Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсімдіктер әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Қазақ тілі

Сыныбы: 5 «г»

Машықкердің аты-жөні: Иманғазиева Әсемгүл

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктер әлемі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау;

5.О4.Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұның, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;

Сабақтың түрі:

Жаңа тақырыпты меңгерту

Қажетті құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, слайд, желім қағаздар, түрлі-түсті маркер бояулар, А4 форматты ақ парақтар, өсімдіктер картасы, т.б

Оқыту әдісітері:

сөздік, көрнекілік,

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, Жаратылыстану

Оқыту құралдары:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар,

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І.Сабақтың басы

10 минут







































ІІ.Сабақтың ортасы

25 минут


Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасады, түгендейді. Назарларын сабаққа аудартады. Кезекшімен сұхбат жүргізеді.

Топқа бөлу:

1-топ: Бөлме өсімдіктері

2-топ: Дала өсімдіктері

3-топ: Мәдени өсімдіктер

Өткен сабақты тексеру: «Бір минут эфирде» әдісі

Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды

«Интеллектуалды конверт» әдісі.

Қызығушылықты ояту:

Оқушылар, суретте не бейнеленген?

Өсімдіктер қалай жіктеледі?

Суретке ортақ тақырып қойыңыз.



1-тапсырнма.

«Шахмат тақтасы» әдісі.

Арпа деген ас екен

Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, екі бала ен далада ойнап-күліп аулына қайтса, елге жау тиіп, ауыл лаңғада ойран-асыр болып жатады. Жау лаңынан шошынған екі бала кең жазира далаға қашып кетіпті.

         Баланың біреуі кедейдің қара табаны екен де, екіншісі байдың аялаған ақ саусағы екен. Күні бойы беталды лағып әбден шаршаған екі бала тағы да жау шауып жайраған жұртқа кез болады. Жұрттан екі бала бір дорба арпа мен бір кесек алтынды көреді. Дүниеқұмар ашқарақ бай ұлы алтынды бас салады. Кедейдің баласы қолына дорбаны алып, екеуі бірігіп жолға түседі. Екі бала неше күн, неше түн жүреді. Әбден шаршап болдырады. Қарындары ашып, таңдайлары кеуіп сусайды. Әсіресе бай ұлы көп азап шегеді де, кедейдің баласы анда-санда арпадан бір асап қойып, кең тыныстап әндетіп отырыпты. Жанындағы жолдасына жаны ашып, әлсін-әлсін арпа жеші, өлер болдың ғой, – деп өтінеді.

         Сонда бай баласы:

         — Қара мұның кулығын. Арпа беріп алтын алмақшысың ғой. Арпаның керегі жоқ, – деп көнбейді. Олар тағы да біраз күн жол жүреді. Бай ұлы жүруге халі келмейді. Кедейдің баласы арпасын «тегін-ақ» деп жалынса да озбыр бай баласы көнбейді. Ақыры жүре-жүре бір шаһардың күмбездеріне көздері түседі, бай баласы әлсіреп құлап қалады. Кедей баласы шаһарға келіп, бір кедейге жалынады. Шайына қанған соң ол адам ас-су алып, кедейдің баласын ертіп байдың баласына келсе, ол баяғыда жан тапсырыпты. Карысып қалған қолынан алтынды әзер айырып алыпты. Мұны көрген кедейдің баласы:

«Арпа, бидай - ас екен,

Алтын, күміс - тас екен» – деп әндетіп жолға түсіпті. Ұзамай ата – анасын тауып мұратына жетіпті.

Бексіту сұрақтары:

-ертегі не туралы айтылған?

-ертегінің бізге берер тәрбиелік мәні қандай?

-ертегігің тағы басқа қандай нұсқаларын білесің?



Дескриптор: Білім алушы

-ертегіні оқып, мазмұнын баяндайда;

-тәрбиелік мәнін табады;

-сұрақтарға жауап береді.

ҚБ: «От шашу»

2-тапсырма.

1-топ: сионоимдер

2-топ: антонимдер

3-топ: омонимдерді табыңыздар.

Дескриптор: Білім алушы

-ертегіден синоним, антоним, омонимді тауып, ажыратып жаза алады

ҚБ: «Мөр»

3-тапсырма.

Тыңдалым. «Өсімдіктер әлемі»

1-топ: Мәтінді тыңда. Не туралы?

2-топ: Парталас көршіңе сұрақтар қой. Жауабын бағала.

3-топ: Бидайдың адамдар үшін пайдасын диаграммаға түсіріп, нақты мысалдармен дәлелде.

Дескриптор: Білім алушы

-мәтінді баяндай алады;

-сұраққар қою арқылы жауап береді;

-бидайдың адам өміріндегі пайдасын диаграммаға түсіреді.











ҚБ: «Смайлик» әдісі

Амандасады, сабақ құралдарын шығарып, кезекші өз міндетін атқарады.





Үлестірме қағаздарды таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.





















Үй тапсырмасына бір жұп бір минут аясында жауап береді.

Тілдік бағдардағы ережелер бойынша конверттегі сұрақтарға жауап айтады.



Суретте өсімдіктер бейнеленген.

Өсімдіктер: бөлме өсімдіктері, мәдени өсімдіктер, дала өсімдіктері, т.б деп жіктеледі.

Ортақ тақырып: Өсімдіктер әлемі









Мәтінді «Шахмат тақтасы» әдісі арқылы оқиды.



Бекіту сұрақтарына жауап береді:

1) ертегі бай баласы мен жарлы баласының басынан кешкен оқиғасы туралы.

2) ертегі адамгершілікке, қанағатшылдыққа, дүниеқоңыздықтан аулақ болуға тәрбиелейді,

3) ертегінің бірнеше нұсқасы бар. Оның бірі «Бір үзім нан» атауымен аталады. Бүл ертегіде ашкөз бай мен қарапайым кедейдің су тасқыны кезінде байдың қаза тауып, кедейдің аман қалатындығы баяндалады.









Синонимлер: Бала-перзент, құрсақ, нәресте, бөпе, бүлдіршін, ұлан, балдырған.

Жау-дұшпан, қас, қастан, қастас, қасқой, қаскүнем, қаскөй.

Лаң – бүлік, жанжал, шатақ, сойқан.

Дүнеқұмар- дүниешіл, дүниежанды, дүниеқоңыз, дүниеқор

Дорба- көлбар, қапшық

Шаршау-шалдығу, қалжырау, қалжаурау, титықтау, діңкелеу, талу

Өтіну-қиылу.

Ауыл-қыстақ

Қулық – пәлелік, залымдық, сұрқиялық, жөгілік.

Озбыр – зұлым, жұлымыр

Шаһар- қала, кент.

Ас-тамақ, тағам, дәм, ауқат, азық, ас-су, ішіп-жем

Ана-шеше, апа



Антоним: ерте-кеш, кең-тар, күн-түн, бай-кедей, аз-көп, бар-жоқ, ақ-қара







Омоним:

Қара- 1. Сын есім – күйенің, көмірдің түсіндей;

2. Зат есім – аумақ, көлем, сан, мөлшер, шама

3. этнограф. – өлікті аза тұтудың белгісі ретінде киілетін киім.

4. қарапайым, халық арасынан шыққан адам – қара халық, бұқара

5. Зат есім – ірі мал: жылқы, түйе, сиыр.

6. Етістік – көз жіберу, назар аудару.

Қой 1. Зат есім – төрт түлік малдың бірі;

2. Етістік – қолындағы бір затты бір жерге орналастырып қою;

3. Етістік – бір нәрсені тастау, істеемеу;

4. модаль сөз – қой, болмайды екен деген мағынадағы қыстырма сөз;

5. Шылау – бір нәрсенің істің анық айқындылығын, растығын күшейте көрсететін көмекші сөз (демеулік)



Түс 1. Зат есім – ұйқтап жатқанда ойына түсетін қиял, елес, бейне;

2. Зат есім – түр, келбет, нұсқа, рең;

3. Зат есім – күннің мезгілі, сағат бір кезі;

4. Етістік – биіктен түсу

1-топ:

Мәтін «бидай» туралы. Оның түрлері мен пайда болған уақыты айтылған.

2-топ:

Бидайдың Қазақстанда қанша түрі өсіріледі?

6 түрі өсіріледі.

Бидай алғаш рет қай елде өсіріле бастаған?

Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған.

Бидайдан не жасайды?

Ұн, ұнтақ жармасын жасайды.

3-топ:

Адамдар бидайды емдік қасиеттері үшін де пайдаланған. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады.

ІІІ.Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау. «Пайыздық жүйе» әдісі.

Оқушы өзін пайыздық жүйемен бағалайды.

Үйге тапсырма.


«Арпаның пайдасы» туралы эссе жазу.

Дескриптор: Білім алушы

Сөз көлемі – 50-70 сөз;

-синоним, антоним, омоним сөздерді қолдану;

-өз ойын нақты, дәлелді жеткізу

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Рефлексия:

«Табыс ағашы» әдісі.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, ағашқа іледі.























Арпа деген ас екен

Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, екі бала ен далада ойнап-күліп аулына қайтса, елге жау тиіп, ауыл лаңғада ойран-асыр болып жатады. Жау лаңынан шошынған екі бала кең жазира далаға қашып кетіпті.

         Баланың біреуі кедейдің қара табаны екен де, екіншісі байдың аялаған ақ саусағы екен. Күні бойы беталды лағып әбден шаршаған екі бала тағы да жау шауып жайраған жұртқа кез болады. Жұрттан екі бала бір дорба арпа мен бір кесек алтынды көреді. Дүниеқұмар ашқарақ бай ұлы алтынды бас салады. Кедейдің баласы қолына дорбаны алып, екеуі бірігіп жолға түседі. Екі бала неше күн, неше түн жүреді. Әбден шаршап болдырады. Қарындары ашып, таңдайлары кеуіп сусайды. Әсіресе бай ұлы көп азап шегеді де, кедейдің баласы анда-санда арпадан бір асап қойып, кең тыныстап әндетіп отырыпты. Жанындағы жолдасына жаны ашып, әлсін-әлсін арпа жеші, өлер болдың ғой, – деп өтінеді.

         Сонда бай баласы:

         — Қара мұның кулығын. Арпа беріп алтын алмақшысың ғой. Арпаның керегі жоқ, – деп көнбейді. Олар тағы да біраз күн жол жүреді. Бай ұлы жүруге халі келмейді. Кедейдің баласы арпасын «тегін-ақ» деп жалынса да озбыр бай баласы көнбейді. Ақыры жүре-жүре бір шаһардың күмбездеріне көздері түседі, бай баласы әлсіреп құлап қалады. Кедей баласы шаһарға келіп, бір кедейге жалынады. Шайына қанған соң ол адам ас-су алып, кедейдің баласын ертіп байдың баласына келсе, ол баяғыда жан тапсырыпты. Карысып қалған қолынан алтынды әзер айырып алыпты. Мұны көрген кедейдің баласы:

«Арпа, бидай - ас екен,

Алтын, күміс - тас екен» – деп әндетіп жолға түсіпті. Ұзамай ата – анасын тауып мұратына жетіпті.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
639
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12