Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары жайлы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: ______________________ Күні: 11.12.2017ж Сынып: 6 «А», 6 «Б»



Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары туралы ой –өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға судың маңызын түсіндіріп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: кітап, үлестірме қағаз, өсімдік суреттері



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

- сәлемдесу

-оқушыларды түгендеу

- сабаққа назар аударту

II.Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақ – жауап әдісі

1.Фотосинтез дегеніміз не?

2. Атмосферадағы оттегінің көлемі ?

3.Жердің атмосферасында көмірқышқыл газы ауа көлемінің қанша % құрайды?

4.Органикалық заттардың түзілуі дегеніміз ?

III.Жаңа сабақ

Су кез келген жануарлар мен өсімдіктердің ткандері мен жасушаларының құрамына кіреді және ағзадағы өте күрделі реакциялар тек қана сумен жүре алады. Жер шарындағы климат та көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшеріне байланысты қалыптасады.Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:

Гидатофиттер (гр. hygros - су) - көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар). Судан шығарған кезде бұл өсімдіктер тез қурап кетеді. Бұларда жапырақ саңлауы (устьица) және кутикула болмайды. Гүлді гидатофиттердің тамыр жүйелері қатты редукцияланған немесе мүлдем болмайды. Суды және минералды тұздарды бүкіл денесімен сіңіреді. Гүлді өркендері гүлдерің судың бетіне шығарады (кейде тозаңдану су астында да жүреді)да, тозаңданған сон қайта суға көміледі. Жемістерінің пісіп жетілуі су астында жүреді (валлиснерия, элодея, шылаң). Гидрофиттер (гр. hygros - су) - жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға). Оларда гидатофиттерге қарағанда механикалық және өткізгіш ұлпалары жақсы дамыған, аэренхима жақсы байқалады. Гидрофиттерде жапырақ саңылаулары (устьица) бар эпидермис те дамыған. (кішкене балдыршөп, т.б.).  Гигрофиттер (гр. hygros - ылғалды, сулы, phyton- өсімдік) - ылғалды жерде өсетін өсімдіктер. Бүларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады. Сондай-ақ, гигрофиттерге салқын және қоңыржай аймақтарда, көлеңкеде өсетін және батпақ өсімдіктері жатады. Ауаның ылғаддылығы жоғары болғандықтан оларда булану процесінің жүруі нашар. Сондықтан су алмасу жақсы журу үшін жапырақтарында тамшы түрінде суды бөлетін rugamogmap немесе сулы саңылаулар жақсы жетілген. Жапырақтары көбіне жүқа, кутикула нашар жетілген болып келеді. Жарықты гигрофиттерге папирус, күріш және т.б. жатады. Мезофиттер (гр. mesos - орташа, аралық) - ылғалдылығы орташа ортаның өсімдіктері. Бүларға көптеген шалғындық, орман өсімдіктері, жапырақты ағаштар, ауыл шаруашылық дақылдары мен арамшөптер жатады.Ксерофиттер (гр. xeros - қүрғақ) - құрғақ жерде өсетін өсімдіктер. Ксерофиттер суккулентптер мен склерофиттер болып бөлінеді: Суккуленттер (лат. sukkulentus - жуан, шырынды) - ылғалы тапшы аймақтарда, ылғал қорын сабағында немесе жапырағында сақтап өсетін өсімдіктер (сабағы - кактус, сүттіген, жапырағы - алоэ, агава). Кейбір кактустар сабағында 1000-3000 кг суды сақтай алады.

Склерофиттер (гр. skleros - қатты) - жапырақтары мен сабақтары қатты, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. Суккуленттерден айырмашылығы, склерофиттер ылғал қорын жинамайды, керісінше оларда белсенді булану жүреді.Склерофиттерге шөл, жартылай шөл, дала өсімдіктері (сексеуіл, жаңғақ, жусан, ақселеу) жатады. Әдетте олар аласа, бірақ тамыр жүйелері жақсы дамыған болады. Жапырақтары көбіне майда, қүрғақ, қабыршақты, тікенді немесе қатты тарамдалған, түкті болып келеді.



IV.Жаңа тақырыпты бекіту

1-кезең: Терминдермен жұмыс

1.Гидатофиттер -

2.Гидрофиттер –

3. Гигрофиттер

4. Мезофиттер

5. Ксерофиттер

2-кезең: Тест жұмысы:

V. Қорытынды: «Бір сұрақ, бір жауап.»

VI. Кері байланыс: «Табыс сатысы»

VII. Бағалау:

VIII.Үйге тапсырма беру « Су- өмір бастауы » эссе жазу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
792
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12