Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өсімдік бөліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Өсімдік бөліктері |
Мектеп: |
||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
Оқу мақсаты: |
Барлық оқушылар:өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату; |
|||
|
Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау. |
|||
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. |
||||
Ресурстар: |
|
|||
Күтілетін нәтижелер: |
|
|||
Сабақтың мақсаты: |
1.2.1.1өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау; 1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату; |
|||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||
Табиғатта тіршілік формалары мен мөлшерінің алуантүрлілігіне қарамастан, өсімдіктердің құры лысы ұқсас болып келеді. Өсімдіктердің мүшелері вегетативтік (өсімді) және генеративтік (көбею) болып екіге бөлінеді. Қоректену және өсу қызметін атқаратын мүшелер вегетативті мүшелер деп аталады. Өсімдіктердің ең маңызды вегетативті мүшелері өркені және тамыры болып табылады. Өсімдіктердің бұтағы сабақтан, жапырақтардан және бүршіктерден тұрады. Өсімдіктердің генера тивті мүшелеріне гүлдер мен олардан пайда болатын тұқымы бар жемістер жатады. Генеративті мүшелер өсімдіктердің жынысты көбеюін қамтамасыз етеді. Өсімдік бөліктері
Суретке қара. Өсімдіктің бөліктерін көрсет және ата.
Жемістердің ішінде не болады? Суреттегі тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді? Өсімдік гүлінің орнында не пайда болады? Ойланып көр. Есте сақта! Өсімдік бөліктері — тамыр, сабақ,жапырақ, гүл, жеміс және тұқым. |
Кіріспе тапсырма. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін сабақты ойыннан бастауға болады. Оқушылардан өздерін өсімдіктер рөлінде елестетулерін сұраңыз: қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарының арасын ашсын. Оқушылардан қан-дай өсімдікті бейнелегенін және қандай бөліктері бар екенін сұраңыз. Өсімдік бөліктері. Оқулықтағы өсімдік бөліктері бейнеленген суреттерге қарауды ұсыныңыз. Оқушылардан бұл өсімдіктерді бұрын қай жерден көргенін және оның бөліктерін атап көрсетулерін сұраңыз. Олар әр суретті мұқият қарап, әр мүшенің атауын оқып немесе тыңдап, оның ерекшеліктері мен орналасуын есте сақтаулары тиіс. Жұптасып немесе шағын топта бір-біріне өсімдік бөліктеріне қатысты сұрақ қоюды ұсыныңыз. Өсімдік бөліктерін нөмірімен атап, суреттерімен сәйкестендіру керек. Мысалы, 1 — тамыр. Жеміс — өсімдіктің бөлігі. Оқушылардан оқулықтағы суретке қарап, бейнеленген жемістерді атауларын сұраңыз. Олардан қандай жеміс-жидек терді жақсы көретіндерін және себебін сұраңыз. “Жидектер мен жемістерді жеу” деген пантомима ойнауға болады. Оқушылардың бірі оларды қалай жейтінін көрсетуі тиіс, ал басқа оқушылар жеміс не жидек екенін табулары керек. Оқушылардың назарын жемістердің алуантүрлілігіне аударыңыз. Олар жемістердің пішінін, мөлшерін, түсін, сонымен қатар құрғақ немесе шырынды екенін сипаттасын. Егер пантомима көрсету мүмкін болмаса, оқушы лардан жемістің іші қандай, олардың дәмі қандай екенін нақтылап сұраңыз. Өсімдіктің жемісінде не бар екенін сұраңыз. Оқушылардың жауабынан кейін ”Жемістің ішіндегі тұқымның саны қанша? Олардың пішіні мен мөлшері қандай?” деген сұрақтар қо йыңыз. Мүмкіндігінше бірнеше жемісті алдын ала дайындап қойыңыз. Ортасынан жарылған жемістерді көрсетіңіз. Мектептегі өсімдіктер. Шағын тәжірибелікжұмыс жүргізіңіз. Осы жұмыстың барысында оқу шылар “Барлық өсімдіктердің бөліктері бірдей ме?” деген сұраққа жауап берулері тиіс. Егер ауа райы қолайлы болса, далаға шығуға болады. Ал егер оған мүмкіндік болмаса, онда бөлме өсімдіктерімен сы ныпта жұмыс жасаңыз. Қауіпсіздік техникасы бо-йынша нұсқаулық жүргізіңіз. Оқушыларға өсім діктерді немесе олардың бөліктерін жұлуға бол майтынын ескертіңіз. Олар өсімдіктермен жұмыс істегеннен кейін қолдарын жууы керек. Зерттейік. Шағын тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз.Жұмыс барысында оқушылар “Тұқым қалай өнеді?” деген сұраққа жауап берулері тиіс. Бұл жұмыстың нәтижелері біраз уақыт күтуді қажет етеді. Сондықтан мұғалім алдын ала тәжірибе жасап, осы сабақта нәтижелерін көрсетуі керек. Кейін оқушылар өз жұмысының нәтижелерін мұғалімнің нәтижесімен салыстыра алады. Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз. Әр топқа қажетті заттарды беріңіз: үрмебұршақ, кішігірім құтылар, мақта, су, стақан. Оқушыларға мынадай нұсқаулар беріңіз:
Шамамен үш күннен кейін тұқымдар бөртіп, бір аптадан кейін өнеді. Алдын ала осы екі нұсқаны жасап қоюға болады. Ойлан! Тұқымдардың өнуіне ылғал қажет,сондықтан олар ылғалды мақтада өнеді. Егер мақта құрғақ болса, тұқым өне алмайды. Егер тұқымды суға батырып қойса, олар өнбейді, себебі тыныс алуға қажетті оттек жетіспей қалады.
|
|||
Пәнаралық байланыс |
Қосымша тапсырмалар |
|||
Математика. Өсімдіктің биіктігін салыстыру. |
Кейбір оқушылар қолда бар заттарды пайдалана отырып, өсімдіктің коллажын жасап, оның бөліктерін белгілей алады. |
|||
Бағалау |
Оқушылар өсімдіктердің бөліктерін ажырата алады. Өсімдік бөліктері. Оқушылар өсімдіктің әрбөлігінің атын жазады. Жаза алмайтын оқушыларға өсімдік бөлігін, оның атауымен қосуды ұсыныңыз. Тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалаңыз. Орындау жылдамдығы мен ұқыптылығына назар аударыңыз. Тапсырманы орындауға қиналған оқушы ларға көмектесіңіз.
Жемістер және тұқымдар. Оқушыларға жеміс-терді бояп, тұқымдардың суреттерін аяқтауды, со нымен қатар оны дұрыс атауымен қосып, өсімдікті атауды ұсыныңыз. Жемістердегі тұқым санына ерекше назар аударыңыз. Бұл оқушыларға қиын болуы мүмкін. Оқи алмайтындарға көмектесіңіз. Тұқымның өнуі. Оқушылардан үрмебұршақтың қалай өнетіндігін бақылауды сұраңыз. Тұқымның өнуін бақылап, 3 және 6 күннен кейінгі суретін са луды тапсырыңыз. Мұнда оқушылардың бақылау жүргізу және ба қылау нәтижелерінің суретін дұрыс салу қабілет терін атап, мақтап отыру қажет. |
|||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |