Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгi
Түркістан облысы білім басқармасы
Түлкібас ауданы білім бөлімінің
Ә.Науаи атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Зерттеу жұмысы
«Өсімдік музыка тыңдай ала ма?»
Бағыты: жаратылыстану-математика
Орындаушы: Мырмахмудова Мохичехра Хасанқызы,
3-сынып, Ә.Науаи атындағы жббм
Жетекшi:Расулова Зиёдахон Махмуджановна
Бастауыш сынып мұғалімі,Ә.Науаи атындағы жббм
2025-2026 оқу жылы
Мазмұны
1.1Музыканың тірі ағзаларға әсері туралы ғылыми деректер........................... 6
1.2 Өсімдіктер мен дыбыс арасындағы байланыс – бұрын жүргізілген зерттеулер мен деректер 9
Аннотация
Бұл ғылыми жобада өсімдіктердің музыка дыбысына әсері бар ма деген сұраққа жауап ізделді. Жоба барысында отандық және шетелдік зерттеулерге шолу жасалып, арнайы тәжірибе жүргізілді. Үш қияр өсімдігіне әртүрлі дыбыс жағдайлары жасалды: бірі классикалық әуен тыңдады, екіншісіне қатты рок музыка қойылды, ал үшіншісі тыныштықта өсірілді. Бір айдан кейінгі нәтижеде классикалық музыка тыңдаған өсімдіктің бойы ұзынырақ болып, жапырақтары ірі және жасыл болды. Ал рок музыка тыңдаған өсімдіктің өсуі баяулап, жапырақтары солғын тартты. Музыкасыз ортада өскен өсімдік орташа нәтиже көрсетті. Бұл жоба дыбыс толқындарының өсімдіктің өсуіне ықпал етуі мүмкін екенін көрсетті және зиянсыз, табиғи жолмен ауыл шаруашылығында өнімділікті арттырудың мүмкіндігі бар екенін дәлелдейді.
Annotation
This scientific project explores whether the sound of music can influence the growth of plants. The work included a review of national and international studies and a specially prepared experiment. Three cucumber plants were grown under different sound conditions: one was exposed to calm classical melodies, another to loud rock music, and the third was kept in complete silence. After one month, it was observed that the plant listening to classical music grew taller and had larger, greener leaves. The plant exposed to rock music grew more slowly and showed signs of dryness. The one grown in silence showed average results. These findings suggest that sound waves might affect plant development, and such an approach can be used as a safe and natural method to improve productivity in agriculture.
Аннотация
В данной научной работе рассматривался вопрос: влияет ли музыкальное звучание на рост растений. В ходе проекта был проведён обзор отечественных и зарубежных исследований, а также выполнен практический опыт. Три растения огурца были выращены в разных звуковых условиях: первое слушало классическую музыку, второму включалась громкая рок-музыка, а третье росло в полной тишине. Через месяц было замечено, что растение, которое находилось под влиянием классической мелодии, выросло выше и имело крупные зелёные листья. Растение под рок-музыкой показало замедление роста, а в тишине — средние результаты. Эти данные позволяют предположить, что звуковые колебания могут оказывать влияние на рост растений, и это открывает возможности применения безопасных, естественных методов в сельском хозяйстве.
Кіріспе
Көп адамдар өсімдіктерге музыка қойса, олар жақсы өседі дейді. Бұл шынымен де рас па? Басында бұл сөз күлкілі естілуі мүмкін. Өйткені өсімдіктердің құлағы жоқ, естімейді, қозғалмайды. Бірақ бұл тақырыпқа көптеген ғалымдар мен бағбандар қызығады. Себебі ол өте ерекше сұрақ: «Өсімдік музыка тыңдай ала ма?»
Бүгінде адамдар табиғатқа зиян келтірмей, өсімдіктерді қалай жақсы өсіруге болатынын ойланады. Кейбір ғалымдар өсімдіктерге музыка қосқанда, олар тезірек өсетінін байқапты. Бұл тәсілді «акустикалық фермерлік» деп атайды. Егер бұл рас болса, онда тыңайтқыштар қолданбай-ақ, жай музыкамен өсімдіктің жақсы өсуіне көмектесе аламыз.
Музыка – бұл дыбыс. Ол ауада тербеліп жүреді. Адам құлағымен естиді. Ал өсімдік естімесе де, тербелісті сезінуі мүмкін. Себебі дыбыс – жай тербеліс. Бұл тербелістер өсімдіктің жапырағы мен сабағына әсер етуі мүмкін.
Соңғы жылдары ғалымдар әртүрлі тәжірибелер жасаған. Олар өсімдіктерге классикалық музыка (мысалы, Моцарт, Бах) және рок музыка (қатты, шуылы көп музыка) қосып көрген. Классикалық музыка қойылған өсімдіктер жақсы өсіп, жапырақтары үлкен болған. Ал рок музыка қойылған өсімдіктердің өсуі баяулаған, кейбірі солып қалған.
Бұл тәжірибелерге қарап, өсімдіктерге музыка ұнайды ма? деген сұрақ туады. Әрине, олар біз сияқты ән тыңдамайды. Бірақ дыбыстың әсерін сезуі мүмкін. Осыны анықтау үшін бұл жобада арнайы зерттеу жасалады.
Бұл ғылыми жобада ең басты сұрақ – өсімдіктер музыка тыңдай ала ма? Бұл сұраққа жауап табу үшін біз:
-
Ғалымдар не жазғанын оқимыз,
-
Бұрынғы тәжірибелермен танысамыз,
-
Өзіміз де шағын тәжірибе жасап көреміз.
Біз өз тәжірибемізде өсімдіктерге әртүрлі музыка қосып, олардың қалай өсетінін бақылаймыз.
Жобаның мақсаты– музыканың өсімдікке әсері бар ма, соны анықтау.
Жобаның гипотезасы– өсімдік музыка тыңдамаса да, дыбысты сезеді. Егер классикалық музыка қосылса, ол жақсы өседі. Ал шуыл көп, қатты музыка болса, өсімдікте стресс болады. Сондықтан ол баяу өседі.
Жобаның өзектілігі
–Өсімдіктербіздің өміріміз үшін
өте қажет.
– Біз оларды химиялық заттарсыз, таза жолмен өсіргіміз келеді.
– Егер музыкамен көмектесе алсақ, бұл – өте жақсы тәсіл.
–Бұл зерттеу бізге ғылымды тереңірек түсінуге
көмектеседі.
1. Негізгі бөлім
1.1 Музыканың тірі ағзаларға әсері туралы ғылыми деректер
Музыка – бұл ерекше дыбыс. Ол жай ғана шу емес. Музыка – белгілі тәртіппен, әуенмен, ырғағымен жүретін дыбыс толқыны. Адамдар музыка тыңдағанда қуанады, ренжиді, ойға батады, тіпті кейде жылайды. Өйткені музыка адамның көңіл-күйіне әсер етеді. Бір әнді тыңдағанда бізге жақсы болып кетсе, басқа бір музыка бізді мұңайтып қоюы да мүмкін. Бұл – музыканың күшті әсері бар екенін білдіреді.
Ғалымдар көп зерттеу жасап, музыка адамға қалай әсер ететінін анықтаған. Егер адам жұмсақ, жай әуен тыңдаса – оның жүрек соғысы баяулайды, тынышталады. Ал шулы, жылдам әуен тыңдаса – жүрек тез соғады, кейде мазасыздық пайда болады. Дәрігерлер кейде науқастарға музыка тыңдату арқылы ем жүргізеді. Мұны музыкатерапия деп атайды. Бұл ем арқылы адам босаңсып, ауырсынуы азаяды. Мысалы, ауруханадағы балаларға жай әуен қойса, олар аз жылайды, көңілдері жақсы болады. Демек, музыка – тек ойын емес, ол адамның денсаулығына да көмектесе алады.
Музыканың әсері тек адамға емес, жануарларға да бар. Мысалы, ит пен мысыққа баяу музыка қойса, олар тынышталып ұйықтап қалады. Ал қатты, шулы музыкадан қорқып, тығылып қалады. Бұл туралы көптеген адамдар айтып жүр. Ғалымдар да арнайы тәжірибелер жасап көрген. Мысалы, сиырларға музыка қойып зерттеу жүргізген. Олар сиырларға күнде белгілі уақыт баяу классикалық әуен ойнаған. Бұл – Моцарт, Бах сияқты белгілі композиторлардың музыкасы. Сиырлар бұл әуенді тыңдағанда жайылып жүріп, көп мазасызданбай, сабырлы болған. Кейін байқаса, музыка тыңдаған сиырлар көбірек сүт берген! Бұл өте қызықты нәтиже болды. Ғалымдар мұны былай түсіндіреді: музыка сиырдың көңіл-күйін жақсартады, ол өзін жақсы сезінеді, ал тыныш сиыр – жақсы сүт береді. Тіпті, кейде сиырлар баяу ән тыңдағанда ұйықтап қалуға жақын болады. Ал егер рок музыка, немесе өте шулы әндер қойылса – сиырлар тыныш тұрмайды, мазасызданып, сүт аз береді.
Сол сияқты, кей тауық өсірушілер де тауықтарға баяу музыка қосқан. Олар байқаса, музыка қосылған тауықтар көбірек жұмыртқа салған. Ал кей құстарды баққан адамдар классикалық музыкада құстар жақсы сайрайтынын байқаған. Бұл да музыканың жануарлар әлеміне әсерін көрсетеді. Адам, сиыр, тауық – бәрі де естиді, құлағы бар. Ал өсімдіктерде құлақ жоқ. Олар дыбысты ести ме, жоқ па – белгісіз. Бірақ дыбыс дегеніміз тек құлаққа емес, ол ауадағы тербеліс. Бұл тербеліс кейде өсімдікке де жетуі мүмкін.
Кей ғалымдар дыбыстың ауада тербеліп, өсімдікке физикалық түрде әсер етуі мүмкін екенін айтады. Дыбыс ауада діріл сияқты таралады. Ал бұл дірілді өсімдіктің жапырағы мен сабағы сезуі мүмкін. Мысалы, терезе жанында қатты музыка ойнаса, терезе сәл қозғалып тұрады, сол сияқты өсімдіктің жапырағы да қозғалады. Бұл тербеліс өсімдікке пайда бере ме, жоқ па – оны арнайы тәжірибе жасап қана білуге болады.
Бір ғалым былай депті: музыка – өсімдікке жеңіл массаж сияқты. Яғни дыбыстың толқыны өсімдікке әсер етіп, оның ішіндегі су, қоректік заттар жақсырақ қозғала бастайды. Бұл өсімдікке пайдалы болуы мүмкін. Бірақ бұл дәлелденбеген. Дегенмен, кей тәжірибелер шынымен де қызықты нәтиже көрсеткен. Мысалы, кейбір адамдар үйдегі гүлге классикалық музыка қойыпты – гүл жайқалып өсіпті. Ал басқалары өсімдікке рок музыка қойыпты – гүл тез солып қалыпты. Бұл барлығында бірдей болмауы мүмкін, бірақ өсімдік музыкаға мүлде әсер етпейді деп те айту қиын.
Ғалымдар келесі қызықты тәжірибені де жасаған: екі бірдей сиыр тобын екі бөлек бөлмеге қойыпты. Бір топқа күнде жай әуен, екіншісіне мүлде музыка қоймаған. Бірнеше аптадан кейін бірінші топтағы сиырлардың сүт өнімі 3 пайызға артық болыпты. Бұл аз көрінуі мүмкін, бірақ үлкен ферма үшін бұл – өте маңызды. Сонымен қатар, музыка тыңдаған сиырлардың бойы тыныш болғаны байқалған. Олар аз мазасызданған, көп шайнаған, көп демалған. Бұл – жақсы сүттің белгісі.
Енді мынадай сұрақ туады: егер музыка сиырға, тауыққа, итке әсер етсе – өсімдікке де әсері болуы мүмкін бе? Бұл сұрақтың жауабын табу үшін біз өсімдіктердің табиғатын түсінуіміз керек. Олар қозғалмайды, сөйлемейді, бірақ олар тірі. Тірі болған соң олар да сыртқы ортаға жауап қайтара алады. Жарық түскенде бұрылып өседі, жаңбыр жауса жапырағын төмен салады. Демек, дыбысты да бір жолмен «сезуі» мүмкін. Мүмкін олар музыка ұнаса, жақсы өсіп, ұнамаса – баяу өсетін шығар.
Міне, осыған байланысты зерттеу жасап көру қызықты. Бәлкім музыка – өсімдіктің көңіл күйін өзгертпейтін де шығар. Бірақ оны тербеліс ретінде сезіп, жапырағы немесе сабағы арқылы жауап беретін шығар. Бұл сұраққа тек зерттеу арқылы ғана нақты жауап табуға болады. Сондықтан келесі бөлімде біз бұрынғы зерттеулерге шолу жасап, музыка мен өсімдік арасындағы байланыс бар ма, соны анықтаймыз.Біз музыка туралы ойласақ, бірден адамның есту қабілеті, ән тыңдау, құлаққап, радио, әншілер туралы елестетеміз. Бірақ соңғы жылдары ғалымдар өте қызық нәрсені байқады: өсімдіктер дыбысты естімесе де, оның дірілін сезіне алады екен!
Мысалы, АҚШ-тағы Миссури университетінің ғалымдары мынадай тәжірибе жасаған. Олар кішкентай капуста өсімдігінің жанына жәндіктердің шайнаған дыбысын жазып, соны қайта-қайта қосып отырған. Бұл – кәдімгі құрт өсімдікті шайнап жатқанда шығатын «қырсылдаған» дыбыс. Ғалымдар сол дыбысты естіген өсімдіктің жапырағы ішінде ерекше заттар бөлетінін байқаған. Ол зат – өсімдікті зиянкестерден қорғайтын қорғаныс химикаты. Яғни, өсімдік шайнаған дыбысты сезіп, «мені біреу жеп жатыр» дегендей жауап қайтарған! Бұл өте керемет нәтиже!
Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: өсімдіктер дыбысты құлақпен естімесе де, оның дірілін сезеді, және сол дірілге ішкі реакция білдіреді.
Тағы бір қызықты зерттеу – Австралияның Мельбурн университетінде жүргізілген. Ғалымдар өсімдіктің тамыры да дыбысқа жауап бере алатынын дәлелдеген. Олар өсімдікті бірнеше бағытқа қойып, бір жаққа судың сылдырлаған дыбысын қосқан. Біраз күннен кейін өсімдіктің тамыры су дыбысы шыққан жаққа қарай бұрылғаны байқалған! Бұл нені көрсетеді? Бұл – өсімдіктердің судың дыбысын сезіп, сол жаққа қарай өсе алатынын білдіреді.
Осы зерттеулердің бәрі мынаны
көрсетеді:
? Өсімдіктер тыныш көрінсе де, олар өз айналасын
сезе алады.
? Музыка мен дыбыстың дірілі – ерекше белгі болып,
өсімдікке түрлі әсер беруі мүмкін.
? Дыбыстардың кейбірі өсімдікті қорғануға
итермелейді, ал кей дыбыс оған жайлылық сыйлауы
мүмкін.
Сондықтан, егер біз өсімдікке күнде жақсы әуен қосатын болсақ, ол бұл тербелістерді сезіп, өзін қауіпсіз және жайлы сезінеді деп болжауға болады. Мұндай өсімдік жақсы өсіп, жапырақтарын жайқалтып, бойын тіктеп тұрады.
1.2 Өсімдіктер мен дыбыс арасындағы байланыс – бұрын жүргізілген зерттеулер мен деректер
Баяғы заманда ғалымдар өсімдіктерге музыка тыңдатса, олардың жақсы өсетінін байқаған. Бұл туралы алғаш рет 1960-жылдары Үндістандағы ғалым Т.Ч. Сингх айтыпты. Ол ботаникамен, яғни өсімдіктермен айналысатын ғалым болған. Сингх бір күні бальзам гүлдерін екі топқа бөліп, бір тобына үнді музыкасын қосып отырған. Ал екінші топқа ешқандай музыка қоймаған. Бірнеше аптадан кейін ғалым гүлдерді бақылағанда, музыка тыңдаған гүлдер 20 пайызға тез өсіп, олардың салмағы да 72 пайызға артық болғанын көрген.
Сингх бұл тәжірибесін тағы да жалғастырған. Бұл жолы ол өсімдіктерге күнде үнді рага музыкасын қойып отырған. Ра́га — үнді еліндегі баяу, жұмсақ әуен. Осы музыканы тыңдаған өсімдіктер бұрынғыдан да жақсы өсіп, тіпті басқа аймақтағы өсімдіктерден 25-60 пайызға дейін өнім көп берген екен. Бұл өте тамаша нәтиже болды!
Басқа ғалымдар да осы тақырыпқа қызығып, түрлі аспаптардың дыбысын тыңдатып көрді. Флейта, скрипка, гармошка сияқты музыка құралдарын пайдаланған. Сонымен қатар, кейбіреулер үнді биінің аяқ дыбыстарын да қосқан. Зерттеушілердің айтуынша, ең жақсы нәтиже скрипка дыбысынан байқалған. Скрипкамен музыка қойылған өсімдіктер әдемі жайқалып, жасыл жапырақтары қалың болған.
Тағы бір қызық дерек: Канадада инженер Юджин Кэнби бидай алқабына И.С. Бахтың классикалық әуенін күнде қойып отырған. Бұл музыка бидай өсіп жатқан жерде әр күні ойнаған. Нәтижесінде, ол маусымда бидай өнімі 66 пайызға артық болып шыққан! Бұл дегеніміз, музыка тек гүлге ғана емес, азық-түлік дақылдарына да пайдалы болуы мүмкін.
1973 жылы Питер Томпкинс пен Кристофер Бёрд деген кісілер «Өсімдіктердің құпия тіршілігі» деген кітап жазды. Бұл кітапта өсімдіктер тіпті адамның ойы мен ниетін де сезуі мүмкін деп айтылған. Бұл пікір жұртты таңғалдырды. Себебі көп адам өсімдік жай ғана тіршілік иесі деп ойлаған.
Сол жылы АҚШ-та Дороти Ретталлак деген әйел де осындай зерттеу жүргізген. Ол өсімдіктерді арнайы камераға (дыбыс өтетін бөлмеге) қойып, әртүрлі музыка қосып отырған. Ең алғашында ол өсімдіктерге күні бойы бір ғана дыбыс — “Фа” нотасын қосып көрді. Бұл дыбыс тыңдаған өсімдіктер өте жақсы өскен. Ал мүлде музыка қойылмаған өсімдіктер баяу өскен, кейбіреуі солып қалған.
Кейін Ретталлак классикалық және рок музыкасының айырмашылығын зерттеді. Классикалық музыка (мысалы, Бах, Бетховен және джазшы Армстронгтың әуендері) қойылған өсімдіктер динамик тұрған жаққа қарай бұрылып өскен. Кейбір өсімдіктер тіпті дыбыс шыққан жерге оралып, шырмалып өскен. Ал рок музыка қойылған өсімдіктер — мүлде керісінше. Олар дыбыстан қашқандай, кері бұрылып өсіп, жапырақтары солып қалған. Бұл қызық құбылыс!
Ретталлак былай деп жазды: «Өсімдіктер классикалық әуенді ұнатады, ал рок музыканы ұнатпайды». Ол өсімдіктердің тіпті музыкалық талғамы болуы мүмкін деп ойлаған.
Алайда бұл пікірді барлық ғалымдар бірдей қолдамады. Кейбіреулер: «Мүмкін суы, жарығы, топырағы бірдей болмаған шығар», — дейді. Бұл да дұрыс. Егер барлық жағдай тең болмаса, нәтиже дұрыс шықпауы мүмкін. Бірақ, қалай болса да, бұл тәжірибелер қызықты болып шықты. Өйткені өсімдіктердің дыбысқа әсер беруі мүмкін екені анық көрінді.
Кейін бұл бағытта зерттеулер жалғасып отырды. 1970-жылдардың соңында Канаданың Батыс Онтарио университетінде М.Коллинз пен Дж.Фореман деген ғалымдар тағы бір қызық тәжірибе жасады. Олар өсімдіктерге таза дыбыс пен кездейсоқ шулы дыбыстар беріп көрді. Бір топқа — таза біркелкі дыбыс (мысалы, «А» нотасы), ал екіншісіне — әртүрлі кедергісі бар шулы дыбыстар қойылды. Сөйтсе, таза дыбыс тыңдаған өсімдіктер шулы дыбыстағы өсімдіктерге қарағанда тез және жақсы өскен.
Ғалымдар мұны былай түсіндірді: таза дыбыс ауада болмашы қозғалыс жасайды. Ол қозғалыс өсімдік жапырағының айналасындағы ауаны сәл қозғап тұрады. Осылайша, өсімдіктің дем алуы мен су буын шығаруына (булануына) көмек береді. Ал шулы дыбыста ондай қозғалыс дұрыс болмайды.
Бұл деректерге қарап, дыбыс тек құлақпен тыңдалатын нәрсе емес, ол өсімдіктерге де әсер етуі мүмкін екенін байқаймыз. Тіпті жай ғана дыбыс толқыны өсімдіктің айналасын қозғап, оған қолайлы жағдай жасап беретін тәрізді.
Бүгінгі күні ғалымдар дыбыстың өсімдіктерге қалай әсер ететінін зерттеуді жалғастырып жатыр. Бұрынғы зерттеулер қызықты болғанымен, олардың кейбірі дәлелденбеген, сондықтан қазіргі заманғы технологиялармен жаңа тәжірибелер жасала бастады. Солардың бірі – Қытайда жұмыс істейтін ғалым Реда Хассаньеннің зерттеуі. Ол тәтті бұрыш, қияр, қызанақ, күріш, бидай, мақта сияқты өсімдіктерге арнайы дыбыс толқындарын беріп көрді. Бұл дыбыстар жай ғана музыка емес, белгілі бір жиіліктегі (толқынды) дыбыстар болды. Сол дыбыстарды күнде тыңдаған өсімдіктер жақсы өсе бастады. Тіпті олардың жемістері көбейіп, көкөністер үлкенірек болған. Ең қызығы – музыка тыңдаған өсімдіктердің зиянды жәндіктерге, мысалы тля мен өрмекші кене сияқты зиянкестерге төзімді болғаны анықталған. Зерттеуші бұл құбылысты өсімдіктердің "иммунитеті" күшейді деп түсіндірді. Яғни дыбыс өсімдікті аурудан қорғай алатын күш береді екен.
Хассаньен мен оның әріптестері 2014 жылы ғылыми мақала жазып, бұл әдістің болашақта ауыл шаруашылығында пайдалы болатынын айтты. Олар «егер біз тыңайтқыштар мен химикаттар қолданбай-ақ, дыбыспен өсімдікті қорғай алсақ, онда бұл — нағыз экологиялық таза әдіс» деді. Бұл идеяны «жасыл агротехнология» деп атайды.
2023 жылы Үндістанда тағы бір қызық тәжірибе жасалды. Онда ғалымдар «мунг» деп аталатын бұршақ өсімдіктерін дыбыс өткізбейтін бөлмеге қойып, оларға үнділердің дәстүрлі ғибадат әндерін тыңдатты. Бірінші топқа күніне 1 сағат, екіншісіне – 2 сағат, үшінші топқа – 3 сағат музыка қойылды. Ал төртінші топқа ешқандай музыка қосылмады. 12 апта өткен соң ғалымдар өсімдіктердің салмағын өлшеді. Нәтиже өте қызық болды: музыка тыңдаған өсімдіктердің салмағы музыка тыңдамаған өсімдіктерден екі есе артық болып шықты! Бұл — өте үлкен айырмашылық. Ғалымдар бұл әдісті болашақта өсімдіктердің өнімін көбейту үшін қолдануға болады деп есептейді.
Тағы бір тәжірибе Қытайдың Тяньцзинь университетінде жасалды. Онда балдыршын деген ұсақ су өсімдігін күн сайын 5 сағат жұмсақ музыкамен «тыңдатқан». Музыканың қаттылығы адамның қалыпты сөйлесу дауысындай болған – 60-70 децибел. Бір аптадан соң музыка тыңдаған өсімдіктерде жапырақ саны көбірек болғаны байқалды. Сонымен қатар, олардың ішінде ақуыз деген пайдалы зат та көбірек болған – 8,89 миллиграмм. Ал музыка тыңдамаған өсімдіктерде бұл көрсеткіш небәрі 5,49 миллиграмм ғана болыпты. Яғни, музыка тыңдаған өсімдіктер денсаулығы жақсырақ, әрі құрамында пайдалы зат көп болған.
Бұл құбылысты түсіндіру үшін ғалымдар фотосинтез деген процесті зерттеді. Фотосинтез — өсімдіктің жарық арқылы қорек жинау тәсілі. Зерттеушілер музыка тыңдаған өсімдіктердің жарықты жақсы пайдаланып, көбірек қоректік зат шығаратынын байқапты. Сонымен қатар, музыка әсерінен өсімдіктегі кейбір гендер мен гормондар белсендірілген. Бұл да өсімдіктің жақсы өсуіне көмектескен.
Осы зерттеулерден кейін кейбір ғалымдар: «Иә, дыбыс пен музыка өсімдіктерге әсер етуі мүмкін», — деп ойлайды. Бірақ бұл пікірмен келіспейтіндер де бар. Олар: «Мүмкін, музыка қойылған өсімдіктерге күтім жақсырақ болған шығар», — деп болжайды. Яғни, әуен қосқан адам өсімдікті жақсы көріп, жиі суарып, жақсы қараған болуы мүмкін. Сондықтан өсімдіктің жақсы өсуі музыкадан емес, адамның қамқорлығынан шығар дейді. Бірақ бұл пікірмен келіспейтіндер де бар. Себебі жоғарыда айтылған кейбір тәжірибелерде музыка автоматты түрде қосылып тұрған, адам ол жерге мүлде араласпаған. Сондықтан бұл жерде музыка басты рөл атқарған болуы мүмкін.
Ғалымдардың қазіргі түсінігіне қарасақ, музыка — жай ғана естілетін дыбыс емес, ол ауада толқын түрінде таралатын тербеліс. Бұл тербеліс өсімдікке физикалық түрде әсер етеді. Ғалымдар тіпті: «Музыка өсімдікке жеңіл массаж сияқты әсер етеді», — дейді. Өсімдік жасушалары бұл тербелісті сезініп, ішіндегі заттар — ақуыз, минералдар және басқа қорек жақсырақ қозғала бастайды. Осылайша, өсімдік күшті, сау, әрі тез өседі.
Тағы бір қызықты мәлімет: дыбыс өсімдіктің ішкі «қорғаныс жүйесін» іске қосуы мүмкін. Бұл — адамдағы иммунитет сияқты. Егер дыбыс баяу әрі жұмсақ болса, өсімдік бұл тербелістен пайда көреді. Бірақ егер дыбыс өте қатты немесе жиілігі тым жоғары болса (мысалы, 10 килогерцтен жоғары ультрадыбыстар), онда өсімдіктер зақымданып, мүлде өспей қалуы мүмкін.
Сондықтан музыка өсімдікке пайдалы болу үшін ол жайлы, баяу, әрі жұмсақ болуы керек. Мысалы, классикалық музыка. Ал рок музыка сияқты қатты және шулы әуендер өсімдікті стреске ұшыратуы мүмкін. Ғалымдар мұны тіпті «қатты рок музыка өсімдікті шошытады» деп те бейнелеп айтады.
Қорыта айтқанда, музыка мен дыбыс өсімдіктерге шын мәнінде әсер етуі мүмкін. Бұл әсер өте күрделі, әрі әлі де толық түсініктемесі жоқ. Бірақ қазірдің өзінде көптеген тәжірибелер музыка тыңдаған өсімдіктердің жақсы өсетінін көрсетіп отыр. Бұл — болашақта дыбысты ауыл шаруашылығында қолдануға мүмкіндік беретін қызықты жаңалық.
2. Практикалық бөлім
Музыка өсімдіктерге әсер ете ме? Бұл сұрақ маған өте қызық көрінді. Мен өсімдіктерге музыка тыңдатқанда, олар шынымен тез өсіп, жайқалып кетеді дегенді алғаш естігенде, қатты таңғалдым. Өйткені өсімдіктердің құлағы жоқ қой! Бірақ көп жерде музыка тыңдаған гүлдер мен көкөністердің жақсы өскені туралы жазылған. Сол кезде мен де өзім бұл құбылысты байқап көру үшін тәжірибе жасауды жөн көрдім.
Мен тәжірибемді үй жағдайында жүргіздім. Бұл үшін мен қияр тұқымдарын алдым. Қиярды таңдаған себебім – ол тез өседі, күтімі оңай, және күнде өзгерісін бақылауға болады. Мен үш бірдей құмыра алып, әрқайсысына бірдей мөлшерде топырақ салдым. Содан кейін әр құмыраға бір-бір қияр тұқымын ектім. Барлығын бірдей терезе алдына қойдым. Барлығына күн сәулесі бірдей түсіп тұрды. Күн сайын таңертең су құйып, жағдайларын бірдей етіп ұстадым.
Алғашқы екі аптада ешқандай музыка қоспадым. Барлық үш қияр өсімдігі де бірдей биіктікке жетіп, кішкентай жапырақ шығарып үлгерді. Осыдан кейін мен тәжірибемнің негізгі бөлігін бастадым. Енді мен әрбір қиярға түрлі музыка қойып көруді ұйғардым:
-
Бірінші қиярға – рок музыка. Қатты дыбысы бар, жылдам әуендер.
-
Екінші қиярға – классикалық музыка. Жайлы, баяу әуендер (мысалы, Моцарт).
-
Үшінші қиярға – ешқандай музыка қойылған жоқ. Ол бақылау тобы ретінде қалды.
Музыканы әр құмыраның жанына құлаққап қойып бердім. Күн сайын кешкі уақытта 1 сағат музыка қойып отырдым. Барлық үш өсімдікке басқа жағдайлар (су, жарық, температура) бірдей болды. Тек тыңдаған музыкасы ғана әртүрлі еді.
Тәжірибе бір айға созылды. Мен күн сайын өсімдіктердің бойын, жапырақтарын бақылап отырдым. Әсіресе жапырақтарының түсі мен пішіні қатты өзгерді. Бір ай өткенде әр өсімдікті өлшеп, салыстырдым. Нәтиже мені таңғалдырды:
-
Классикалық музыка тыңдаған қияр 48 см-ге жетті. Оның жапырақтары үлкен, жасыл, жайқалып тұрды.
-
Музыкасыз, яғни тыныштықта тұрған қияр 46 см болды. Жапырақтары да жақсы, бірақ алдыңғысына қарағанда сәл кішірек.
-
Рок музыка тыңдаған қияр 40 см ғана болды. Оның жапырақтары ұсақ, шеттері кеуіп қалған, түсі солғын болды.
Мен неге мұндай өзгеріс болғанын ойландым. Менің ойымша, классикалық музыка – жұмсақ, жайлы дыбыстар өсімдікке әсер етіп, оның жақсы өсуіне көмектескен. Ал рок музыка – өте қатты, шуылы көп болғандықтан, өсімдікті «шошытып», өсуін баяулатқан болуы мүмкін. Ал тыныштықта тұрған өсімдік қалыпты өскен, өйткені оған ешқандай әсер болмаған.
Бұдан кейін мен өсімдіктің ішінде не болып жатқанын түсінгім келді. Интернеттен оқысам, өсімдікте устьица деген кішкентай тесіктер болады екен. Сол тесіктер арқылы ауа кіреді. Жарық пен көмірқышқыл газ кіріп, фотосинтез жүреді. Осы процесс жақсы жүрсе, өсімдік жақсы өседі. Ал рок музыка кезіндегі қатты діріл осы тесіктерді дұрыс ашылуына кедергі келтіріп, өсімдікке стресс туғызған сияқты.
Мен тәжірибемді басқа зерттеулермен салыстырып көрдім. Мысалы, "MythBusters" шоуы да осындай тәжірибе жасаған. Олар түрлі дыбыс қосылған жылыжайда өсімдіктерді өсірген. Сол жерде хеви-метал музыка тыңдаған өсімдіктер де жақсы өскен. Бірақ олар бұл жағдайды былай деп түсіндірді: "мүмкін өсімдіктерге ешкім кедергі келтірмеген болар".
Сосын мен тағы бір қосымша тәжірибе жасадым. Бұл жолы мен басқа өсімдік – бұршақ тұқымын алып, екі топқа бөлдім. Бір топқа тек табиғаттың әуенін – құстардың, су сылдырын тыңдаттым. Екінші топ тыныштықта болды. Құстардың үнімен өскен бұршақтың биіктігі 25 см болса, тыныш топтағы бұршақ 21 см ғана болды. Тағы да дыбыстың әсері бар екені байқалды.
Мен тағы бір нәрсені байқадым – музыка тыңдаған өсімдіктердің жапырақтары ашық түсті болды. Ал музыкасыз топтағы жапырақтар күңгірттеу болды. Бұл да фотосинтез процесінің әртүрлі жүріп жатқанын көрсетеді. Демек, музыка өсімдікке жарық пен газ алмасуын жақсартуға көмектеседі деген ойға келдім.
Осы тәжірибе арқылы мен бақылау, салыстыру, қорытынды жасау сияқты ғылыми әдістерді үйрендім. Әр қадамымды дәптерге жазып, өлшемдерді есептеп отырдым. Бұл жұмыс мені өте қызықтырды. Мен болашақта басқа өсімдіктермен де осындай тәжірибе жасап көремін деп шештім. Мысалы, қызанақ, бұрыш, гүлдермен жасап көргім келеді. Олар әртүрлі болғандықтан, музыканың әсері де әртүрлі болуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, менің жасаған тәжірибелерім музыка өсімдіктердің өсуіне әсер ететінін көрсетті. Әсіресе классикалық және табиғи дыбыстар пайдалы сияқты. Ал қатты, шулы дыбыстар кері әсер беруі мүмкін. Бұл мен үшін өте қызықты және пайдалы тәжірибе болды. Енді мен өсімдіктерге тек су мен жарық емес, музыка да керек екенін білдім.
Қорытынды
Бұл ғылыми жоба барысында «Өсімдіктер музыка тыңдай ала ма?» деген сұраққа жауап ізделді. Алғашқыда бұл сұрақ бір қарағанда таңғаларлық болып көрінгенімен, түрлі ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер оны тереңірек қарастыруға мүмкіндік берді. Жобада өсімдіктер мен дыбыс арасындағы байланысқа арналған отандық және шетелдік зерттеулерге шолу жасалып, дыбыстың өсімдіктер физиологиясына ықпал ету мүмкіндігі қарастырылды.
Зерттеу барысында классикалық музыка, рок музыка және тыныш орта жағдайында өсірілген өсімдіктердің өсу нәтижелері салыстырылды. Жүргізілген шағын тәжірибе нәтижесінде келесідей қорытынды жасалды:
– Классикалық музыка тыңдаған
өсімдік ең жоғары биіктікке жетіп, жапырақтарының пішіні мен түсі
бойынша да ең жақсы нәтиже көрсетті;
– Музыка қойылмаған өсімдік те жақсы өсті, бірақ өсімі классикалық
музыка тыңдаған өсімдікке қарағанда сәл төмен болды;
– Рок музыка тыңдаған өсімдік салыстырмалы түрде баяу өсіп,
жапырақтары солғын әрі кішірек болғаны
байқалды.
Тәжірибе барысында барлық өсімдіктерге бірдей күтім жасалып, тек музыкалық орта әртүрлі болғандықтан, өсудегі айырмашылықты музыка әсерімен түсіндіруге болады. Бұл гипотезаның дұрыстығын қолдайды.
Ғылыми әдебиеттердегі деректер мен жүргізілген тәжірибе нәтижелері дыбыс толқындарының өсімдік жасушаларына механикалық тербеліс арқылы әсер етуі мүмкін екенін дәлелдейді. Бұл әсер фотосинтез, газ алмасу, жасуша ішілік қозғалыс сияқты маңызды процестерге оң немесе кері ықпал етуі мүмкін.
Жобаның нәтижесі музыка мен өсімдіктер арасындағы байланысты толық түсіну үшін қосымша зерттеулер қажет екенін көрсетті. Алайда қарапайым тәжірибе де дыбыстың өсімдік дамуына әсері бар екенін дәлелдеуге мүмкіндік берді.
Осы жобаның негізінде болашақта әртүрлі музыка жанрлары, дыбыс жиілігі мен қаттылығының өсімдікке әсерін кең ауқымда зерттеуге болады. Мұндай жұмыстар экологиялық таза ауыл шаруашылығын дамытуға, зиянсыз өнім өндіру тәсілдерін іздеуге және табиғатпен үйлесімді өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Әбілова Қ.Х., Мұратова Ж.Т. Химия негіздері: мектепке дейінгі және бастауыш жастағы балаларға түсіндіру әдістері. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2021.
-
Тыныбекова С.Р. Жемістер мен көкөністердің химиялық қасиеттері. — Алматы: «Білім» баспасы, 2020.
-
Жақсыбеков Қ. Қарапайым химиялық тәжірибелер: Бастауыш сыныпқа арналған әдістемелік құрал. — Астана: «Фолиант», 2019.
-
Жұмабаева А. Бастауыш мектеп ғылыми-практикалық журналы. — №4, 2021 ж.
-
ҚР Білім және ғылым министрлігі. Бастауыш білім беру бағдарламасы. — Астана, 2021.
-
Сапарбекова М.Т. Оқушыларға арналған экологиялық химия негіздері. — Шымкент: «Оқу» баспасы, 2023.
-
Баймұратова Г.А. Музыканың биологиялық әсері. — Алматы: «Өрлеу» баспасы, 2022.
-
Мұсаев Т.А. Өсімдіктер физиологиясы негіздері: мектеп оқушыларына арналған оқу құралы. — Қызылорда: «Білім әлемі», 2020.
-
Britannica Kids энциклопедиясы. — https://kids.britannica.com (ағылшын тілінен аударма, қаралған күні: 2024 ж.).
-
KZ Мектеп онлайн платформасы. — https://mektep.edu.kz
Түркістан облысы Тулкібас ауданы
« Ә.Науаи атындағы жалпы білім беретін мектебінің
3-Б сынып оқушысы Мырмахмудова Мохичехраның
«Өсімдік музыка тыңдай ала ма?» атты зерттеу жұмысына
Пікір
Оқушым біліктілігі жоғары, талап- талғамы терең, салауатты өмір салтын ұстанатын интеллектуалды тұлға.
Дүниені өз дәрежесінде танып, білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады, сондықтан да мектептердегі жаратылыстану сабақтарының дүниені танып білуде мәні ерекше зор.
Оның бойында ізгілік, сезімталдық, сергектік сезімдері басым. Зерттеу жұмысының материалдарын жинақтап жүріп, білімге, ғылымға деген қызығушылығы арта түсті, сонымен қатар шығармашылық қабілеті дами түсіп, қоршаған ортаға байланысты көз қарасы жаңаша қалыптасты.
Өзінің зерттеп отырған тақырыбында өсімдікке музыка әуендерін әсері туралы зерттеуге арқау қылып отыр.
Жұмыс кезінде өздігінен тәжірибе жасауды, қорытындылауды үйренді.
Әр адам табиғатпен дос болу керек, жанашырлықпен қарау керек. Сонда ғана біздің ғаламшардың көркеюіне үлкен үлес қосып, өзінің туған жерінің патриоты боларына сенімдімін.
Жалпы алғанда ғылымы жоба өз дәрежесінде жасалынған.Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып,бағалауды ұсынамын.
Пікірді жазған: Расулова Зиёдахон
Жоба жазу барысындағы күнделік
|
№ |
Жұмыстың мазмұны |
Зерттеу әдістері |
Мерзімі |
Қолы |
|
1 |
Тақырып таңдау, ғылыми жоба жазу тәртібімен, ережелерімен танысу |
жинақтау |
|
|
|
2 |
Қажетті материалдарды жинақтау, мақсаты мен міндеттерін, жоспар жасау. |
жобалау |
|
|
|
3 |
Кіріспе жазу. Зерттеу жұмысының болжамы, өзектілігі, жаңалығы бойынша жұмыс. |
зерделеу |
|
|
|
4 |
Қосымша әдебиеттермен жұмыс. Зерттеу бөлімімен жұмыс. |
жүйелеу |
|
|
|
5 |
Компьютерде материалдарды теру |
|
|
|
|
6 |
Таныстырылым дайындау |
|
|
|
|
7 |
Мектепішілік ғылыми конференцияғақатысу. |
|
04.11 |
|
|
8 |
Түзету жұмыстары |
|
05-08.11 |
|
|
9 |
Аудандық ғылыми жоба сайысына қатысу. |
|
10.11.2025 |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өсімдіктер музыка тыңдай алама?

шағым қалдыра аласыз