Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсімдіктер топтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: жаратылыстану Мектеп: Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Кадирментаева Э.А


Сынып: 2 Қатысқан оқушылар саны

Қатыспаған оқушылар саны

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктер топтары



Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

2.2.1.5 Өз өлкесінің өсімдік топтарын сипаттау

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:Өзіміздің өлкеміздегі өсімдіктердің атауын біледі.

Көптеген оқушылар: Өсімдіктердің не екенін біледі.

Кейбір оқушылар:Олардың дәрілік қасиетін біледі.

Бағалау критерийі

Өсімдіктердің тіршілік ортасына бейімделу жолдары.

Жергілікті жерде өсетін өсімдіктердің тобын атайды.

Тілдік мақсаттар

Ағаш, бұта,шөп, қараағаш, тобылғы,атқұлақ, жусан,бәйшешек, изен,ебелек, сасық мендуана,атқұлақ, итмұрын, жалбыз.

Диалогқа арналған сұрақтар:

1.Неліктен біздің өлкемізде осы шөптер өседі?

2. Ауа райы өсімдіктердің өсуіне әсер ете ме?

Пәнаралық байланыс

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

интербелсенді тақтамен жұмыс

Бастапқы білім

2.2.1.4 өсімдік топтарын тіршілік ортасына және қоршаған ортаның жағдайларына (ылғал) бейімделу жолдары бойынша салыстыру;

Сабақтың жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдер

Сабақтың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы



5 минут






Сабақтың

ортасы


Психологиялық ахуал:

«Гүлмен тілек» әдісі арқылы шеңбердегі оқушылар бір-біріне гүлді бере отырып тілектер тілейді.

Оқушыларды «Мозайка әдісі» арқылы 2 топқа бөлемін.

1-топ: Емдік өсімдіктер

2-топ: Жабайы өсімдіктер

1 – тапсырма. (ұжымдық жұмыс)

«Кинометафора» әдісі арқылы Торғай даласындағы өсімдіктер

туралы видеоролик көру және сұрақтар қою?

1.Торғай даласындағы өсімдіктер туралы не білдіңдер?

2.Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?

3.Қандай емдік қасиеті бар өсімдіктерді білесіңдер?

Бағалау критерийі

-торғай даласында өсетін өсімдіктер туралы біле алады.

-өсімдіктердің топтарын ажырата алады

Дескриптор

- торғай даласында өсетін және емдік қасиеті бар өсімдіктер туралы білді.

-топтарын ажырата алды

Тaқырыпты aшу.\Білу дағдысы\










https://yandex.kz/vide






















20 минут










ИНСЕРТ әдісі БББ

V

-

+

?

Бұрыннан белгілі білетінім, осы тұжырыммен келісемін

Бұл ақпаратпен келісе алмаймын,менің білетінінімнен бөлек

Бұл мен үшін жаңалық, жаңа нәрсе

Осы жайды білгім келеді,мен мұны шатастырып тұрмын


ҚБ « Бармақтар»

2– тапсырма. (топтық жұмыс)«Джигсо» әдісі арқылы

1-топ емдік қасиеті бар өсімдіктердің атауларын жаз.

2-топ жабайы өсімдіктердің атауларын жаз.

Бағалау критерийі

- емдік қасиеті бар өсімдіктердің атауларын жаза алады.

- жабайы өсімдіктердің атауларын жаза алады.

Жабайы өсімдіктер

Емдік қасиеті

пайдасы

ебелек

+





Дескриптор

- емдік қасиеті бар өсімдіктердің атауларын білді.

- жабайы өсімдіктердің атауларын анықтады.

ҚБ « шапалақ» әдісі

3 – тапсырма. (жұптық жұмыс)

«Кластер» әдісі оқушылар суретте көрсетілген өсімдіктердің

ішінен емдік қасиеттері барын табу


Бағалау критерийі

  • - өсімдіктердің топтары туралы әңгімелейді

  • -емдік қасиеттері бар өсімдіктерді таба алады

Дескриптор

- өсімдік топтарының ішінен емдік қасиеті барын анықтады

ҚБ «смайлик» жұптық бағалау

«Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.





Зерттеу жұмысы

Зерттеу тақырыбы

Жергілікті жеріміздегі дәрілік өсімдіктер


Бұта

Итмұрын Жыңғыл Тобылғы


Шөптесін өсімдіктер

Атқұлақ,Көкпек,, Адыраспан, Пиязшық, Қияқ, Жатаған бидайық, Жусан

Өсетін жері

Қарақоға, Қаратүбек, Телқара


пайдасы

Қайнатпасын бауыр, өт ауруларының қабынуына, қан аздыққа дәрі ретінде қолданады. Ұзақ жасау үшін сүйегі мықты болып беку үшін де, жемісті майға қосып ішіпті аталарымыз. Ал медицинада Итмұрынның жемісін әртүрлі дәрумендік концентраттар дайындаған, жас жемісінен қайнатпа дайындайды. Итмұрын аскорбин қышқылына бай.Тұқымында майлар және Е дәрумені бар күйген жерді дәне тері ауруларын емдейді. Итмұрынның 5-10 жемісін 1 құты суға салады, оған 1 шай қасық қант қосып, 5-6 сағат тұндырады. Тұндырманы тамақ ішерден бұрын жарты стаканын ішеді.

- Құрмeтті оқушылaр, бүгінгі тaқырып бойыншa aлғaн кeрeкті aқпaрaттaрыңызды чeмодaнғa сaлыңыздaр (жaзыңыздaр), бүгіні сaбaқтaғы кeрeк eмeс болғaн, aртық дүниeні қоқыс жәшігінe сaлыңыздaр (жaзыңыздaр). Aл бүгіні aқпaрaттың ішіндe әлі оқуым кeрeк, толықтыруым кeрeк дeгeндeрі болсa, eттaртқышқa сaлыңыздaр (жaзыңыздaр)
Осылaй оқушылaр сaбaқтa қaндaй білім aлғaндaрын көрсeтeді.

Үйге тапсырма. Өз жерінде өсетін өсімдіктерден гербарий жасау


o/

Дала флорасы



Жоғарыға көтеріліңіз “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9





Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет












Плакат, фломастер, стикер.



















































Соңы

10 мин

5 мин

рефлексия

.

.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Рефлексия

«Гүлмен тілек» әдісі арқылы шеңбердегі оқушылар бір-біріне гүлді бере отырып тілектер тілейді.

«Мозайка әдісі» арқылы топқа бөлемін.

«Кинометафора» әдісі арқылы Торғай даласындағы өсімдіктер

туралы видеоролик көру.

«Джигсо» әдісі арқылы

«Кластер» әдісі оқушылары суретте көрсетілген өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайларды табу керек.





































Жергілікте жерде өсетін өсімдіктер.

ЕБЕЛЕК (Ceratocarpus) – алабұта тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. БетпақдаладаМойынқұмдаҚызылқұмдаЕсіл – ТобылЕртіс өзендері мен КаспийАрал теңіздері маңында, Зайсанда, Балқаш – Алакөл ойысында, шөл, шөлейт аймақтардағы құм, құмайт, сор топырақты, қиыршық тасты жерлерде өсетін құм Ебелегі (C. Arenarіus) және қалталы Е. (C. Utrіculosus) деген түрлері бар. Олардың биіктігі 3 – 30 см . Сабағы көп бұтақты болғандықтан өсімдік шар тәрізді дөңгелек болып көрінеді. Сабағын қалың түк басқан, оның сұрғылт не сарғыш болатыны соған байланысты. Жапырағы үш-үштен шоқтанып, кезектесіп орналасады. Гүлі дара жынысты, 2 – 5-тен жапырақ қолтығына жиналған. Сәуір – маусым айларында гүлдейді. Жемісі түкті, жоғары жағы сүйірлеу, үстіңгі жағында және бүйірінде қылтықты екі өскіні болады. Жемісі пісіп жетілгенде түбінен үзіледі де, желмен таралады. Ебелекті төрт


изен

Изен (Kochia) – алабұталар тұқымдасынажататын бір немесе көп жылдық бұташық өсімдіктер туысы.

Сабағының биіктігі 10 – 100 см, гүлдері гүлжапырақсыз, қос жынысты, 5 мүшелі, 2 – 4-тен топталып жапырақ қолтығына орналасқан, кейде жеке жапырақты, масақты гүлшоғын құрайды. Аталығы – бесеу. Қазақстанда кең тараған түрі: жатаған Изен (K. prostrata) және сыпыртқы Изен (K. scoparia). Бұлар қуаңшылыққа төзімді, биіктігі 10 – 75 см, сабағы қара қоңыр қабықты бұташықтар. Тамыры жусан, діңгекті келеді. Сабақтары көп, қалың жапырағының сыртын түк басқан. Солғын жасыл, жіңішке гүлі қос жынысты болады. Тамыз – қыркүйекте гүлдеп, қазан айында жемістенеді. Тұқымы – сопақша дән. Изен бағалы жайылымдық, кейде шалғындық жоғары өнімді өсімдік. 1 га-дан 6,2 – 9,8 ц пішен түседі.[1]

Изен – тамыры мықты жетілген, көп жылдық, жабайы бұршақша тәріздес, алабота тұқымына жататын өсімдік. Ол құрғақшылыққа және сортаң жерге өте төзімді келеді оның сабағы қызғылт түсті, жапырақтары өте ұсақ, гүлі реңсіз болады.

Қылқан сілеу – астық тұқымдасының қау туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық аймақтарында шөл, шөлейтті жерлерде, кейде альпі белдеуінде де өседі. Биіктігі 40 — 80 см, тамыры шашақталып қалың шымқабат түзеді. Сабағы сидам, дара не бірнешеу болып өседі. Гүл шоғырына дейін созылған жапырақ қынабы түксіз. Жапырағы жіңішке, шеті ширатылған, ені 0,7 — 1 мм, астыңғы беті түксіз, үстіңгі беті түкті. Сыпыртқы гүл шоғырының ұзындығы 10 — 25 см, көп масақты қылқанның ұзындығы 12 — 18 см, екі рет иілген, тықыр. Маусым — шілде айларында гүлдейді. Тұқымы піскенге дейін мал азықтық өсімдік. Шөп өнімділігі га-дан 17 — 20 ц. Тұқымы піскеннен кейін, Қылқан сілеу өскен алқапқа мал жаюға болмайды, әсіресе, бұл уақ мал үшін қауіптірек, себебі қылқанды тұқымы жүніне жабысып, жүн сапасын төмендетеді, кейде денесіне өтіп, оны жаралайды

Бетеге боз немесе Бетеге боз қау (лат. Stipa lessingiana) – астық тұқымдасының қау туысына жататын көп жылдық өсімдікҚазақстанның далалық, таулы аймақтарының тасты және майда топырақты жерлерінде тараған. Қазақстанда кездесетін осы туыс өкілдерінің кең тарағаны. Өсімдіктер бірлестігінің доминанты болып табылады. Құрғақ далалардың қаулы-бетегелі жолағында қаулай өседі, шөлге айналған далаларда Тарбағатайдан Тянь-Шаньға дейінгі таулы өңірде аз мөлшерде кездеседі.




Тобылғы - Торғай, Қабырға өзендерін жайлаған елді-мекеннің бәрінде де кездеседі. Малға азық,жанға шипа,Тобылғының бұталарын жинап әжелеріміз күбі ыстайды, себебі ол қымызды ақырып,ашып кетуден сақтайды. Ыстау үшін оны кәрден кесеге жағады,жанып болған кезде кесе түбінде май қалады.Ол хош иіс беретін-эфир майы жанғанда көгілдір жалын шығарып жанады,сонда құрамында көміртегі көп болғаны. Ал оның майы халық медицинасында теміреткіге ем ретінде қолданылады. Тобылғы - раушан тұқымдасына жататын бұталы өсімдік.Тобылғының қайнатпасыда жараны емдеуге қолданылады. Жазушы Сәуірбек Бақбергеновтың «Ақ боз атты ару» атты повесінде Шоқан Уәлихановты орыс мырза дуэльге шақырады. Кезекте бірінші Шоқан алады, бірақ ол басынан асырып атады. Ал,мырза, өз кезегінде көздеп дәл атады,оқ Шоқанның қолтығын жанап өтеді. Жараланған Шоқанды орыс жолдасы емдеп жазады.Оқиға Азия жерінде болған. Жолдасы оны кәдімгі тобылғын теріп алып суға қайнатып,сол сумен емдеп жазды.

Атқұлақ (қымыздық)(шавель конской)-көп жылдық өсімдік.1,5 см биіктікке дейн өседі,сабағы сояудай ұзын,жапырақ шеттері бұзаутіс,салалы келеді.Олардың жемісі пәсәп,төгіле бастағанда ішкі жапырақшалары жаңадан өсе бастайды.Дәріге оның тамырын пайдаланады.Жемісін күзде жинау керек.Химиялық құрамы:Глюкозидтер,смола,эфир майы.К витамині, қымыздықтың қышқыл тұздары,темір болады.Бұдан дәрі іш жай және көк аралас өткенді тоқтатады,ауырғанды басады. Атқұлақ бауырдың қызметін реттеп,өттің бөлінуін күшейтеді,қан кетуді тоқтатады.Ауыз уылғанда,тіс түбірінің еттері қабынғанда атқұлақтан тұнба жасап шайған дұрыс.1932-1933 жылғы ашаршылықта ата-бабаларымыз осы атқұлақтың жемісін үгітіп, оны суға салып қайнатып «қайыртпақ » жасап,соны жеп аман қалыпты.Шәй жоқты шәй орнына сусын қылып ішкен. Атқұлақты суға қайнатқанда қызыл түске енеді.Бұзаудың іші өткенде ішкізеді.Атқұлақ-емдік шөптің кең тараған түрі,барлық жерде кездеседі,шоғырланып өседі.

Бәйшешек – өте әдемі көктемгі гүл, бәйшешекті «көктем жаршысы» деп те атайды.
«Бәйшешек» – қызғалдақ туысына жататын көп жылдық, пиязды өсімдік. Биіктігі 15 - 30 сантиметр болып келеді. Сопақша келген баданасының жуандығы 1 - 2 сантиметр. Жұқа, қара, қоңыр қабықты, сабағы тақыр 2 - 3 жапырақты дара гүлді. Көкек - мамыр айларында гүлдейді. Жемісі – қауашақ, жоғары жағы үшкірлеу, ұзындығы 1, 5 - 2, 5 сантиметр, ені 1, 5 сантиметр келеді.
Әлемде бәйшешектің 100 - ге жуық түрі бар.
• Бәйшешектік пиязы (түйнегі) улы болып келеді.
Бәйшешек нәзік әрі сынғыш болғанымен қорғаныш қасиетке ие. Олардың түбіндегі пиязы улы болғандықтан бірде - бір кеміргіштің тиісуге батылы бармайды. Бәйшешектің пиязы улы болғандықтан адамдар үшін де қауіпті.



Біздің мектеп зертханасында өз ауылымыздың дәрілік өсімдіктердің бірнеше түрі жинақталған.Олар :, тағы басқалардың кептірілген,қайнатылған қайнатпасы,суреті, гербарийлері сақталған. Өсімдіктерді жинау кезінде, біз олардың жаңа түрлері мен танысып,сырын білмейтін түрлерін де кездестірдік. Шипагер бабамыз айтқандай «Жақсы дәрі,тәтті де болмайды», олардың жемісінің сөлі-ащы немесе улы болады. Сондықтан ем ретінде пайдаланғанда аз ғана бөлігін қолдану ұсынылады.Мысалы: Итмұрын(Шиповник)- деген қоныс орындарында тікенекті шеңгел құрап өседі. Қыркүйек айында да қып-қызыл болып гүлдеп тұрады. Ауылда әжелер оның

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.01.2019
696
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12