«Орыстың
ұлы ақыны»
баяндама
Құрметті
оқырмандар орыс жазушысы А.С.Пушкиннің
туғанына 220жыл толуына орай «Орыстың
ұлы ақыны» әдеби кешімізге қош
келдініздер.
Әрбір
ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының
мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең –
дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес
із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер
болады. Сондай тұлға, әлем әдебиетіндегі
аса ғажайып орыс ақыны — Александр
Сергеевич Пушкин. Бүкіл әлем мойындаған
тәңір тектес сұлулықтың иесі мен киесі
атанған «поэзия падишаһының» шығармашылығы
қазақ жерінде тағы бір рет аталып
өтпекші. Биыл Ресей елінде қазақ халқының
данышпан ұлы «Абай жылы» деп жарияланса,
біздің елімізде орыс халқының аса
дарынды тұлғасының құрметіне 2006 жыл
«Қазақстандағы Пушкин жылы» деп
жарияланды.
Академик
З.Ахметов: «Александр Сергеевич
Пушкин-орыстың классикалық жазба
әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын
әрі кемел суреткер жазушысы. Оның өмірі
мен шығармашылық жолы азаттық, адамгершілік
идеялары үшін аянбай күресу жолы болды.
Пушкин сан алуан жанрлық түрлерді еркін
меңгерді. Әр қилы лирикалық өлең, поэма,
әңгіме, повесть, тарихи роман, поэма,
өлеңмен жазылған роман, ұсақ та, кесек
те шығарма-міне, осылардың қайсысын
қолға алса да, ол шындығына терең бойлап,
тың көркемдік шешімдер таба алды» десе,
орыс халқының жазушысы В.Г.Белинский
«Пушкин барлық уақыттың және барлық
халықтардың ақыны» дегені белгілі.
Ендігі
кезекті поэзия сәтіне кезек берейік.
Пушкин
мұрасы қазақ халқының да рухани қазынасы
төрінен орын алуда. Біз, қазақ халқы
Пушкин десек Абай дейміз. Әр дәуірде
өмір сүрген, көрші екі елдің маңдайына
біткен қос алыптың өзара рухани туыстығы
мен шығармашылық рухының біте қайнасқан
сәттері де ұрпақтарының жадынан өшпейтіні
ақиқат. Осыдан
бір ғасырдан аса уақыт бұрын ұлы Абай
негізін салған Пушкин мұрасымен танысу
өз жалғасын тауып келеді және таба да
бермек. Қазақ халқының Пушкин есімімен
танысуы туралы алғашқы дерек «Туркестанские
ведомости» газеті 1899 жылы май айындағы
санында жарық көрді.
Міне,
содан бері ғасырдан аса уақыт өтті.
Прогресс биігінде тұрған әрбір қазақ
Пушкиннің есімімен ғана емес, оның
шығармаларымен де таныс.
Ақын
поэма — өлеңдері, ертегілері, оның
сюжеттеріне жазылған опералар мен
балеттердің үзінділері, өлеңдеріне
жазылған романстар, ертегілері бойынша
түсірілген мультфильмдер, шығармашылығы
туралы әдебиеттер Пушкин шығармашылығына
арналған шаралардың алтын қазығына
айналмақ.
Қазақ
жерінде ақын есімін алғаш рет қашан
естігенін, оның суретін алғаш рет қашан
көргенін есіне түсіре алатын бір қазақ
баласы табыла қоймас, сірә.
Бірақ
біз әрқашан бес жасар қаракөз сәбилеріміздің
«алтын балық», «алтын әтеш», «Салтан
патша» деп былдырлап, кішкентай
саусақтарымен кітап мұқабасындағы ақын
суретіне созылып «Пучкин
аға» деп көрсеткендеріне куә боламыз.
Биыл
Қазақстандағы Пушкин жылы. Міне, нақ
осы күндері қазақ балаларының көпшілігі
ақын есімімен, оның ертегілерімен алғаш
рет танысуы мүмкін. Таныстық дәнекері
өздеріңіз болыңыздар, әріптестер.
Көпшілік
назарына ұсынылып отырған құралда ақын
өмірі мен шығармашылығы, оның Қазақстанмен
байланысы туралы материалдар жинақталған.
Аталған тақырып қазақ ғылымында едәуір
зерттелгенімен, бір жинаққа топтастырылмаған.
Сондықтан құралда ақынның қазақ даласына
сапары, оның мұраларының ана тілімізге
аударылуы, ақын бейнесін қазақ поэзиясында
сомдау туралы материалдар деректемелік
баяндама, әңгіме, шолу, сайыс ретінде
батыл енгізіліп отыр. Жинақ әдебиеттер
тізімімен толықтырылған. Сондай-ақ
жинаққа ақынның танымал өлеңдерінің
толық мәтіндері берілген.
Пушкин
өзін «балалар жазушысы» деп есептемегенімен,
оның ертегілері тіпті де кішкентайларға
арналып жазылмағанымен тағдырдың
жазуымен бұл шығармалар Ресейдің ұлы
кемеңгері мен балалар арасын жалғайтын
көпірге айналды. Кешіміз өз мәресіне
жетті.
Қараөзен
ауылдық кітапханасы
«Орыстың
ұлы ақыны»
әдеби
кеші