15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отан – отбасынан басталады
Тәрбие сағат тақырыбы: Отан – отбасынан басталады
Тәрбие сағат мақсаты: Ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Нақыл сөздер.
Тәрбие сағатқа шақырылды: ата-аналар мен оқушылар, психолог
Тәрбие сағат әдісі: тренинг, сауалнама
Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті
Орманға ойша серуендеу
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қызарған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылып, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым- жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайшы сүйетінімізді , қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналағ тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайта келіңіз. Осы жым- жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Кіріспе. Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-аана мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанаашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. «Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
Оқушыларға сұрақтар: 1.«Отбасы», «Отау иесі», «Отағасы» ұғымын қалай түсінесіңдер?
2.Отбасы негізі не деп ойлайсыздар?
3.Ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?
4.Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек?
Барысы: 1. Шаттық шеңбері Ата-аналар және оқушылармен бірлесіп шаттық шеңберін құру. «Айналайын балам...», «Асқар тауым әкем», «Айналайын анам...» Әр ата-ана баласына қарап тұрып жоғарыдағы сөзді жалғастыру керек.
2. Біз бір отбасымыз... тренинг Домалақтанған жіп арқылы жақсы екі сөзден тұратын тілек айту арқылы шаңырақ жасайды.
Қорытынды
Оқушылар
алған әсерлерін стикерлерге жазып,
жабыстырады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген