғимараттың жанған бөлiктерi мен материалдарынан туындайтын жаңа өрт ошақтарын сөндiру үшiн сөндiру құралдары бар бекеттердi қою қажет.

ЖЗ-ы бар объектiлердегi өрттердi сөндiру кезінде, сонымен қатар ракетаның қатты жанар майы, пиротехникалық құрылымы бар объектiлердегi өрттердi сөндiру кезiнде:

- соқпалы толқынмен, жоғарғы температуралық газбен (жалынмен) улы газдың бөлiнуiмен жалғасатын жарылыстар және өзiмен бiрге ғимараттардың немесе олардың жеке бөлшектерiнiң құлауына әкеп соқтыруы, жанған объектiге және су құбырларына баратын жолдарда үйiндiлердiң пайда болуы, iшкi және сыртқы су құбырларының, өрт техникасы, тұрақты өрт сөндiру, технологиялық қондырғылардың бұзылуы (немесе зақымдануы), жаңа өрт ошақтары мен жарылыстардың пайда болуы;

- өрт кезiнде жұмыс iстеп жатқандардың құрылымның жарықшақтары және бөлшектерiмен және соқпалы толқынмен зақымдануы, сондай-ақ жанудың және жарылыстың токсикалық өнiмдерiмен улануы және күюi мүмкiн.

Егер сол жерде жану бар ыдыстар наполняемых көздерін, онда бастығы ұйымдастыруға міндетті берілуін, оларға су. Жол қайта автонасосов мотопомпасы бар. Тек алдын-ала дайындау керек жеңдік сызық.

Егер су құбыры желісі өте әлсіз қысымы, ол мүмкін емес ұлғайту қажет гидранттары белгіленсін өрт автонасосы. Бар және тағы бір нұсқа. Құдықтар, гидранттар ретінде пайдаланылуы мүмкін аралық сыйымдылықтар дуалмен сұйықтық оның ішінде. Жиі дәл осылай өрт сөндіру су жетіспеген жағдайда.

Ұйым суды айдау және құрылысы уақытша пирстерді және ыдыстар үшін сұйықтық, сондай-ақ рұқсат етілген. Мұндай тәжірибе байқалды жою кезінде күрделі және ұзақ жану.

  1. Өрт жеңінен бір секунд ішінде жүз литр су өтеді. Нақты мәні қолданылатын жабдықтың қуатына байланысты болады.

  2. Судың орнына көбінесе өртті тиімдірек сөндіру үшін көбік сияқты арнайы қосылыстар қолданылады.

  3. Қазіргі өрт сөндіру машиналарындағы су қоры 2000-2500 литр аралығында. Өрт сөндірушілер толық қуатта жұмыс істей отырып, оны жарты минут ішінде қолдана алады.

  4. Өрт сөндірушілердің қорғаныс костюмдері 1200°С температураға дейінгі төтеп бере алады. Мәселен салыстыру үшін қорғасынның балқу температурасы 327,5°С, алтын 1064 °С, алюминий 660,3 °С, темір 1538°С.

  5. Жоғарыда аталған қорғаныс костюмдері өрт сөндірушілерді төзімсіз ыстықтан ғана емес, қышқылдар мен сілтілердің әсерінен де қорғайды.

  6. Өрт сөндірушілер үшін басты қауіп – өрттің өзі емес, тұншықтыратын түтін. Сондықтан оларға мұрт пен сақал қоюға тыйым салынады, өйткені олардың кесірінен қорғаныс маскасы бетке жеткілікті түрде жабыспауы мүмкін.

  7. Өрт сөндіру құралдарының жиынтығы модельіне байланысты салмағы 30 кг-ға дейін жетуі мүмкін.

  8. Өрт шелегі конус түрінде арнайы жасалған. Бұл форма тіпті жарақат алған немесе есінен танып қалған өрт сөндіруші құлаған кезде шелектен отқа су құю үшін ойлап табылған.

  9. Әдетте өрт сөндірушілер үшін ауысым 24 сағатқа созылады, демалу уақыты 48 сағат немесе 10-12 сағат қатарынан 3 күн. Ірі өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде өрт сөндірушілер бір тәуліктен артық үзіліссіз жұмыс істей алады.

  10. Алғашқы өрт сөндіргіш дулығалары, дәлірек айтсақ, қорғаныш бас киімдері орта ғасырларда қолданылған. Олар әдетте металдан, ағаштан, киізден немесе былғарыдан жасалған.

















Қорытынды

Жауынгерлiк iс-қимылдың шешушi бағыты адамдарға қауiп төнген, жарылыс қаупi бар, оттың ең қарқынды таралу бағыты және осы мезгiлде ондағы жұмыс өрттi табысты сөндiрудi қамтамасыз ету болып табылады. Күштер мен құралдарды шешушi бағытта жұмылдырғаннан кейiн күштер мен құралдар басқа бағыттарда да iске қосылады.

Өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдың шешушi бағыты:

- адам өмiрiне қауiп төндiрген және оқпандарды енгiзбейiнше оларды құтқару мүмкiн емес кезде - күштер мен құралдар құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшiн шоғырландыру;

- жарылу қаупi туындағанда – бөлiм әрекетi жарылысты болдырмауды қамтамасыз ететiн жерлерге күштер мен құралдар шоғырландыру мен енгiзу;

- жану объектiнiң бiр бөлiгiн қамтыған және ол оның басқа бөлiктерiне немесе көршi құрылысқа тарағанда - оттың одан әрi тарауы айрықша зиян келтiруi мүмкiн учаскелерге күштер мен құралдар шоғырландыру мен енгiзу;

- жану оқшау тұрған ғимаратты (құрылысты) қамтыған және оттың көршi объектiлерге таралу қаупi жоқ кезде - негiзгi күштер мен құралдар ең қарқынды жанып жатқан жерлерге шоғырландыру мен енгiзу;

- жану айтарлықтай құндылығы жоқ ғимаратты қамтып, жақын тұрған объектiге қауiп төндiргенде - негiзгi күштер мен құралдар жанбаған ғимарат (құрылыс) жағынан шоғырландыру мен енгiзу принциптерімен анықталады.













Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. «Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттықөәдістемелік материалдар» (№1 (49) шығарылым, 2012)

  2. ҚР ТЖ саласындағы заңдары

  3. Ұйымдардағы ТЖ және АҚ бойынша сабақтарға арналған оқу құралы (Алматы-2012)

  4. АҚ және ТЖ саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттырудың Республикалық курстары тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы (Алматы-2011)

  5. «Құтқарушы» оқу құралы (I кітап) (Алматы-2009)

  6. «Құтқарушы» оқу құралы (II кітап) (Алматы-2009)

  7. «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы» ҚР заңы, 05.07.1996.

  8. ТЖ жүйесінде қолданылатын орысша-қазақша терминдер сөздігі. Алматы – 2004.

  9. ТЖ және АҚ мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ҚР ТЖ жөніндегі агенттігі. Алматы қ., 2003. 124 бет.

  10. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы. 07.05.1997 ж.

  11. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық. Алматы, 2000 ж.

АҚ қорғаныс ғимараттарын бейбіт және соғыс уақыттарында пайдалану жөніндегі нұсқаулық. Алматы, 2000 ж.







16


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ