жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өсімдіктердің алуан түрлілігі
Павлодар облысы
Лебяжі ауданы
Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебі
Мұғалім: Абетжанова С.Т.
Пәні:дүниетану
Сабақтың тақырыбы:Өсімдіктердің алуан түрлілігі
Сынып:3
Cабақтың мақсаттары:
Білімділік: өсімдіктердің көп түрлілігі туралы жалпы карапайым түсініктерін тереңдетіп, олардың алуан түрлі екенінің белгілерін, олар бойынша өсімдіктерді бір-бірінен айыра білуге, түрін анықтауға үйренеді.
Дамытушылық: өздігінен жұмыс істеу, ойлау қабілетін дамытады .
Тәрбиелік: табиғатты аялауға тәрбиеленеді.
Оқыту нәтижесі: Оқыған мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра біледі. Мәтіннің негізгі идеясын түсінеді. Еркін сөйлейді, белсенділік танытады. Жаңа идеялар пайда болады. Сөздік қорын, тілдік жүйесін, дүниетанымын дамытады.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауға қалыптастыруға үйренеді. Табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілігін арта түседі.
Сабақтың көрнекілігі:компьютер, смайликтер, плакаттар, парақшалар, маркерлер, тақта, бор, .
Сабақтың әдіс - тәсілдері: " Ассоциация " стратегиясы, «Тілек айту», «Сұрақ қалпағы», «БББ», «Өрмекшінің өрмегі», «Ассоциация», «Түртіп алу» «Жүксалғыш, еттартқыш, себет», дидактикалық ойын, дәптермен жұмыс, топпен, жұппен, жеке жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, қазақ тілі, биология.
Сілтеме: Дүниетану оқулығы.
Қ.Аймағамбетова, Г.Д.Мырзақанова, Алматыкітап баспасы
|
Сабақ кезеңдері |
Уақыт |
Кірікті рілген модуль |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі |
2 мин |
СТОҮ «Тілек айту» ой сергегі |
Психологиялық дайындық: Қайырлы күн-табиғат Жайқалып өссін-өсімдік Жайнай берсін-орманымыз Биік болсын-тауларымыз Сәтті өтсін сабағымыз. |
Қонақтармен амандасады
«Үш шапалақ» арқылы мадақтау |
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
6 мин |
СТОү ОмОЖТ |
1топ:Пайдалы қазбалар туралы жұмбақ құрастыру. 2топ:Пайдалы қазбалар туралы кітапша жасау. 3топ: Адам не үшін пайдалы қазбаларды үнемді және ұқыпты қолдануы тиіс? \эссе жазу\ |
Әр топ дайындаған тапсырмаларын басқа топтардың алдында қорғайды. Топтың мүшелері бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
|
|
Жаңа тақырыпқа шығу
|
5
|
СТОү ОмОЖТ ОЖЕСОжО ОБжК ОүБжОБ АКТ
|
Қызығушылықты ояту: Жұмбақ шешу Үйі де жоқ, күйі де жоқ. Бірақ жауыннан да, дауылдан да Қымсынбайды. Ыстыққа да суыққа да Шын шыдайды. Шешуін айта ғой Балалар білсін жайды. (Өсімдік) “Ассоциация” стратегиясы. (Өсімдіктер туралы білетіндерін айту) Өсімдіктер қандай жерлерде өседі? Өсімдіктер не үшін қажет? Қандай өсімдіктерді білесіңдер?
- Сабаққа мақсат қою:-Бүгінгі сабақта өсімдіктер туралы не білгілерін келеді? Дәптермен жұмыс: күн ретін, тақырыбын, жоспарын жазу. |
Оқушылар жұмбақтың шешуін табады.
Сұрақтар қойылады, ойлануға уақыт беріледі; Өсімдіктер туралы білімдерін еске түсіреді. «Үш шапалақ» арқылы мадақтау
Оқушылар ойларын ортаға салады Ынталандыру Дәптерге күн ретін, жоспар жазады.
|
|
Мағынаны ашу
|
7
|
СТОү ОүБОБ ОмОЖТ ТжДБО ОБжК ОмОЖЕ |
Оқулықпен жұмыс: Мәтінді «түртіп алу» стратегиясы әдісі бойынша оқыту. Жұппен жұмыс: «БББ»“Білемін. Білдім Білгім келеді. ” стратегиясы. -жұппен талқылайды, түсініксіз сөздермен жұмыс жасайды - жұптар ойларымен бөліседі, ортақ шешімге келеді. «Сұрақ қалпағы» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, жауап беру. |
Оқушылар мәтінді өз бетінше оқиды, қарындашпен керекті жерлерін белгілеп қояды. «БББ» стратегиясы арқылы оқушылар жұппен мәтіннің мазмұны бойынша ойларымен бөліседі.
Оқушылар сұрақ қалпағын бір-біріне кигізу арқылы мәтіннің мазмұны бойынша талдайды. «Үш шапалақ» арқылы мадақтау
|
|
Сергіту сәті |
4мин |
ОмОЖТ ТжДБО ОБжК СТОү ОүБОБ |
Дидактикалық ойын “Орнын тап» Сыныпта қабырғада түрлі суреттер ілінеді, топтарға жеке тапсырмалар беріледі: -1топ:парақшаларда жазылған сөздерді мәтіндегі оқиға ретімен орналастыру. -2топ:мәтіндегі қыс мезгілінің табиғатын бейнеленген суретті табу. 3топ:мәтіннің тақырыбына қатысты суреттерді табу, олардың мағынасын ашу. |
Әр топ берілген тапсырмалар бойынша өз жұмыстарын қорғайды, бір-бірін шапалақ арқылы бағалайды. Ынталандыру |
|
Ой толғаныс
|
8 мин |
СТОү ОүБОБ АКТ ОмОЖТ ТжДБО ОБжК ОмОЖЕ |
Топпен жұмыс:топ ережелерін еске түсіру. 1топ:Өсімдіктің тіршілік үшін өміріндегі маңызы қандай? 2топ:Өсімдік әлемін сақтап қалу үшін қандай шаралар қолданар едіңдер? 3топ:Пікірталас ұйымдастару\топ ішінде шағын топқа бөлініп, екі жақты көзқарасты дәлелдеу\ -Өсімдіктердің зияны -Өсімдіктердің пайдасы
|
«5Т» ұстанымын еске түсіру: талап, тәртіп, тазалық, тыныштық, татулық. Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс атқарады, топ мүшелері бірлесе отырып жұмыс жасайды. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. «Бас бармақ» арқылы бағалау
|
|
Рефлексия |
6 мин |
СТОү ОүБОБ ОмОЖТ ТжДБО ОБжК ОмОЖЕ
|
-Бүгінгі сабақтан өзіңе жадыңда нені түйіп алдыңдар? -Қандай тапсырманы орындауға қиындық туғызды? |
Оқушылар сабақта алған әсерлерімен бөлісіп, шеңбер құрып, «Өрмекшінің өрмегін» құрастырады. Ынталандыру Оқушылардың жауаптары тыңдалады. |
|
Кері байланыс
|
2 мин
|
ОЖЕСОжО ТжДБО |
«Жүксалғыш»- бәрін түсіндім, өзіммен бірге жүксалғышқы салып алып кетемін, «Еттартқыш» -әлі толық түсінбедім, ойлануым керек, «Себет»-ештеңе маған қажет етпейді арқылы сабақты қорытындылау. |
Оқушылар стикерлерге ойларын жазып, керекті суретті таңдайды.
|
|
Бағалау |
3мин |
СТОү ОүБОБ ТжДБО |
Топ басшысының бағалауы |
Топ басшысы бағалау парағына сәйкес, топ мүшелерін бағалайды |
|
Үй тапсырмасы |
2 м |
СТОү ОүБОБ ТжДБО |
Қызықты өсімдіктер туралы деректер тауып келу. Өз үйлерінің маңында өсетін ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктердің атын жау. |
Оқушылар үй тапсырмасын дәптерлеріне (күнделіктеріне) жазып алады. |
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген