Сабақтың тақырыбы: Өсімдік бөліктері қандай қызмет атқарады? | Түркістан облысы Шардара қаласы Амангелді Иманов атындағы жалпы орта мектебі |
СЫНЫП: 2 | Бастауыш сынып мұғалімі: Бекбаева Рыскүл Хусайновна |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.2.1.1 - өсімдіктердің әртүрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттеу;бірлесе орындайды.2.2.1.2 - өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттайды;2.2.1.3 - өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттайды; |
Сабақ нәтижесі:
| Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: өсімдіктердің әртүрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттей біледі, топтық жұмысты бірлесе орындай алады; Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттайды;Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін ажыратады; |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында өсімдіктерді зерттейді, сипаттайды, ажырата біледі. |
Тілдік мақсат | Пәнге қатысты терминдер: расытхана, градус Диалог құруға\шығарма жазуға арналған тіркестер:өткізу, сіңіру,бекітуТалқылауға арналған сұрақтар:Өсімдік суды қалай сіңіреді? |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер,ноутбук. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Педаго гикалық әдіс-тәсілдер |
Басталуы 3минут
Үй тапсырмасын сұрау 5минут
5минут | Ұйымдастыру кезеңіБір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді Топтарға біріктіру. Қима қағаздар бойынша топқа бөлінеді.Алдымен құрастыруға қима суреттер беремін,құрастырған сурет бойынша топқа бөлінеді «жапырақтар» «жемістер» «тамырлар» «Домино» әдісі.Оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтар береді. –Адамға қажет өнімдер қандай өсімдіктерден алынған? –Өсімдіктерден тағы не алуға болады? --Өсімдіктерді қорғау үшін не істей алады. т.бОйқозғау Өсімдік суреттерін көрсету арқылы сұрақтар беріледі. Қандай өсімдіктерді көрдіңдер? Қандай өсімдіктердің аттарын білесіңдер?Өсімдіктерді қолда өсіруге бола ма? Пайдасы қандай?
Жаңа сабақтың оқу мақсаты, орындалатын тапсырма мен бағалау кретерийлерімен таныстырылады. |
«Домино» әдісі
Ой қозғау |
Сабақтың ортасы5 минут
9минут
2-минут
4минут
5минут
2минут | Оқылым.1-тапсырма Жұптық жұмыс«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісіТақырыпты оқып,суреттегі өсімдіктердің тамырына қарап қай жерде өсетінін анықтаңдар,мысал келтіріңдер
Дескриптор-Тақырыпты мұқият оқиды.-Өсімдіктерді тамырына қарап өсетін жерін анықтайды.-Қай жерде өсетінін анықтап айтады, мысалдыр айта алады.ҚБ Өзара бірін –бірі бағалайды
2-тапсырмаТоптық жұмыс«Мен зерттеушімін» әдісіӨсімдік суды қалай сіңіреді? Оқушыларға құмырадағы гүлдерді беру Тәжірибе жасатуДескриптор-Тәжірибе жасауға сай ыдыс-құралдары бар-Өсімдіктің бөліктерін айта алады-Тәжірибе жасау барысында өсімдіктің суды қалай сіңіретінін түсіндіреді –Өсімдік бойындағы өзгерісті анықтай аладыҚБ «Шапалақтау» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайдыСергіту сәтіТабиғаттар туралы видео ролик көру
3-тапсырмаЖеке жұмыс Суреттерді салыстыр.Алма ағашы мен қарлыған жапырақтарының пішіндеріне назар аудар. Оларды сипатта.Қорытынды жаса
Дескриптор-Суреттерді салыстырып жапырақ айырмашылықтарын айтады-Ағаштардың өзгерістерін сипаттап айта біледі-Ағаштар туралы қорытынды жасай алады.ҚБ Мұғалімнің жазбаша кері байланысы
Қорытынды«Бір минут» әдісі Оқушылар қобдишадан бүгінгі тақырыпқа сай жазылған сұрақтарды кезек бойынша алып, бір минут ішінде жауап береді.Өсімдіктің қандай бөліктері бар? Өсімдік гүлінің орнында не пайда болады? Жемістердің ішінде не болады? т.б
Кері байланыс«3-2-1»әдісіСабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуалқандай болды? |
«Ойлан,жұптас, бөліс»әдісі
АКТ
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
АКТ
«Бір минут» әдісі
|
Үйге тапсырма: мазмұндау |
Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сізқабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманыкүрделендіруді қалайжоспарлайсыз?Тақырыпты түсініп оқып,сурет бойынша дұрыс комментерий жасауға қолдау көрсетемін. Қабілетті оқушылар мен үлгерімі төмен оқушыларды жұптастыру және топта бірлесіп жұмыс жүргізуге тиімді әдіс-тәсілдерді қолданамын.Оқушылардың қабілет мүмкіншіліктеріне негізделген қолжетімді тапсырмаларды ұсынамын. | Бағалау - Оқушылардыңүйренгенін тексерудіқалай жоспарлайсыз?
Қалыптастырушы бағалау оқушылардың материалды игеру деңгейін жұптық, топтық және жекелегкн тапсырмаларды оры ндағандарына қарай дескриптор арқылы бағалаймын. Үнемі сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жасап отырамын.(Өзара бірін-бірі бағалау.Марапаттау,смайлк арқылы бағалау.Мұғалімнің жазбаша,ауызша кері байланысы) . | Пəнаралық байланысҚауіпсіздік жəне еңбектіқорғау ережелеріАКТ-мен байланысҚазақ тілі,музыка,дүние тану пәнімен сабағымды байланыстыра отырып, тақырыпты жан-жақты ашамын. АКТ арқылы таныстырылымды қолданамын.Топтық, жұптық, жеке жұмыс барысында өзара сыйластықты, бір-біріне құрметпен қарауды, жауапкершілікті сезінуді, білім алуға дайын болуға баулимын |
Қорытынды бағамдауҚандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:Топтық және жеке жұмыстар жүргізу сәтінде уақытты ұтымды пайдаландым.2:Әдіс-тәсілдер «Ойлан, жұптас,бөліс» «Домино» «1-минут»Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:Топ ішінде тақырыпты талқылау.2:Тәжірибе жасау.
|