Орыс тілі тарихы. Орыс тілі тарихының пәні мен нысаны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Орыс тілі тарихы. Орыс тілі тарихының пәні мен нысаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс тілінің шығу тарихы жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орыс тілі тарихы. Орыс тілі тарихының пәні мен нысаны

Тіл білімі немесе лингвистика (латынша lingua – тіл; франц. linguistigue – тіл туралы ғылым) – тіл, оның қоғамдағы қызметі мен рөлі, ішкі құрылымы және оның даму заңдары туралы ғылым.

XIX ғасырға дейінгі тіл білімінде тілдің және ондағы сан алуан құбылыстардың шығуы, дамуы және олардың себептері айқындалмай, тек сипаттама берумен шектелініп келді. Бір сөзбен айтқанда, XIX ғасырға дейінгі тіл білімі тілдегі құбылыстарды ғылыми талдау тұрғысынан түсіндіру дәрежесінде көтеріле алмай, оларға (тілдік құбылыстарға) сипаттама берумен ғана шектелді.

Ал XIX ғасырда ғылым атаулыда, әсіресе, қоғамдық ғылымдар саласында, соның ішінде тіл білімінде әр түрлі құбылыстардың өзгеруі, тарихи дамуы тұрғысынан қарастыратын көзқарас пайда болып, ғылыми зерттеулерде историзм қағидасы қолданыла бастады. Тілді өзгеріп, дамып отыратын құбылыс ретінде қарайтын көзқарас қалыптасады. Тілді және ондағы құбылыстарды өзгерілуі, дамуы тұрғысынан қараудың, туыстас тілдерді салыстыра зерттеудің барысында тіл білімінде XIX ғасырдың бірінші ширегінде сипаттама талдаудан ғылыми талдауға көшуге мүмкіндік жасалады. Тілдердің өзгеру және даму заңдары ашылып айқындалады. Осының нәтижесінде тіл білімі ғылым ретінде қалыптасады.

Тіл білімі – көпаспектілік ғылым (лат. аspektus – ғылыми, көзқарас, пікір). Себебі, тіл – сан алуан және күрделі құбылыс. Сондықтан тіл білімінде әр түрлі ғылыми бағыттар жеке лингвистиканың бөлімдері ия болмаса аспектілері ретінде қарастырылады.

Ғылым ретінде тіл білімі теориялық (теоретическое) және қолданбалы (прикладное) болып бөлінеді. Теориялық тіл білімі (теоретическое языкознание), қолданбалы тіл білімінен басқа, барлық салаларын қамтиды.

Қолданбалы тіл білімі (прикладная лингвистика) келесі мәселелермен айналысады:

1) жазудың қалыптасуы мен оның жетілдіруі;

2) жазу, оқу дағдыларын және тіл мәдениетін қалыптастыру;

3) автоматтандырылған аударманың жүйесін қалыптастыру.

Жалпы тіл білімі (общее языкознание) тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарастырады, тілдің даму заңдарын айқындайды, тілді зерттеудің әдіс-тәсілдерін белгілейді, дүние жүзіндегі тілдерге олардың грамматикалық құрылысына қарай, шығу тегінің бірлігі мен туыстастық дәрежесіне қарай жүйелейді, тіл білімінің әр түрлі салаларының (фонетика, лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис) ара қатынасы мен байланысын, ғылымдар жүйесінде алатын орнын айқындайды.

Қорытындылай келсек, жалпы тіл білімінің мақсаты мен міндеттері:

1) тілдің табиғатын, ішкі құрылымын анықтау;

2) тілдің деңгейлерін айқындау (фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік);

3) лингвистикалық талдаудың әдіснамасын құрастыру, тіл білімінің әдістері мен тәсілдерін жүйелеу және оларды жетілдіру.

Жеке тіл білімі (частное языкознание) – белгілі бір тілдің жүйесі мен даму заңдарын айқындайтын лингвистиканың саласы. Мысалы, орыс тілі туралы ғылым – орыс тіл білімі немесе русистика, қазақ тілі туралы ғылым – қазақ тіл білімі. Жеке тіл білімінде тіл туралы жалпы мәлімет беріледі. Сонымен қатар, белгілі бір тілдің әр деңгейде ерекшелігі көрсетіледі. Мысалы, орыс тілінде сөйлейтін адамға [ы] дыбысының айтылуы қиыншылық туғызбайды: жить [жыт’]. Алайда, славян тілдерінің барлығында бұл дыбыс кездесе бермейді, [ы] дыбысы ағылшын және француз тілінде жоқ. Қазақ халқының өкілі, екі дауыссыз дыбыс қатарынан кездескенде, арасына [ы] дыбысын қояды. Мысалы: т[ы]рамвай – трамвай.

Морфологиялық тілдік деңгейде қарастыратын болсақ, орыс тіл білімінде «зат есім тек категориясымен ерекшеленеді». Мысалы, структура, теория – женского рода, перевод, текст – мужского рода, переводоведение, обучение – среднего рода. Ал қазақ тіл білімінің морфология бөлімінде жоғарыда аталған категория туыстық (қарындас – бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасы жағынан аталуы, іні – бірге туған ер адамдардың жас жағынан кішісі; сіңлі – бірге туған қыздардың кішісі, бауыр – бірге туған қыз баланың жас жағынан ер адамның кішісі) және мал шаруашылығына байланысты (байтал – екі мен төрт жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы, құнан – екі жасқа толып, үшке аяқ басқан еркек жылқы) атауларында кездеседі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі