400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өскелең ұрпақты патриотизм мен толерантылыққа тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық тәрбиені жандандыру, жастардың бойына сіңіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өскелең ұрпақты патриотизм мен толерантылыққа

тәрбиелеу


К.А. Капизаева

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының «Білім беру үдерісін педагогикалық-психологиялық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы


Аннотация


Мақалада Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде жастарға патриоттық тәрбие мен толеранттылық ұғымын байланыстыра отырып қазіргі қарыштап дамыған уақытта бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық тәрбиемен ұлттық құндылықтардың негізіне тоқталған.


Аннотация


В статье изложены основы национальных ценностей национального воспитания и воспитания конкурентоспособной личности в современном динамичном развитии, связывая понятие толерантности и патриотическое воспитание молодежи в условиях духовной модернизации.


Annotation


The article describes the basis of national values of national education and education of competitive personality in modern dynamic development, linking the concept of tolerance and Patriotic education of youth in the conditions of spiritual modernization.


 

Еліміздің бүгіні мен жарқын болашағы білімді, намысшыл, отаншыл, өз халқына адал, патриоттық сезімдегі ұрпақ тәрбиелеуге байланысты. Қазаргі таңда бүкіл адамзат баласын толғандырып отырған ең өзекті мәселе жас ұрпақ тәрбиесі.

Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең. Халқымыздың тарихында отансүйгіштік мен қаһармандықтың үлгілері мол. Ата-бабаларымыз бүгінгі Қазақстанның ұлан-байтақ жерін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай аман сақтап, қорғап, бізге мұраға қалдырды.

Бұрынғы ұрпақтың күш-жігері, ғасырлар бойғы ұстанымдары, тарихтың түрлі бетбұрыстарынан, сынақтарынан, аштық пен соғыс жағдайында өзін сақтап қалуы, қайта өркендеп жаңаруы, қалалар салуы, егін егіп, білім мен ғылымды дамытуы, ел тағдырын келешек ұрпаққа ұялмай сеніммен тапсыруының өзі қасиетті бірлік отансүйгіштікке қол жеткізетін басты күш.

Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа жақтан көрініс табатын, мәңгілік ұғым. Патриотизм қасиетті ұғым.

Патриотизм-Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш-қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу. Патриотизм біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз, үздіксіз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Патриоттық тәрбие ананың ақ сүтімен, есейе келе өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына байланысты дамитын үздіксіз тәрбиенің жемісі. Бабаларымыз туған жерін, елін қорғау жолында өмірін де, дәулетін де аямаған.

Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең, халқымыздың сонау көне заманнан бүгінге дейінгі сандаған ғасырлық болмысының, дүниетану көзқарасының, салты мен дәстүрінің көрінісі іспеттес.

Қазақ ұлттық энциклопедиясында: «Патриотизм-Отаншылдық, отансүйгіштік, адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі» - деп анықтама берілген (1).

«Патриот - өз Отанын сүйетін, өз халқына берілген, өз Отанының мүдделері жолында өзін құрбан ететін, ерлік жасайтын адам» (2) (210 б).

Адамның өзі туып-өскен жеріне сүйіспеншілік сезімі, ана тіліне құрметпен қарау, Отан мүдделеріне қамқорлық жасау, азаматтық сезімдерінің көрініс беруі және Отанға адалдықты сақтау, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау т.с.с.

Патриотизм-Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш-қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт- дәстүрін құрметтеу-деп санаймыз.

Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында және ғылыми еңбектерде «ұлтжандылық», «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына әр қырынан анықтамалар берілген. Басты негізгі түйіні:

- ұлтжандылық - өз ұлтының тілін, ділін, дәстүрін сүюдің белгісі. Халық отан сүйгіштікке тәрбиелеу арқылы ұрпағының ұлттық намысын оятады (1)

( 224 б).

- ұлттық патриотизм-өзінің туып өскен жеріне сүйіспеншілігі, өз ұлтының ынтымақ бірлігі, мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі;

- қазақстандық патриотизм-тек қазақтардың ғана емес республикада мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі –

«Менің отаным-Қазақстанға» деген шынайы сүйіспеншілік, оған адалдық, оның тәуелсіздігі мен бостандығын қорғау, гүлденуіне үлес қосу, т.б. ( 3) (532-б).

Қиын-қыстау шапқыншылық кезде сақтар, сарматтар мен ғұндар жауға қарсы жорыққа даяр, лезде қылыш-найзамен қаруланған жауынгерлер болатын. Сақтар «желдей жүйрік атты көшпелі» халық болған. Ел басына күн туғанда сақ, сармат, ғұн тайпаларының көсемдері, қазақтың атақты хандары мен билері, батырлары, ұлт-азаттық қозғалыстың қолбасшылары, ақын-жыраулары: Томирис, Шырақтан бастау алған ерліктерді жалғастырған Абылай хан, С.Датов, К.Қасымов, Исатай мен Махамбет өз елінің азаттығы мен бостандығы үшін күрескерлердің тамаша үлгілері. Бұқар, Ақтамберді жыраулар адамның өз елі үшін мақтаныш сезімін, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі аса жоғары міндеттерді орындауға жас ұрпақ әрдайым дайын болуға шақырды.

Ұлы Отан соғысы жылдары 500 қазақстандық Совет Одағының батыры болса соның 101 қазақтардың үлесіне тиеді. Жалпы көрсеткіш бойынша, үш славян халқы, еврей, татарлардан кейінгі орында қазақтар алған. Мыңдаған жауынгерлер мен офицерлер ордендермен, медальдармен марапатталған, өз республикасының абырой-даңқын арттырған. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында жазушы Илья Эренбург өзінің «Қазақтар» очеркінде отандастарымыздың майдандағы ерлігі туралы былай деп жазғаны бізге мәлім. «Бір фриц маған: «Біз жойқын күші бар қаһарман солдаттармен беттестік, оларды алған бетінен, тіпті ешқандай оқ та, өрт те тоқтата алмады, олар тура бізге қарай дауылдай дүркіреп жүгіріп келе жатты. Мен бұлардың «қазақ» деген халық екенін естідім. Бұрын мұндай халық бар екенін естімеген едім...», - деді (7) (30-б). Қан майданда, қырғын шайқаста қаһармандықпен қаза тапқан Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Т.Тоқтаров, Н.Әбдіров, С.Таймағамбетов секілді көптеген ұл- қыздарымыздың шексіз батырлығы мен ержүректілігі қазақстандықтардың жадында мәңгі сақталып қалады.

Москваны қорғаушылар қаһармандық ерлік көрсетті. Москва түбіндегі жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды. Ұлы Отан соғысы жылдары кеңес жауынгерлері теңдесі жоқ ерліктің, батырлықтың және қажырлықтың өнегесін көрсетіп тарихқа мәңгі енді. Қазақстан соғыс жылдарында майданды шикізатпен қамтамасыз ететін басты әскери өнеркәсіп базасы болды. Өнеркәсіп орындарында, ауыл шаруашылығында жұмысшылар майдан қажеті үшін аянбай еңбек етті. Бұның барлығы еліміздің дербес егеменді, тәуелсіз ел болу жолында жасалған керемет қаһармандықтың куәгерлері. Отан адамның бойында патриоттық сезімді туғызудың басты шарты болып табылады. Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезім ұлтаралық келісім мен татулық, саяси тұрақтылық қана емес, мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы зор. Отансүйгіштік сезім–еліміздің дүниежүзілік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде қалыптасу тарихында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізетін басты күш. Сан ғасырлар бойы отансүйгіштік сезімнің үлгілерін халқымыздың тарихы дәлелдеп берді. Ұлан–байтақ жерді ата–бабамыз қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай аман сақтауы осы қасиетті бірлік отансүйгіштік.

Рухани жаңғыру жағдайында қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ісі мемлекеттік идеологияның темірқазығына айналуының өзі бекер емес. Қоғамның әр бір саналы азаматы өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және келешегіне тікелей қатысын сезініп, Отанымыздың күш-қуатын нығайтуға, оның өркениет жолымен үздіксіз алға жылжуына жауапты екенін сезінуі тиіс.

Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезім, ұлтаралық келісім мен татулық әлемде бәсекеге қабілетті болу үшін ерекше маңызды.

«Қазақ деген ел-бостандық, азаттықты сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық», - дейді белгілі жазушы Ғ. Мүсірепов.

Республикамыздың басты жетістігі мен мақтанышы-этносаралық келісім мен түсінікті сақтай білуі. 140 этнос пен 46 конфессияға ортақ үй болып отырған Қазақстандағы этносаралық келісім болып табылады.

Бүгінгі таңда республикада қоғамдық келісім мен тұрақтылықты одан әрі нығайтудың маңызы ерекше. «Ырыс алды ынтымақ», «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейтін халқымыз үшін республика тұрғындарының тату-тәтті тіршілігі тәуелсіздіктің басты жетістіктерінің бірі.

Ұлттар мен ұлыстардың Отанына айналып отырған Қазақстан үшін елжандылық, ұлтаралық достық қатынас, өзара түсіністік, берік мызғымас сенім сияқты мәңгілік құндылықтар ел бірлігі жолындағы алтын арқау болып табылады.

«Толеранттылық принциптері декларациясында» толеранттылық ұғымына келесі анықтама ұсынылады: «Толеранттылық – біздің әлемнің өте бай мәдени көптектілігін, біздің өзіндік анықталу формаларымыз бен даралығымызды көрсету тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және түсіну. Оған ашықтық, білімділік, қарым-қатынас, ой, ар-ұят еркіндігі әсер етеді. Толеранттылық – бұл біреуге орын беру, мойынсұну емес»(8). (Төзімділік қағидаттары декларациясы. Париж, 1995. 8-б.)

“Толерантный” (“толеранттылы”), “толерантность” (“толеранттылық”) сөзі латын тілінен француз тіліне, кейін еуропа тілдерінен аударғанда “төзімділік” мағынасында қолданылады.

Педагогикалық сөздіктерде бұл ұғымға «қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі» - деген анықтама беріледі.

Толеранттылық латын тілінде –  шыдамдылық,  басқа көзқарастарға, пікірлерге, мінез - құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде: төзімділік, шыдамдылық, сабырлылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, келісімін табу сөзімен байланыстырады.

Толеранттылықтың негізі - өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау. Ол күнделікті өмірде тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым-қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын маңызды мәселе. Толеранттылық адамдар арасында өзара сыйластықты, мейірбандықты, түсіністікті білдіреді. Толеранттылық екі жақты сана: мемлекеттер, діндер, этностар, жеке адамдардың бір-біріне шапағат жасай білуі болып табылады.

«Төзімсіздіктің алдын алудың анағұрлым тиімді құралы – тәрбие. Төзімділік рухындағы тәрбие адамдарды осы құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін және басқалардың құқығын қорғауға деген ұмтылысты нығайту үшін олардың ортақ құқықтары мен еркіндіктері неден тұратынын оқытудан басталады. Төзімділік рухында тәрбиелеуді кезек күттірмейтін маңызды міндет ретінде қарастыру қажет... Ол қорқыныш пен басқаларға қатысты бөтенсіну сезімін туындататын әсерге қарсы тұруға бағытталауы керек. Ол жастардың бойында еркін ойлау дағдылары, сындарлы саналылық пен адамгершілік құндылықтарға негізделген пайымдау әдеттерін қалыптастыруға жәрдемін тигізуі қажет»,- деп атап көрсетілген Декларацияда (8). (Төзімділік қағидаттары декларациясы. Париж, 1995. 7–10-б.)

Толеранттыққа тәрбиелеу, адамның әлемдегі болмысының мағынасын оның осы әлеммен өзара іс-әрекетінің сипаты мен әдістерін түсіну нәтижесінде ашып көрсетіледі.

Қазіргі уақытта жастардың бойында толеранттық қарым-қатынасты қалыптастыруда төмендегідей құндылықтардың болуына басты назар аудару қажеттігін негіздейді:

- белсенді қарым-қатынас: білім алушы мен оқытушының түрлі мәселеде өз көзқарастарын еркін білдіруі;

- индивидтік: оқытушының әр бір білім алушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруы;

- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны одан әрі дамыту;

- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, түсіну, қабылдау,т.б.

Елімізде кемелдіктің тұтқасын ұстайтын білімді де білікті, іскер, қоғам ісіне белсене қатысатын, оның болашағына жауапты, елжанды, толерантты ұрпақ тәрбиелеу маңызды.

Қазіргі уақытта білім беру үрдісінің жаңаруы жүзеге асуда, ол болашақ мамандарды дайындауға, жастардың жауапкершілігін арттыруға, өзге адамдармен, әлеммен үйлесімді қатынас құруға үйретеді.

Қазақстан – көп ұлтты, этникалық тұрғыдан сан алуан ел, олай болса жеткіншек ұрпақтың бойында қоршаған ортаның, олардың ұлттық және жалпы адамзаттық рухани, мәдени, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру қажеттілігі алға қойылады.

Жас өскелең ұрпақ бойында елжандылық және ұлтаралық келісім сезімдерді сіңіруде, өз ұлтының құндылықтарын меңгертуде, жоғары мәдениеттілікке тәрбиелеудің маңызы зор.

Гуманитарлық пәндерді білім мен тәрбие үдерісінде дұрыс және тиімді қолданудың негізгі факторы Қазақстан жерін көне заманнан бүгінге дейін мекендеп келген халықтың, адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, тарихи білімдер негізін игеруге, тұлға тәрбиелеуде оның санасында ұлттық бірлікті қалыптастыруға, азаматтылық пен елжандылыққа, ұлтаралық келісім мен толеранттылыққа тәрбиелеуге, өз халқының және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін құрметтеуге септігін тигізу болып табылады.

Жас қазақстандықтарға патриоттық тәрбие беруде білім беру ісінің инновациялық дамуына ерекше орын бергеніміз жөн. Бұның өзі қазіргі жаңартылған бағдарлама негізінде оқытудың интерактивті әдістері мен жаңашыл технологияны оқу үрдісінде кеңінен қолдануға жағдай жасайды, жаңаша оқыта алатын білімдар ұстаздарды қажет етеді. Осы орайда, оқыту үдерісінде оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін меңгеру, педагогикалық технологияның қыр-сырын терең білу, оны күнделікті өмірде өз тәжірибесінде пайдалана білудің орны ерекше.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.-Алматы, Каз.энц., 2001.

2.Қазақ Совет энциклопедиясы. - Алматы: ҚСЭ, 1975.

3.Сарсенбаев Б.Б. Қазақстанда патриоттық тәрбие берудің теориялық концепциясы. (Рухани ғылыми мұра. Республикалық ғылыми- теориялық конференция материалдары, 7 қараша 2008 жыл).- Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2008.- Б.530-535.

4.Безюлева Г. В.  Толерантность: взгляд, поиск, решение. – М., «Вербум-М»,   2009.

5.Изотов М. Проблемы патриотического воспитания народа в процессе формирования общеказахстанской национальной идеи. –Алматы, 2006.

6.Құсайынов А. Қазақстандағы патриоттық тәрбие беру идеологиясы мен мәні \\ Білім және реформа. -Алматы, 2003.

7. Жанабаева Р.А. Қазақ халық педагогикасындағы патриоттық ерлік тәрбиесінің ғылыми негіздері. 13.00.01.- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, Этнопедагогика. Пед.ғыл.док.дисс. – Алматы., 2004. 290 б.

8.«Ел мен Ердің жеңісі» /Публицистикалық мақалалар, очерктер, естеліктер. Құрастырған М.Кеңбейісов. - Алматы, Қазақстан, 1985. Б. 30.

9.Төзімділік қағидаттары декларациясы.- Париж, 1995. 7–10-б.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі